Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Қазақ әдебиеті

Description
Қазақ әдебиеті
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago

2 days, 18 hours ago

Лұқпан хакімге бір сопысымақ адам жиналыста былай дейді:
– Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза-бәлесіне себеп табамын деген Құдайға қарсылық болып табылады деп білемін.
Сонда Лұқпан:
– Олай болса сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса біз тоба етіп, дәрігерлікті қоялық,–дейді.
Сопы бұл сөзді еш кітаптан көрген жоқ, кітап алып келемін деп қозғалмады.
Жиылып отырған халық шулап қоя берді:
– Сопы, Лұқпан жесірге ағадай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең, кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз.
Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп Лұқпан халықтан өтініш етіп, сопыны тысқа шығарып, оңаша қалдырып, былай дейді:
– Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ бізден де сізге бір ақыл айтылсын: «Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді, Құдайтағала адамға әр түрлі дене берді, қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін, құлақ берді естуге, ақыл берді, ойланып, жаман-жақсыны аңғаруға. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып, біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң, күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсау обал болмаса керек,–дейді.
@adebiett

3 days, 15 hours ago

Аспан асқақ шатыр екен, ағатай,
Тірлік деген театр екен, ағатай.
Өмір сүріп жүрміз деген кейбіреу
Рольде ойнап жатыр екен, ағатай.

Бояулы әлем. Ашылады әр түстер,
Бедел- көкпар. Әр тұсынан тартысты ел.
Жайсаңдардың ролінде жасанды
Әрекетпен ойнайды сол "артистер".

Кең болса да қайран қазақ даласы,
Тар сияқты ағайынның арасы.
Айып болар бәрі жаман дегенім,
Жамандардың ауыр бірақ жаласы.

Біреу жақсы қозғай қалса бастама,
Жалғастырса жақсы емес па жас бала?
Өз басы үшін өлермен бір жігіттер
Жанып жатса қарамайды басқаға.

Күн нұрымен құлпырады өсімдік
Күннен сабақ алмай әбден есірдік...
Бағы барда құлдық ұрып адамға,
Сәл сүрінсе сәлемдеспеу не сұмдық?!

Бір жақсының қалып кеткен көзімін,
Көлгірлікті көрсем - бітер төзімім,
Әрбір төрге лайықты жақсы бар,
Әрбір заттың орны бар ғой өзінің.

Түсінбеген кейбіреулер күйрек дер,
Қас талантқа табынуды сиретті ел.
Аққуларға орын жетпей айдында
Маңғазданып майпаңдап жүр үйректер.

Ұсақтарға кетті менің ірі есем,
Жаныма іздеп біресе - өлең, біресе ем.
Қарау пиғыл, күйкі ойлармен, ағатай,
Қай қарудың күшіменен күресем?

// Күләш Ахметова

4 days, 2 hours ago

ПОЭЗИЯНЫҢ АҚ ГҮЛІ

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Күлəш Ахметоваға!

Танытса да тағдыры қаталдықты,
Əйел үшін отбасы - ОТАН құтты.
...Қазан менен қаламның,
Қолыңызға
Күйесі мен сиясы қатар жұқты.

Қатар жұқты.
Жұққанын бақыт көрген,
Сіз - АҚЫНСЫЗ, əр сəттен жақұт терген.
Өміріңе сүйініп,
Өлеңіңе
Орын беріп тұр, міне, уақыт төрден!

Уақыт төрден берсе орын,
Сыйы өлеңнің,
Ақын-Ана бағына ие болдың.
Күйе жұққан қолыңда кие бардай,
Сия жұққан қолыңнан сүйе бердім!

Жанның емдеп, жылытып дертін мұздай,
Сүйген жардың сақтаған сертін бұзбай,
Кім бар екен жалғанда сіздей, шіркін,
Кір шалдырмай баптаған көркін қыздай.

Жаңа өмірге жалғаған үзбей жырды,
Адамзатта ақын жоқ сіздей нұрлы.
Кешкен кезде құлазып күздей мұңды,
Тек өзіңнен іздейміз біз мейірімді.

Өтпейді өмір өкініш, назамен құр,
Сіз жырлаған махаббат – таза, мөлдір.
Қайырбектей ағамда арман жоқ-ау,
Қайран қалам,
Өмір ғой, ғажап ол бір!..

Сіздік ұстын: құр налып, бос түнермеу,
Құлқынға құл болмау һəм нəпсіге ермеу.
Жаным, апа-ау, бірегей болмысыңды,
Жақсы көрмеу мүмкін бе, жақсы көрмеу?!

Мен де жақсы көремін сізді, жақсым,
Қазағыма бұйырған ізгі бақсың!
Ес білгелі арулар арасынан,
Іздеп келем қылығын қыз Күлəштің.

Өртесе де өлеңнің аптап мұңы,
Өміріңді қалады сақтап түбі.
Жыр-жұпарын аңқытып жаса, мəңгі
Поэзияның ақ гүлі, əппақ гүлі!

// Қалқаман Сарин

2 months ago

Әйелдерді алтын діңгек, гүл дедік,
Жігіттермен қатар бірге жүр дедік.
Тағдырымыз жатса-дағы жалғасып,
Қасиетін анық танып білмедік.

Жайшылықта ғашық едік, жар дедік,
Жақсы сөзбен көркемдедік, әрледік.
Бірақ кейде қаздық талай міндерін,
Ашу жиып, айдаһардай кәрленіп.

Ал ақылмен қарар болсақ дұрыстап,
Әйел – нағыз сарқылмайтын ырыс-бақ!
Жақсы жарды тар кезеңде жаныңнан,
Қатал жау да бөле алмайды қылыштап.

Әйелсіз сен мұратыңа жетер ме ең,
Ол қорғайды талай қауіп-қатерден.
Әйел деген адамзаттың қамқоры,
Қара жердей бар салмақпен көтерген.

Араласаң қиырларды, шығанды,
Арылтасың көңілдегі шүбәңді.
Үй ішінде шаршамайтын жұмыстан,
Әйел нағыз шар болаттай шыдамды.

Ойлайды ол бала қамын, жар қамын,
Тек соларға байлайды бар арманын.
Олар жоқта тамағынан өтпейді,
Сөлін жұтса таусап жарты жарманың.

Әйел деген тәтті көңіл лебізі,
Әйел деген махаббаттың негізі.
Әйел деген адалдықтың символы,
Әйелменен қызықты тек жер жүзі.

Әйел жаны аяулы, әрі нәзік жан,
Ләззат алар сенің жүрек назыңнан.
Махаббаты тұрар өшпей ұзаққа.
Жазулардай ойып тасқа жазылған.

Екпіндесең өлең айтып, ән салып,
Ойын көрсек тамашалап, тамсанып,
Соның бәрін әйел әрлеп тұрғанын,
Ұғып жүрміз барлығымыз қаншалық?

Әйел сүймей қайсы ақын жыр жаза алған,
Әйел сүймей көңіл қашан тазарған?
Әйел ғана тіршіліктің ұйтқысы,
Онсыз бұрын өлуің хақ ажалдан.

Әйел болмай көтерілмес шаңырақ,
Әйелсіз үй қалар жүдеп, қаңырап.
Қайсы жігіт әйел жанын қорласа,
Айту керек, айту керек лағынет!

// Шәкен Оңалбай - Әйел жүрегі

2 months, 1 week ago

Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым. Сен жыладың, Сезімің жасып ағып, Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып. Қырмызы күнім өтті деп. Сенгенім сатып кетті деп. Сен жыладың: Аңғармай қалдым орды деп, Қадамым…

2 months, 1 week ago

Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.
Сен жыладың,
Сезімің жасып ағып,
Кіп-кішкентай балаңды қасыңа алып.
Қырмызы күнім өтті деп.
Сенгенім сатып кетті деп.
Сен жыладың:
Аңғармай қалдым орды деп,
Қадамым сəтсіз болды деп,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Сен жыладың:
Мен бірақ, селт етпедім,
Білем сені тағдырдың ерке еткенін,
Білем сені – өр көңіл, жомарт едің,
Енді бүгін... қалай бұл кер кеткенің?
Жə, жə, жарар,
өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға.
Басыңдағы бөрік пе,
орамал ма?
Бөpік болса, ауыс тез басқа күйге,
Көз жасыңды көрсетпе жас сəбиге.
Көз жасыңды көрсетпе, сұранамын,
Əй, əй, жігіт, сен маған ұнамадың.
Жас нəресте көруге тиісті емес,
Əкесінің еңкілдеп жылағанын,
Əкесінің тым күйреп құлағанын.
Ерлік пенен ездіктің жолы қатар
Екеуінің арасы біp-aқ адым.
Көз жасыңды көрсетпе сұранамын.
Көтер, кəне, басыңды, қалай бұның,
Мұз боп epіп кеткен бе бар айбының?
Көтер, кəне, басыңды,
Күніңді босқа өткізіп пе едің,
Тағдырың неге сыр айтты сараң?
Өмірдің барлық сəтсіздіктерін
Бақытсыздық деп, кім айтты саған?
Кім айтты саған,
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара eшкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп?
Kім айтты саған
Жұрттың бəpі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бəpі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп...
Тоқырау білмес айбыны
Адалдық деген əлемнің ұлы байлығы.
Бетіне жиған ұятты
Əйтсе де, ол кейде кінəмшіл бала сияқты.
Тірлікте осы баланы
Өкпелететіндер бар да,
Жұбататындар бар.
Жек көретіндер бар да,
Ұнататындар бар.
Арын сатып қорлайтындар бар да,
Жанын сап қорғайтындар бар.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өpіcкe.
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау
Жеңудің бəрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сəтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше!

// Мұхтар Шаханов - Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап

2 months, 1 week ago
Кең далада өсіпті бір көк орман,

Кең далада өсіпті бір көк орман,
Қысы жазы жас жапырақ оранған.
Әр бұтақта сайрапты бір әнші құс,
Әннен өзге ол байғұста жоқ арман.

Сол орманның ортасында сыланып,
Бір ақ қайың тұрады тұрады екен бұралып,
Ақ жүзінің әрі қашып бір күні,
Күрсініпті көзі жасқа шыланып.

– Шықты,-депті ол,–
Балта деген бір бүлік,
Талды көрсе, салады екен қиғылық.
Тиген жерін қияды екен қылыштай,
Тамырымен шабады екен күл қылып.

Арман қалған талай бәле-жәледен,
Көпті көріп көп жасаған кәрі емен:
– Тегі не екен балтаның?–деп сұрапты,–
Соған қарай бір амалын табар ең.

–Темір екен,
Жебір екен керемет!
–Темір болса, олай болмас керек ед!
Сабы не екен?
– Өзіміздің тал екен,
– Онда шырақ,
Содан келген бәле екен»

Бәрібір ғой...
Мына дүние, мына бау,
Не көрсе де
Барлығына шыдар-ау.
Өзгелердің өші бар ма біреуде,
Не болса,
Өз ішіңнен шығар-ау....

// Сағи Жиенбаев - Балта туралы баллада

2 months, 1 week ago
— Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр …

— Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты,
Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты,
Жалпақ дала, кең теңіз бәрін өтіп,
Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты.

Солқылдап жігіт болып кейін қайтсам,
Жаңғыртып ендаланы өлең айтсам!
Қартайғанда, «кет!» деген бұраң белмен
Бұрынғыдай айқасып бірге жатсам!

— Жоқты күтпе. Оқ қайтпас, бір атқан соң,
Қайтып татар нәрсе емес, бір татқан соң.
Ізі жоқ іздеп табар, құр қаңғырма,
Күнбатыстан күн шықпас, бір батқан соң!

// Мағжан Жұмабаев - Шалдың үміті (Кольцовтан)

2 months, 1 week ago

Әйелдердің жақсысы қыз кейпінде болады,
Сөйлескенде сыпайы сіз дейтіні болады.
Бір кездессем тағы деп күтетінің болады,
Жай таптырмай көңілің іздейтіні болады.

Әзіл сөзге астарлап баратыны болады,
Саған арнап сұлу ән салатыны болады.
Бақытыңның шырағын жағатыны болады,
Арман болып өмірде қалатыны болады.

Бақытыңның шырағын жағатыны болады,
Ұрпағыңды көбейтіп табатыны болады.
Бұйрығыңды құйрыққа ілмейтіні тағы бар,
Бір сөз айтсаң, он сөзбен жабатыны болады.

Айтқаныңа адал боп сенетіні болады,
Жанын беріп сен үшін өлетіні болады.
Таң қалдырып табиғат тылсымындай әсерлі,
Күтілмеген, кездейсоқ келетіні болады.

Жанып тұрған жайнаған жұлдыздайы болады,
Толған Айдай толысқан құндыздайы болады.
Түндей болып түнеріп жүретіні бір бөлек,
Тұла бойды ысытар Күн қыздайы болады.

Сабырлысы және де, қуы-дағы болады,
Науаттайы бір бөлек, уы-дағы болады.
Қуы менен уының аша қалсаң есігін,
Бүкіл өмір бес бақыр құның ғана қалады!

Менікі жәй топшылау, сенуге де болмайды,
Қу жаныңды қуартып күюге де болмайды.
... Шындығы сол әйелді, толығымен сүйе біл,
Әйелдерді жартылай сүюге де болмайды!

Басы алтын болса да жолдағылар ғаламат,
Айтыңдаршы "ақ жол"-деп, жолдарына саламат.
Төрден төмен түспеуге орынымыз ешқашан,
Жүрейікші жамағат, қолдағыны бағалап!

// Ақ-Бөрі Қыдыр - Әйелдердің түрлері

2 months, 2 weeks ago

Мұқағали Мақатаев - Арманда, ұлым (t.me/adebiett)

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago