Үйде жатпа!

Description
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 5 days ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 6 months, 3 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 3 weeks ago

1 week, 1 day ago

💡📰📰📰📰📰📰

1 маусымға арналған афиша: Балалар күніне орай Астана мен Алматыда қайда баруға болады

📌 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы тұста еліміздің біраз қаласында түрлі шаралар өткізілмек. Ендеше 1 маусымда Астана мен Алматыда баламен қайда баруға болады? Материалға көз жүгіртіп шығыңыз.

🟢 Астана

Алғашқы жазғы демалысқа орай Астананың бес ауданында концерттер, акциялар, көрмелер, байқаулар, шығармашылық фестивальдер және т.б. қоса алғанда, ондаған түрлі іс-шаралар өтеді.

31 мамырда сағат 10.00-де Beeline Arena теннис орталығында “Бақытты шаңырақ” қоғамдық қоры балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырады.

Осы уақытта “Железнодорожный” тұрғын алабының саябағында тұрғындарды ЮНИМОТО мотокроссында демонстрациялық қойылымдарға шақырады.

31 мамырда сағат 11:00-ден бастап Көктал саябағында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Көңілді старттар өтеді.

“Жерұйық” саябағында сағат 15:00-де ұлттық спорт ойындары арқан тартыс, гір тасын көтеру, асық ату, т.б өтеді.

Триатлон саябағында сағат 15:00-де “Әкем, анам және мен - бірге тату отбасымыз” атты дәстүрлі көңілді старт өтеді.

Астана тұрғындары Кирпичный, Казгородок, Өндіріс тұрғын алаптарында және Ататүрік саябағында сағат 11:00-де өтетін “Бақытты балалар – Бейбіт елдің тірегі” концертін тамашалай алады. Сондай-ақ қонақтар асфальтқа сурет салуға мүмкіндік алады. Қала берді балаларға арналған көңілді старттар, аниматорлардың қойылымдары және тәтті сыйлықтар таратылады.

“Жетісу” және “Столычный” саябақтарында сағат 15:00-де ерекше балалар арасында көңілді старттар болады.

1 және 2 маусымда Жетісу саябағында сағат 10.00-ден бастап “Бөпе жәрмеңкесі” отбасылық фестивалі өтеді.

2-10 маусым аралығында “Айланд” орталық спорт орталығындағы ойын-сауық саябағында балаларға арналған караоке, би батлдары, ойындар мен жарыстар бар күнделікті шоу-бағдарлама ұйымдастырылады.

Триатлон саябағында 1 маусым күні таңғы сағат 6:30-да “Қайырымдылық Самұрық марафоны – 2024” қайырымдылық жарысы өтеді.

1 және 2 маусымда қалалық алаңда сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін “Шығармашылық жаз” фестивалі өтеді.

1 маусым күні сағат 15:00-де Арбатта “Қара, оқы” караоке кеші өтеді, жас қатысушылар сахнада танымал әндерді орындай алады.

1 маусымда елордалық амфитеатрда күні бойы балалар шығармашылық және спорт фестивалі өтеді.

1 маусымда сағат 11:00-де Пригородный тұрғын алабында балаларға арналған мерекелік концерт өтеді.

Сағат 14:00-де Үркер тұрғын алабындағы “Айғыржал” саябағында балаларға арналған шоу-бағдарламасы мен аниматорлары бар концерт басталады.

Алматы

Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00-де биыл тұсауы кесілген “Бәтеңке киген мысық” қойылымы көрсетіледі, одан кейін жас көрермендер “Теремок” қойылымын сағат 14:30-да қазақ тілінде және 16:00-де орыс тілінде тамашалай алады.

Тікелей 1 маусым – Балаларды қорғау күні – мегаполистің әр жерінде мерекелік бағдарламалар өтеді.

Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11:00-де өтеді. Сахнада қазақ эстрадасының жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді.

Қонаев мұражай-үйінде сағат 11:00 және 15:00-де “Менің мұражайым” тақырыбына экскурсиямен қатар квест ойыны өтеді.

Ал, Тілендиев мемориалдық мұражайында сағат 12:00-де “Балалық шақ еліне саяхат” тақырыбында ашық сабақ өтеді.

Сонымен қатар, Балаларды қорғау күні қаланың кейбір аудандарында мерекелік шаралар өтеді.

Алатау өңірінде сағат 11:00-де Нұркент шағын ауданы, 5/11 мекенжайында орналасқан дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына балаларға арналған экскурсия өтеді.

1 week, 2 days ago

💡💡💡💡💡💡💡

Несие тарихы: Оны қалай тексереміз және негізгі 4 ережесі қандай?

⚪️ Елімізде 3,5 миллионнан астам азаматтың несие тарихы бүлінген. Сондықтан көпшілік оны түзеу жөнінде жиі ойланады. Ендеше көптің сұрауы бойынша бүгін осы тақырыпты талқылаймыз. Несие тарихы дегеніміз не және оны қалай түзеуге болады?

1️⃣ Түзелмейді, тек жақсартуға болады

Мамандардың айтуынша, несие тарихын түзеу мүмкін емес. Егер сіз кезінде несиені уақытылы төлемеген болсаңыз, ол ақпараттың барлығы сіздің несие тарихыңызда жазылып тұрады. Оны сіз өшіре алмайсыз. Бірақ несие тарихын жақсартуға болады. Әр адамның кредиттік рейтингі бар. Бұл несиені уақытылы жауып отыруыңызға байланысты қойылады. Сондықтан, егер тарихыңыз бүлініп қалса, бірнеше шағын несиелер алып, оны уақытылы жауып, өз рейтингіңізді көтеріп алсаңыз болады.

2️⃣ Өмірлік мәні

Шағын тауар алып, оны төлемей қойып, есесіне өз өмірі үшін маңызды заттардан айрылып жататын азаматтар да бар. Мәселен, ипотека. Сіздің оның алдындағы болмашы несиені қайтармай қоюыңыз, ипотека алуға кедергі болуы мүмкін. Сондықтан қаржы кеңесшілері, банк алдындағы міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауға шақырады.

3️⃣ Несие тарихын қалай тексереміз?

Әрбір азамат несие тарихын тексеріп, бағалай алады. Оның бірнеше жолы бар. Қазір елімізде екі несие бюросы жұмыс істейді, бірі мемлекеттік, екіншісі жекеменшік. Мемлекеттік несие есебін электронды үкімет арқылы үйден шықпай-ақ алуға болады. Ол үшін www.egov.kz порталына кіріп, «Салық пен қаржы» бөліміндегі «Экономика мен қаржы» парақшасына өту керек. Онда «Жеке кредиттік есеп алу» батырмасын басып, электронды-сандық қолтаңбамен растап, анықтама ала аласыз. Жекеменшік компания – Бірінші кредиттік бюро жылына бір рет тегін несиелік есеп алуға мүмкіндік береді. Ол үшін ұйым сайтына кіріп, ондағы нұсқаулықтарды орындау арқылы есеппен танысуға болады. Оған да электронды-сандық қолтаңба қажет екенін ескертеміз.

4️⃣ Несие тарихы жоқ болса ше?

Өмірінде ешқашан несие алмаған адамға банк қомақты несие бермей қоюы әбден мүмкін. Өйткені банк үшін оның қандай адам екені белгісіз. Себебі азаматтың несие тарихы жоқ. Сондықтан қомақты несие (ипотека, автонесие) алатын ойыңыз болса, алдын ала несие тарихын құру бойынша қамданғаныңыз жөн. Ол үшін бірнеше шағын несие алып, уақытылы жауып тастасаңыз болады. Ең бастысы, банк сіздің адал және жауапты клиент екеніңізге көз жеткізуі керек.

#қазынакеңес

1 week, 2 days ago

💡📆📆📆📆📆 30 мамыр

👃30 мамыр - Дүниежүзілік астма мен аллергияға қарсы күрес күні. Бүгінгі таңда бұл мәселе химия өнеркәсібінің дамуы мен экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жаһандық сипат алуда. Қазақстандықтардың 25-35%-ы өсімдіктердің гүлдену кезеңіне сәйкес келетін аллергиялық ринит және демікпенің өршу белгілерін сезінеді. Сол себепті дәрігерлер науқастарға тозаңнан аулақ болуға, оны көзге және тыныс алу жолдарына тигізбеуге кеңес береді. Сонымен қатар темекі шегуді тоқтату, дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау ұсынылады.

👠Бүгін халықаралық феминизм күні де аталып өтеді. Аталмыш күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1431 жылы 30 мамырда Жанна д'Арк өлім жазасына кесілді. Әйелдер өз құқықтары үшін сонау 18 ғасырда күресе бастады. Бірақ өткен ғасырдың 60-жылдарында ғана олар кей өзгерістерге қол жеткізе алды. Әйелдер шалбар киіп, өз ісін жасап, мансабын құрып, сайлауға қатысуға құқылы болды. Қазақстанда дәстүрлі түрде 8 наурыз күні Алматы мен Астанада феминистік митингілер өтіп, әйелдер құқығын қорғайтын азаматтық қозғалыстар белсенді түрде жұмыс істеп келеді.

Сіз Қазақстанда феминизмнің дамуын қолдайсыз ба?

🗣1953 жылы 30 мамырда Қазақ академиялық опера және балет театрының сахнасында тұңғыш рет “Дудар-ай” операсы қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, ал музыкасын Е.Брусиловский жазды. Қоюшы режиссері - Қ.Байсейітов. Бұл орыс қызы Мәриям мен қазақтың сал серісі Думанның арасындағы сезім мен нәзік махаббатты сипаттайтын туынды. Ол орыс қызы Мәриям Жагорқызының әйгілі әніне жазылған. “Дудар-ай” бүгінгі күнге дейін барлық қазақстандық опера театрларының репертуарына енген.

Тағы қандай қазақ опера туындыларын білесіз?

👥30 мамыр - танымал қос музыканттың туған күні. 66 жыл бұрын шведтік Roxette дуэтінің вокалисі Мари Фредрикссон (1958-2019) дүниеге келді. Ол 1990 жылдың басында “Әдемі әйел” фильмінің саундтрегін орындағаннан кейін танымал болды. Өнер иесі көптеген беделді марапаттың иегері. Оның әндері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай келеді. Нақтырақ айтсақ, YouTube қосымшасында әншінің туындылары миллиондаған қаралымға ие болуда. Сонымен қатар бүгін Еуропалық оркестрлерді басқарған скрипкашы, тұңғыш қазақ дирижері Алан Бөрібаев 45 жас мерейтойын атап өтеді. Оның репертуарында әлемдік музыканың бірнеше үлгісі бар. Шетелде дирижерлық ете отырып, әрдайым жұрттың ыстық ықыласына бөленген қазақ композиторларының музыкасын үнемі насихаттап келеді. Өнер иесі А. Педротти атындағы (1998, Италия), Н.Малько атындағы (2001, Дания) конкурстардың лауреаты.

Сіз қазақ классикалық музыканттарының қайсысын білесіз?

#күнтізбе #30мамыр #феминизм #музыка

2 weeks, 2 days ago

💡💡💡💡💡💡💡

“Наурыз” ипотекалық бағдарламасының негізгі шарттары қандай?

🏠 Баспаналы болуды жоспарлағандар үшін тиімді бір мүмкіндік бар. Бұл –“Наурыз” атты жаңа ипотекалық бағдарлама. Өтінім берушілерге “Отбасы банкінен” депозит ашу мерзіміне талап қойылмайды. Тек шотта 1 млн тг болуы шарт және кейінгі 5 жылда атында үй болмауы керек.

💸 Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі:

▪️халықтың әлеуметтік осал топтары санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар үшін (ХӘОТ) - 7%(ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);

▪️тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, қандастар мен Қазақстан Республикасының өзге де азаматтары үшін - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін).

Заемның ең жоғары сомасы (жөндеу жұмыстарын қоса есептегенде):

• Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін.
• ҚР қалған өңірлері үшін 30 млн теңгеге дейін.

Алғашқы жарна: заем сомасының 20%-нан бастап;

Несиелеу мерзімі - 19 жылға дейін;

🟢 Қарыздың нысаналы мақсаты:
Тұрғын үй сатып алу, бір банктік қарыз шарты шеңберінде тұрғын үй сатып алу және бастапқы тұрғын үйді жөндеу.

Заем сомасының 50% жинақталғаннан кейін заем бойынша мөлшерле жылдық 3,5% (ЖТСМ 3,6% бастап 4,4% дейін) бастап жылдық 5% (ЖТСМ 5,1% бастап 6,9% дейін) төмендейді;

🟢 ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Жинақтау мерзімі: Отбасы банкінде депозит ашу қажет (жоқ болған жағдайда), алайда салым мерзімі ескерілмейді.

Депозиттегі жинақтың ең аз сомасы: кемінде 1 млн теңге (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте депозитте кемінде 1 млн теңгеге тең болуы тиіс. Жинақтау сомасы бұдан төмен депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды). Бұл соманы бағдарламаға қатысуға өтініш берер алдында аударуға болады.

Тарифтік бағдарламалар: "Табысты", "Жинақ", "Арнау" тарифтік бағдарламаларын қоспағанда, барлық тарифтік бағдарламалар ("Табысты", "Жинақ" және "Арнау" тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды).

Басқа тұрғын үй бағдарламаларына қатыспау: Салымшыда "Кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалға алу" және "Отау" бағдарламаларына қатысушы мәртебесінің болмауы.

Салымшыда инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы: депозит қолданысына тыйым салу, инкассалық өкімдер және төлем талаптары түріндегі шектеулерден бос болуы керек.

🟢 ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:

Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қандас мәртебесі;

Өтініш берген кезде қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін (қоса алғанда) болуы керек;

Соңғы 6 ай ішінде ресми табысының болуы (Кірістерге еңбек қызметінен түскен жалақы, кәсіпкерліктен түскен пайда, ақылы қызмет көрсету шарты бойынша түскен табыс, жәрдемақылар, стипендия және тұрғын үй төлемдері кіреді. Егер бағдарламаға қатысушының табысы жеткіліксіз болса, онда ол кепілгер болатын екі қарыз алушыны (туысқандық қатынастың болуы міндетті емес) тарта алады);

Соңғы 5 жыл ішінде бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үйдің болмауын және тұрғын үймен жасалатылған операциялардың болмауын тексеру. Отбасы мүшелеріне: күйеуі, әйелі және олардың кәмелетке толмаған балалары жатады. Егер қатысушы некеде болмаса, онда тұрғын үйдің бар-жоқтығы тек өзінен тексеріледі. Бағдарламаға қатысушылардың ата-аналарынан тұрғын үйдің бар-жоғын тексермейді;

Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде (18 жасқа дейінгі балалар) соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша кез келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы;

Бір салымшы/отбасы бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді бір реттен артық сатып ала алмайды;

Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

Бағдарламаға қатысқаны және заем алғаны туралы ақпаратты банктің ресми сайтында орналастыруға келісім беру (бағдарламаға қатысушылар тізімінің ашықтығы үшін).

"Наурыз" бағдарламасы бойынша қолжетімді барлық жылжымайтын мүлік "Баспана маркет" порталында орналастырылады. Бірінші жылы 300 млрд теңге сомасына 12 мың қарыз және одан әрі жыл сайын 8 мың қарыз беру үшін 200 млрд теңгеден беру жоспарлануда.

#қазынакеңес

2 weeks, 2 days ago

💡📆📆📆📆📆 23 мамыр

🕺Бүгін спорт сүйер қауым халықаралық күрес күнін атап өтеді. Аталмыш спорт түрі Ежелгі Грецияның өзінде Олимпиада ойындарының сәні болған. 1904 жылы 23 мамырда Венада күрестен бірінші әлем чемпионаты басталып, 2013 жылдан бері бұл күн ресми түрде тойланып келеді. Қазақстанда күрес - ұлттық спорт түрі. Осы сала бойынша спортшыларымыз әлемдік жарыстарда ұдайы жеңімпаз атанып, жүлделер иеленіп келеді.

Қазақтың қай балуанын білесіз?

🩺23 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық акушерлік жарақаттан алдын алу күні аталып өтеді. Патологиялық босану кезінде ректовагиналды жарақат пайда болуы мүмкін. Сәйкесінше, қынап пен тік ішек арасының зақымдалуынан, беймезгіл уақытта зәрдің шығып кетуі немесе денсаулыққа басқа да қауіптің төнуіне жол беріледі. Бұл күн халықаралық қоғамдастықтың назарын босану кезіндегі ауыр жарақаттарға назар аударуға шақырады. Мұндай мәселелер көп жағдайда білім мен медициналық көмектің қолжетімсіз болуынан, әйелдердің босану кезіндегі ақпараттан хабарлығының төмен болуынан, ерте жаста баланы өмірге әкелуден туындайды.

🐢23 мамыр - Дүниежүзілік тасбақалар күні. Бұл ебедейсіз, бірақ өте сүйкімді жануарлар туралы көптеген миф кездеседі. Мысалы, олар 300 жылға дейін өмір сүре алады. Шындығында тасбақаның орташа өмір сүру ұзақтығы - кем дегенде 30 жыл, ал ең ұзағы - 130 жыл. Қазір тасбақалар толығымен жойылу алдында тұр. Бұған себеп - браконьерлер мен басқа жануарлардан төнетін қауіп. Сондықтан аталмыш күннің мақсаты - қоғамды осы мәселеге бей-жай қарамауға шақырады.

👥24 мамырда дүниегеке келген танымал тұлғалар. 141 жыл бұрын америкалық актер, дыбыссыз кино дәуірінің ең жарық жұлдыздарының бірі Дуглас Фэрбенкс (1883-1939) дүниеге келді. Ол “Оскар” сыйлығын тапсыратын Кинематография өнері және ғылым академиясының негізін қалаушы әрі бірінші президенті. Сонымен қатар 100 жыл бұрын “Алтын адамды” тапқан қазақ археологы Кемал Ақышев (1924-2003) өмірге келді. Қазақ археологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі 200-ден астам ғылыми еңбек пен 15 кітап жазды. Сондай-ақ дүниежүзілік маңызы бар Сарыарқаның тарихи ескерткіштері, Бесшатыр қорғандары, Отырар ескерткіштері туралы ғылыми мәліметтер жинаған. Оның есімі Қазақстанның Құрмет Алтын кітабына жазылған.

#күнтізбе #23мамыр #тасбақа #күрес

2 weeks, 3 days ago

💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпелілер экономикасында жоғары бағаланған маман иелері

📌 Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері қалыптасып келеді. Олар тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Соған орай үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамып отырды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды.

🔍 Қазақ халқының қолөнерінің ішінде зергерлік ісі өте жоғары бағаланды. Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина, сырға, білезік, шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты.

Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.

🔍 Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу, кілем, алаша тоқу, ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады. Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба, мес, торсық, көнек т.б жасаған.

🔍 Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған.

Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты.

#көшпенділерэкономикасы

2 months, 2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 24 наурыз

🦠Бүгін - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. 1882 жылы 23 наурызда Роберт Кох аурудың қоздырғышы болып табылатын таяқшаны тапты. Осы еңбегі үшін ол Нобель сыйлығына ие болды. Туберкулез - жұқпалы ауру әрі өлім-жітімге әсер етіп жатқан басты қозғаушы күш. Жыл сайын аталмыш аурудан дүниежүзінде шамамен 1,5 миллион адам қайтыс болады. Аурудың өршуіне дұрыс тамақтанбау, темекі, алкоголь, есірткі тұтыну, нашар жұмыс орны мен нашар тұрмыстық жағдай, сондай-ақ кейбір созылмалы аурулар ықпал етеді. Соңғы 20 жылда Қазақстанда туберкулез ауруы 4 есеге азайды.

Ауырмаңыздар және салауатты өмір салтын ұстанып жүріңіз! 💌**

😫24 наурыз - Халықаралық депрессиямен күрес күні. Бұл күйді алғаш рет Гиппократ сипаттап, оған меланхолия деген атау берді. Адамның аталмыш жағдайда көңіл күйі болмайды әрі ұйқысыздық, тамақтан бас тарту, алаңдаушылық пен ашуланшақтыққа тап болады. Психикалық бұзылыстың негізгі себебі: адам бойында бақыт гормондары болып саналатын - серотонин мен дофаминнің болмауы. Депрессияға ұшыраған адам үшін отбасы мен достарының қолдауы өте маңызды. Нақтырақ айтсақ, әңгімелесу, шынайы қызығушылық танытып, ақыл-кеңес беру адамның депрессиядан шығуына көмектеседі.

Барлық оқырманға әрдайым жақсы көңіл күй тілейміз! Ұсақ-түйекке ренжіп, ашуға бой алдырмаңыз! 🤩**

💅Бүгін - маникюр шеберлерінің кәсіби мерекесі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл кәсіп түрі шын мәнінде табандылықты, ұқыптылықты және шығармашылықты талап етеді. Ежелгі Римде, Греция мен Мысырда маникюр адамның әлеуметтік мәртебесі мен байлығын көрсетті. Ал бүгінгі таңда бұл кәсіп кез келген адам үшін қолжетімді. Есіңізде болсын, жақсы күтім көрсетілгкн қолдар мен тырнақтар адамға сенімділік береді.

Егер бүгін маникюр жасатуға барсаңыз, өз шеберіңізді мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 💃**

👥24 наурыз - қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. Бүгін суретші, сәулетші, Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков 82 жасқа толды. 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері байқауында 245 жұмыстың ішінен өнер иесінің жобасы жеңіске жетті. Ол Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сонымен қатар 81 жыл бұрын ақын-жазушы Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) дүниеге келді. Ол көптеген поэзиялық жинақтың авторы. Одан бөлек проза да жазған. Жазушы - Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы. Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың, сондай-ақ Шешен Республикасының Жоғары мемлекеттік “Ұлт намысы” орденінің иегері.

Сіз Елтаңбаны ауыстыруды қолдайсыз ба?

#күнтізбе #24наурыз #маникюр #депрессия

2 months, 2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 23 наурыз

👍23 наурыз – Тазару күні. Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

🌚Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік метеорология күні аталып өтеді. 1950 жылы 23 наурызда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылды. Оның құрамына 189 мемлекет кірді. Метеорологтар – арнайы білімі бар адамдар. Бұл кәсіпке - ауа райын бақылаушылар, техниктер, ғалымдар, метеорологиялық радар операторлары және инженерлер жатады. Олардың жұмысы қажырлы еңбекті талап етеді. Өйткені уақытылы берілген ақпараттар мен нақты болжамдар адам өмірін сақтап қалуға тікелей әсер етеді.

Егер арамызда Қазгидромет оқырмандары болса, аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! *🎉*

🫂Бүгін ерлер қауымы арасындағы ынтымақтастық күні тойланады. Олардың арасындағы бауырмалдық пен мызғымас достық жасына, мүддесіне қарамастан қалыптасады. Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк және басқа да жазушылар өз шығармаларында ерлердің ынтымақтастығын көрсетті. Алайда тек әдебиетте ғана емес, шынайы өмірде де достықтың жүгін арқалап, бір-бірінің өмірін аман алып қалған мысалдар жетіп артылады.

Сіздің ойыңызша, достыққа кімдер берік? Ерлер немесе әйелдер? *💃*🕺**

👌Бүгін “ОК” таңбасының пайда болған күні. Ең танымал нұсқа бойынша, бұл әлемдегі ең көп таралған аббревиатуралардың бірі. Ол 1839 жылы 23 наурызда америкалық "Morning Post" газетінде қате жазылған "all korrect" сөзінің күлкілі аббревиатурасы ретінде пайда болды. Айта кету керек, бұл белгіні күн сайын миллиондаған адам “Қалайсың?" деген сұраққа жауап беру мақсатында қолданады.

🎉 23 наурызда өмірге келген атақты ер адамдар. 114 жыл бұрын жапондық режиссер, сценарист және продюсер Акира Куросава (1910-1998) дүниеге келді. Ол - кино тарихында ең ықпалды режиссерлердің бірі. Өнер иесі үш мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп алды және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның 7 жұмысы әлемдегі ең үздік фильмдер тізіміне енді. Сонымен қатар 99 жыл бұрын қазақ химигі-металлургы Евней Бөкетов (1925-1983) өмірге келді. Ол химиядағы жаңа бағыт – халькогендер мен халькогенидтер химиясы мен технологиясының негізін салушы. Сондай-ақ 50-ден астам өнертабыстың, 10 патенттің, ғылым мен мәдениет туралы бірқатар әңгіменің авторы. 1992 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетіне Евней Бөкетовтің есімі берілді.

Акира Куросаваның фильмдерін көрдіңіз бе?

#күнтізбе #23наурыз #ок #тазару

2 months, 2 weeks ago

Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!

1 наурыз күні ақпан айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!

‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️
Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз.

Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз!

Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі.

Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.

Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 наурыз шығарамыз. Коммент жазыңыздар!

4 months, 2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 25 қаңтар

📚25 қаңтар кітап сүйер қауым кітапханада селфи жасау күнін атап өтеді. Кітаппен үздік суретке түсу акциясы алғаш рет 2014 жылы өткізілді. Бұл - әлемнің көптеген мәдени орындары мен топтарында ерекше дәстүрге айналды. Бүгінде кітапхана ұжымы оқырмандарын кітап оқуға ғана емес, сонымен бірге суретке түсуге де шақырады. Фотосуреттер кітапханаларда әрі оқу идеясын насихаттап, жаңа оқырмандарды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

Байқау!!! Сіз де осы жазбаның астында комментарийге сүйікті кітабыңызбен селфи жасап, жүктеп қойыңыз. 19:30-ға дейін суреті ең көп лайк жинаған үш қатысушыға біздің атымыздан кез келген кітап дүкенінен 10 000 теңгелік сертификат табысталады. Нәтижесі кешкі жаңалықтармен бірге шығады.

⚰️2018 жылы 25 қаңтарда Кашмирде Мұхаммед Хайдар Дулатидің қалпына келтірілген бейіті ашылды. Қазақстан елшілігінің бастамасымен Үндістанда Моғол империясының “Мазар-и-Салатин” сұлтандары зиратындағы қазақ ғалымының қабірін қалпына келтіру әрі ол туралы урду және ағылшын тілдерінде ақпараттық планшет орнату жұмыстары басталды. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – қазақ даласының көрнекті перзенті, ежелгі Дулат әулетінің өкілі, қала берді әскери және саяси қайраткер. Сондай-Қазақ хандығының қалыптасуы, қазіргі Қазақстан мен Кашмир аумағындағы сол кездегі оқиғалар туралы көптеген мәліметті қамтитын - “Тарих-и-Рашиди” кітабының авторы.

Сіздің қалаңызда Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен нелер аталған?

💎1905 жылы 25 қаңтарда “Куллинан” атты әлемдегі ең үлкен әрі ең қымбат алмас табылды. Тас Оңтүстік Африка кенішінің иесі Томас Куллинанның есімімен аталып, ағылшын королі Эдвард VII-ге сыйлыққа ұсынылды. Оның салмағы - 3106 караттан асады, яғни 638 грамм болды. Алмазда жырықтар болғандықтан, алып бір гауһар жасау мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде ағылшын монархтарының таяғы мен тәжінің бөлігі болған Куллинаннан 96 кішкентай, 7 көлемді және 2 ең үлкен гауһар алынды.
Сіз тағы қандай гауһар тастарды білесіз?
👥25 қаңтар екі танымал адамның туған күні. 25 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский 46 жасқа толды. Президент болып сайланғанға дейін ол шоумен әрі кино актері көпшілікке танымал болды. Владимир Зеленский саяси мансабын 2019 жылы Мемлекет басшысының сайлауына қатысудан бастады. Нәтижесінде Украинаның алтыншы президенті болып сайланды. Сонымен қатар бүгін америкалық әнші, композитор Алиша Киз 43 жасын атап өтеді. Ол көптеген беделді музыкалық марапаттардың иегері. Оның ішінде бес рет American Music Awards, он рет Billboard Music Awards, 15 мәрте Грэмми, төрт мәрте MTV Video Music Awards, 13 мәрте NAACP Image Awards, алты мәрте Soul Train Music Awards және т. б. марапаттарына ие болды.

#күнтізбе #25қаңтар #кітап #селфи

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 2 weeks, 5 days ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 6 months, 3 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 1 month, 3 weeks ago