Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

📚Электронды кітаптар

Description
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 Woche, 4 Tage her

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 Tag, 21 Stunden her

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 Monat her

1 week, 3 days ago
**Қазақстан абьюзерліктің шегіне жетті**

Қазақстан абьюзерліктің шегіне жетті

Ары қарай құз. Соңғы барьер ретінде заң қабылдап отырмыз. Аюды таяқпен үйрету дегенді білдіреді.

Осының барлығы әйел анандай болу керек, мынау мынандай болсын дегеннен шықты. Көбіне ұнамайтын ащы шындық бар - расында ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес. Ешкім ешкімнің нотациясын тыңдап, соған бола өзін кінәлі сезінуге міндетті емес. Бұл шындық әйелінің мойнына отырып алған абьюзер еркекке, еркектің балағына жабысып жатып алған абьюзер әйелге ұнамайды.

Кезінде әнтек жымиып "мен енді ешкімге ештеңе қарыз емеспін" деп салқынқанды айтқан фразам айналамда паника тудырған еді. Сен ешкімге ештеңе қарыз емессін. Сен ештеңеге ештеңе үшін кінәлі емессін. Осыны түсінген адамның отбасында басында бунт болса да, артынан кейін өзара жаймашуақ гармония орнайды деп сенемін.

Студент кезінде ағам үйленіп, үйге жеңге түсірді. Ауылдан марқұм апамдар келді. Мен әдетімше кешке қарай ішкі киімім мен шұлығымды жуып алайын деп ваннада шаруамды бітіріп отырсам, апам көріп, "ойбай жас келін, бала киімін жуып отыр деген не масқара" деп зарлағаны әлі есте. Еңгезердей азамат өз шұлығын өзі жуа алмаса, үлкендердің ойынша жумауы тиіс болса, бұл не деген дебилойдтар қоғамы деген ой сол кезде келген.

Болашақ абьюзерлер, қолынан дым келмейтін дебилойдтар осылай тәрбиеленгені анық. Бәрін басқа біреу істеп беру керек, бәрі саған қарыз, сен бәріне ренжіп, тіпті төмпештеп жүру керексің.

Пофигизм туралы көп оқығандықтан, дені сау пофигизмнің қоғам дертін емдей алар күшін байқадым. Сара Найт, Марк Мэнсон сынды авторларды іздеп көрсеңіз, көп мәселені шеше аласыз.

"Әбіржіп кеткен, ренжіп жүрген әйел + үстел толған тамақ, таза үй" VS "Өзіне ұнайтын бизнесті дамытып жүрген, өз ортасы бар әйел + үйде не керек болса (тамақ, тазалық, үтіктелген киім) өзің жасап ал" системасында мен екінші нұсқаны таңдадым.

*®Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан*

https://www.facebook.com/share/p/DcUHMMYjnCRXjbsE/?mibextid=oFDknk

1 week, 4 days ago
1 week, 6 days ago
2 weeks, 4 days ago
3 weeks ago
***⚡️*** **Португалия & Қазақстан екеуі екі …

⚡️ Португалия & Қазақстан екеуі екі бөлек әлем. Бір біріне қарама қарсы әлем...

Біз понт (мақтан) үшін бүкіл бәрін құрбан қылып жіберсек, оларға понтты түсіндіре алмайсың. Оларда ақысыз мектеп престиж болса, бізде керісінше ақылы мектеп престиж.

Бізде барлығы және барлығы понт негізінде құрылған. Өміріміздің бәрі понт. Телефон, көлік, үй, киім алсақ понт көрсету үшін. Ал португалдар ол заттан ләззат алу үшін.

Бұны не үшін жазып отырмын? Әр елдің, халықтың жақсы жағын үйренейік. Барлығын понт/мақтан үшін емес, өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өмір сүрсек.

Бұрындары ойлаушы едім: ақшасыз қалай өмірден ләззат алып өмір сүруге болады деп. Оказывается, болады екен. Португалдардың экономикалық, әлеуметтік жағдайы мәз болмаса да өмірлеріне мәз. Ақшасыз да рақаттанып өмір сүріп жатқан халықты көріп таң тамаша қаласыз.

Барлық проблемаға осы мақтан мен сол үшін жарыс себеп болып тұр.

Енді бұл мақтандарға, ақылды болып көріну мақтаны қосылды.

Барлығы судың маманы, өрттің маманы, экономист, спорт маманы, IT маманы, тб. Бір адамның бойында әлемдегі бүкіл ақыл, білім бар

Бірақ неге екенін білмеймін, сол елді жаймендеп еріп, жаймендеп жиналған су басып (төтеннен келген су емес), өрт шалып, бидайдың үстінде отырып наны қымбат, мұнайдың үстінде отырып бензині қымбат, асып тасыған байлықтың үстінде отырып кедей...

Себебі бұның бәріне мақтангершілікке салыну, жарысу кінәлі.

Осыны тоқтатайық, ағайын. Қарапайым өмір сүріп, жарыспай ақ, өмірден ләззат алып қарапайым өмір сүрейік👍

©️ Фазылбек Әбсаттарұлы

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1

3 weeks ago
***⚡️*** **Кейде осы мен нағыз мұсылмандар …

⚡️ Кейде осы мен нағыз мұсылмандар - Еуропа халқы ма деп ойланып қаламын...

🔺Жемқорлық жоқ.
🔺 Пара бермейді, пара алмайды.
🔺 Бәрі заң аясында шешіледі.
🔺Кісі ақысын жемейді.
🔺Жымиып, жылы амандасады (көркем мінезді)
🔺Қай жерде жүрсе де тазалық сақтайды (түкірмейді, туалетте артын тазалап кетеді)
🔺Бір-біріне ауыр сөз айтпайды.
🔺 Бір-бірін ғайбаттамайды.
🔺 Жолда автокөлікте бір-бірін боқтап, алдын кеспейді.
🔺 Оқу-білімге ұмтылады.
🔺Діни фанатизм жоқ.
🔺 Жолдары теп-тегіс.
🔺 Медицинасы дамып жатыр.
🔺 Технологияда жаңалық ашып жатыр.

Ең бастысы, көзбояушылық, жасандылық жоқ.

Бізде бәрі керісінше. Бірақ, мұсылманбыз деп кеуде қағамыз.

©️ Данияр Есен

Автордың пікірі орынды ма? 👍

Арнаға тіркелуді ұмытпа: @kitapkz1

3 weeks ago
3 weeks ago
4 weeks ago
4 weeks, 1 day ago
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 Woche, 4 Tage her

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 Tag, 21 Stunden her

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 Monat her