📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
“Жетістік” деген ұғым да әр санада әртүрлі. Біреу өмір бойы іздеп, өз миындағы жетістігіне жеткенде оған қанағат етсе, әрі қарай қалай бағыт алары - келесі мәселе. Осылай мәселеден мәселеге тап болып, өтіп, еңсере келе тұтас ғұмырын құрайды.
Ал өмірінің соңғы сәтінде әр кезеңін, жетістігін шашып жіберіп шынайы бағалай алатын да тағы - өзі. Іштегі - өзі. Өмір бойы бірге келе жатқан кеудесіндегі өзі.
Сонымен, жеңіс пе?
(Меніңше кез келген өмірден жеңіс табуға болады.)
Өмірдің өзі - үлкен жеңіс. (Қандай болмасын…) Ал қаншалықты ізгі дүниеге толып-толмауы - әрі қарай таңдауымыздың жемісі.
Табиғатта бәрі үйлесімді. Өзімен үйлесе алмай жүрген адам ғана.
Астанада бейбіт, әдемі боп жауған қарға қарап тұрып келген ой.
Бір елдің туы сонша сүйкімсіз болады деп ойламаппын. Астана көшелеріне ілінген Ресей туларын көргім келмей, алдымнан кездескен сайын “Түрің құрсын, сұмырай!” деп жеттім.
Пожалуйста, помни, что...
Алматыдағы Духовная семинарияның контенттерін көрдім. Жинақты, сүйкімді. Сөйлеп тұрған ұлдардың сөздері де салмақты. Зілсіз, манипуляциясыз. Мейлі жұмсақ күш десек те. Кезінде медреседе оқыған Абай, Мағжандардың жып-жылы бейнесін көрдім. Білім, ниеттері жүздерінен нұр шашып тұратын таза еді ғой. А не вот это всё.
2 минуттың ішінде қаншама ой салды/ “Не хочу ничего терять”. Келесі сериясы шыққанша қалай өмір сүремін? Ким Ён Дэ дорама сайын краш?
Біздің кісі жүгіру марафонынан кейін Ironmanге көшкісі кеп жүр. “Не істесең де өзің біл. Тек бір жерде жүрегің тоқтап қалып, өліп қалып жүрме. Балаң кішкентай, мінезі әлі қалыптасып үлгерген жоқ. Оған әке керек, ұмытпа” дедім.
Балаң бар кезде өлуге де қақың жоқ.
“Ты всегда будешь ребенком, когда рассказываешь о своей маме”
?️Не хочу ничего терять
2-3 отбасы бар еркектерді қонақтан қонақ, кәсіп, көп бала туып бәріне үлгеріп жүретін пысық келіншектерге ұқсатамын. Шын мәнінде ешқайсысы бәріне бірдей үлгермейді. Бірін-біріне тапсырып, бірін көрсе бірін көрмей, әрнәрсенің басын бір шалып жүреді. Ең мықты қасиеттері бірін екіншісімен жалғап үлгеріп, айналасындағыларды сөзбен майлауды қатырады. Еркегі де, әйелі де.
“Жақсылыққа жақсылықпен жауап бер. Ал жамандыққа әділдікпен жауап қайтар” Конфуций.
Әділ сотқа қатысты ең әділ тұжырым.
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago