📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
Бүгінгі дұға:
“Уа, есепсіз нығметтердің Иесі болған Алла тағалам! Жүрек көзімді Өзіңнің құдірет бақшаларыңды тамашалаушы ете гөр! Ерік-жігерімді Өзіңнің жомарттығыңа бағынышты ете гөр! Уа, жүрегімді нұрландырушы, қалауымның түпкі мақсаты болған Раббым! Әрдайым өзіңнің жолыңда қызмет етуімді әрі Өзіңнің разылығыңды іздеуші болуымды нәсіп ете гөр!”
Оқуға жеңіл, мағынасы терең
ТОП 4 кітап 👇
*1️⃣ “Полианна” — бізге қарапайым өмірден бақыт таба алуды* үйретеді. Әлемді жарық әрі әдемі екенін көрсететін шығарма. Кітап негізі балалар әдебиетіне жатады. Сондықтан болар, тілі жеңіл. Бірақ роман ересек адамның жүрегіне де із қалдырмай қоймайды.
*2️⃣ “Саңлақ сахабалар”
Автор Алау Әділбаев әр сахабаны өзінің ең сүйікті сахабасындай әсерлі сипаттаған. Олардың өмірін түрлі оқиғалар арқылы жеткізген. Сондықтан роман оқып отырғандай боласыз. Бірнеше рет көзге жас алған, рухани өсірген* кітап болды. Бұл кітапты жылына бір рет оқып тұру керек деп түйдім.
3️⃣ “Ай мен Айша”
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік шығармалардың бірі деп білемін. Романның атауының өзі де ерекше мәнге ие. “Ай” – таза, жарық, ерекше бір биікте тұратын Ана бейнесін білдіреді.
Ал “Айша” – 1930-1945 ашаршылық пен соғыс жылдары қоғамды бүтіндей ұстап қалған батыр да, дана әйелдер бейнесі. Автор анасының бейнесі Айша арқылы қазақ жұртының даналығын, кеңдігін сипаттағандай.
Таңғалдырып, көзге жас үйіргені: заман тауқыметіне қарамастан халықтың хақ жолдан таймағаны, бір-біріне деген құрметі, әйелдің ер азаматына деген құрметі, ана мен баланың керемет қарым-қатынасы.
4️⃣ “Махаббаттың қырық қағидасы” Кітаптың басты тақырыбы – махаббат. Нағыз махаббатты Алла Тағалаға деген махаббат деп, иләһи, рухани бір сезім ретінде көрсете білген. Шамс Тебризи жинақтаған “махаббаттың қырық қағидасы” – адамды Алланың асыл жаратылысы деп қарауға үйретті. Тіпті адамды ғана емес, әр жаратылысты Алланың теңдессіз туындысы, қолтаңбасы деп бағалауға шақырды. Сол арқылы Аллаға жақындайтынымызды түсіндіргендей.
💞 Аталмыш 4 кітапты 3 айда кітап клубымен оқып бітірдік. Әр кітапты оқып болған соң, талдайтын орта маңызды екен. Сіздерге де бізбен бірге ілесіп оқуға шын жүректен кеңес беремін 🫶
Егер өзің мелтектеп тойып отырып, аш адамға бір уыс талқан бергенің – сауап емес, парыз. Ал егер өзің қиналып, жоқ-жітік бола тұра, бір уыс талқанды аш адаммен бөліссең – бұл сауап. Сауап – жауапсыз қалмайды.
©️ Ай мен Айша
Сен жүрген жер жаннат болсын! Игі жақсылар жаннатқа бармайды. Олар барған жер жаннатқа айналады.
Кішігірім мысал: Сіздің бар болғаныңыз үшін үйдегілер қуанып, жайлылықты сезініп, сізбен емін-еркін диалог құра алса, үміт бар. Ал егер “түү, мынау үйден қашан кетеді?” деген жайсыздық болса, дінді ұстансаңыз да, тым ауыр ұстанасыз деген сөз.
Не істемек керек? Жұмсақ болу керек. Жұмсақ адам – жаннаттың иісін сездіреді.©️ Мадина Жумадиллаева
Видеть хорошее во всем…
– Мы начали играть, когда в церковных пожертвованиях нам прислали пару детских деревянных костылей.
– Костылей?!
– Да. Понимаешь, я очень хотела куклу, и папа написал об этом в церковный комитет, но ему ответили, что кукол в пожертвованиях не оказалось, а оказались детские костыли, и их прислали нам, потому что они могли пригодиться какому-нибудь увечному ребенку. И тогда мы стали играть.
– Ну, должна открыто сказать, я не вижу никакой игры, что могла бы быть с этим связана, никакой, никакой! - заявила Ненси почти с раздражением.
– А вот есть такая! Игра в том, чтобы во всем всегда находить что-то такое, чему можно радоваться; неважно, что это будет, - продолжила Поллианна серьезно. - И мы начали сразу... прямо с этих костылей.
– Господи помилуй! Я не вижу тут ничего, чему можно радоваться: получить пару костылей, когда хочешь куклу!
Поллианна хлопнула в ладоши.
– А вот можно... можно! - торжествовала она и тут же чистосердечно добавила: – Но я тоже не видела сначала, и папе пришлось мне подсказать.
– Ну, тогда, может быть, ты подскажешь мне? - с гневом почти рявкнула Ненси.
– Да очень просто! Просто радоваться тому, что они тебе... не нужны! - воскликнула Поллианна. - Видишь, это так легко... если знаешь как…
©️ Элинор Портер
“Полианна”
Үміт қаһарманы болайық
Әлем тұрақсыз. Ойды шашыратып, хаосқа себеп болатын дүниелер көп. Адам қайталанбас болмысынан ауытқып кеткендей. Мұндай кезде адам келешекке алаңдаулы, болашағынан үмітсіз. Жүрек әлсіз, ақыл кедей, шабыт тұрақсыз…
Болмысынан алыстау – рухани дүниені дүр сілкіндірді. Әр адам жүрегіне нұр сәулелерін іздеуде. Іші қуыс, бос қалған жүрекке ең қажеті – сенім мен үмітке толы бақытты өмір.
Үміт – ең алдымен сенімнің шуағы. Сенімі бар адам үміт етеді. Үміті бар адамда да сенім болады. Осы себепті кәміл сенімнен шығатын биіктер басқа адамға мүмкін еместей көрінеді.
Шындығында, сенімге толы жүрекке үміт, табандылық пен жігер кірсе, адами мүмкіндіктер шеңберінен асып түседі. Жүрекпен өмір сүрмейтіндер үшін мұндай деңгей әдеттен тыс боп көрінеді.
Әсіресе, адам таңдағанына үлкен сенім білдіріп һәм оған жүрегін салса, оның рухани әлемінде ешқашан үмітсіздік, пессимизм, қажу, күдер үзу болмайды.
Әр адам дүниеге келгенде үмітпен туылады. Адымдап үйреніп жүріп, қайта-қайта құлайды. Бірақ сонда да жүгіріп кетуден бүлдіршіннің үміті сөнбейді. Бізді үмітпен жаратқан. Осыған қарап, үміті үзілген адамды адам деп санай аламыз ба? Үмітсіз қоғам да сал, жансыз емес пе?
Үміт деген не? Үміт – өз жан дүниеңді ашудан және оның ішіндегі күшті сезінуден тұрады. Осы түйсік арқылы адам ғаламнан тыс Шексіз Құдіретпен байланысқа түсіп, бәріне жететін күш пен қуатқа ұласады.
Аспаны түнерген, жігері құм болған шақта Әзіреті Адам (ғ.с.) үміттеніп: «Мен өзіме зұлымдық жасадым...” - деді де, қайта көтерілді. Ал шайтан жүрегінен төгілген қан мен іріңнен түңіліп, ақыры салы суға кетті… Қазақта сол үшін “үмітсіз – шайтан” дейді.
Әрбір жүректі адам үміт шырағымен бірге жүріп, тасқынды қарсы ала алды. Дауыл соқса да, толқынмен арпалысты. Біреулер үшін үміт – Ыбырай салған мектеп болды, біреулер үшін – Ахметтің әліппесі, ал басқалары үшін – Абайдың қара сөзі. Қай заманда да үміт қаһармандары – халықтың туы болды. Егер Абай, Ыбырай, Ахметтер жарқын болашақтан үмітін үзгенде қазір не болар едік?
Ұзақ қашықтықты қысқартатын – үміт. Өліні тірілтетін, мүмкін еместі мүмкін ететін де – үміт. Нағыз жеңілгендер – үміт әлемінде жеңілгендер. Нағыз ұтқандар – үміт әлемінде ұтқандар.
Жолға батыл, батыр боп аттанғанымен, сенім мен үміт әлсіздігінен жарты жолда қалып қойғандар бар. Кішкентай жер сілкінісі, уақытша дауыл немесе су тасқыны олардың қайраты мен ерік-жігерін шайып жіберді. Үмітті ту еткендерге жармасып, сосын олармен бірге үмітсіздік батпағына түсіп, суға батып бара жатқандардың ауыр хәлі жүректі сыздатады.
Шыдамдылық таныта алатын һәм еңсесі түспейтін, табандылық танытып, мойымайтын жолбасшыларға ел болып ризашылығымызды білдіреміз. Олар бізге нан, су, ауадай қажет.
Мыңдаған үміт бүршігі күлімдеп, мыңдаған жер астындағы дәндер жауған қарды күтетін мына күндерде үмітсіз жүректерге үміт тілейміз…https://t.me/zhannur_talasbayeva
Сын – жалқаудың сылтауы.
Яғни,
істемесең (істей алмасаң, істегін келмесе), істеп жатқанды сынама.
Дұшпандық – наданның қаруы.
Яғни,
істің анық-қанығын білмесең, түбіне тереңдеп мәнісін түсінбесең, (күмәнға батып) бұл іс қате деп қарсыласпа.
Көреалмаушылық – тәкаппардың соқырлығы.
Яғни,
басқасы сенен артық іс жасағанын көргенде, (үлгі алудың орнына кері кетіп) көзіңді жұмба.
Ең маңызды “ДжекПот”
Алдында ойланып кетіп: “осы мен ешқашан лотерея, ұтыс ойындарынан ешқашан ұтып алмайды екенмін” деп айтып қалдым да, лезде жолдасым есіме түсіп. “Еее, Нағыз Джекпотты 2 жыл бұрын нәсіп етіп қойыпты ғой” дегенмін.
Ізгі Жолдас – ең бағалы ДжекПот ұтып алғанмен тең…
Сіздерге де Алладан ең маңызды джекпот нәсіп етсін!
“Егер Алланың сендерге деген шексіз шарапаты мен мейірімі болмағанда, егер Алла тәубелерді қабыл етуші һәм әр ісі, әр үкімі көптеген хикметтерге негізделген асқан дана болмағанда, көрген күндерің не болар еді?!”
(Нұр сүресі, 10-аят)
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago