Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

yakamoz

Description
ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
сонда толық боласың елден бөлек.

хәкім Абай (رحمة الله)

кері байланыс: @yyakamozz_bot
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 6 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 4 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago

1 month ago

Әбу Бәкір ():
“сені тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі-сені сөйлеткенше үндемей отыруың әлдеқайда артық”.

дұрысында адам орынды сөз сөйлеу үшін, тыңдауды үйренуі қажет. Аллаһ ﷻ тағаланың екі құлақ, бір тіл нәсіп еткенінің хикметі мүмкін осы шығар? көп тыңдап,аз сөйлейік.

1 month ago

Бірде көлік күтіп жол жиегіндегі дүкен алдында тұрдым. Қасымда орта тұстағы әйел мен шүйіркелескен екі бойжеткен бар. Алыстау жерде жас шамасы 50-ді еңсерген азамат келе жатты. Кенет жолдың келесі қапталына такси тоқтады. Арғы бетке баратындар болса, 100 теңгеден ала кететінін айтып, қол бұлғады. Екі бойжеткен жан-жағына қарамастан жылдам жүгіріп мініп кетті де, әлгі орта жастағы әйел кідіріп қалды. Ойымда ешнәрсе жоқ. – Апа-ау, арзан таксиден қалып қойдыңыз ғой? – дедім, жалма-жан. Ол жайбарақат: – Ер азамат келе жатыр, алдын қалай кесемін, – деді байыппен. Әлгі жерде ойланбай сөйлегенім үшін бетім қызарып кетті.
– Одан басқа да такси келер. Ер адамның алдын кесе өту жақсы ырым емес. Көрдің ғой, қалай разы болып, бата бергенін, – деді.

Ма ща Алла👍

1 month ago

Ибн Омар (): “Аллаһ елшісі (ﷺ) : “ешбірің отырған адамды орнынан тұрғызып,оның орнына отырушы болмаңдар. араларыңа біреу келіп қосылса,ортаны кеңейтіп,сығылыспай кең отырыңдар”,-деп айтты”,-деген.

өзіне біреу тұрып орын бергенде,Ибн Омар () оның орнына отырмайтын.

(Бұхари,истизан 31 ;Муслим,сәләм 28.)

✍️Риядус-Салихин

1 month, 1 week ago

білім алудың қиындығына бір сағатқа шыдай алмасаң,надандықтың шырмауында мәңгі өмір сүресің.

💡🪶Ахмет Байтұрсынұлы

1 month, 1 week ago

шөлдеген адамға суды жарнамалап қажет емес.

білім де сол сияқты.

1 month, 1 week ago

☁️☁️

я,Раббым ,бізге салиқалы,саналы ұрпақ нәсіп ет. бейне бір хазіреті Хадиша (р.а) мен Пайғамбарымыздан 🤍тараған Қасым,Зейнеп,Руқия,Үммігүлсім ,Фатима секілді ізгі ұрпақтар қайта келгендей болсын.

1 month, 1 week ago

батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сөзінде :

"біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан қорқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын. өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын…" деген екен.

өз басыма тиген қамшыдай болды бұл сөздер.

қазақ халқы ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрден ажырап бара жатыр. қазақтың бесік жырын шетелдің даңғаза әуеніне,ертегінің орнын телеарна мен компьютердегі ойындар, түрлі мультфильмдер алмастырған. ал әженің орнын техника басқан...

сол үшін ,өскелең ұрпаққа тағылым, ұлағатты тәрбие беру, ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеу, ізгіліктің дәнін сепкен әже болу деген ниет әрбір қыз баласында болса екен деймін🌸

1 month, 1 week ago
қараңыздаршы , "әже"тұлға­сы­ның қоғам­да­ғы рөлін қалай …

қараңыздаршы , "әже"тұлға­сы­ның қоғам­да­ғы рөлін қалай айшықтап, жеріне жеткізе бейнелеп тұр .әжелер – барлық тәрбиенің, бар­лық құндылықтың бастауын­да тұ­рады ғой,шіркін. байқағанымыздай ,болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әженің рөлі айтарлықтай📎 Зере (азан шақырып қойған есімі- Тоқбала екенің ескере жүрейік) анамыздай дана болып ,сол кісідей бала-немелеріміздің бойыңа ұлттық салт-дәстүрді сіңіріп отыратын ғұмыр берсін Аллаһым📎

1 month, 1 week ago

көшеге шыға қалсаң екі түрлі əйелді кезіктіресің:

біріншісі, Юсуф (а.с) пайғамбарды азғырып, өзіне еліктіргісі келген қожайынның әйелі Зилиха тәріздестер. яғни, Зилиханың вирусына шалдыққан әйелдер: боянып-сыланып, еркек атаулыны қоздыратын киімдерді киіп "һəйтə лəк" - "маған келші" дегендей былқ-сылқ етіп, бұраңдап, көз арбай жүретін əйелдер.

екіншісі, тіршіліктің қамымен көшеге шығуға мәжбүр болған, ибалы-инабатты, көзін төменге түсіріп, ұяла қадам басатын Шұғайып (а.с) пайғамбардың қыздары іспетті.

📔Ерсін Әміре ұстаз

1 month, 1 week ago

үйді 1 сағатта жинап шығамын деп ниет етсеңіз,шынымен де 1 сағатта жинап бітіресіз.

ал егер бұл үйді жинауға менің 1 күнім кетеді десеңіз,шынымен де 1 күн жүресіз.

басында қалай ниет еттіңіз сол болады.

сондықтан білім алуда да мынанша уақыт білімге арнаймын десеңіз,сол уақытты Алла Тағала берекелендіріп қояды.

📔Жұлдыз ұстаз

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 6 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 4 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago