Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Кітап үзіндісі

Description
📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.

💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago

2 weeks, 4 days ago

Тіршіліктің тартысында кімнің жеңілгісі келеді? Нашар, қайғылы тұрмысты кім жақсы көреді? Әрине, ешкім тіршіліктен жеңілуді, құл болуды, қайғылы дәурен сүруді қаламайды, амалсыздан жеңіледі.

Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»

https://t.me/kitapuzindisi

2 weeks, 5 days ago

Ата-бабамыз оң жақтағы қыздың өзі түгіл, отауына шаң жуытпаған; қыз абыройын қызғыштай қорыған. Қыз балаға қасқыр боп тиген еркекте еш қасиет болмайды.

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

https://t.me/kitapuzindisi

3 weeks ago

«Пейілі кетпесе ел деген өзін-өзі асырайды ғой» деп отырушы еді қариялар.
Ел деген шіркін!..

Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»

https://t.me/kitapuzindisi

3 weeks, 3 days ago

Қазақша айтқанда, құрғақ білім, жаттап алған кітап, жаттыққан тілмен жұмыс бітпейді, жаңа дүние жасалмайды, мақсат орындалмайды.

Алаш айтқан асыл сөз

https://t.me/kitapuzindisi

3 weeks, 4 days ago

Көп қыздардың ішін сұлуламай, тек сыртын сұлулауға тырысуы өкінішті. Қыз қанша боянғанымен саналы жігіт оған салғаннан құлап түспесе керек қой. Қызға ажары үшін ғана емес, адамгершілігі үшін ғашық болмай ма? Ғашық адам сүйгенінің бойынан сұлулықтан басқа да асыл қасиеттер іздейді. Ол қасиеттер: ақылдылық, адамгершілік, сыпайылық, сыйластық, еңбексүйгіштік болса керек. Жалқау қызға жан жоламауға, еріншек қызды ер алмауға тиіс.
Мұның растығына көптеген мысалдар бар. Еңбекте үздікті сүйеді. Оқуда озықты қалайды. Қай қыз жұмысты жақсы істесе, жұмысшы жігіт соған ұмтылады. Қай қыз сабақты жақсы оқыса, студент жігіт соған қырындайды. Нашар оқитын қыз өзін сүйікті етіп көрсетуге тырысады. Жігітті де қыз танауы үшін емес, та- ланты үшін сүйеді. Еріншек жігітке ешкім қарамайды. Ендеше махаббаттың басты шарты сұлулық емес.

Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»

https://t.me/kitapuzindisi

3 weeks, 5 days ago

Бір досы әкемнен қоңыр құнанды сұрап келгенде әкем: «Оны бір жиенге берем деп ниет етіп, іштей атап қойып ем», – дегені есіме түсті. Анау «болмаса атқа ауысыңыз» деп қоймай сұрайды. Сонда әкемнің: «Оған әлі айтпаған болсам да атап қойдым, ол енді соның малы, тіпті болмаса сол жиеннің өзінен сұрарсың», – дегені де ап-анық есімде.
Бұл не, сірә? «Амалдар ниетке байланысты» деген Алла тарапынан айтылған ұлы қағида қазекемнің тұрмыс-тіршілік, туабітті болмысына осылайша сіңіп кеткен екен-ау.
Біреуге іштей беріп қойған дүниесін (ол білмесе де), енді біреуге беруді қиянат көретін қазағымның осындай асыл болмысын бұл күнде кімге айтып түсіндіре аласың?..

Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»

https://t.me/kitapuzindisi

2 months, 3 weeks ago

— Сонда қалай, бізден алғаныңыз да пара ма?
— Баламысың деген, менің алғаным жамбас ақы. Ол пұлды өкіметтің қонақ үйіне де төлемейсіңдер ме... Өрімталдай өмірлерің үшін берген пима мен сағатты бұлдасаңдар, мә, өздерің алыңдар. Қайтер екен деп, әдейі сынап едім, тым-тым дүниеқоңыз екенсіңдер.

Оралхан Бөкей «Қар қызы»

https://t.me/kitapuzindisi

2 months, 3 weeks ago

Неғұрлым күндегі істейтін амалдарымыздың көбі ойландырмай, зорландырмай, оңай істелетін болса, солғұрлым ақылымыздың еркіндігі молырақ болады. Бірдемені істерде тоқсан ойланып, тоғыз төңкеріліп, белін байлай алмайтын адамнан сорлы мақұлық жоқ.

Серік Жолдасбай, Еркін Ерланұлы «Алаш айтқан асыл сөз»

https://t.me/kitapuzindisi

2 months, 4 weeks ago

Кінәласып ғұмыр кешпеңдер.

Тұрсын Жұртбай «Қар астындағы көбелек»

https://t.me/kitapuzindisi

4 months, 3 weeks ago

Қуанышты адам тынымды білмейді, оның секіргісі, билегісі келеді. Қуанышты адам тыныш жатқанымен оның жүрегі тулап, дүрсілдеп тұрады. Қуанышты жасыруға болмайды. Ол үлкен қара көздерді ойнақшытып, жайнатып, алма бетті күлкіге шомылдырады. Саттар Ерубаев "Өмір…

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago