Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

ZHANNUR

Description
Бұл – менің шығармашылық алаңым.
1️⃣ Мұнда түйген ой-жазбалар

2️⃣ “Nazik Alem” деп аталатын подкастым бар. Сілтеме: https://podfollow.com/nazik-alem

💜 Ақылы подкасттарды төлеу: 💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 2 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 5 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago

2 weeks, 5 days ago

“Егер Алланың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Алла тәубелерді қабыл етуші һәм әр ісі, әр үкімі көптеген хикметтерге негізделген асқан дана болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!

(Нұр сүресі, 10-аят)

1 month ago
Көптен күткен керемет подкаст жарық көрді …

Көптен күткен керемет подкаст жарық көрді 😍

Подкаст қонақтары сүйікті ханымдарым – Жансая Шерімбаева мен Әсел Бердоңғарова 💐

Подкастта:
🔸 Кітап клубы = терапия
🔸 Тұрақты кітап оқу үшін..
🔸 Даналықты арттыру
🔸 Тыңдарманға сыйлық
🔸 Кейіпкерді қабылдау = айналаны қабылдау және т.б тақырыптар қамтылды 💌

🖇️ Подкастқа сілтеме:
https://youtu.be/-JlQ-4bTKKQ

📚 Алла әр білгенімізді амалға айналдыруды нәсіп етсін!

1 month, 2 weeks ago

Туған күн 🌷

Осыған дейін туған күндерімді қатты күтетінмін. Жақындағанда "Анау керек/ мынау керек" деп wish list жазатынмын.

Қызық, бүгінгі туған күнде ешнәрсе күтпеудемін. Әрине, Алладан келетін кез-келген жақсылыққа зәруміз. Ол бөлек дүние. Бірақ адамдарға белгілі бір шарт қоятыным, олардан алғым келетін қалауларым (хотелка) жоқ екен. Адамдардың жай ғана бар болуының өзі – Алла Тағала жіберген ең үлкен сыйы деп білемін.

Осы күйде жүргеніме 2 айдай уақыт болған шығар. Бір рақат екен! Күттірмей келгеннен кейін бәрі тосыннан, бәрі сюрприз, бәрі қызық! Жүректе шүкіршілік сезімінің жаңа қырлары ашылғандай.

Алла Тағала баршамызға ең көркем сезімдерді кешуді нәсіп етіп, әрі оны ұзағынан етсін!

2 months, 1 week ago

«Бисмилля» деп бастаймыз

Сіздермен бірге Жаннұр 🎧

https://youtu.be/IjTbYZ-jmPA?si=bSkutGsDxeuPA8gJ

Бұл ютуб каналда подкасттарым ғана бар еді. Енді осындай влогтарды да көре аласыз, Алла қаласа. Подкасттарым сияқты ресми болмайды. Алғашқы влог болғалы тұр. Сол үшін сәл-пәл қобалжып тұрмын.

Алғашқы влог подкас туралы болса дедім. Себебі, бұл менің жанымды салып жасайтын сүйікті ісім. Содан бастайын деп шештім.

🔋 Таймкод:
0:10 Сумкамды жинау
2:15 Ұшақта
4:00 Эмоциялар
4:40 Дайындық атмосферасы
4:55 Алған 3 подкасттан үзінділер
9:27 Кешкі ас
11:50 Признаюсь вам в любви
12:20 Сыйлықтар unpacking
13:33 Үйде

Пікірлеріңізді влог-тың пікірлер бөлімінде күтемін 🥰

YouTube

АЛҒАШҚЫ VLOG: ПОДКАСТ ҚАЛАЙ ТҮСІРІЛЕДІ? Алматыға сапар, подкасттан үзінділер, түрлі сезімдер

«Бисмилля» деп бастаймыз Сіздермен бірге Жаннұр. Бұл ютуб каналда подкасттарым ғана бар еді. Енді осындай влогтарды да көре аласыз, Алла қаласа. Подкасттарым сияқты ресми болмайды. Алғашқы влог болғалы тұр. Сол үшін сәл-пәл қобалжып тұрмын. Алғашқы влог…

2 months, 3 weeks ago
***🎙️*** Қонақта ТӨРЕБЕК БЕКБАЕВТЫҢ ШӘКІРТІ коуч, …

🎙️ Қонақта ТӨРЕБЕК БЕКБАЕВТЫҢ ШӘКІРТІ коуч, психосоматолог Әсел Бердоңғарова 💎

🎉 Қайырлы кеш! YouTube, Podcast платформаларында керемет аудио-подкаст шықты 🎉

*🖇️ Подкастта:
🔸 Әке
🔸 Измена
🔸 Екінші әйел
🔸 Жаратылыс хикметі
🔸 Әйелдің еркекке айналуы
🔸 Ақшадан қорқыныш қашан?
және т.б тақырыптар талқыланды
🍃*

*🖇️ Подкастқа сілтеме:*
https://youtu.be/z5pZOxGK0z0

💌 P.S: Подкасттың алғашқы 34 минуты тегін. Толық тыңдау ақылы. 2000тг. Қай бөлімі ақылы екені подкастта да ескертіледі.

💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)

🔋 Алла Тағала әркез рухымызды биік, жүрегімізді таза, ниетімізді түзу етсін! Әмин!

3 months, 2 weeks ago

Рух күткен көктем

Қасиетті 3 ай – Ережеп, Шағбан, Рамазан – туралы уағыздан түртіп алғандарым:

Әр адам суық күз, аязды қыстан кейін көктемді күтеді. Көктемде көктен жаңбыр жауып, барша әлем қайта тіріледі.

Дәл солай адам рухы да көктемді күтеді. Рух үшін көктем – Қасиетті айлар.

Жаратылыс қар астанда қалса, рух нәпсі астында қалады.

Ішкі тынышсыздық – қазіргі деңгей мен адам өзі жете алатын деңгей арасындағы айырмашылықтан туады.

Мұсылман болу әсте әсте.
90 күнде 90 саты.

Ережеп – егін салу,
Шағбан – суару,
Рамазан – ору.
Кім нені ексе, соны орады.
Кім егін екпесе, өкініште қалады.

Аспаннан алтын, алмаз жауғандай мейірім, береке жауатын өте қасиетті айлар, бағалы күндер келіп жетті.

Шүкіршілігі – ысырапсыз қолдану. Ерік-жігерді тиімді әрі барынша пайдаланып, мейірім мен берекет жаңбырымен қайта жандану.

Кейінге қалдырмау. Кейінге қалдыру – кесел.

*Ражаб – ұлықтау, құрметтеу деген мағына береді.

Ережептегі қасиетті түндер:
Рағайып;
Миғраж*.

Қасиетті түндерде Қадір түніне дайындық жасау.

  1. Бұл айдың басым-көпшілік күндерін оразамен өткізген дұрыс. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл айда көп ораза ұстаған.

  2. Қаза оразасы болса қазасын өтеу.

  3. Құран оқуға әрекет жасап, оны түсінуге тырысып, Рамазан айына дайындалу.

  4. Жаңа ғибадат бастау. Ұмыт болғанды жақсы әдеттерді, ғибадаттарды қайта жандандыру.

  5. Рамазаннан кейін келесі рамазанға дейін сол деңгейді сақтап қалу.

#уағызданүзінді

4 months, 1 week ago

“Я люблю спокойных людей. Тех, кто мудро подбирают слова, никогда не повышая голоса. Не живут для того, чтобы хвастаться, а чтобы существовать спокойно и гармонично, стараясь никому не навредить. Я нахожу этих людей вдохновляющими”

4 months, 1 week ago
Қайырлы күн! Ұзақ күткен подкастымыз жарық …

Қайырлы күн! Ұзақ күткен подкастымыз жарық көрді 🙌 Төребек Бекбаевпен
6-эпизод: “ПСИХОСОМАТИКА” аудио-дәрісі.

🎙️Подкастта елімізде ең жиі кездесетін аурулардың шығу тегі мен емдеу жолын талдадық.

Бұл подкаст ақылы. Құны 5000 тг.
💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)
Жиналған қаражат подкасттың дамуына жұмсалады.

Подкастта:
🔸 Жан мен тәннің байланысы
🔸 Шипа өз ішімізде
🔸 Ауырмаудың жолы
🔸 Қан қысымы, қалқанша безі
🔸 Иық, буын, тізе аурулары
🔸 Қатерлі ісік, аутизм

*🖇️ Подкастқа сілтеме:*
https://youtu.be/aQ-5ZxFBF50

💌 P.S: Подкаст ақысын Kaspi–ге жіберіп, тыңдай берсеңіздер болады. Сіздерге сенемін.

🙌 Жанымыз да, тәніміз де сау һәм көркем болуын тілеймін! Подкаст пайдаңызға жарасын!

P.P.S Төребек Бекбаевпен
барлық 6 подкастты тыңдау үшін сілтеме үстін баса аласыз.

4 months, 2 weeks ago
Қайырлы кеш! YouTube алаңында психосоматика тақырыбы …

Қайырлы кеш! YouTube алаңында психосоматика тақырыбы аясында керемет подкаст жарық көрді 🌟

Подкастта 7 баланың анасы, психосомат Эльмира Кударова “Тәубе” методикасымен қызының бір күнде қалай жазылғанын айтып берді. 💌****

Подкастта:
🔸 Психосоматика деген..
🔸 Аутизм, ЗРР
🔸 Тыңдарманға сыйлық
🔸 Қызымның бір күнде жазылуы;
🔸 “Тәубе” методикасы қалай жүреді?

Подкастты қолдау:
💳 (KASPI): https://pay.kaspi.kz/pay/n8tiiucd (Nazik Alem Podcast)

*🖇️ Подкастқа сілтеме:*
https://youtu.be/Tcx1Cypu0wA

Жанымыз да, тәніміз де сау болсын! Подкаст пайдаңызға жарасын!

5 months, 1 week ago

Бұл дүние несімен қымбат?

Бауырыңның, досыңның, аға-жеңгенің сыйластығымен қымбат. Жақындарыңның күтіп алып, шығарып салуымен қымбат.

Бұл дүние несімен қымбат?

Риясыз көңілмен қымбат. Ыстық ықыласпен қымбат. Махаббатыңды жақындарыңа арнаумен қымбат. Жақындардың патша көңілін көрумен қымбат.

Бұл дүние несімен қымбат?

Бұл дүние қарым-қатынаспен қымбат. Достық, сыйластық, махаббатпен қымбат. Ата-ана, бауыр, аға-жеңгеңмен, сүйікті жарыңмен қымбат.

https://t.me/zhannur_talasbayeva

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 2 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 5 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago