📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
Таразы емес пе,
Тарамыс-тағдырың…
«Егер әлемде кешірілмейтін бір нәрсе болса, ол – кешіре алмау»
Эмиль Ажар
Тас сүйреген құл сынды бұлтты тартып
барады жел. Уақыт, түсіме енші.
Бір бақытты бәрінен күттім артық,
Қанша жанды жылатып, түсінерсіз.
құдай жөнінде ойларым қырық құбылып...
сәттерден неге естелік қалмай барады?
біреудің сенімін ақтағым келеді...
біреуге сенгім де...
мен ауыр ойларды...
қатені...
күнәні...
кінәні...
көтеріп жүремін...
мені де көтеріп жүреді жер күнде...
мен осы ғаламға
өзімді тануға келдім бе?
өзімді табуға келдім бе...
күз өтіп кеткендей.
қыс та ертең өтеді....
о, тағы алданыш етеміз біз нені?!
о, тағы қаламыз келетін күндерге
үүүп-үлкен арманды мақсат қып...
көшкен бұлт. көшкен мұң. көшкен ел.
өзінен қорқатын өзімнен сескенем...
бәрі де баяғыдай
баяғыдай
көрпенің астында
көзіңнің жасына
булығып жатасың...
өмірдің заңы екенін барлығы құдайдың жарлығы екенін барлығы
шамаң жоқ ескерер..
шамам жоқ ескерер...
Жұлдыз Молдағали
Күйім аласапыран…Өз ішімде адасып кеткендеймін. Өмірдің ағысын қайда бұрарымды білмеймін. Әйтеуір бір білетінім – тыныштықтың, махаббаттың, бақыттың біздің ішімізде екені. Тағдыр деген бір қызық құбылыс. Оны даттай да алмайсың. Бір жарық бар екенін білесің, сезесің. Соған ұмтыласың.
Осы күні түсінгенім, жүректегі сәулені сөндірмеу, ізгілік жолынан таймау ғана. Одан айырылсақ, бізде басқа үміт те жоқ...
Білесіз бе, әлсіздігіңген аса алмау соншалықты оңай. Бірақ ішкі арыңның сотында адалдығыңды, адамдығыңды сақтап қалу қиынның қиыны. Аппақ жаныңды кірлететін іс түгіл, ойлардың өзі мың мәрте күйретеді. Білмей-ақ, көрмей-ақ қойсам ғой дегеннің бәрін көріп, білесің. Сонда да таңғы шықтай кіршіксіз әлеміңді таптатқың келмейді.
Адам ажалға амалсыз екенін түсінеді. Өлгеннің келмейтінін де біледі. Бірақ, іште бір сезім қоса өледі ғой. Ауыры, азабы сол. Ол адам сыйлайтын жақындықты, көрсететін жылуды енді ешкім бере алмайды. Дәл сол адам секілді ешкім сөйлемеді, күлмейді, жүзіңе қарап жымимайды, құшақтамайды, ұрыспайды да… Сол адамның сезімі де өміріңінен ғайып болады. Жаныңа әрдайым бір сезім жетпей, жүрегіңнің бір бөлігі қуыс болып қалады. Бос орынды санада қалған естелік қана толтырар. Ал ол кейде жылытса, кейде өкініш…
Бұл Шалқардың салған әні. Жүректі әлдебір сезімдер билей жөнеледі. Көзіңе жас келеді. Тілің «Шіркін-айдан» басқа ештеңе айтпайды.
Күзгі этюд
#Көзімосылайкөреді
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago