Хадиске қызмет

Description
Бұл каналдан хадиспен оның қысқаша шархын және ғалымдардың сөздерін таба аласыз.
Хадиске📜 шархына🖋️ Ғалымдардың сөздеріне📎 белгісі қойылды.
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 6 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 4 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago

1 day, 9 hours ago
***📎***مالك بن أنس :

📎مالك بن أنس :
كل أحدٍ يؤخذ من قوله ويُترَك إلا صاحب هذا القبر صلى الله عليه وسلم

📎Мәлик ибн Әнәс(р.а): адам баласы әрбір айтқан сөзі үшін жауапқа тартылады тек мына қабырдың иесінен (Пайғамбарымызданﷺ) басқа.

2 days, 5 hours ago

🖋أي فقير متكبر لأن كبره مع انعدام سببه فيه من الجاه والمال يدل على كونه بالطبع ذميماً في الشرع.

📚مرقاة المفاتيح

🖋Хадистің шархында былай делінген: кедей адамда мал-дүние, атақ-абырой сынды такаппарлануға себеп болатындай ешнәрсе жоқ бола тұра оның такаппарлануы жағымсыз бола түспек.

📚Мирқат әл мафатих

2 days, 22 hours ago

🖋لأن الزنا إذا كان قبيحاً من الشاب كونه معذوراً طبعاً، فمن الشيخ المنطفئ شهوته المنتفي غلمته يكون أقبح وفي نظر العقل أسمج.

📚مرقاة المفاتيح

🖋Жоғардағы хадиске байланысты "Мирқат әл мафатих" кітабында былай делінген: жас адамның зина жасауы жеккөрінішті іс десекте, алайда қарт адаммен салыстырғанда ол үзірлі болмақ, ал нәпсісі орнығып, шахуаты сөнген қарт адамның зина жасауы әлдеқайда жиіркенішті.

📚Мирқат әл мафатих

1 week ago

🖋فإن السالك إذا حسن الظن بالله على سبيل الرجاء حسن العبادة في الخلا والملا، فيستحسن مأموله ويرجى قبوله. قال الله تعالى: { إِنَّ ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ وَٱلَّذِینَ هَاجَرُوا۟ وَجَـٰهَدُوا۟ فِی سَبِیلِ ٱللَّهِ أُو۟لَـٰۤىِٕكَ یَرۡجُونَ رَحۡمَتَ ٱللَّهِۚ } [البقرة_٢١٨] وأما من يترك العبادة ويدعي حسن الظن بالمعبود فهو مغرور ومخدوع ومردو. ومثلهما الغزالي بمن زرع ومن لم يزرع راجيبن للحصاد، ولا شك أن الثاني ظاهر الفساد والله رؤوف بالعباد.

📚مرقاة المفاتيح

🖋Жоғардағы хадиске байланысты "Мирқат әл мафатих" кітабында былай делінген: егер адам Алла жайында жақсы ойда болып, оның мейрімін үміт етсе құлшылығын арттыра түседі. Алла тағала Құранда былай дейді: {Расында иман келтіріп, һижрет жасап, Алла жолында күрескендер олар Алланың мейрімін үміт етеді} [Бақара 218].
Ал кім құлшылықты тастап қойып, Алланың мейрімін үміт етемін Алла жайында жақсы ойдамын десе өзін-өзі алдағаны.
Имам Ғазали бұл екі топтағы адамдарға былай мысал келтіреді: біреу жеріне егін егеді, ал екіншісі ештеңе екпейді, бірақ екеуіде өнім алуға дәмелі. Егін екпеген адамның жерден өнім күтуі ақымақтық екені айдан анық.

📚Мирқат әл мафатих

1 week, 4 days ago

🖋(وإن الله إذا أحب قوماً ابتلاهم) لأنه لو تركهم وزهرات الدنيا ربما استغرقت فيها قلوبهم واشتغلوا بها عن مربوبهم كما وقع ذلك للكفار وأرباب الغفلات، فمن أراد الله إقباله عليه قطع عنه العلائق وأنزل به أنواع البلايا لتقوده إلى الرجوع إلى مولاه في كل ساعة.

📚دليل الفالحين

🖋Егер Алла тағала бір қауымды жақсы көрсе оларға сынақ жібереді, өйткені оларды өз беттерінше тастап қойса, олар дүниенің қызығына батып Раббыларын ұмытып қояр еді, кәпір қауымының Раббыларын ұмытқаны сияқты.
Алла тағала кімді өзіне қарай бұрғысы келсе, онымен өзінің арасын тосып тұрған кедергілерді жояды да оған әртүрлі сынақтар жібереді, сол сынақтар әр сәт сайын оны Аллаға жақындатуы үшін.

📚Дәлил әл фалихин

1 week, 5 days ago

🖋(يوم القيامة) فيجازى به، وأين جميع أهوال الدنيا ومضايقها من ساعة من عذاب النار وما فيها من الأغلال والأنكال؟. وفي الحديث: الحث على الصبر على ما تجري به الأقدار، وأنه خير للناس في الحال والمآل، ومن صبر فاز، ومن تبرم بالأقدار فقدر الله لا يردّ، وفات المتبرّم أعالي الدرجات، تكفير السيئات، والله ولي التوفيق.

📚دليل الفالحين

🖋Бұл хадиске байланысты "Дәлил әл фалихин" кітабында былай делінген: Алла тағала кімге жамандық қаласа жасаған күнәсінің жазасын ақыретке қалдырады. Ал бұл дүниенің барлық қорқынышы, қиыншылығы болса ақыреттегі шынжырмен кісенделіп тозақ отына азапталумен салыстырғанда түкке тұрғысыз екендігі белгілі.
Бұл хадис бізді маңдайымызға жазылғанға сабыр ете білуге шақырады, өйткені тағдырға сабыр ету біздің бұл дүниеміз үшін де ақыретіміз үшін де хайырлы болмақ, кім сабыр ете білсе жеңіске жетеді, ал кім наразы болса, оның наразы болуымен Алланың тағдыры қайтарылмайды, керсінше наразы болушы сол сабыр арқылы қол жеткізетін үлкен дәрежелер мен күнәларының кафаратынан мақұрым қалады.

📚Дәлил әл фалихин

2 months, 1 week ago
***📜***عن أمير المؤمنين أبي حفص عمر …

📜عن أمير المؤمنين أبي حفص عمر بن الخطاب قال: سمعت رسول الله صلى الله عليه و سلم يقول: "إنما الأعمال بالنيات وإنما لكل امرئٍ ما نوى فمن كانت هجرته إلى الله ورسوله فهجرته إلى الله ورسوله ومن كانت هجرته لدنيا يصيبها أو امرأةٍ ينكحها فهجرته إلى ما هاجر إليه". متفق عليه.

📜Мүминдердің әміршісі Омар ибн Хаттаб(р.а): мен Алла елшісініңﷺ былай деп айтқанын естідім: "Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты, әрбір адамға ниет еткен нәрсесі тиесілі, кімнің қоныс аударуы Алла мен елшісі үшін болса демек ол Алла мен елшісі үшін болғаны, ал кімнің қоныс аударуы бір дүниеге жету үшін немесе бір әйелге үйлену үшін болса онда оның қоныс аударуы сол нәрсесі үшін болмақ".
(муттафақ алайһи)

2 months, 1 week ago
***📎***سئل الإمام أحمد متى يجد العبد …

📎سئل الإمام أحمد متى يجد العبد لذة الراحة؟
قال: عند أول قدم يضعها في الجنــة.

📎Имам Ахмадтан(р.а) адам жаны қашан рахат табады? -деп сұралғанда: "Жаннаттағы алғашқы қадамын басқан кезде" -деп жауап беріпті.

2 months, 1 week ago

🖋وقوله (فإنه لي وأنا أجزي به) جملة مستأنفة أتى بها كالتعليل للاستثناء المذكور، وذلك أن تولّي الله سبحانه لجزائه يدل على عظمه وأنه لا يحصره عد، فهو كالصبر الذي قال الله تعالى فيه {إِنَّمَا یُوَفَّى ٱلصَّـٰبِرُونَ أَجۡرَهُم بِغَیۡرِ حِسَابٍ}. [الزمر: ١٠]
(دليل الفالحين)

🖋Жоғардағы хадисте Алла Тағаланың: "оразаның сыйын өзім беремін" -деуі оразаның абзалдылығын, сауабының молдығын білдіреді. Сабырға берілетін сауап шектеусіз болғаны сияқты оразаға да берілетін сауап шектеусіз болады, Алла Тағала Құранда былай дейді: {Расында сабырлылар сауаптарын есепсіз алады}. Зумар: 10
(дәлилул фалихин)

2 months, 2 weeks ago

Барлық амалдар Алла Тағала үшін екендігі белгілі бола тұра бұл хадисте Алла Тағаланың: "ораза мен үшін" -деп оразаны ерекшелеуінің сыры неде екендігіне үңілген ғалымдарымыз бірнеше көзқарастар білдірді, оның бірі төмендегідей:

🖋وقيل: لأن الصوم بعيد من الرياء لخفائه، بخلاف الصلاة والحج والغزو والصدقة وغيرها من العبادات الظاهرة.
(شرح النووي)

🖋Ораза сырт көзге білінбейтін жасырын ғибадат болғандықтан риядан алыс болады, ал намаз, қажылық, Алла жолындағы соғыс және садақа сияқты басқада ғибадаттар ораза сияқты жасырын болмағандықтан риядан да ұзақ болмайды.
(Шархун Науауи)

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 6 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 4 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago