📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago
Үй көтеріп басыма,
Дауысымды асыра,
Жерде жылап жатыр ем,
Апам келді қасыма.
Болсам-дағы жігерлі,
Түрім кенет түнерді.
«Тәтті берем» деді де,
Дәрі ішкізіп жіберді.
Тақылдатам таңдайды,
Осы үлкендер қандай-ды?
«Алдамаңдар» деп алып,
Бізді неге алдайды?
Мұхтар Мағауиннің «Ұлтсыздану ұранын» осыдан бір жыл бұрын оқып, конспектілеп алғам.
Сол жазбадан үзінді:
Әдетте, халық демей-ақ қояйық, әлсіз кісі бар кінәні басқадан іздейді. Және оп-оңай табады. [11 б.]
Қырық күншілік шөлге шыққалы тұрып, жолға жарым торсық су ала кетуге түйсігі жетпеген кісіні кім аяйды, кім құрметтейді. [19 б.]
Обалы қазақтың өзіне болатыны – отбасында орыс тілінде сөйле деп кім нұсқау беріпті. [54 б.]
Іс оңалу үшін алдымен сөз түзелуі керек. [91 б.]
Алмағайып күрес күндерінде ұлттың тағдырын ақ найзаның ұшымен қатар өтімді сөздің күші шешкен. Сөз – рух, ал рухсыз қуат жоқ. [111 б.]
Табыт құнына тең сырға
«Оскар» сыйлығының лауреаты, америкалық актер Морган Фриманның атын білмесеңіз де, түрін міндетті түрде шырамытуыңыз керек.
Тіпті «ер адам сырға таға ма» деп сөккен де шығарсыз...
Дүние жүзінің бар даңқына ие болған ол үнемі ізгілік сөзін сөйлеп жүреді. Көрермендері сондықтан да ерекше ықылас танытады. Бірақ құлағына үнемі алтын сырға тағып жүретінін жұрт қабылдай қоймайтын.
Бір күні Морган «Бұл сырғалардың өзіндік сыры бар. Егер мен үйден, елден тыс жерде жан тапсырсам, жұрт сырғаны сатып, табыт алады. Бұл менің табытымның құнына тең алтын әрі үнемі өлімді еске салып тұрады», деп түсіндірді. Осыдан кейін актерге жұрттың құрметі одан сайын арта түсті.
Ғажайып дегенге сенесіздер ме? Өз басым кәміл сенем.
Өмірдегі небір қызықтар мен адам таңғаларлық тылсымдар төмендегі каналда жазылмақ.
Төрлетіңіздер!
Жалпы, кітап сыйлау деген жақсы ғой.
Оқылатын кітап сыйласа одан да жақсы.
Ал оқығың кеп жүрген кітапты сыйласа тіпті тамаша!
Бізді не үшін жаратты?*
Адамға дүниедегі ең жаман жануарды тауып келу тапсырылыпты. Әрі ойланып, бері ойланып ақыры арам болғаны үшін доңызды таңдапты. Сонда доңыз адамға қарап былай депті:
– Мені қалай ғана жаман деп айтасың? Кезінде Нұх пайғамбардың кемесі жануарлардың нәжісіне толып кетіпті. Нұх одан қалай құтыларын білмей, құдайға жалбарыныпты. Сөйтіп құдай мені жаратты. Мен нәжісті жеп, кемені тап-тұйнақтай етіп тазарттым.
Сайып келгенде менің құдай алдында жаман болатын күнәратым жоқ.
Өз басым құдайдың мені жаратудағы мақсатын анық білемін және оның бұйрығын бұлжытпай орындап келемін.
Ал сені ше, адам, құдай не үшін жаратты?, – деген екен доңыз.
Расында біздің өмірге келудегі басты мақсатымыз не? Құдайға жағатын қандай әрекет қылып жүрміз? Ойланатын дүние...
04.12.2024
Бекзат досымнан естіген ғибратты аңыз*
Сенімі мықты адам жеңіп шығады
Мақтап отырып жамандауға,
Жамандап отырып мақтауға
болады екен-ау…
Қызық, ә?
Әкім Тарази бір жиында:
«Осы грузиндер неге ұзақ жасайды, білесіңдер ме?» – деп сұрапты.
Біреуі – таудың, екіншісі – судың, үшіншісі шараптың күші депті.
Бірақ мұның бірі де емес екен.
Сұрақ қоюшының айтуынша, оның басты себебі – грузиндердің бір-бірін керемет мақтай білетіндігінде көрінеді.
Қар мен Ар
Қандай сұлу
кіршіксіз ақ болғаны.
Қандай ауыр
табанға тапталғаны…
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago