📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago
Адамның кейде өзін-өзі көз жасына суарып, қатаятын сәттері де болады екен.
Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»
Абылай сұлтанның бiр қасиетi бiр мезетте бiрнеше адаммен әртүрлi тақырыпта сөйлесе алады, әрi бiр мезетте өз басында бiрнеше мәселенi пiсiрiп, шешiмiн табады.
Ұзақбай Доспанбет "Абылайдың ақ туы"
«...Орнында бар оңалар. Тұқымы тұздай құрымаса, кенересі қайта толар», — деген әкей. Тіршілік үшін таптырмас философия. Ал өмір мағыналы арна табуы үшін, адам өз жерінде отырып, өзін кісі сезіну үшін тағы басқа көп нәрсе керек. Мен тағдыр қосқан халқымның оңалып келе жатқанын көрдім, бірақ оңып кетеріне көзім жетпейді. Өте қиын, шарасыз халге түсті ғой. Қазаншұңқырдың ең түбінде қалды ғой. Баса түспесіне, жаныша түспесіне, үстінен тағы бір топаңды қаптатпасына кім кепіл...
📖Мұхтар Мағауин «Сары қазақ»
– Түсінгенім: біз ешқашан өзімізде барды бағалай алмаймыз, «бар» көз алдымызда «жоққа» айналған кезде ғана оның қадірін түсінеміз. Біз ет пен сүйектен жаралған пендеміз, сондықтан бізге қателік тән. Құдай қателескен адамға қателігін жөндеуге әрқашан мүмкіндік береді, – дедім.
📖Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»
адамның санасы жаңғырмай ешқандай жаңғыру болмайды.
(с) Зейнеп Ахметова
Шындап келгенде, өлмей жер бетінде адамша өмір сүрудің өзі де қасиетті борыш қой. Меніңше адал жанды әрбір адамға бұдан жауапты міндет болмаса керек.
📖Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді»
– ...басымыз қосылмасын: өзімізді сүйетін, сыйлайтын, құрметтейтін адамдарды бағалай білмесек, махаббат тазалығын, сезім тазалығын сақтай алмасақ, сүйгендеріміздің көңілін қалдырсақ;
жолымыз болмасын: өзімізге берілген аз ғана өмірді, қымбат уақытты мән-мағынасыз, бейберекет өткізсек, біріміздің көңілімізде екiншiмiзге аз-маз алалық туса, ұлы мұратымыз үшін өміріміздің ең соңғы минутына дейін күресуге шыдамасақ, тура, адал жолдан бір қадам болса да ауытқысақ;
арманымызға жетпей кетейік: мен жұрттың бәрінен артықпын деп дандайсысақ, тәкаппарлық пен өрліктен айрылсақ, аз уақытқа болса да оқу, ізденуді тоқтасақ, тер төкпей, қиналмай жазбақ болсақ, арзан атақ, алдамшы даңқтың соңына түссек, ар тазалығын, қаламгер арының, ғалым арының пәк тазалығын сақтай алмасақ;
содан соң: біз көрген бар жамандық, барлық сәтсіздіктер, мұң-қайғы, ауру-сырқау түгел ескі жылмен бірге кетсін;
қуаныш қалсын, күлкі қалсын, сенім қалсын, махаббат – біздің біріміздің-бірімізге және өзіміздің ең қасиетті деп есептейтін нәрселерімізге деген махаббатымыз қалсын, мол болсын бұлар, арта берсін бұрынғыдан да;
дұшпандарымыз көбейсін, дос саны азаймасын;
және ең соңында: сендердің – мен үшін ең жақын, ең қымбат кісілердің оқу, іздену үстінде өсе берулеріңді, ғылымда әлі ешкім аяқ баспаған өлкелерге саяхаттап, үлкен жаңалықтар ашуларыңды, халқы сүйген, елі сүйген азамат дәрежесіне жетулеріңді тілеймін;
сендер де маған осыны тілерсіңдер деп үміттенем...
Мұхтар ата Мағауиннің жүз күн жазған «Көк мұнар» кітабынан үзінді
Әңгіме ғана емес, көп тірлігіміз де сондай секілді. Тиянақ жоқ, байыз жоқ, не көзде, не көңілде тыныштық жоқ, бірдің басы, бірдің аяғы, жалтақ-жалтақ, алақ-жұлақ. Мұндай күйдегі адамға ғылым қона ма, білім жете ме, иман ұялай ма?..
📖Ұларбек Нұрғалымұлы «Дайағашшы»
Жыл жақсылығымен келсін! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тіледім! Берекелі, құтты жыл болсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Осылар дұрыс болса, қалғаны өз қолымызда!
📖Ғазиза Құдайбергенқызы «Кітапханашы күнделігі»
Көргeнің мeн көкeйдeгің хатқа түспeсe көң басып кeбініңмeн біргe кeтeді, ал жазылып қалса – жан азығы.
📕Иван Бунин «Арсеньевтің өмірі»
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago