Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Үйде жатпа!

Description
Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы
Advertising
We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 5 months, 4 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 3 weeks, 5 days ago

1 month, 2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 24 наурыз

🦠Бүгін - Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. 1882 жылы 23 наурызда Роберт Кох аурудың қоздырғышы болып табылатын таяқшаны тапты. Осы еңбегі үшін ол Нобель сыйлығына ие болды. Туберкулез - жұқпалы ауру әрі өлім-жітімге әсер етіп жатқан басты қозғаушы күш. Жыл сайын аталмыш аурудан дүниежүзінде шамамен 1,5 миллион адам қайтыс болады. Аурудың өршуіне дұрыс тамақтанбау, темекі, алкоголь, есірткі тұтыну, нашар жұмыс орны мен нашар тұрмыстық жағдай, сондай-ақ кейбір созылмалы аурулар ықпал етеді. Соңғы 20 жылда Қазақстанда туберкулез ауруы 4 есеге азайды.

Ауырмаңыздар және салауатты өмір салтын ұстанып жүріңіз! 💌**

😫24 наурыз - Халықаралық депрессиямен күрес күні. Бұл күйді алғаш рет Гиппократ сипаттап, оған меланхолия деген атау берді. Адамның аталмыш жағдайда көңіл күйі болмайды әрі ұйқысыздық, тамақтан бас тарту, алаңдаушылық пен ашуланшақтыққа тап болады. Психикалық бұзылыстың негізгі себебі: адам бойында бақыт гормондары болып саналатын - серотонин мен дофаминнің болмауы. Депрессияға ұшыраған адам үшін отбасы мен достарының қолдауы өте маңызды. Нақтырақ айтсақ, әңгімелесу, шынайы қызығушылық танытып, ақыл-кеңес беру адамның депрессиядан шығуына көмектеседі.

Барлық оқырманға әрдайым жақсы көңіл күй тілейміз! Ұсақ-түйекке ренжіп, ашуға бой алдырмаңыз! 🤩**

💅Бүгін - маникюр шеберлерінің кәсіби мерекесі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін бұл кәсіп түрі шын мәнінде табандылықты, ұқыптылықты және шығармашылықты талап етеді. Ежелгі Римде, Греция мен Мысырда маникюр адамның әлеуметтік мәртебесі мен байлығын көрсетті. Ал бүгінгі таңда бұл кәсіп кез келген адам үшін қолжетімді. Есіңізде болсын, жақсы күтім көрсетілгкн қолдар мен тырнақтар адамға сенімділік береді.

Егер бүгін маникюр жасатуға барсаңыз, өз шеберіңізді мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз! 💃**

👥24 наурыз - қазақтың екі атақты тұлғасының туған күні. Бүгін суретші, сәулетші, Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков 82 жасқа толды. 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері байқауында 245 жұмыстың ішінен өнер иесінің жобасы жеңіске жетті. Ол Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сонымен қатар 81 жыл бұрын ақын-жазушы Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) дүниеге келді. Ол көптеген поэзиялық жинақтың авторы. Одан бөлек проза да жазған. Жазушы - Б.Момышұлының 90 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы. Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты. Көптеген кәсіби және мемлекеттік марапаттардың, сондай-ақ Шешен Республикасының Жоғары мемлекеттік “Ұлт намысы” орденінің иегері.

Сіз Елтаңбаны ауыстыруды қолдайсыз ба?

#күнтізбе #24наурыз #маникюр #депрессия

1 month, 3 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 23 наурыз

👍23 наурыз – Тазару күні. Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

🌚Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік метеорология күні аталып өтеді. 1950 жылы 23 наурызда Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылды. Оның құрамына 189 мемлекет кірді. Метеорологтар – арнайы білімі бар адамдар. Бұл кәсіпке - ауа райын бақылаушылар, техниктер, ғалымдар, метеорологиялық радар операторлары және инженерлер жатады. Олардың жұмысы қажырлы еңбекті талап етеді. Өйткені уақытылы берілген ақпараттар мен нақты болжамдар адам өмірін сақтап қалуға тікелей әсер етеді.

Егер арамызда Қазгидромет оқырмандары болса, аталмыш мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! *🎉*

🫂Бүгін ерлер қауымы арасындағы ынтымақтастық күні тойланады. Олардың арасындағы бауырмалдық пен мызғымас достық жасына, мүддесіне қарамастан қалыптасады. Джек Лондон, Эрих Мария Ремарк және басқа да жазушылар өз шығармаларында ерлердің ынтымақтастығын көрсетті. Алайда тек әдебиетте ғана емес, шынайы өмірде де достықтың жүгін арқалап, бір-бірінің өмірін аман алып қалған мысалдар жетіп артылады.

Сіздің ойыңызша, достыққа кімдер берік? Ерлер немесе әйелдер? *💃*🕺**

👌Бүгін “ОК” таңбасының пайда болған күні. Ең танымал нұсқа бойынша, бұл әлемдегі ең көп таралған аббревиатуралардың бірі. Ол 1839 жылы 23 наурызда америкалық "Morning Post" газетінде қате жазылған "all korrect" сөзінің күлкілі аббревиатурасы ретінде пайда болды. Айта кету керек, бұл белгіні күн сайын миллиондаған адам “Қалайсың?" деген сұраққа жауап беру мақсатында қолданады.

🎉 23 наурызда өмірге келген атақты ер адамдар. 114 жыл бұрын жапондық режиссер, сценарист және продюсер Акира Куросава (1910-1998) дүниеге келді. Ол - кино тарихында ең ықпалды режиссерлердің бірі. Өнер иесі үш мәрте “Оскар” сыйлығын жеңіп алды және басқа да көптеген беделді марапаттардың иегері атанды. Оның 7 жұмысы әлемдегі ең үздік фильмдер тізіміне енді. Сонымен қатар 99 жыл бұрын қазақ химигі-металлургы Евней Бөкетов (1925-1983) өмірге келді. Ол химиядағы жаңа бағыт – халькогендер мен халькогенидтер химиясы мен технологиясының негізін салушы. Сондай-ақ 50-ден астам өнертабыстың, 10 патенттің, ғылым мен мәдениет туралы бірқатар әңгіменің авторы. 1992 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік университетіне Евней Бөкетовтің есімі берілді.

Акира Куросаваның фильмдерін көрдіңіз бе?

#күнтізбе #23наурыз #ок #тазару

1 month, 3 weeks ago

Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!

1 наурыз күні ақпан айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!

‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️
Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз.

Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз!

Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі.

Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.

Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 наурыз шығарамыз. Коммент жазыңыздар!

3 months, 2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 25 қаңтар

📚25 қаңтар кітап сүйер қауым кітапханада селфи жасау күнін атап өтеді. Кітаппен үздік суретке түсу акциясы алғаш рет 2014 жылы өткізілді. Бұл - әлемнің көптеген мәдени орындары мен топтарында ерекше дәстүрге айналды. Бүгінде кітапхана ұжымы оқырмандарын кітап оқуға ғана емес, сонымен бірге суретке түсуге де шақырады. Фотосуреттер кітапханаларда әрі оқу идеясын насихаттап, жаңа оқырмандарды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

Байқау!!! Сіз де осы жазбаның астында комментарийге сүйікті кітабыңызбен селфи жасап, жүктеп қойыңыз. 19:30-ға дейін суреті ең көп лайк жинаған үш қатысушыға біздің атымыздан кез келген кітап дүкенінен 10 000 теңгелік сертификат табысталады. Нәтижесі кешкі жаңалықтармен бірге шығады.

⚰️2018 жылы 25 қаңтарда Кашмирде Мұхаммед Хайдар Дулатидің қалпына келтірілген бейіті ашылды. Қазақстан елшілігінің бастамасымен Үндістанда Моғол империясының “Мазар-и-Салатин” сұлтандары зиратындағы қазақ ғалымының қабірін қалпына келтіру әрі ол туралы урду және ағылшын тілдерінде ақпараттық планшет орнату жұмыстары басталды. Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) – қазақ даласының көрнекті перзенті, ежелгі Дулат әулетінің өкілі, қала берді әскери және саяси қайраткер. Сондай-Қазақ хандығының қалыптасуы, қазіргі Қазақстан мен Кашмир аумағындағы сол кездегі оқиғалар туралы көптеген мәліметті қамтитын - “Тарих-и-Рашиди” кітабының авторы.

Сіздің қалаңызда Мұхаммед Хайдар Дулатидің есімімен нелер аталған?

💎1905 жылы 25 қаңтарда “Куллинан” атты әлемдегі ең үлкен әрі ең қымбат алмас табылды. Тас Оңтүстік Африка кенішінің иесі Томас Куллинанның есімімен аталып, ағылшын королі Эдвард VII-ге сыйлыққа ұсынылды. Оның салмағы - 3106 караттан асады, яғни 638 грамм болды. Алмазда жырықтар болғандықтан, алып бір гауһар жасау мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде ағылшын монархтарының таяғы мен тәжінің бөлігі болған Куллинаннан 96 кішкентай, 7 көлемді және 2 ең үлкен гауһар алынды.
Сіз тағы қандай гауһар тастарды білесіз?
👥25 қаңтар екі танымал адамның туған күні. 25 қаңтар өмірге келген танымал адамдар. Бүгін Украина президенті Владимир Зеленский 46 жасқа толды. Президент болып сайланғанға дейін ол шоумен әрі кино актері көпшілікке танымал болды. Владимир Зеленский саяси мансабын 2019 жылы Мемлекет басшысының сайлауына қатысудан бастады. Нәтижесінде Украинаның алтыншы президенті болып сайланды. Сонымен қатар бүгін америкалық әнші, композитор Алиша Киз 43 жасын атап өтеді. Ол көптеген беделді музыкалық марапаттардың иегері. Оның ішінде бес рет American Music Awards, он рет Billboard Music Awards, 15 мәрте Грэмми, төрт мәрте MTV Video Music Awards, 13 мәрте NAACP Image Awards, алты мәрте Soul Train Music Awards және т. б. марапаттарына ие болды.

#күнтізбе #25қаңтар #кітап #селфи

3 months, 2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 24 қаңтар

🤩 24 қаңтар Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Халықаралық білім күні аталып өтеді. Білім алу – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында бекітілген. Мұнда әрбір жан бастауыш білімді тегін алып, мемлекеттен бөлінетін жоғары білімге қол жеткізе алады. 2023 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 77 болса, оқушылардың 83 пайызы шекті баллға қол жеткізді. 75 пайызы қазақ тілінде тест тапсырды.

Қазақстанда білім беру сапасын арттыру үшін не істеу керек?

☹️ Бүгін - Мебиус синдромы туралы хабардар ету күні. Ол тұқым қуалау жолымен берілетін әрі сирек кездесетін генетикалық патологияға арналған. Бұл синдром 1888 жылы алғаш рет жағдайды сипаттаған неміс невропатологы Пол Юлиус Мобиустың есіміне орай алынды. Өте сирек кездесетін туа біткен неврологиялық бұзылыс бет параличімен сипатталады. Атап айтқанда, мимиканың толық болмауымен негізделеді. Мұндай жағдайда адам күле алмайды, қабағын түйе алмайды, мұрнына әжім түседі және т.б.

🤭 Бүгін балмұздақ әуесқойлары халықаралық эскимо күнін атап өтеді. 1922 жылы 24 қаңтарда америкалық Кристиан Нельсон эскимоға патент алды. Ол кілегейлі балмұздақтың бір бөлігін шоколадпен жабу идеясын ойлап тапты. Оны “Эскимо бәліші” (Eskimo Pie) деп атады. Заманауи түрінде ағаш таяқшадағы эскимо 1934 жылы пайда болды. Сонымен қатар ол - жаз мезгілінің символы. Оны көптеген мемлекеттің тұрғындары ерекше жақсы көреді. Сол себепті күні бүгінге дейін танымалдылығын жоғалтпай келеді әрі жоғары сұранысқа ие.

Сізге попсикл немесе шыныаяқ көбірек ұнай ма?

🤭 24 қаңтар - Дүниежүзілік күлкі күні. Ешбір нәрсе адамның жүзіндегі күлкі секілді қиындықтарды еңсеріп шығуға көмектеспейді. Сонымен қатар көңіл күйдің көтеріңкі болуы күлкі сияқты жағымды әсер береді. Ол қан тамырларын кеңейте отырып, қан айналымы жүйесін белсендірек жұмыс істеуге көмектеседі. Адамның күлкісі жүзіңізді қызартып қана қоймай, сонымен қатар бақыт гормоны - эндорфинді бөледі.

Бүгінгі көңіл күйіңіз жақсы болсын!

#күнтізбе #24қаңтар #күлкі #білім

3 months, 3 weeks ago

💡📆📆📆📆📆

✍️ 23 қаңтар бүкіл әлемде Жазу күні аталып өтеді. Смартфондар мен компьютерлердің және басқа да жылдам байланыс құралдарының танымалдығының артуы нәтижесінде адамдар өз ойын қағаз бетіне түсіріп, қолмен жазу мүмкіндігінен алшақтатып қалды. Қолмен жазудың мыңдаған жылдық тарихы бар. Адамдар бір-бірінің мінезін және табиғатын қолжазба арқылы анықтауға тырысты. Ал Аристотель мен итальялық ұлы ойшылдар жазудың адамның рухани әлемімен байланысы туралы өз ойларын білдірді.

Сіз қазіргі таңда қолмен жазасыз ба?

🤭 Бүгін тағам әуесқойлары дүниежүзілік бәліш күнін атап өтеді. Мереке қарсаңында АҚШ-та бәліштен чемпионат өтеді. Әр елдің мәдениетіне байланысты бәліштің дайындалу жолы мен салмасы әртүрлі болып келеді. Сол себепті дәмі де ерекше болады. Бүгін сүйікті бәлішіңізді пісіру үшін керемет күн. Мәселен, кешкі ас кезінде отбасыңызды тәттімен қуантып, көтеріңкі көңіл күй сыйлай аласыз.

Бәлішке қандай салма салғанды ұнатасыз?

🥸 23 қаңтар - Дүниежүзілік өсек күні. Бұл - ең көңілді мерекелердің бірі. Сыбыс көбіне жағымсыз жағдайлармен байланысты болғандықтан, олардың пайда болу көзі белгісіз. Жасыратыны жоқ, әйелдер ер адамдарға қарағанда әлдеқайда көп сөйлейді және таныстарының жеке өмірін, маңызды оқиғаларды, достары мен туыстарының мінез-құлқын сағаттап талқылай береді. Бұл расталмаған ақпаратқа негізделсе де, көп жағдайда қоғамның қызу талқысына түседі. Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты блогерлер мен шығармашылық маман өкілдері өзге адамдардың назарын аудару үшін қауесеттерді жиі пайдаланады.

Сіз таратылатын қауесетке сенесіз бе?:)
🤩 23 қаңтар атақты екі тұлғаның туған күні. 241 жыл бұрын француз жазушысы, өнертанушы, дипломат, психологиялық романның негізін қалаушылардың бірі Стендаль (1783-1842) дүниеге келді. Оның негізгі көркем шығармалары: “Қызыл және қара”, “Парма монастырьі” және “Люсьен Левен” романы, “Анри Брулардтың өмірі” және “Эготисттің естеліктері” автобиографиялық әңгімелері, сондай-ақ “Итальяндық шежірелер” новелл циклін атап өтуге болады. Сондай-ақ бүгін күйші, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Айгүл Ылкенбаева 62 жасқа толды. Өнер иесі мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Құрманғазы, қазылар алқасының құрметті мүшесі, ірі республикалық және халықаралық байқауларда комиссия төрағасы.

#күнтізбе #23қаңтар #жазу

5 months, 2 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 26 қараша

🤩26 қараша - Халықаралық семіздікпен күрес күні. Дүниежүзінде 2 миллиардтан астам адам артық салмақпен арпалысып жүр. Оның 2,8 миллионы қайтыс болған. Семіздіктің басты себебі қозғалыссыз жүру және дұрыс тамақтанбаудан туындайды. Сәйкесінше бұл қант диабеті мен остеоартроз ауруының артуына, инсульт пен инфаркттың асқынуына әкеледі. Қазақстан халқының 20% - ы семіздіктен зардап шегеді. Олардың арасында жастар саны жыл сайын артып келеді.

Біздің видеоларымызды тамашалап, белсенді өмір салтын ұстаныңыз! https://youtube.com/shorts/XLzdiUIH4qA?si=nYr-J6D3XDu0Ts3O

👀26 қараша - Дүниежүзілік ақпарат күні. “Ақпаратқа ие адам - әлемге иелік етеді” деген атақты нақыл сөз бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда цифрлық дамудың арқасында оның саны күн сайын артып келеді. Бірақ соңғы кездері психологтар оқыған ақпаратты, оның сапасы мен көлемін бақылай алмау “ақпараттық күйзеліске” әкелетінін жеткізді. Ал бұл әлеуметтік салдар мен денсаулыққа кері әсерін тигізетінін айта кеткен жөн.

Сол себепті әрдайым қажетті әрі дамуыңызға әсер ететін ақпаратты оқығаныңыз дұрыс!
🎉26 қараша - Халықаралық етікшілер күні. Бұл - аяқ киімді жобалаумен және тігумен айналысатын қолөнершілердің, сондай-ақ осы өндіріспен айналысатын жұмысшылардың мерекесі. Бүгінде аталмыш маман иелерінің арқасында дүкенде түрлі талғамға сай, бірнеше үлгідегі аяқ киімдерді кездестіруге болады. Сонымен қатар олар аяқ киімдерді жөндей отырып, оларға екінші тіпті үшінші өмір сыйлай алады. Сондықтан да етікшілер ерте кезден абыройлы әрі сұранысқа ие маман иелері болды.

Егер аяқ киім тігетін таныстарыңызды білсеңіз, кәсіби мерекесімен құттықтап қойыңыз!

🎤26 қараша өмірге келген танымал әншілер. 84 жыл бұрын американдық әнші, композитор, актриса әрі биші Тина Тернер (1939-2023) дүниеге келді. Өнер иесі сегіз мәрте Грэмми сыйлығын иеленді. Ол өзінің шеберлігі, темпераменті және сахналық ерекшелігі үшін "рок-н-ролл ханшайымы" атағын алады. Ал "Rolling Stone" журналы оны заманауи ең беделді әншілерінің қатарына қосты. Тина әлемдегі ең үздік бишілердің ондығына кіреді. Сондай - ақ бүгін британдық әнші, композитор және косовар тектес актриса Рита Ора 33 жасқа толды. Оның 2012 жылдың тамызында шыққан EPA дебюттік студиялық альбомы Ұлыбританияның хит-парадында бірінші орынға шықты. 2018 жылы жарыққа шыққан "Phoenix" альбомы әншіні Ұлыбританияның алғашқы жеке орындаушысы етті. Өнер иесінің 13 әні елдің басты хит-шеруінің алғашқы ондығына кірді. 2016 жылы Рита "американдық стильдегі топ-модель" шоуының жаңа жүргізушісі болды.

Сізге қай әнші ұнайды?

#күнтізбе #26қараша #етікшілер #семіздік

YouTube

Жаттығып, нәтижеге жете алмайсыз ба? Спорт жаттықтырушысынан 2 кеңес | Фитнес | Как накачаться

Жаттығып, нәтижеге жете алмайсыз ба? Спорт жаттықтырушысынан 2 кеңес | Фитнес | Как накачаться

***💡******📆******📆******📆******📆******📆*** 26 қараша
5 months, 2 weeks ago

💡🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟🎟📆

Құрметті оқырмандар! Қауырт жұмыс аптасынан кейін көбі әдемі жерде демалуды жоспарлайды. Бәлкім, бұл қатарда сіз де бар шығарсыз?🤔  

Ендеше #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін Алматы, Астана қалаларында осы демалыс күндері тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өзің ұсынатын орныңды жазып кет!

**АЛМАТЫ:

💡Орталық Азияның шығармашылық индустриясының форумы**
Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Оңтүстік Кореядан 100-ден астам сарапшы мен шығармашылық индустрия өкілдері қатысады. Олар аталмыш бағыт бойынша әзірлемелерді талқылайды. Негізгі тақырыптары – кино, музыка, білім, сән индустриясы және IT саласы.

**Орны: Q-Lab, Абай даңғылы, 90
Күні: 25 және 26 қараша, 09:00-17: 00

🤯"Қолөнер" көрмесі**
Көрмеге қазақтың екі өнерпазының туындылары қойылады. Петропавлдық суретші Әлия Молдахметова өз туындысында қазақтың дәстүрлі зергерлік шеберлігін зерттейді. Ол зергерлік бұйымдарды ұлттық мәдениет пен тарихтың символы ретінде пайдаланады. Ал Шымкенттік шебер Атабек Бекболатов ағаштан ою ойып, зергерлік бұйымдардың ерекшелігіне маманданған.

**Орналасқан жері: Efes Art Space, Керемет шағынауданы, 3к1
Күні:25 және 26 қараша, 10: 00-20:00

🐼Ömir Fest фестивалі**

Фестивальдің мақсаты ғаламшарды, жануарлар әлемін және денсаулықты қорғауға бағытталған. Бұл - Қазақстандағы тұңғыш ауқымды фестиваль. Мұнда дәрістер, жанды дауыстағы әндер, диджейлер, балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтары, нетворкинг және басқа да қызықты шаралар ұйымдастырылады.

**Орналасқан жері: Еvent Space Forum, Сейфуллин даңғылы, 617
Күні:25 және 26 қараша, 12: 00-20: 00

👠"Қауіпті байланыстар" көрмесі**
Көрме қазіргі қоғамдағы әйелдердің бастан өткеріп жатқан ащы шындығына негізделген. Яғни, олардың өмірі мен денсаулығында біте қайнасып жатқан қауіптері ашық айтылады. Сонымен қатар әйелдер бостандығы, олардың қоғамдағы рөлі, зорлық-зомбылық, түрлі қысым және теңсіздік тақырыптары қозғалады.

**Орны: Telli Gallery, Достық даңғылы, 250
Күні:25 және 26 қараша, 10: 00-21: 00

🎨Суретші Акзель Бейсембайдың Biz bar edik жеке көрмесі**

Суретшінің табиғат рухын бейнелейтін туындыларында отарлау кезінде табиғаттың қалай зардап шеккені және өзгергені туралы баяндалады. Сонымен қатар империялардың қоршаған ортаға қалай әсер еткені де көрсетіледі.

**Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні:25 және 26 қараша, 12: 00-22: 00

🏵Әсел Кенжетаеваның жеке көрмесі**

Өз жұмыстарында суретші фовизм мен Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінен шабыт алған. Оның туындысында бейнеленген әйел ішкі үйлесімділік пен өмірге деген құлшынысты ерекше жеткізген.

**Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні:25 және 26 қараша, 12: 00-22: 00

🎨"Рахта" көрмесі**

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

**Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3
Күні: 25 және 26 қараша, 11: 00-19: 00

АСТАНА:

✍️Аржан Ютеевтің "Қасқыр жолы" көрмесі**

Суретшінің шығармалары басты құндылықтарға негізделген. Жан. Тарих тамыры. Ұрпақтар арасындағы байланыс. Сезімдер сұлулығы. Ежелгі аңыздар туралы баяндалады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 25 және 26 қараша. 10:00 - 20:00

Айтпақшы, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар!

5 months, 3 weeks ago

Тағы да сәлем қыздар мен жігіттер! Естеріңізге сала кетейік, кімдер комментті көп жазады, солар да киноға тегін билет алады!

1 желтоқсан күні қараша айында “ең белсенді болған оқырманға” билет табыстаймыз!

‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️
Егер бүгін біреу билет ұтып алмаса, уайымдамаңыз, біз билеттерді әр жұма сайын таратамыз.

Арнамыздағы ақпаратты қадағалап отырыңыз. Келесі жолы сұрақтарға бірінші болып жауап бересіз!

Бізде тағы бір жақсы жаңалық бар! Ең белсенді оқырмандарымызды ынталандыруды жөн көрдік. Әр айдың соңында біз ең көп коммент жазған 3 жеңімпазды анықтаймыз, оларға кез келген қаладағы кез келген фильмге 2 кинотеатр билеті беріледі.

Шарт - біздің жазбамыз шыққаннан кейін екі күннен кешіктірмей пікірлер қалдыру керек.

Бізді мақтаудың қажеті жоқ, біз әрқашан объективті сынды қабылдаймыз.
Біз өз тарапымыздан сіздерді пайдалы ақпаратпен байытуға уәде береміз. Жақын арада оқырмандарымызға киноға, музыкаға арналған жаңа бөлімдер сыйлаймыз.
Сонымен, ең белсенді комментаторларға арналған жаңа байқау басталды, оның қорытындысын 1 желтоқсан шығарамыз. Коммент жазыңыздар!

Құрметпен, Үйде жатпа командасы☑️

5 months, 3 weeks ago

💡📆📆📆📆📆 19 қараша

🐏Қарашаның үшінші жексенбісі - Қазақстанның ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні. Бұл мерекені елдің шаруашылық қызметінің дамуына үлкен үлес қосып жүрген агрономдар, бағбандар, комбайншылар мен тракторшылар, сауыншылар, аграрлық ғалымдар, шаруа қожалықтары қызметкерлері атап өтеді. Нақтырақ айтсақ, халықтың күн сайын тұтынатын тағамы мен оның сапасына жауап беретін мамандардың кәсіби мерекесі.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

👤19 қараша – Халықаралық ерлер күні. Бұл күннің мақсаты - ерлердің отбасы мен қоғамдағы рөлін ерекше атап өту. Сонымен қатар мереке ұлдар мен ерлердің денсаулығын сақтау, олардың әлеуметтік, эмоционалдық, физикалық және рухани салауаттылығын арттыруға, ерлер мен әйелдер арасындағы гендерлік қарым-қатынасты жақсартудың маңыздылығын еске салады.

Ер адамдарды атаулы мерекесімен құттықтаймыз!

👩‍💻19 қараша - Халықаралық кәсіпкер әйелдер күні. Көптеген әйел тұрмыс құрғаннан кейін отбасылық өмірге толықтай бет бұрып, мансап жолын құрбан етіп жатады. Бірақ олардың арасында іскер, кәсіпкерлікке қабілеті бар, жаңа тауарлар мен қызметтерді жасауға икемді әйелдер қауымын ерекше атап өтуге болады. Мәселен, бүгінде еліміздегі жеке кәсіпкерлердің жартысы - қазақстандық әйелдер. Олар заңды тұлғалардың 30%-ын, ал шаруа қожалықтарының 25%-ын басқарады.

Барлық іскер әйелдерді мерекемен құттықтаймыз!

🚗Қарашаның үшінші жексенбісі – Дүниежүзілік жол-көлік апаты құрбандарын еске алу күні. Жол қозғалысынан туындайтын келеңсіз жайттар көп болғандықтан, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ережелерді қатаң сақтау талап етіледі. Қауіпсіздікті нығайту мақсатында іс-шаралар жүргізіліп, айыппұл мөлшері артқанымен, жолдарда төтенше жағдайлардың өсуі тоқтамай тұр. Өткен жылы Қазақстанда жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 511 адам зардап шегіп, оның 12 пайызы қаза тапты. Апаттың басым бөлігі Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында орын алады.

Жолда абай болыңыздар!

#күнтізбе #19қараша #жол #көлік

We recommend to visit

Пресеты Лайтрум, Обработка фото
👉🏼 @dandemon

Сотрудничество/реклама - https://t.me/+t4j0Hw05gmQxMTEy

Last updated 1 week ago

3000 голды тут - https://linkwin.ru/stream/katk6338

Last updated 5 months, 4 weeks ago

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы

Last updated 3 weeks, 5 days ago