Infinite Entertainment, Zero Cost: Get Your Free Books, Music, and Videos Today!

Шексіздік 🌀

Description
Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago

1 week, 4 days ago

“Чудесный мир” өте жылы аяқталды. Жылынып қалдым. Рақмет! “Өмірге шексіз ғашықтың” айтарымен аяқталды. Әдемі.

1 week, 4 days ago

Басында биліктің міндеті мәселені өзі шешіп үйренсін деп көмектеспегенім үшін, кейін көмектескім келгенде өзі ақ бәрі біркүндік жалақысын мәжбүрлі түрде тапсырып жатқан халықты көріп райымнан қайтқаным үшін өзімді кінәлі сезініп жүрмін. Билік қалай шыдайтынын білмеймін. Мен әрекетсіздігім үшін қатты ұялып, қиналып жүрмін.

2 weeks, 1 day ago

Ұлдың муай-тайдан шыққанын күтіп отырмын. Кішілерден кейін ересек ұлдар келді. Жаттығулары басталып кетті. Жаттығу кезінде тренерлері мықты мотивациялық әңгімелер айтып жатыр. Анау ТӘРТІП, РУХ өте әдемі көрінеді. Қобыраған ой, әрекетіңнің бәрін бір жүйеге салып беретін тәртіп.. не деген керемет ең!

2 weeks, 2 days ago

Ең тәтті, жылы сәттің бірі. Тұрмысқа шығып төркіндеп келдің бе, тіпті саналы түрде өзің тұрмыс құрмай ата-анаңмен бір үйде тұрып жатырсың ба, ажырасып үйге қайта келдің бе бәрібір. Есейіп кетсе де әлі ана мен баланың әлемі бар. Баланың қашанда оралып, емін еркін өмір сүре алатын сол бір туып өскен үйі бар.

2 weeks, 2 days ago
2 weeks, 2 days ago

Оралым. Әрқашан өзімен өзі. Артық көмек сұрамайды. Көмектесіп жатқандары көмектестік деп жар салмайды. Бөспейді, ашынып жыламайды, жағымпазданбайды да. Тұрсынбек айтқандай ешкімге жұғымы жоқ. Тәуір болған соң барып: “Тәуірміз ғой. Өздерің қалайсыңдар?” дейді.

2 weeks, 6 days ago

Неге ерте тұрып алғансың? Аа, сен Күн шығатын жақтан келдің ғой))

3 weeks ago

Орынборды су басқан. Ресейден бізге келе жатыр деп алаңдаулы үйлегілер. Папамнан сол келе жатқан су көшіп келе жатқанда жартысы жерге сіңбей ме екен десем, жер суға тойып тұр дейді. Жердің суға тоятын кезі де болады екен.

3 weeks ago

Мемлекет басшысы Өзбекстанға барып келді. Екі ел туризмі жөнінде сұхбат беріңізші дейді. Бермеймін дедім. Топан су кезінде басқа елде не істеп жүр.

1 month ago
Деген соң досым (Пико емес) фонды …

Деген соң досым (Пико емес) фонды көңілді түске ауыстырып қойды. Ура!
Соңғы кезде менімен шамалас, отыз бестен асқан келіншектерде рак екенін жиі естіп жүрмін. Естіген сайын әдемі, максимум өмір сүргім келеді. Біреуі бала деді, біреуі кәсіп деді. Әйтеуір өздері емес. Кәсіп те бала үшін шығар. Бірақ бала, бала дей беретін не бар. Олар да өз өмірлерін өздері әдемі жасасын. Жоғарғы оқу орнында оқу, пәтер алу секілді бір ғұмырына берілетін стандартты міндеттерді өзі орындай алмаса несі адам? Құдайдың жұмса жұдырығына ғана сыйып тұрған ғұмырым бар артық ешкімге, ешнәрсеге шашылғым келмейді.

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago