Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

бір пақыр

Description
екінші арнамыз - @yuzarsifkz
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago

1 month ago

Рамазан айына сіздерге дайындаған открыткаларымыз төменде 🌸

Открыткалар ұнаса, еңбегін бағалаймын десеңіздер, жасаушының каспи реквизиті: 4400430235456073

#бөлісугеболады

1 month ago

“Жүректерің таза болғанда, Алланың сөзіне (Құран) тоймас едіңдер.”

Кей күндері Құранның бетін де ашпаймыз.

1 month, 1 week ago

Біз Құраннан тақуалар, жәннатқа кіретін сипаттағы адамдар туралы естігенде бірден өзімізді еске аламыз. Осы аяттардың бәрі өзіңе арналып жатқан сияқты. Садақа бергендер туралы айтылса берген азын-аулақ тиын тебенімізді еске алып, түнде намаз оқығандар мақталса айына бір рет тұрған тахаджудымызды ойлап мәз болып қаламыз.

Ал екіжүзділер, тозақы адамдар жайлы аят естігенде басқалар еске түседі. “Мына аят ана танысыма арналғандай екен, анау аят көршіме тура келетін сияқты ма” деп тағы қыбымыз қанып қалады. Бірақ, бәрі керісінше болуы мүмкін ғой. Нағыз оңбаған өзіміз шығармыз, Алла сақтасын! Осы жағын ойланып, кемшіліктерімізден арылу керек.

Ұстаз Ерсін Әміре

1 month, 1 week ago

​​Уа ізгі бауырлар мен әпке қарындастарым, осы Рамазанда:

Егерде сіз хиджаб кимейтін болсаңыз, онда осы айда өзіңізді өзгертіп, хиджаб киіңіз. Егерде әдетте намаз орындамайтын болсаңыз, жайнамазды төсеп, сәждеге маңдайыңызды тигізіңіз. Егерде боқауыз, балағат сөздерді айтып қоятын болсаңыз, ашуға берілмеңіз. Егерде темекі тартатын болсаңыз, ол әдетті тастаңыз. Егерде ішімдік ішетін болсаңыз, бөтелкені лақтырыңыз. Егерде рұқсат етілмеген қыз (жігітпен) сөйлесіп (кездесіп) жүрген болсаңыз - оны доғарыңыз. Егерде әке-шешеңізге дөрекі сөйлейтін болсаңыз, оларға сыйластық көрсету үшін қолыңыздан келгенін жасаңыз. Егерде еріншек болсаңыз - одан арылуға тырысып бастаңыз.

Баршамыз Алланы және оның Елшісін ﷺ сүйеміз - әрине ол хақ, бірақ Пайғамбарымызға ﷺ деген құрметімізді көрсеткіміз келсе, осы ай бойы өзгеруге бағыт алғаннан артық шешім жоқ.

Егерде Құран тауға түскен болса - ол тауды үгітіп жіберер еді, сол себепті көз алдыңызға әкеліңізші, жүрегіңізге оның мағынасын осы айда ұялатсаңыз - ол Құран түскен Пайғамбарымыздың ﷺ сұлулығына көз жеткізгеніңізге дейін жаман ойыларыңызды үгітеді, әрбір таудай күнәларыңызды жойып, тазартады.

Осы ай өміріңіздегі ең ұлық ай болуын тілеймін.

Шейх Мухаммад Аслям حفظه الله

shapagatnur

1 month, 1 week ago

Абу Хурайрадан Имам Тирмизи жеткізген xадисте Алла Елшісі ﷺ былай деп айтты:

"Мына үш адамға өкініш болсын:
- Менің атымды естей тұра маған салауат айтпаған адамға;
- Рамазан айына жете тұра, күнәлары үшін кешірім сұрамаған және бір ай Рамазанда кешірім сұрап үлгермеген адамға;
- Әке-шешесі оның қасында қартайып, алайда ол олардың разылығын алмаған және осы себепті Жәннаттан мақрұм қалған адамға өкініш болсын.

1 month, 2 weeks ago

Әлі Рамазан айының кіргенін сезіне алмай жүрген жандарға Аллаһым оларға өзің тауфиқ бер.

#дұға

1 month, 2 weeks ago
бір пақыр
1 month, 2 weeks ago

Рамазанды күтіп жүрген жүректерге арналады 💖

Ішіндегі QR код’ты сканерлеу арқылы, дәрістермен, дұғаларды көре аласыз.

Алла баршамызға Рамазан айын берекелі өткізуді нәсіп етсін 🤲🏻

#бөлісугеболады

1 month, 2 weeks ago

Рамазанды күтіп жүрген жүректерден айналасың…

1 month, 3 weeks ago

Рамазан айы - көп мүмкіндіктер есігін ашады.Мүмкіндік жаман әдеттерді тастауға, салмақ тастауға емес.

Мүмкіндік жаттайтын нәрселерді, максималды жаттап қалуға.

Мүмкіндік рухани дамып, жаңа әдет қалыптастыруға.

Ғұмырыңызда бір келетін осы бір айды, құр босқа жіберіп алмаңыз!

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago