Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

Arabic.Abylaikhan📚

Description
8 жылға жуық араб тілінің айналасында жүрген, бұл тілді үйрену жолында ащы-тұщысын көрген әрі үйрету бағытының дұрыс-бұрысын көріп келе жатқан қарапайым ілім талапкерінен:
-Араб тілін үйренуге және жалпы ілім алуға көмектесетін түрлі кеңестер.
- Лайфактар
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 Woche, 4 Tage her

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 Tag, 21 Stunden her

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 Monat her

1 month, 2 weeks ago

Раббы құзырындағы деңгейің мен орныңды білгің келсе…

https://www.instagram.com/reel/C4ViV6AtFk0/?igsh=MWJsM2VyczdxdTdnOQ==

1 month, 3 weeks ago

https://kalimatan.com

Kalimatan

Изучайте арабский увлеченно и эффективно | Kalimatan

Сервис для увлекательной практики арабского языка… Не зубрите язык, изучать можно увлеченно… Язык не цель, а средство и именно так его и нужно изучать.

1 month, 3 weeks ago

Мустафа Ахмад Зарқо “умми” أُمِّيٌ (сауатсыз) деген сөзге қатысты Имам Шатыбидің (Алла екеуін де рахымына алсын) мынандай ойын келтіреді:

Бұл - ана деген сөзге телініп тұр. Яғни, жазу-оқуды үйренбей анасынан туылған хәлде қалып қойған адам.

3 months ago

Таңертең және кешке оқылатын сүннетте келген дұғалар қатарында осы дұға да бар. Жер сілкінісі кезінде оқылуы да абзал:

اللَّهمَّ إنِّى أسألُكَ العفوَ والعافيةَ، في الدُّنيا والآخرةِ، اللَّهمَّ إنِّى أسألُكَ العفوَ والعافيةَ، في دِينى ودُنياى، وأهلى ومالى، اللَّهمَّ استُرْ عَوراتى، وآمِنْ رَوعاتِى، اللَّهمَّ احفَظْنى من بينِ يدى، ومن خلفى، وعن يمينى، وعن شمالى، ومن فَوقِى، وأعوذُ بعظمتِكَ أن أُغْتَالَ مِن تحتي

Аллаһумма инни әс-әлюкә әль-‘ғавуа уаль-‘ғафия фид-дунья уәль-әхиро. Аллаһумма инни әс-әлюкә әль-‘ғавуа уаль-‘ғафия фи диини уә дуняәй әу әһли уә мәәли. Аллаһумма-стур ‘ғәуроти уә әәмин рау’ғаати. Аллаһумма-хфазни мин бәйни иәдәйия уә мин холфи уә ‘ғән иәмиини уә ‘ғән шимәәли уә мин фауқи. Уә ә’ғузу би ‘ғазомәтикә ән уғтәәлә мин тәхти.

Мағынасы:
Аллаһым сенен ақыретте де дүниеде де кешірім және амандық сұраймын.

Аллаһым сенен дінім, дүнием, отбасым және мал-мүлкім үшін кешірім мен амандық сұраймын!

Менің әуретімді (отбасы, бала-шағамды) жабуыңды әрі жасыруыңды және отбасымды сақтауыңды сұраймын.

Аллаһым мені алдымнан, артымнан, оң жағымнан, сол жағымнан және үстімнен(жоғарымнан) сақтауыңды сұраймын. Және аяқ астымнан құрдымға кетуден пана сұраймын!

3 months ago

Алматы қаласы бойынша барлық мешіттер түнімен ашық деп жатыр ‼️ Алла панасына алсын 🤲🏻

3 months, 1 week ago

Ілім талап етуші адам әуелі өзін надандықтан арылту мақсатында өзі үшін ілім алуы тиіс. Содан кейін барып басқаларды надандықтан шығаруды ойлай берсе болады.

Ал талаба ілімді басқаларға үйретемін, көрсетемін деген ғана ниетпен алатын болса, оның басқаға жарық беріп, өзі еріп жатқан шамнан айырмашылығы болмайды.

Шейх Хазим аль-Киләни (хафизаһуллаһ):

“Өзіңмен шұғылдан, өзіңді дамыт, өзің надандықтан арылуың һәм білімді болуың үшін ілім ал! Сонда, уақыт өте өзің басқаларға пайдалы болып жатқаныңды көресің. [біздің тілмен айтқанда] Өзгеге пайда беру - побочный эффект сияқты өздігінен келетін құбылыс.

Мен тіпті, әлемде менен білім алатын талабалар қалмаса да, ілімімді алып, кітаптарды оқып, хашия-шархттар жазым жүре берер едім…” деп ойын аяқтады.

Расымен, үмметке пайдалы болуың - ол Алланың тауфиғы және қалауы. Сондықтан, ілім алушы өзімен көбірек шұғылдануы тиіс.

Әрине, баршамыздың мақсатымыз - үмметке пайдалы болу. Үмметке шынайы, сөзіне амалы сай, раббани ғалымдар қажет.

Неге сол сіз бен біз болмасқа?!

3 months, 1 week ago

التكْرارُ يُعلِّم الْحمارَ…

Қайталау - есекті де үйретеді” деген мысалды көп еститінбіз. Бірақ, бұл мысалға басқа қырынан қарап көрмеппіз.

Барлығымыздың бұл мысалдан түсінетініміз - қайталаудың артықшылығы. Яғни, көп қайталау тіпті ақылсыз есекті де үйретеді деген мағынаны түсінеміз.

Алайда, кезінде حِمَارٌ (есек), كَلْبٌ (ит) деген сынды сөздер мақтау ретінде қолданылатын болғанын білетін бе едіңіз?!

Ит дегенде - иттің адалдығы мен шын берілгендігін нұсқап, есек дегенде - оның сабырлығын меңзейтін болған. Сондықтан, мақтау тіркесінде қолданылатын да болған…

Осы кіріспеден кейін “التكرار يعلم الحمار” дегенге басқа қырынан қарасақ, “қайталау - сабырлы әрі табанды адамды үйретеді” -деген мағына шығара алады екенбіз.

Сондықтан, ілім жолында حمار болыңыздар)

3 months, 2 weeks ago

Менде арабша білмейтіндер көп екен ғой… Оқу керек. Болмайды мынау:)

Ұйқы - نَوْمٌ
Залым - ظَالِمٌ
Құлшылық, ғибадат - عِبَادَةٌ

Сонда:
نومُ الظَّالمِ عبادة = Залымның ұйқысы - құлшылық

3 months, 2 weeks ago

Әзілтайм)Бірде бір отбасылы жігіттің үйіне досы қонаққа келіпті. Сөйтіп, бір қараса, жаңағы жігіт өзі шай дайындап, дастархан жайып жүгіріп қызмет ете жөнеліпті.
Қонағына бұл нәрсе ерсі көрініп: “Әйеліңді оятып, қызмет еткізбейсің бе? Мынау не жүріс?”-деп сөккісі келеді…

Сонда жаңағы жігіт:
Үндеме!
"نَوْمُ الظَّالِمِ عِبَادَةٌ…"

деп тақырыпты жауыпты:)

Арабшасын түсінбегендер болса, мына 🐳 қоя кетіңіздер:)

3 months, 2 weeks ago

Исламда “шура” (شُورَى)деген керемет нәрсе бар. Ақылдасу дегенді білідіреді жалпы білетініміздей.

Бұл сөздің негізі - балды шығару дегенге қайтады. Мухаммад ибн Аби Бакр ар-Рози (рахимаһуллаһ) өзінің “Мухтар ас-сихах” кітабында:
شار العسل، أي اجتناها
Яғни, “балды шура жасады” дегеніміз - “балды жинады” деген сөз дейді.

Демек, сіз шура жасағанда адамдардан әдемі, ұтымды әрі дұрыс пікір жинайды екенсіз.

Сондықтан, ақылдасуға араб тілінде осы шура (شُورَى) сөзі қолданылыпты.

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 Woche, 4 Tage her

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 Tag, 21 Stunden her

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 Monat her