📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago
Нәпсілері әбден семіргендер . Жыл жаңалықтары
Әлемдегі ең сұмдық жаңалықтың бірі -- Сириядағы қорқынышты түрме , Сирияның бостандығы
Жантүршігерлік азаптар желілерде тарауда . Ол туралы қозғауда пайда бар
Нәпсілері өлімді еске алғысы келмейтіндер бұндай тақырыптардан қашады , көрмек түгіл естігілері де келмейді . Жарайды , олар туралы кейін жалғастырамын
Шерзат. Түсімде Қазақстанды басып алыпты. "Хуторлықтар"
Санама тоқылған мәліметтерден осы түс құрастырылған болса керек . А бәлкім бұл белгі болар ...
Тәуелсіздік алғанымызды ойланғасын ба әлде Палестина мен Шерзат туралы жаңалықтар санама із қалдырғасын , түсімде Қазақстанда соғыс басталғанын көріппін .
Палестинаға жауған зымырандар сияқты бәрін қиратуда екен . Сол сәтке дейін аспан ашық , қазақтар өмірлерін бейбіт сүруде еді
Бірде үлкен площадьта өзге ұлт өкілдері нық қадаммен кірді . Өз жерлерінде жүргендей өте сенімді , бірбеткейлене көздерімізге тік қарап тұрып топ-тобымен келді . Ешқандай қорғаныс таныта алмауда екенбіз . Себебі аспаннан шабуыл жасап бастады . Жартысы аспанда , жартысы жерде ...
Марқұм Шерзаттың отбасына өз қандастарымыздың жасап жатқан қорлықтары ...
Дәл солай Палестинаға да мұсылман бауырлары жәрдеміне емес , қорлығына үлестерін қосуда . Қаншама мұсылман елдері бар , солардың жартысы《оның ішінде Қазақстан да》 Израильдік дұшпандарымыздың жағдайын жасап отыр . "Хуторлықтар"-дың қанауына жол берілгенін көрдіңіздер , соған ұқсас нәрсе ғой
1 кішкентай әулетті қорғай алмай отқанымызда , Палестинаны қайтіп қорғаймыз? Ал сол Шерзаттың әулеті -- сіздің әулет болса не істер едіңіз? Ал Палестина -- Қазақстан болса? Кімнен қорған іздейсіз? 《👈🏻бұл сұрақтар әсіресе биліктегілерге》
Бұнымен айтқым келгені : "Бөлінгенді бөрі жейді" , "Бірлік болмай, тірлік болмас" ...
https://t.me/sunnet_ielerine
Имам маған тоқалдыққа ұсыныс жасады
● Алдын-ала айтып қояйын , ұсынысын сөгу үшін жазуда еМеспін 《4 әйел темасы жайлы позициямды кейін толықтырамын》
● Әйел баласы мешітке зәруліксіз бармағаны дұрыс . Айналасында жүріп , ерлердің назарын намаздан отвлекать ету , көзге түсу жөн емес
Мешіт дүкенінен зат сатып алу үшін барғанмын . Намаз оқитын ерлердің көзіне түспейін деп тез затымды алып , байқалмай шығып кетуге тырысамын .
Бірақ бұл жолы дүкен есігінің алдында марғау 🐯 жалғыз , әлсіреп отыр екен . Тамақ ішпегені көрініп тұр . Жаным ашып , үйге алып кетейін десем ата-анам қарсы . Онсыз да даладан талай рет күшік , мысықтарды алып келгенмін бұрын . Сол кезде рұқсат берген . Ендігі қатты ызаланар еді
Содан , тым болмағанда марғауға су мен тамағын алып беріп + оған жаңа иесін іздей бастадым . Мен алмасам да басқасы алар дедім . Аллаһтың сауабына үміт еттім
Мешіт администрациясынан марғау асырап алатын адам бар ма деп сұрадым . Олар алып кете алмаса да , мешітте тамағын беретіндерін айтты . Бірақ марғауға қарауға уақыт жоқ деді ) Түсінуге болады
Сумкама салып әкете салайын ба , көршілерге табыстап көрермін деп отырғанымда адм-дан біреуі келді . Енді не істейтін болдыңыз деді . Қараусыз қалдыруға болмайды деп едім , өзі асырап алатынын айтты . Қуанып кеттім іштей , оған көрсетпедім 《онымен түрімді жинап ұстадым , солай болуы керек》Ол жақсылап қарайтынына сөз берді ...
Шүкір деп кетіп бара жатсам , бір жас қыз келіп дәріс тб туралы сұрады . Маған ұзақ , тесіліп қарады . Бетімде маскам бар , көзім ғана көрініп тұр . Көзіме үңіліп қарады әйтеуір .
Таныстым . Бірақ өзім туралы бәрін айтпадым 😅 Сомен номерымды алып қалды
Үйге келгенімде ол емес , марғау асырап алған имам жазып тұр 👳🏻♂ Мені ұнатып , сол "ұстаз" қызды жіберген екен . Өзімнен сұрауға қысылып , ол арқылы данныйымды алған .
Ол қызға өкпем жоқ , бірақ жасаған ісі дұрыс болмады . Шариғи ілімі жоғары емес , сол үшін жарайды дедім . Тек базовый шариғи білім беретіні байқалған
Содан , имам марғауға қамқорлық етіп жүргенін , үйіне әкелгенін айтты . Бірінші осыдан бастаған әңгімені ) Кейін бастапқы ниетін білдірді .
Маған ұнамаған нәрселерді айттым , сол қызға да жаздым . Жап-жақсы қыз , бірден түсінді . Имам аға да кешірім сұрады
Қызығушылықпен ақыры жазыпты , 2-3 сұрақ қойып көрейін дедім . Жауаптары ұнамады . Ұсынысын қабыл алМадым . Созып қайтем?
😄 Ары қарай күлейін бе мұңаяйын ба , ол кісі баланың ісін жасады . "Марғауды қайта мешітке апарып тастаймын , өзің қарап ал !" деді соңында 😃😸
Бұндай исходты күтпеп едім , СубхьәнаЛлаһ ) Өмір деген қызық қой , қызық жерін сызып қой 😅
Құрбыма білікті СТОМОТОЛОГ керек еді. Шымкентте қандай маман бар, білетіндер коментке жазып жіберсе
Лажы болса шариғат ұстанатын адам игірек еді
Любопытная әйелге қалай жауап беру керек? Әсіресе ол көршің болса..
Ауылға барғанымда көрші әпкемен сұхбаттасып қалдық. Бірде ол біздің әулетке қатысты өте жеке, ыңғайсыз мәліметті сұрады. Әр әулетте түрлі сынақ, оқиғалар бар. Оны бөтен адамдардың білуі шарт емес. Көршіміз бұны ескермейді сірә
Любопытностьі жүзіне шығып тұр ;) Мені бала көріп алдамсыратуы, түк болмағандай сол сұрақты жылы-жұмсақ қойғаны, СубхьәнаЛлаһ.. Ақкөңіл, аңғал көрінген болармын оған. Шыны керек, ондай қылықты күтпегесін, + алғаш рет соқтығысып тұрғасын қалай реагировать етіп, жағдайдан қалай дұрыс шығарымды білмей қалдым сол сәтте.
Ары тартсам арба, бері тартсам ат құламайтын шешімді миым іздеп кетті. Загрузка боп тұрып қалғасын ғой ? "Эмм..."
Содан, сұрағының ұнамағанын, ыңғайсыз екенін көрсетуге миым жетті 《эмоцияны дұрыс шығару, орнымен қолдана білу да өнер кей адамдарға》
Бұнымен қоймай, өзінен сұрадым: "Сізге бұны кім айтып еді, қайдан алынған мәлімет?" деп. Ортақ танысымыздан білгенін айтты. Ақыры, шындықты білетінімді оған мойындайын деп ұйғардым. "Иә, солай" деп любопытностьін тамақтандырып, ары қарай тақырыпты ауыстырдым.
Жылы жүзбен қоштасып болғасын осы жәйтті іштей таразыладым: не дұрыс болмады, ол да мен де қалай әрекет етуіміз/ етпеуіміз керек еді деп.
Оған сол нәрсені білуде нендей маңыз бар? Білмесе не болар еді тб.. Оның орнына өзімді қойып көрдім дегендей.
Нәтижесінде, ол кісінің өзіне қатысы, пайдасы мен зияны да жоқ іске араласуына адами, шариғи көзбен қарадым 《ол туралы кейінірек》
Оған үзір іздедім:
1. Әр адамда күнә, кемшілік бар. Менде оның бұл кемшілігі жоқ, бірақ басқасы бар.
2. Шариғат не басқа ілімдерден өте алыс. Біздің де біле тұра қателік жасайтын кездеріміз бар.
3. Үйінде тек бала қарап, үй шаруасымен ғана айналысқасын іші пысып, детективті расследование жасап жүргені ғой дедім ;]
Сол сәтте оған: "Сізге бұл қатысты емес қой" дегендей етіп, жағдайдан даналы түрде шығып кетсем жақсырақ еді. Бірақ мен шынайылықты ішімде ұстап қалдым (. Қарым-қатынасты бұзып алам ба, ренжіп қала ма деп тартқыншақтадым. Бұл менің қателігім болды
Дұрысы, шынайылық танытып, ішкі сезімімді іште жасырмай, оны туралыққа шақыруым керек еді. Мейлі, бәлкім оның шайтаны не нәпсісі түртіп маған ренжіп те қалар. Алайда жақсылыққа шақыру, бұрыс нәрсені көргенде түзету -- мұсылманның міндеттерінен ғой
жалғасы бар, әлі пікір жазбай тұрыңыздар ✉️
https://t.me/sunnet_ielerine
Биыл ҚЫС ерте түседі дейді. Және ол осы кезге дейінгі қыстардан ерекше болғалы тұр..
Катаклизмалар әлі де үрейлі
Уже қар түскен аймақтар көп. Қатал қысқа, одан кейінгі ағын суларға дайындала беру дұрыс деп, әлем мамандары дабыл қағып жүр
Ұлы құлшылықтардың бірі -- Құран оқу 《түсіну, жаттау, үйрету》
Аллаһ елшісі Мухәммәд солЛялЛаһу ъәләйһи уә сәлЛәм былай деген : "Темірді тот басқаны секілді, жүректерді де тот басады. Оны тазарту жолы -- Құран оқу мен өлімді еске алу"
? Хадис: Имам Байһақи, Ибн Нуъәйм
Тот басқан жүрек -- құлшылықтардан нәр алмайды. Керісінше, құлшылық жасамаудан нәр алғандай алданады. Себебі ол өзі бұзылған, одан әрі бұзылуға бейім.
Сол дерттен ем табу, иманды арттыру, сауапқа кенелу үшін Құранды арабшалап та, өз тілімізде де ылғи оқып жүруіміз керек. Және оның шархын түсінуіміз құп
Құранды да дұрыс ниет, шынайы ықыласпен оқуға тырысу қажет. Сонда оның нұры жүрекке қонады, дүниеге сүңгіген руһты тазалайды, шайтанның азғыруына алданған сананы сақтайтын болады
تقدم ● ізгі іс
https://t.me/sauaptar_korjyny
Жамандық -- жақсылықты танытты, құнын арттырды
Бақытсыздық, сәтсіздіктер бізге керек. Олар мысалы: қара түс пен түн секілді. Бұлар болмағанда ақшыл түстер мен күндізді өз сипатымен танымас едік
Мұң, жағымсыз жағдайлар -- қуаныш пен жағымды жәйттардың көркін аша түседі. Соны байқауға тырысайық. Жүрек көзіміз көр болмасын..
Мұңаюсыз қуаныштың, өлімсіз өмірдің, сынақсыз тыныштықтың, күнәсіз иманның, түнсіз күннің, аурусыз саулықтың, аштықсыз тоқтықтың, құрғақсыз судың, ащысыз тәттінің дәмін қалай сезер едік..
Ораза мен одан тыс кездегі су, тамаққа жеткеніміз үшін шүкіршілік айтып, қуануымыз да екітүрлі емес пе?
Аллаһтың хикметтері
Бұрын кемпірқосақ көргенде қуанатын едім. Қазір қуануға ұялатын болыппын..
Неге ЛГБТ етек жаюда? Осы туралы зерделеген қызықты мәліметтермен бір күні бөлісемін
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago