жираф пен ананас

Description
- қызық па?
- иә!
*дейтін канал*
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 2 months, 1 week ago

1 month, 3 weeks ago

Тырысамыз.

1 month, 3 weeks ago

маған негізі тақырыптар емес, оларды «қалай» айтатындары әлдеқайда қызық.

1 month, 3 weeks ago
Осы тақырыптар бойынша сөйлейміз.

Осы тақырыптар бойынша сөйлейміз.

1 month, 3 weeks ago
Бәріңізді 2 қараша (СЕНБІ) №14 кітапханада …

Бәріңізді 2 қараша (СЕНБІ) №14 кітапханада сағат 18:00-де өтетін "Тоқсары" танымдық стендап жобасына көрермен болуға шақырамын.

Кіру тегін.

Сұрақтарыңыз болса жекеме шығыңыздар: @amaihito

2 months, 2 weeks ago

ТАЛАСБЕК ӘСЕМҚҰЛОВ | ТАЛТҮС

Әдебиет адам жанын ізгілендіру үшін жұмыс істейтін алып құрал десек, менің жаным мен тәнімді қатар қозғап, өзіне еріксіз баурап алған кесек туынды – Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы. Бұл – күй мен күйшілік өнердің көркем шежіресі туралы сыр шерткен, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосуға әбден лайық асыл қазына. Романның негізгі лейтмотиві – күй құдіреті. Соған орай жазушы адам мен өнерді бір-бірінен ажырамас тұтастықта бейнелеп, ардақты аспабымыздың құдіретіне тереңінен бойлайды. Өн бойы ұлттық құндылықтарға толы туынды ұмытылған тарихымызды, алтын өнерімізді еске салушы өткен мен бүгіннің дәнекері іспетті. Шығарманың бас кейіпкері Әжігерей – Сабыт қарттың ізін жалғар ұрпағы ғана емес, күйшілік өнерді әрі қарай жетілдіруші, келешегінен үміт күттірер үлгілі перзент. Романда есімдері аталатын Иләпі, Рәш, Баубек сынды дүбірлі күйшілер арасындағы сүре тартыс, Жұмақан әнші, Кітапбай шебер туралы аңыз-әңгімелер оқиғаның дамуына ерекше леп беріп, реңін қоюлата түседі. Әжігерейдің аталарымен қатар отырып есіткен көпшілікке беймәлім күйлердің тарихы, құдіретті күйді кие тұтқан адамдар туралы тылсым хикаялар оны тұлға ретінде, күйші ретінде өсуіне септігін тигізеді. Осылайша қолына қара домбыраны ұстаған бозбала күйді азаматтық мұратына санап, атасының «Өнеріңді саудала, бірақ өнермен саудаласпа» деген сөзі өмірлік ұстанымына айналады. Сондай-ақ күйшілік өнерді серігіне айналдырған мектеп оқушысы атасы мен өзге күйшілердің бір күйді әртүрлі тартқанын тамашалап, әрқайсысының өз түйсінуі болатынын да түсінеді. Тәттімбеттің күйлерін орындаған сәттегі атасы Сабыттың түр-тұлғасындағы құбылушылықтар оқырманды қиял әлеміне жетелейді. Домбыраның әр пернесі шертілген сайын жорғалаған саусақтар көз алдыңа елестеп, күмбір күйдің әуезі құлағыңда ойнайды. Сондай-ақ туындыда қазақ даласында орын алған аштық, соғыс секілді нәубет жылдар шындығы бекер қозғалмаған. Мұның бәрі автордың социалистік дәуір жасаған солақай саясаттың зардабын ашып көрсетуге тырысқан көркемдік шешімі. Романның жүрегіңе жол тауып, санаңда сүйікті боп орнығып алуына оқиғаның шынайылығы, бас кейіпкерлердің прототипі ретінде жазушы мен жазушының жақын жандарының алынуы айрықша әсер етеді. Осы арқылы туындының табиғилығы артып, жазушы мен оқырман арасында көзге көрінбейтін жіпсіз байланыс орнайды.

Кейіпкердің ішкі сезімдеріне тереңінен бойлап, жай-күйін әсем әрі дәл жеткізуі роман шынайылығын арттыра түскен. Бұдан бөлек автордың өлім мен өмір хақындағы баяндаулары, жалғыздық кешкен бейбақтың тұңғиық әлеміне қатысты Абай ойымен тұтасып жатқан ерекшеліктері мен әр жерде сюжеттің өрбуіне қатысты келтірілген интертексттерді де айта кеткен жөн. Бәлкім сонда ғана роман атауының мәні ашылады-ау деген ой келеді. "Талтүс" бұл тек күй өнері, аманат, кие ұғымдарына құрылған философиялық туынды емес, бұл бүтін бір қазақтың ғасырлар бойы арқалап келген ауыр жүгін, тарихтың қараңғы беттерін әшкерелеген, біз мойындауға қорқатын ақиқаттарды жайып салған және оған қатысты өзінің көзқарасын кейіпкер тұрғысынан ашық білдірген қаламгердің протесі секілді. Ал "Талтүс" дегені енді ел боп ес жиюдың бел ортасында айтылған әңгіменің уақыты шығар деген пікірге тоқталдым.

Біраз сыншы қауым Т.Әсемқұловтың романы жарық көргенде Гүлшаттың образына қатысты сыни көзқарастарын білдірген болатын. Алайда осы орайда автор туғызған Гүлшатты да ақтап алғым келеді. Иә Гүлшат жасына сай емес қылықтар жасайды, ересек адамның әңгімесін айтады, Әжігерейге өзін тең көрмейді. Бір қарағанда мектептің жасөспірім оқушысының сана-сезімі мұндайға жете ме деп ойлайсың. Дегенмен бұл суреткердің "қазақ қыздары Гүлшаттай болса шіркін" деген арманы десек ше?! Мүмкін Гүлшаттар Қазақстанның біз білмейтін бір түкпірінде өмір сүріп жатқан да шығар, ол енді беймәлім...

3 months, 2 weeks ago

ТЕОДОР ДРАЙЗЕР | АМЕРИКА ТРАГЕДИЯСЫ | ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Америкалық жазушы, сыни реализм өкілі Теодор Драйзер осыдан 100 жыл бұрын (нақтырақ келесі жылы 100 жыл болады) "Америка трагедиясы" атты роман-дилогиясын жазды. Роман жарық көре салып қалың көпшіліктің қошеметіне ие болды, бестселлерге айналып үлгерді. Шығарманың жазылу барысы роман сюжетінен де қызығырақ. (Романның өзін келесі жолы толығырақ талдайтын боламын). Әзірге осыдан үш жыл бұрын шығармаға қатысты жинаған дереккөздерімді оқи тұрыңыздар.

Өзге туындыларына қарағанда Т. Драйзер "Америка трагедиясын" жазуға ерекше құлшыныспен кіріскен. Редакторы Ливрайтқа жазған хатында: "Менің қазір жазып жатқан романыма келсек, бұл өзі "Құрсаудан" артық болмаса, кем шықпайтын сыңайлы, не дегенде де, жаныңды жай тапқызбайтын сәттері мол-ақ" деп баяндап, бар ынтасы жаңа романына ауысқаны туралы ішкі толқынысын жасырмайды. Жұбайы Элен Драйзердің айтуынша, жазушы романда сипатталған 15 ситуацияны әуелі қойын дәптеріне түсірген екен. Бұл жазушының романды жазар алдын үлкен дайындықпен келгенін, бар оқиғаны егжей-тегжейлі құрастырғанын білдіреді.

1906 жылы Честер Джиллет есімді азаматтың сүйіктісі Грейс Браунды аяусыздықпен өлтіргені жайлы жаңалықтың газет бетінде жариялануы романның жарыққа шығуына түрткі болған. Қаламгер шығарманы жаза отырып сол кезеңдегі "кедей жігіт бай қызға үйленіп, байлыққа, бақытқа қол жеткізеді" деген әдеби шығармалардың негізгі идеясына айналған жалған ұранды жоқ қылады. Жазушы: "Мен романға арқау еткен тақырып туралы ұзақ ойланып мынадай шешімге келдім. Шығарма тек саясатты, әлеуметті, дінді, бизнес пен жыныстық қатынасты ғана қамтитын дүние емес, бұл шындығында Американың әр қаласында ғұмыр кешіп жатқан кез келген жігіттің өміріндегі шындық оқиға дер едім", – деп келтіреді. Романның жалпы композициялық құрылымы, кейіпкерлер характеріне тән образдық бейнелер, пейзаждық суреттеулер мен авторлық позиция, психологиялық иірімдер – бәрі де буржуазиялық америка қоғамындағы басты трагедияның мәнін аша алған. Шығармадағы маңызды оқиғалардың бірі – қайықтағы Робертаның өлімі. Автор дәл осы көл үстіндегі оқиғаны суреттеу үшін біраз тер төккен. Қылмыс орын алған орынға арнайы келіп, кісі өлімі орын алған қайыққа отырып көрген және қылмыстық оқиғаның куәгерімен жолыққан. Суреткердің естелігінде сондай-ақ Грейс Браунның прототипі Робертаның өлімін бейнелеген сәтінде жылағанын да жасырмаған. Ал басты кейіпкер Клайдтың өлім алдындағы сәтін суреттеу үшін Америкадағы "Синг-Синг үйі" деп аталатын өлім жазасына кесілген қылмыскерлерге арналған түрмеге барған. Ондағы бірнеше қылмыскермен бетпе-бет отырып әңгімелескен.

Өз кезегінде әдеби сыншылар орыстың әйгілі жазушысы Ф. Достоевскийдің "Қылмыс пен жаза" шығармасына пара-пар туынды деп жоғары бағалапты. Ал бұл қошеметке жазушының өзі: "Шындығында, қоғамымызда (нақтырақ Америкада) орын алып жатқан әр трагедия – өміріміздің бір бөлшегіне айналып, етене сіңіп кеткен. Демек "америка" мен "трагедия" сөздері бір-бірімен астасып кеткен күрделі құбылыс, егіз ұғым" деп жауап берген екен.

4 months, 1 week ago
5 months, 1 week ago
6 months ago
6 months ago
**ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ** | **АВГЕЙДІҢ АТ ҚОРАСЫНАН …

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ | АВГЕЙДІҢ АТ ҚОРАСЫНАН БАСТАЙЫҚ

Жазушы, сыншы Ғ. Мүсіреповтің «Классикалық зерттеулер» кітабындағы «Авгейдің ат қорасынан бастайық» зерттеу мақаласын қысқартып беруді жөн көрдім.

Мақаланың басын Ғ. Мүсірепов орыс жазушысы Леонид Леоновтің «Бұдан былай огурци деп жазылатын болса, мен оны жемей-ақ қоярмын» деген сөзімен бастайды. Бұл сыншының мақаладағы көтерілетін мәселеге қатысты келтірген мысқылы.

«Өзіміз молдаға оқып едік, баламыз мектепте оқып жүр», «Қызым жетінші класс оқып жүр» секілді сөйлемдерді мысалға алып автор «қайдан, қайда» деген сұрақтар қойылуы керек деп ескертеді және дұрысы «Өзіміз молдадан оқып едік», «Қызым жетінші сыныпта оқып жүр» деп жазылуы керек дейді.

Әрі қарай контекстен тікелей:

Тұғын сөзінің орнына болатын, келетін.

Түске шекейін, шекем емес – дейін.

Ән жер, мін жер емес – ана жер, мына жер.

Барғам, жазғам, айтқам емес – барғанмын, жазғанмын.

Оңтүстік, солтүстік емес – оңтұстық, солтұстық.

Қайдамқайдан білейін сөзінің заңсыз қолданысы.

Құсап деген құсық иісі келетін сөздің орнына – ұқсап дегенді қолдану керек.

Жазира, салиқалы, салауатты жыр, музыкалық хабар, қоғами, сыни пікір, мақамшылық өнері деген тіркестерге қатысты:

Жазира – араб тілінен «арал» деген сөз. Оны жазушылар жер үйек деген мағынада қолданып жүр.

Салиқалы деген сөздің өзін алсақ мағынасы «құлаққа жағымсыз» деген мағынаны білдіреді.

Салауатты жырсалауат айту бар, салауатты жыр жоқ.

Музыкалық хабар. Музыка көркемөнердің бір түрі. Хабар деген сөздің өзі нақ басып дәлелді айтылып тұр. Музыкалық программа деп алу керек.

Қоғами емес қоғамдық деп қарау керек. Мұндай сөздер аравизмге бұрылу. Сыни да осы мағынаны қамтиды.

Мақамшылық өнері. Мақам – Құранды оқу сазы. Әуен, әуез деп атау керек.

Бұ да, со да, о да. Сөздердің соңындағы әріпті алып тастаудан жеп-жеңіл сөздер қиянатқа ұшырайды.

Кейбір жазушылар «содан соң» сөзін «сосын» деп жазады. Бұл да қате. Бұл сөз Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асқар Сүлейменов, Мұзафар Әлімбаев шығармаларында көп кездеседі.

Искусство деген сөзді көркем өнер деп аударайық та, оның ішіне сурет, музыка, сахна, экран, би өнерлерін кіргізген дұрыс.

Жұмақан Рамазановтың аудармасындағы «Жайма шуақ таң сәріде...» деген сөзіне қатысты былай көрсетеді:

Жайма шуақ түн мезгіліне де, таң сәресіне де қатысы жоқ. Жалпы күннің райлық сипаты және қыста мал жаюға болатын жайлы таңды айтады.

Осы автордың сондай-ақ «Мөлдір маталы жалбыз» тіркесіне қатысты «мөлдір су» болады, «мөлдір мата» деп айту қисынсыз деп көрсетеді.

Оралхан Бөкейдің тіліндегі шұбарлыққа тоқталып, мына сөздерді сынға алады: «пошымы, нәшіні, албаты, кейуана, бебежік, мүрлеу, мауырт, сіңіртік, паруай». Сыншы аталмыш сөздерді Алтай, Қытай қазақтарынан келген тілдегі шұбарлық деп санайды.

Қосымша жазушы шығармашылығынан мына үзінділерді де келтіріп былайша түзейді:

«Мен бағанағы әйелім әзірлеген кеспені еске алдым. Оны жездем жолдаған қаздың етіне пісіріп едік...».

«Жесір әйелдің мұңдықты басы қалды...».

Кеспені етке салып пісіреді. Кеспе салып пісіргені қаздың еті деп аталады. Етке пісірмейді, етке салынады.

Мұңдықты емес мұңды. Сондықтан сөйлем «Ері өліп жесір қалған мұңды әйел жалғыз қалды» деп құралуы керек.

Ілияс Есенберлиннің де жазу тіліне тоқталады.

Жазушының шығармасындағы «Егер әлем тоқты болса, бұл екеуі көкжал қасқыр еді» . Бату мен Құлағу көкжал болғанымен, бүкіл әлемді тоқтыға теңеу қате дейді.

«Қара қазақ пен қазақ жерін жаулап алған Шыңғыс» деген сөйлемге қатысты «қара қазақ» кім, «қазақ» кім айырып жазу керек деп ескертеді.

«Амангелді, Қарагөз, Зілғара, Меңдіғожа сияқты адам аттарын Аманкелді, Қаракөз, Зілқара демей естілу тұрпатында жазса қалай болар еді?» – деп сұрақ қойады да, қ-дан ғ-ға айналу реті арқылы деген ұсыныс айтады.

Мен оқуға жеңіл болу үшін Ғ. Мүсіреповтің түзетулерін қысқаша атап өттім.

Толықтай мына сілтемеден оқый аласыздар: https://ult.kz/post/gabit-musirepov-avgeydin-at-korasynan-bastayyk

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 2 months, 1 week ago