ҒАЛЫМДАРДЫҢ КҮМӘНДАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ

Description
Аллаһ Тағала Өзінің соңғы Кітабы – Құранда не істеу керек екеніне былай деп нұсқайды: «Егер білмесеңдер, ескерту иелерінен (яғни ғалымдардан) сұраңдар». «Ән-Нәхл» сүресі, 43 аят.
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago

4 months, 3 weeks ago

https://m.youtube.com/watch?v=1bhxz5QlVJQ&feature=youtu.be

YouTube

Не үшін жаңа жылды тойлауымызға болмайды لماذا لانحتفل برأس السنة الميلادية

مرحبا بكم على القناة الرسمية للشيخ د. هيثم سرحان حفظه الله، المدرس بمعهد الحرم بالمسجد النبوي بالمدينة النبوية سابقا، والمشرف على معهد السنة. The official channel of Sheikh D. Haitham Sarhan, may Allah protect him, a former teacher at the Al-Haram Institute…

5 months ago

📖 كيف أدخل في الإسلام): سلسلة علمية للدكتور هيثم سرحان، يتناول فيها أهم القضايا الشرعية على شكل سؤال وجواب.
وقد تناول في هذه الحلقة قضية الدخول في الإسلام، وكيف يصبح المرء مسلما؟ وماذا عليه بعد دخوله في الإسلام؟ وأهم ما يحتاجه المسلم الجديد للتدرج في تعلم الإسلام.

«Исламға қалай кіремін»: шейх, доктор Хайсам Сарханның бұл ғылыми топтамасы өзінің құрамына сұрақ-жауап түрінде келтіріліген ең маңызды шариғи мәселені қамтыған.
Бұл топтамада Исламға кіру мәселесіне, сондай-ақ адамның қалайша мұсылман болуына, ол Исламға кірген соң не істеуі керектігіне әрі жаңадан мұсылман болған адамға Исламды бірте-бірте оқып үйренуде қажетті болған ең маңызды нәрселерге қатысты сұрақтардың жауаптары жинақталған.

5 months ago

"Бірқұдайшылық-таухид" көрнекі тақтасы
📌 Таухидтың үш түрі (әл-улуһия, әр-рубубия, әл-әсма уа-с-сыфат)
📌 Діннің үш дәрежесі (Ислам, Иман, Ихсан)
📌 Тыйым салынған нәрселер (үлкен және кіші ширк, үлкен және кіші күнәлар)
✏️ Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" көлледжі

6 months ago

Құрметті ғұлама шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) былай деді:

«Соңғы жағдайларға байланысты кейбір мәселелер:

— Тауфиқ берілген (хақтың үстіндегі) сүннет иесі басшысына берген байғатынан (бағынуға берген сөзінен, сертінен) бекем ұстанады, (эмоцияға бой алдырып митингтерге шықпайды, басшының рұқсатынсыз соғыс алаңына кетіп қалмайды), басшысы үшін (туралық пен тауфиқ сұрап) дұға қылады, қолынан келгенше басшысының құрметін сақтайтындай көріністе оған (жасырын, жанашыр түрде) насихат қылады әрі насихат қылумен шектеледі, сондай-ақ өзі басшысын сөкпейді және өзгелердің де оны сөгуіне разылық білдірмейді.

— Тауфиқ берілген сүннет иесі таухид пен сүннет және дәлел иесі деп танылған үлкен ғұламаларға сенеді әрі бүкіл жағдайда дінін (діннің үкімдерін) олардан қабыл алады.

— Біз анық білетін нәрсе: Палестинадағы бауырларымыз – жәбір шегушілер, зұлымдық көрушілер, ал сионисттер болса, олар – дұшпандар, кәпірлер, залымдар, шектен шығушылар және қылмыскерлер (жауыздар, қанішерлер). Аллаһ Тағаладан сионисттерді қорлауын және Палестиналық бауырларымызды құрметке бөлеуін сұраймыз.

— Біздің Палестиналық бауырларымызға беретін жәрдеміміз олар үшін үздіксіз дұға қылумен, шама-шарқымыз жеткенше ресми жолдар арқылы оларға қаржылау және гуманитарлық қолдау көрсетумен болу керек. Әрі қолдан келгенше көмектесуге әрбір мұсылман күшейтпелі көріністе қызықтырылады. Негізінде осындай қиын-қыстау кезеңде мұсылманның жәрдем берушілердің қатарынан көрінбеуі – неткен жаман көрініс!

— Адасқандар мен экстремисттік ұйымдар адамдарды өздерінің жалған жолдары мен адасқан идеялогияларына қосу мақсатында Палестиналық бауырларымыздың жарақаттарын пайдаланып, мұсылмандардың эмоцияларымен ойнап отырады.

— Адасқандар мен экстремисттік ұйымдар көптеген мәселелерде келіспеулеріне қарамастан, (жазықсыз жандардың қандары төгілу үшін) бір-біріне сілтеп, бір-бірін мақтап жүреді. Олардың басты мақсаты – мұсылмандарды алғашқы буын ізгілерінің жолымен жүретін, таухид пен сүннеттен ұстанатын және пайдалы ілім тарататын үлкен ғалымдардың жолынан тосу».

🔖 Бұл пәтуа шейхтың твиттердегі ресми парақшасынан алынған.

📝 Пәтуаның араб тіліндегі түпнұсқасы: https://twitter.com/solyman24/status/1720388991025905912?t=40eheOPiiAZNrrLkfyV76g&s=19

#Палестинаға_қолдау

X (formerly Twitter)

سليمان الرحيلي (سليمان بن سليم الله) on X

نظرات في ظل الأحداث * السني الموفق يلزم بيعته لولي أمره ،ويدعو له، ويناصحه بما يحفظ هيبته ويقف عند النصيحة ،ولا يسب ولي أمره ولا يرضى أن يسبه أحد * السني الموفق يثق بالعلماء الأكابر أهل التوحيد والسنة والدليل، ويأخذ دينه عنهم في كل أموره * اليقين المجزوم…

6 months ago

📌PS: Раббани - дін мен мұсылмандардың жанашыры болған ғалымның сөздері дәйекті әрі әділ әрі мүмин жүрекке қонымды болады. Онда сондай-ақ мұсылмандарды немесе әлдебіреуді кемсітіп келемеждеу мен лақап тағысу сияқты нәрселер де жоқ.

Шейх (Аллаһ оны есендікте сақтасын) бойкот жариялайтын кісілер ең алдымен мұсылмандардың мүдделерімен санасумен, оларға зиян тигізуден сақ болумен және осы мәселені оларды күнәхарлықта және басқа да лақап аттар тағысуға құрал етуден аулақ болумен шарттады.

Дәл осы сөздер бойкот жарияламайтын және осы мәселеде басқа пікірді ұстанатын мұсылмандарға қатысты: олар да осы мәселеде бойкот жариялайтын бауырларды хауариж, ихуан, сынды лақап аттармен айыптап, олардың үстінен күліп, келемеждеп ислам дұшпандарының шашбауын көтеруші болып кетпеуін әрі кезінде "маска тақпағандар хауариждер" деп, осыны да мұсылмандарды бөліп жіктеудің құралы етпеуін ескертер едік.

Аллаһ барша мұсылмандарды бүкіл жамандықтардан сақтасын, оларды таухид пен сүннетте біріктірсін, ислам мен мұсылмандарды ұлықтасын, бүкіл жәбір шегіп жатқандарды қорғасын, Ислам мен мұсылмандардың дұшпандарының айлалары мен жауыздықтарын өздеріне қарсы бағыттасын.

6 months ago

Израильді қолдайтын өнімдерге бойкот жариялау жайында

Бұл турасында шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) былай деді:

«Менен бауырым осы күндері кейбір өнімдерге бойкот жариялау жөнінде сұрауда. Жауап ретінде айтарым: Бойкот жариялау екі түрлі көріністе болмақ:
1. Мұсылмандар иеленетін, әрі ол жерде (дүкенде, базарда, заводта, фабрика мен фирмада) мұсылмандар жұмыс жасайтын өнімдерге бойкот жариялау. Ол мұсылмандар сионисттерге қолдау көрсетпейтінін біле тұра, олардың өнімдеріне (саудаларына) бойкот жариялаудың басым немесе бүкіл зияны мұсылмандарға келіп тиеді. Тіпті олардың сатып жатқан өнімдерінің түпкі иелері кәпірлер болса да. Сөзсіз бұндай бойкоттан мұсылмандарға еш пайда жоқ, керісінше оның артында мұсылмандардың экономикасын әлсірету, ыдырату саясаты жүріп жатыр;

  1. Кәпірлер иеленетін немесе сионисттерді қолдайтын елдерден келетін өнімдерге бойкот жасау. Егер жеке бір адам өздігінен ол өнімдерге бойкот жасаймын десе, жасай берсін. Оның артында ол үшін жақсылық әрі сауап бар. Сондай-ақ, Аллаһ Тағаладан ол бойкоттан мұсылмандарға пайда тигізсін деп сұраймын. Ал, адамдардың барлығын бойкот жаряилауға міндеттеу, бойкот жарияламағанды күнәхар немесе қылмыскер қылу және сауда-саттықты харамға шығару – жеке бір адамдардың ісі емес. Бәлки, бұндай үлкен үкімдерде билік пен білім иелеріне жүгіну қажет. Өйткені, бүкіл халыққа бірдей үкім беру – билік пен білім иелеріне ғана тиесілі болған шариғи үкімдерден болып табылады».

🔖 Бұл пәтуа шейхтың твиттердегі ресми парақшасынан алынған.

📝 Пәтуаның араб тіліндегі түпнұсқасы: https://twitter.com/solyman24/status/1719299420406116614?t=oZG4KO8INO4x9teXw9v8Gg&s=19

X (formerly Twitter)

سليمان الرحيلي (سليمان بن سليم الله) on X

يسألني أخي عن المقاطعة للمنتجات ونحوها هذه الأيام فأقول : هي نوعان : الأول : مقاطعة لشركات يملكها مسلمون ويعمل فيها مسلمون ولا تدعم الصهاينة وضرر المقاطعة كله أو جله يعود على المسلمين ولو كانت الشركة الأم يملكها كفار ، فهذه المقاطعة ليس فيها مصلحة للمسلمين…

6 months, 2 weeks ago
9 months, 2 weeks ago

📖🎙🔈 "САЛИҚАЛЫ ӘЙЕЛ, АДАЛ ЖАР БОЛУДЫҢ ЖОЛЫ"
жолдауын оқу
Қазақ тіліне аударған "Абу Ханифа" мирасы сайтының редакциясы

  1. Салиқалы әйел ол кім?
  2. Салиқалы ізгі әйел бұл дүние игіліктерінің ең қымбаты.
  3. Салиқалы әйелдің Құран мен Сүннетте келген сипаттары.
    https://t.me/abuxanifa/2073
  4. Салиқалы әйелдің бір мысалы
    Атақты табиғин (ол туралы ол сахаба болған деп те айтылады) Абу Умайя Шурайх ибн Қайс өз аузымен айтып берген Зәйнаб бин Жәрир атты әйелге үйлену және тұрмыс құру қиссасы.
    https://t.me/abuxanifa/2074
  5. Салиқалы әйел сақтануға тиіс жағдайлар.
    https://t.me/abuxanifa/2079
  6. Күйеуге күтіп қараудың бір мысалы: Асма бинт Абу Бакрдың күйеуіне қалай қызмет жасайтыны туралы хабары.
  7. Салиқалы сәләфтардан болған бір ананың өз қызына тұрмыс құру алдында берген өсиеті.
    https://t.me/abuxanifa/2083
  8. Әйелдің негізгі қақылары
  9. Қорытынды
    https://t.me/abuxanifa/2086
10 months, 1 week ago

https://t.me/sunnetpen_tanysu

Telegram

КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

Арна балалар мен үлкендерді Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен таныстыруға арналады

ҒАЛЫМДАРДЫҢ КҮМӘНДАРҒА БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ
10 months, 3 weeks ago

"ҚҰРБАНДЫҚ"
"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago