Tolib's Notes

Description
Өзіңе пайдалы болған нәрсеге ұмтыл!

Анонимді (жасырын) сұрақ қою:
t.me/anonaskbot?start=notesoftolib

Араб тілінде осында жазамын: https://t.me/raudattullab
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 2 months, 1 week ago

1 day, 12 hours ago

Құран жаттауда қиналып жүрсің бе?

وَلَقَدۡ يَسَّرۡنَا ٱلۡقُرۡءَانَ لِلذِّكۡرِ

«Расында, Біз Құранды (адамдар) оған ой жүгіртсін һәм ғибрат алсын деп (адам баласының тілінде түсіру арқылы) жеңілдеттік».

Осы аятты кей тәпсірші ғалымдар "жаттауға жеңіл еттік" деп түсіндірген.

Құран – өмір деп алатын болсақ, сен сол өмірге алғаш келген сәби секілдісің. Алғаш әріп танып, ежелеп оқып бастаған кезің сәбидің еңбектеп бастаған сәтіне ұқсайды. Құранға түсіп, жаттап бастаған кезіңде енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан бала секілді боласың. Кішкентай сәби бастапқы уақытта жүруді үйренгенімен, он шақты қадам жасап, қайта отырып қалады. Сен де сол сәби секілді, бастапқыда 3-4 қатар жаттап, одан арғысына шамаң келмей қалуы мүмкін. Алайда "мен жаттай алмаймын, менің зейінім нашар" деп тоқтап қалмау керек. Кішкентай сәби қанша рет тырысып, үлкен нәтижеге бір сәтте жете алмаса да, уақыт өте келе тұрақты әрекетінің арқасында ұзақ жүруді, тезірек жүруді, тіпті жүгіруді үйреніп алады. Сен де, егер жаттауды тоқтатпайтын болсаң, зейінің ашылып, бір күнде жарты бет, одан соң бір бет, кейін екі бет, т.с.с. үлкен нәтижеге жететін боласың. Бірақ та сенен талап етілетін нәрсе – сол кішкентай сәбидің бойындағы тұрақтылық пен шыдамдылық.

Сондықтан қазіргі әрекетіңді тоқтатпа. Қазір 2-3 қатар жаттау сен үшін үлкен нәтиже болып көрінбеуі мүмкін. Алайда сен күніге 2-3 қатар жаттауды тоқтатпасаң, 1 айда 6 бет, 1 жылда 2 пара жаттап тастайсың. Әрине, бұл тек біздің есеппен. Алланың ﷻ есебі мүлде басқа. Ол ﷻ біздің ақылымызға сыймайтын нәрселерді жасаушы.

Тәуекел ет те, тоқтама! Сенің қолыңнан келеді.

2 days, 6 hours ago
2 days, 6 hours ago
2 months, 3 weeks ago

Оқушылардың арасында кең тараған проблемалардың бірі - араб тілін дұрыс жолмен үйренбеулері.

Кейбір оқушылар ұстаздардың аудармаларын тыңдап қана кітаптар бітіруі мүмкін. Ұстаздың аудармасын “запиське” жазып алып, қайталау мақсатында қайта тыңдап шығатын да шығар. Алайда, бұл істің пайдасы өте аз. Өйткені, бұндай оқу жолымен оқушыда араб тілін түсіну қабілеті пайда болмайды. Білімінің шегі сол оқып жатқан кітап қана. Оның өзінде, ол білім ұзаққа созылмайды.

Оқушы шамасы келсе ұстаздың алдында өзі оқып беріп, аударғаны дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмайтын болса, онда ұстаздан негізгі кітаптан бөлек сол деңгейдегі қосымша кітаптар сұрап, соны оқыса нұр үстіне нұр. Түсінбеген жерлерін ұстаздан келіп сұраса, сол кезде кітап тілін түсінуде қабілет пайда болады.

Оған байланысты тағы әңгіме көп. Алайда, ұзақ жазбаларды көп адам оқымайтыны анық қой. Сол үшін, ара-арада осылай бөліп шығарған дұрыс шығар. Әйтсе де, мынаның өзі де ұзарып кетті.

2 months, 3 weeks ago

Діни салаға оқуға түскен бауырым, дәл қазір сен отырған орынға сенен де ықыласы мықты, сенен де ұлы мақсаттары бар шәкірттер таласты.

Бірақ олар оқуға түсе алмай қалып, олардың орнында мына сен отырсың.

Бәлкім Алла олардың бойында жоқ бір жақсы қасиетті сенен байқап қалды. Енді сол орынға лайықты бола біл.

©️Шейх Али әл-Умари (хафизаһулла)

3 months, 1 week ago

Жұбайымның бұл кітабын енді оқып көріп жатырмын)
Күшті жазылған екен.

5 months, 3 weeks ago

Шариғат біліміне қатысты.

Кімнің қайда оқығаны емес, қалай оқығаны маңызды.

Ұстаз Қайрат Құрманбаев

5 months, 4 weeks ago

Итке сүйек тастағаның қайырымдылық емес. Өзің де аш отырып итпен сүйек бөліскенің қайырымдылық. (Дж. Лондон)

Қайыр берген қол бата берген ауыздан артық. (Ингерсолл)

?"Бір кем дүние", Шерхан Мұртаза

7 months ago

Сұрақтар, ұсыныстар, идеялар болса айта отырыңыздар.

http://t.me/anonaskbot?start=notesoftolib

8 months ago

Бір іс күнә деп аталуы үшін екі шарт болуы керек:

  1. Әдейі жасаған болу керек;
  2. Біліп тұрып жасаған болу керек.

Егер екі шарттың бірі табылмайтын болса, онда мәжәзи тұрғыда күнә деп аталады.

Оның мысалы Адам пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) оқиғасы. Ол Алла тыйым салған ағаштан жеу күнә екенін біліп тұрса да ұмытып жеп қойды.

©Шейх Ибраһим Шағбан (хафизаһуллаһ)

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 2 months, 1 week ago