Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

↝ dámelen

Description
мән іздейміз.✨

өзім: @jazarymbar

инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 недели, 2 дня назад

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 неделя, 6 дней назад

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 месяц, 2 недели назад

3 недели, 1 день назад

📕«Гүлдер мен кітаптар»
👤 Дидар Амантай
📖 107 бет

Магистратураға түскелі, осы кітап жайлы көп естідім. Әдебиеттанушылар постмодернистік сарында жазылған бірден-бір туынды деп мойындаған екен.

Расымен. Формасында да, мазмұнын да ерекшелік, екшелік бар. Идеясы салмақты. Әлішер атты жазушының Тәңір жайлы, өмір, өлім жайлы ойлауы, кітап жазуы секілді оқиғаларды қамтиды. Алдымен, шығарма қысқа-қысқа бөлімдерге бөлінген. Әр қайсының өз тақырыбы, оқиғасы, идеясы бар. Баяндау аз. Диалог, қысқа, атаулы сөйлемдер басым. Кей бөлімдері тек бірыңғай гүлдердің, кітаптардың аттарынан тұрады. Қызық. Автор көп нәрсеге жан бітіреді. Әсіресе, Әлішердің Оймен сөйлесетін тұсы ұнады.

Ал мазмұн жағына келер болсақ, әлемнің жаратылуы, түрлі діндердің пайда болуы, олардың өз ақиқаты жайлы түрлі аңыз-әпсаналар да, Әлішердің есігін қағатын, ойда жоқта пайда болып, тылсым күйде жоғалатын кейіпкерлер де бар. Бас кейіпкердің әдебиет жайлы толғамдары ұнады. «Мәселе не айтуда емес, қалай айтуда» деген сөз бейжай қалдырмады. Көп сұраққа жауап деп ойлаймын.

Түсінбеген тұстарым да баршылық. Танымдық әлеуеті күшті. Автордың білмейтіні жоқ секілді. Соңғы «Сағыныш» бөлімін миым қабылдай алмады. Қайта оқып шығу керек.

Осындай тың шығармалар көп болса екен.

#оқығаным

3 недели, 1 день назад

Кезінде «Жан жылуы», «Америкадағы қазақ балалары» секілді бағдарламаларды көп қарап, қатты әсер алатынмын. Бүгін газетке дағдарыс орталығынан бала асырап алған ана жайлы мақала жарияладық. Өзінің де балалары бар. Жазған сол мекеменің маманы. Соны қорытып, қатесін түзеп, газет бетіне шығардық. Тұнған сан, сипаттама, анықтама. Ананың мақсұты, баланың сезімі жайлы бір ауыз сөз жоқ. Соған қынжылдым. Бала асырап алу – басына пана, алдына тамақ беру ғана емес. Ол жетімдер үйінен де табылар. Бұл ерлікке бір төбе даналық керек. Ананың сол даналығын, жүрегінің кеңдігін аша алмай қалған.

3 недели, 1 день назад

Көңілің мен көкірегіңдегінің тізгінін ешкімге берме. Кеудеңдегі «меніңе» ие бол.

4 месяца назад

Адамның өз бетімен есеюіне ерік бер. Ақылды естігенімен, «тыңдамайды».

4 месяца назад

Неге мән беріп, нені екінші орынға қоятыныңды өзің шешесің. Өміріңдегі құндылықтардың маңызы сенің таңдауыңа байлаулы.

4 месяца назад

Астанаға келдім. 13-іне дейін осында боламын.

4 месяца, 1 неделя назад

– Кітап оқудың мәнін енді түсініп жатырмын. Жаныңа жетпей тұрған бір бөлшекті кітаптан табады екенсің. Сабақ аласың. Оңашада кофеңді ішіп қойып, кітап оқығанға жетері жоқ екен.

4 месяца, 1 неделя назад

Кітапханашы құрбыммен кездестім. Айтарымыз көп екен. Мені түнгі кітапханаға апарды.

4 месяца, 1 неделя назад

Осы ауылдағы үйге келсем, көзім қышып, берекетім кетеді. Үйдегі ыссылықтан болар деп топшылаймын.

4 месяца, 2 недели назад

Осы екі күндік демалыста көп оқиға болды. Бірақ ми демалып, артық жаман сезімнен арылған секілдімін.

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 недели, 2 дня назад

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 неделя, 6 дней назад

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 месяц, 2 недели назад