📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago
Адамның біліміне ақыл серік,
Ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Мидан шыққан сөзіңе тіл себепкер,
Қалай айтып сөйлесең өзіңде ерік.
Дегенге аяқ басшы, ой жетекші,
Рақат таппақ адамзат көзбен көріп.
Жақсы менен жаманды сезбек үшін
Біздерге қойған жоқ па мұрын беріп.
Жаман, жақсы әр сөзді естіген соң
Бәрі-дағы тұрады құлаққа еніп.
Тірлікте тырбанып қал сайран етіп,
Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп.
Құрметсіз зайыбыңмен өмір сүрсең,
Қотыр бұзау секілді өліп қалдың өліп.
Тұрмыста тірі күнде бол себепкер,
Отырма құр үйіңде бойға сеніп.
Талап қыл, азды-көпті жұмсай ойды,
Әр істің ақырын ақырын ойла, көңіл бөліп.
// Ақан сері - Адамның біліміне ақыл серік
t.me/adebiett
Күңіреніп өткен күндерді,
Түнеріп өткен түндерді
Түнек емес деп кім айтар?
Сый қылмасаң халқыңа,
Келе алмасаң қалпыңа,
Түсе алмасаң салтыңа,
Жүре берсең салпылдап,
Төрт құбыласы тең екен
Дегенді саған кім айтар?
Желмаямен жортпасаң,
Жампоз жүгін артпасаң,
Адырнадай ширығып,
Серпіле бір тартпасаң,
Елдің де сыйы түзелмес,
Ердің де сыры түзелмес.
Көш, көш елім, көш елім,
Көше де жүріп түзелдім.
Көше де жүріп күзелдім.
Көшуде туған нәресте,
Қалды ғой есте әр нәсте.
Салмағын елдің көтеріп,
Демікпей алға кетер нық,
Ширығып белге жетер нық.
// Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы
Ат бірдеңеден үріксе, пысқырады. Ол иісін оңдап (дұрыстап) айырайын деп, мұрнын тазалағаны. Қашан айырғанша пысқырғаны, үріккені басылмайды.
Бір өгізді біреу өкіртіп ұрып жатқанын көп өгіз көріп тұрса да, не екеніне «түсінбейді», ал сиырдың қаны тамған жерді иіскесе болғаны, жер тырнап өкіріп қоя береді.
Әйелі науқастанып қалып, бір шал сиырын саууға өзі барса, сиыры пысқырып, иімейді. Ал әйелі шапанын кигізіп, басына жаулығын орап жіберсе, сиыр иій бастайды. Сауып отырғанда шалдың өңірі түріліп қалса, сиыр қорс етіп сүтін, тоқтата қояды.
Құрт-құмырсқаның иісшілдігі иттен де бетер, ара өзіне керек гүлге бұлтармастан ұшып барып қонады. Құрт өз жапырағына қарай тура жорғалайды. Қандала, бүрге, маса сияқты жәндіктер адамның иісін өздерінің жүз мың адымындай жерден сезеді.
// Жүсіпбек Аймауытов. Жан-жануардың иісшілдігі
t.me/adebiett
Қос өкпені қусырған,
Сумаңдаған жел жаман.
Өсек айтқан сыртыңнан,
Сыпсыңдаған сөз жаман.
Екі көзін ойнатып,
Қылмыңдаған қыз жаман.
Ашуыңды қайнатып,
Жылмаңдаған ұл жаман.
Сыңарынан айырылып
Сұңқылдаған құс жаман.
Бетіменен жайылып,
Қайырмаған мал жаман.
Барып жетер жеріне,
Бұрылмаған жол жаман.
Айтар сөзін айта алмай,
Сыбырлаған ел жаман.
Аяқ асты тайғанақ,
Жалтылдаған мұз жаман.
Тұра-тұғын барды аяп,
Жылтылдаған түр жаман.
Қайда бізді апарар,
Ебіл-себіл бұл заман?!
// Ақылбек Шаяхмет - Не жаман?
t.me/adebiett
Мен сенен сұрадым:
Талдар сөйлей ме деп,
Түн ішінде ырғалып билей ме деп.
Бұтақтарда сырғадай тербетілген
Жапырақтар бір күні сирей ме деп.
Сен сұрадың:
Жұлдыздар жылай ма деп,
Себепсізден себепсіз құлай ма деп.
Ғарыштағы бос қалып ұялары,
Өлген жұлдыз ешқашан тумай ма деп.
Мен сұрадым:
Ақ гүлдер күлмей ме деп,
Үзілерін қай күні білмей ме деп.
Көктемеде қуантқан бәйшешектер
Күзде бізді ұмытып жүрмей ме деп.
Сен сұрадың:
Бұл күндер өтпей ме деп,
Бұлттай көшіп жыраққа кетпей ме деп.
Сағыныштың тұманы сейіле ме,
Мұнарлана құласа беткейге кеп.
Мен сұрадым:
Азап пенен шаттықтың арасында
Сен мендік мәңгілік боласың ба?
Түнге қарай осылай ұша бермей,
Бір күні кеп қолыма қонасың ба?
Мен сұрадым өзімнің биігімнен,
Сен жыладың: «Сүйем ғой! Сүйемін!» деп..
// Ақберен Елгезек - Түнгі диалог
t.me/adebiett
Қайнарым тұнық болса,
Қайғы-мұң ұмыт болса.
Әсемдік,
Әдемілік –
Әдет пен ғұрып болса.
Бақта гүл жасыл болса,
Айтқан сөз асыл болса.
Дүниені дүркіреткен
Дүр ғажап Ғасыр болса.
Аспаным ашық болса,
Жас жаным ғашық болса.
Жүректің жылғасына
Жыр-бұлақ тасып толса.
Тұрмысым сайлы болса,
Тірлігім тойлы болса.
Төрт түлік түгел өріп,
Төрт мезгіл жайлы болса –
Тілден бал тамызар ем,
Көзден жас ағызар ем,
Сөзден сел,
Көңілден шер
Шығарып –
Тыңдаушының
Таңдайын қақтыратын,
Үздігіп өліп кетпей,
Шыдамай, шақ тұратын –
Жазар ем
Нағыз Өлең!
// Серік Тұрғынбекұлы - Тілек
Өмір рухсыз шалқымасын,
Пенделікке уақыт айтар өкімін.
Мен Зухрамен жарты ғасыр
Және алты ай екі күн,
Бірге ғұмыр кешіппін.
Неге қазір мұң торлап тұр көзімді?
Ұқтым одан жан адамнан ұғынбаған сезімді.
Тағдыр жазған несіп бұл.
Ешкімнен де естімеген іңкәр, асыл сөзімді
Тек Зухрадан есіттім.
Енді бүгін сол күндерден қалды не?
«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,
Ал махаббат таусылмайтын әңгіме!»
Осы қос жол жырыңыздың мағынасы жөнінде,
Сенім жалғап сенімге,
Ой мен сана бірлестігін негізге ап,
Жарысқандай егіз сезім, егіз бақ,
Жаздың әсем, айшуақты кешінде,
Бір түн бойы ой толғасқан сәттеріміз есімде.
О, керемет, арамызда бір таусылмай әңгіме,
Жалғыз тұлпар сырласым боп, қалып қойды ол мәңгіге! -
Деп сыр шертті бірде маған Дінмұхамед Қонаев,
Өз жарына деген дара сағынышы молайып.
«Махаббат ол - екі адамның сезім, пайым биігіне шығуы,
Сол биікте тұрып және бірін-бірі ұғуы.
Тұла бойы ізгіліктен өрілген,
Болмысыма шетсіз-шексіз берілген,
Жаратылған адам еді ол менің ғана бағыма!»
Деп Димекең жанарына жас үйірді тағы да.
Кейде мұңсыз төзімді де,
Шолақ, қызба сезімді де,
Махаббат деп мадақтаймыз, және соған сенеміз.
Тойға ұласқан үйленудің бәрін де,
Жұбайлыққа үйренудің бәрін де,
Нағыз егіз махаббатпен шатастырып келеміз.
Солай ғұмыр кешкен талай әжеміз бен атамыз.
Тіпті ұрпақ өрбітуді махаббат деп жатамыз...
Зор ақырған дауысымен селт еткізер даланы,
Есектер де сүп-сүйкімді қодық туа алады.
Әр жыл сайын бірнеше лақ тудырады текелер,
Теке сезім қандай жеке сезімменен өтелер?
Биік сана жоқ жердегі істің бәрі доғал ғой.
Әрі оларды махаббатпен шатастыру обал ғой.
Иә, махаббат неге жиі айналады елеске,
Талпынғанның бәрі неге шыға алмайды белеске?
Шын махаббат екі дара, екі іңкәр жүректің,
Шырқау сана биігінде жолығуы емес пе?!
Шырқау сана биігінде жан шындығы қалбырап,
Теңін таппай, жалғыз жүрген тұлғалар да бар бірақ...
Өзге тірлік, негізінен, бос еліктеу, алқыныс,
Бірін-бірі қолдау, алдау, ізденіс пен талпыныс.
Сағым қосып сағымға,
Рух даңқының құлдыраған шағында,
Қайсар, шыншыл талпыныстың өзі, әрине, жарқын іс.
Махаббатты мақсат тұту – адами өр салтымыз,
Онсыз біздер жай пендеміз, мүгедекпіз, жартымыз.
Махаббат ол – миллиондардың арманының алаңы,
Әркім оған өз намысын, өз тағдырын салады.
Көп адамның үміттері, талғамдары жаралы,
Сезім, сана шыңдарына кім шарықтай алады?..
«Махаббат тек дара, ұлы адамдарда болады»,
Деген сенім мәңгілікке өзгеріссіз қалады...
// Мұхтар Шаханов - Қонаевтың дара махаббаты және сезім, сана биіктігі туралы толғаныс
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 3 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 2 months, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 3 months, 1 week ago