Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Мизамкөк

Description
Сәт сайын есейетін адамның жазабалары.
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago

2 weeks, 2 days ago

Кітап оқып отырып ойыма демалыстың бір күні өтіп кеткені, арғыкүні қайта дүйсенбі басталатыны түсіп, ертеңгі жексенбі тым аз көрінді. Бір кезде оқып отырған оқиғамда мейірімді кейіпкерлер көбейіп кетті. Сол-ақ екен, ертең тағы бір күн демалыс екеніне қуанып кеттім.

2 weeks, 4 days ago

Былтырлары бұзықтықтан алдына жан салмайтын, сабақ бойы салғыласып отыратын бір оқушым бар еді. Биыл сол баланы "Мағжан оқуларына" жазып қойып едім. Тағы бір апайы басқа бір жарысқа жазып қойыпты. Ол баланың биыл уақыты жоқ.Бұзықтыққа шамасы жоқ. Дайындығына…

2 weeks, 4 days ago

Киелі әпкемнің жаңа арнасы

3 weeks, 3 days ago

Бір таныс қызбен сөйлесіп отырмын. Оның сөздерінің 90 % "тоқал". Оның ойынша, еркек атаулының бар ойы сол. Қыздың тәні болса болды. Ол жүдеді екен, тоқал іздейді екен. Сонда, тазалық қане? Махаббаттың қайда қалғаны? Адам жануар сияқты үйкеле бере ме, басқа құндылық жоқ па?

Мен қанша түсіндіргеніммен ол қыз мың дәлел тауып айтты. Оның сөзіне сенсем, махаббатқа адал жігіт таба алмайды екем. Жақсы жігіт тапсам да ол бірнеше жылдан кейін тоқал алам деп шығады екен. Бұл дәлелденген екен-мыс). Ұқпаймын, қабылдамаймын. Осы диалогтан соң өзімнің жігіт достарым туралы ойладым. Жоооқ, оларды ондайға қимақ түгілі, елестете алмаймын. Демек, ол қыздың айтқаны ақиқат емес. Бірақ, оған жаным ашып кетті.

Махаббатқа сенетін адамға мұндай сандырақтар өтпейді.
Жүрегіңді сақта,
Жүрегімді сақта♡.

3 weeks, 3 days ago

Автобусқа оқушылар шулап кірді. Бір-біріне сөз бермей сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Бейсаналы түрде орнымнан атып тұрып "Тәйт" деп дауыстап жіберіппін. Аналар тып-тыныш. 😆.

3 weeks, 3 days ago

Әркез көңілсіздік басқанда осы. Оқушы күнгі реніштерім қалқып шығады.

2 months, 3 weeks ago

Мұндай жасыру дегендері оқушы шақта ғана болған шығар. Бірақ, олар кейіннен ұмытылды. Студент шақта ешкімді есім кете сүймедім, оқу бітіріп жұмыс істеп жүрмін. Көңілім еріп, ұнатқаныммен, ол миымнан шықпайтындай, жүрегім сыздайтындай жақсы көрмедім ғой. Көргенде көзің сүйсініп, басқа уақытта оның бар екенін ұмыту —сүю емес қой. Тек, сұлулыққа, сымбаттылыққа елтіген көңіл болар. Бұл ғашықтық емес қой.
Неге, неге шын сезімдер жоқ??? Шын, ұқпаймын.

2 months, 3 weeks ago

Жо, былай қарасаң әділетсіз ғой. Осыған дейін албырт сезімдердің болмауы, олар туралы ойдан құрастыру әділетсіз ғой.

2 months, 3 weeks ago

Мен неге ғашық бола алмаймын, достар?! Мен неге махаббат туралы жазғанда сезініп емес, қиялдап жазуым керек?! Неге әлдебіреуді сүйіп, оған жайып сала алмаймын.

3 months ago

Соңғы бірнеше күн мені шексіз бақытты қылған оқиға осы.

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago