Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

"ИМАН ЖАСТАРЫ"

Description
🌐 Біздің каналдарымыздың сілтемелері:⤵️

📸 Instagram.com/iman_zhastary
🔷️ vk.com/iman_zhastary
🔵 facebook.com/Imanzhastary
🔴 www.youtube.com/channel/UChxEnSIGsTs4bkwZr-j6TrA
Advertising
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 day, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago

3 years, 2 months ago
[@iman\_zhastary](https://t.me/iman_zhastary) - Ережеп айы***🌙***

@iman_zhastary - Ережеп айы🌙

Әнәс ибн Малик, оған Алла разы болсын, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Ережеп айы келгенде мына дұғаны оқығанын жеткізді:

اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَانْ

Аллахумма барик ләна фи Рәжаба уә Шаъбана уә балиғна Рамадан

«Уа, Аллаһым! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!»

[ "Шу’абул Иман", 3534, "Ибни Сунни", 660, "Мухтасар Зауаид Баззар", 662 ]

🍃 Әбу Бәкір әл-Балхи: "Ережеп – тұқым себу, шағбан – суару, ал Рамазан – соның жемісін жинау айы. Тұқымын сеуіп, оны суармаған адам қалай жемісін көрсін?" - деген екен...

2021 жылдың 13 ақпан күні, Ережеп айының бірінші күні.

@iman_zhastary - достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!

#ережеп #ережепайы #раджап

3 years, 3 months ago

Ұстаз Ерген Құмаров @yergen_kumarov

Атыраудағы сапарынан үзінді...

Оқырмандардың сұрауы бойынша)
Ал, қабыл алыңыздар! 😁

Бөлісе кетіңіз. 😜

💎 t.me/iman_zhastary

3 years, 3 months ago

Nur al - ISLAM
Ислами сұрақ жауаптан біліміңді тексер
https://t.me/Nurkhozha_kz

Парақшаға жазылып қойыңыздар! Көп пайда аласыздар!!!

Telegram

Nur al - ISLAM

Ислами сұрақ жауаптан біліміңді тексер

Nur al - ISLAM
3 years, 10 months ago

л кітаптың ішіндегі мағынасын бұрмалады, сондықтан оның кітабын оқуға болмайды. 

Ибн Әби әл-Изз тахауия ақида кітабына түсініктеме беруші, оның сөздерін қазіргі “жалған сәләфилер” дәлел ретінде келтіруде. Алайда ханафи мәзһабының имамдарының айтуы бойынша, олИбн Әби әл-Изз ханафи мәзһабынан болып есептелмейді және ақида турасында да. Ол расыменде «әл-Ақида әт-Тахауия» сөздерінің мағынасын бұрмалады, шынайы мәзһабқа қарама-қайшы келді таухид мәселесінде. Жалған сәләфилер оның (ибн әл-Изздің) сөздерін дәлел ретінде келтіреді, яғни ханафи мәзһабының ғұламасы етіп көрсетіп. Бұның барлығы жалған болып табылады, керсінше ханафи мәзһабының ғұламалары оны терістеді, соның ішінде имам-мухаддис шейх Мулла Әли әл-Қари (д.ө. 1014 һ.ж.) бірнеше рет оны атап өтті, өзінің «Шарх әл-Фиқһу әл-Әкбар» атты кітабында. Және түсіндірме берді ол ханафи мәзһабының ақидасына ерушілерден болған емес деп, керсінше ол дінге жаңалық енгізген [бидғат] және дұрыс емес мәзһабта болды. Оған дәл осындай мәртебе берді ханафи мәзһабының ғұламалары. 

Шейх Әли әл-Қари әл-Ханафи (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Шарх әл-Фиқһу әл-Әкбар» атты кітабында 72-бетте, Ибн Әби әл-Изз жайында былай деп түсіндіреді:

قال الشيخ القاري في ( شرح الفقه الاكبر ) ص ( 72 ) : ( والحاصل ان الشارح يقول بعلو المكان مع نفي التشبيه وتبع فيه طائفة من أهل البدعة ) اه 

«Жалпы алғанда түсініктемеші [ибн Изза], жоғарылық жайында айта отырып [Алла аспанда деп айтады] және сол мезетте ташбихті [ұқсатуды] жоққа шығарады және дінге жаңалық енгізген адасқан топтарға осы жерде еруде». 

Әрі қарай сол бетте Әли әл-Қари былай деп айтқан:

وقال أيضا ص ( 1 72 ) ما نصه : » ومن الغريب أنه استدل على مذهبه الباطل برفع الأيدي في الدعاء إلى السماء . . » اه‍. 

«Түсініксіз болған жері, ол дәлел келтіруде теріс мәзһабтан, дұға қылған кезде қолды аспанға көтеру керек деп … ». Өзінің замандастарынан болған ғұламалар арасында – Ибн Әби әл-Изз ақида турасында сөгіс естіген болатын, өйткені ол Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) исматын [күнәдан пәктігін] даттады. 

Тағы имам Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи «Шарх әл-Фиқһу әл-Әкбар» атты кітабында, 198-бетте:

و الحاصل أن الشارح يقول بعلو المكان مع نفي التشبيه وتبع فيه طائفة من أهل البدعة ، وقد تقدم عن أبي حنيفة رحمه الله أنه يؤمن بالصفات المتشابهات ، و يعرض عن تأويلها و ينزه الله تعالى عن ظواهرها و يكل علمها إلى عالمها كما هو طريقة السلف 

«Қорытындысы тәпсірлеуші («Ақида Тахауияға» шарх жасаған адасқан Ибн Әби Әл-Изз) ұқсатусыз (ташбих) мекенмен көтерілуді айтып тұр және бұл мәселеде ол Әһли бидғатқа (адасқандарға) ерді. Ақиқатында Әбу Ханифадан (оған Алланың рақымы болсын) жеткені, оның муташаббихат сипаттарына иман келтіріп, тәпсірлеуден сақтанып, Алла тағаланы СЫРТҚЫ МАҒЫНАДАН (захир) ПӘКТЕП және сипат жайлы ілімді оны Білушіге (яғни Алла Тағалаға) қалдырған, өйткені бұл СӘЛӘФУ СОЛИХТАРДЫҢ ЖОЛЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ». 

Хафиз ибн Хаджар әл-Әсқаляни (оған Алланың рақымы болсын) 773-852 һ.ж., «Инбау әл-Ғамар» 2/96, кітабында былай деп айтқан:

قال الحافظ ابن حجر العسقلاني في ( إنباء الغمر ) ( 2 / 96 ) : ( وأن العلماء بالديار المصرية خصوصا أهل مذهبة من الحنفية أنكرواذلك عليه ) 

«Мысырлық ғұламалар, әсіресе ханафи мәзһабының ғұламалары, оны теріске шығарды оған».

Әрі қарай сол кітаптың 97-бетінде, Хафиз Ибн Хаджар былай деп айтқан:

وذكر الحافظ ابن حجر أيضا في » إنباء الغمر » ( 2 / 97 ) » أن ممن أنكر على ابن أبي العز من الحنابلة : » زين الدين ابن رجب ، وتقي الدين ابن مفلح وأخوه . . 

« «Ибн Әби әл-Иззді теріске шығарған, ханбали мәзһабынан Зайнуддин ибн Раджаб, Тақиюдин ибн Муфлиқ, және оның ағасы …». Осылайша белгілі болды, ибн Әби әл-Изза сияқтылардың дәлелі дұрыс емес екендігі. Бұл біздерге жалғандықты және ақымақтықты көрсетіп тұр, және ондай адамдарға ең надан адамдар күлетін болады. 

Автор: Махди Шамсуддин Ханафи

Дерекнама: darulfikr.ru

Аударған: darulahnaf.com

3 years, 10 months ago

е бас қойған кезі». 

Және имам Мәлік (оған Алланың рақымы болсын), төмен түсу туралы хадисті, Алла Болмысымен емес, Оның әмірі түседі деп түсініктеме берді: «Біздің Раббымыз төмен түседі дегеніміз, яғни Оның әмірі түседі дегеніміз. Оның Болмысына келер болсақ, онда Ол тұрақты және өзгермейді (яғни, қозғалмайды)». 

ЕКIНШI. ИБН ӘБИ ИЗЗ, СОНЫМЕН БІРГЕ МУХАҚҚИҚ (ӘЛ-ӘЛБӘНИ), ЖАЛҒАН СӨЙЛЕП, МЫНА АДАСҚАНДАРДЫҢ АҚИДАСЫ, СОЛ ИМАМ ӘТ- ТАХАУИЯНЫҢ АҚИДАСЫ ДЕП, МӘЛІМДЕП ЖҮР. 

Ол (Ибн Әби Изз) 133-бетте былай деп айтқан: 

«Жаратылыс тізбегінің бастауа бар деп айту, міндетті түрде Алла Тағаланың – әлемді жаратпай тұрғанда, Ол Алла - Жасаушы болмаған, тек Ол әлемді жаратқаннан кейін, сол сипатқа ие боларын мәлімдеген (яғни Жаратушы сипатына)». 

Бұл Алла Тағаланың айқын келген сөздеріне қайшы келетін сенгізсіз сандырақ: «Ол Алла әуелгі», – Және мына хадиске де қарсы келіп тұр: «Алла Тағала бар болды, және Онымен бірге еш нәрсе болмады» — немесе, тағы бір риуаятта: «Өзінен (Алладан) басқа еш нәрсе болмады». 

Егер Ибн Әби Изздің ұяты болғанда, онда ол бұндай адасушылықтарды (оның ішінде Алла Тағала Болмысының шектеулігі тұжырымы) имам әт-Тахауияның (оған Алланың рақыма болсын) мәтініне түсініктеме ретінде бермес еді, өйткені, бұл мәтіннің өзінде былай деп келтірілген: «Ол (Алла) барлық шектеулерден аса пәк, және қандай да болса шектеулерден болудан, не бөліктерден тұрудан, не қандай да бір дене мүшелерден болудан аса пәк». 

Тағы да қайталап сұраймын: қалайша Әлбани мен Шауиши осындай жиіркенішті нәрсеге ұялмай ат бастарын тірейді!? 

ҮШIНШI. ИБН ӘБИ ИЗЗ ӨЗ АДАСУШЫЛЫҚТАРЫН РАСТАУ ҮШIН, ЖАЛҒАН ХАДИСТЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ. 

Мәселен, Алла Тағаланың Болмысымен жоғарыда орналасқанын растағысы келіп, ол келесi жалған хадисты дәйексөзге келтiредi: «Жәннәт тұрғындары рахатқа бөленген кезде, кенеттен жарық көрiндi, олар көздерін көтеріп, жоғарыда өздерінің төбесінде, Алла Тағаланы көреді, Ол оларға: “Сендерге сәлем!” — деді». 

Хадис жеткізушілердің тізбегінде – Әбу Асым әл-Аббадани, ол сондай-ақ өзінің Абдулла ибн Убайдуллах деген атымен танымал. Әз-Захаби ол жайнда «Әл-Мизан» кітабында (2 том, 458-б.), былай деп жазады: «Бұл жеткізуші өте әлсіз». Әл-Хафиз ибн Хаджар ол өзінің «Лисануль Мизан» кітабында (3 том, 314-б.): «Одан (әл-Абаданиден), ол Фадля әр-Раккашиден, ол ибн Мунқадирден, ол Джабир әл-Укайли хадис келтіреді: «Жәннәт тұрғындары рахатқа бөленген кезде, кенеттен жарық көрiндi…» — деген хадиске, Әл-Укайли айтады: «Бұл хадис тек қана сол тізбектен ғана келеді (яғни әл-Аббаданиден) …» Ал Фадаля әл-Раккашиге келетін болсақ, одан Әбу Асым әл-Аббадани жеткізді, бұл жерде Мухаддистер оның жеткізуін Мункаруль хадиске жатқызады (яғни әлсіз хадистердің бір тармағы), бұған әл-Хафиз өзінің «Әт-Тақриб» кітабында нұсқайды. Ибн Удайяның кітабында «Әл-Кямиль фи ддуафа», былай деп айтлыған: «Әл-Бұхари, ибн Уйенаның сөздерін былай деп жеткізеді: «Одан (әр-Раккашиден) хадис жеткізуге болмайды!». 

Құрметті оқырмандар, хашауиттер, өздерінің адасқан ақидасын жалған (не өте әлсіз) хадистермен қалай ғана расстағысы келгенін қарап көріңіздер! 

Ибн Әби Изз дәл осындай және уаххабилер аууам халық арасында жайып жүрген ақидасы да осындай. Осының барлығынан кейін, ол туралы Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи «Фиқһул Әкбар» кітабынынің (172 б.) түсіндірмесінде, Ибн Әби Изза жайында: 

«Ол жалған мәзхабтың өкілі, және дінге жиіркенішті бидғатты кіргізетіндердің артынан еруші» 

Ибн Әби әл-Изз және оның шархы ақида әт-Тахауияға жасаған. 

Соңғы кездері ғаламтор желісінде «әл-Ақида әт-Тахауияға» қандай да бір ғұламаның шарх жазған еңбегін табу өте қиын, тек қана ибн Әби әл-Изз әл-Ханафиден басқасынан, ол ибн Таймияның соңынан ерушісі болып табылады. 

«Әл-Ақида әт-Тахауия» кітабы, бұл имам Әбу Джағфар әт-Тахауи әл-Ханафи (оған Алланың рақымы болсын), Сүннет жолын ұстанған үмбеттің діни-танымдық қағидаларын шегендеп берген шағын еңбекке талай ғалым-ғұламалар шарх-түсініктемелер жазған. Ол түсініктемелерге де қосымша түсіндірмелер жасалған. Сондай-ақ біздерге белгілі болған 11-Ханафи мәзһабының шейхтары бұған пікір жазған. Ал Ибн Әби әл-Изге келетін болсақ, о

3 years, 10 months ago

әз-Захаби де, күпірлікке түсіп қалды, өйткені олар, Алла Тағала Болмысының шектеулі екендігіне сенбейді. 

Ал, әз-Захаби болса, «Мизанул иитидал» кітабында (III т., 507 б.) былай деп жазады: «Ақиқатында, шектеу жайында ой жүгірту – кәләмнің нысапсыздығынан». 

Тағы, «Сияру Алямун нубәлә» кітабында (27 т., 16 б. ) былай деп айтқан: «Шектеулермен немесе Ол Өзін-Өзі (Құран мен Сүннетте) келмеген бейнелермен сипатталудан, Алла Тағалә аса пәк болғай». 

Д. Ибн Әби Изз өз түсiнiктемесінде Алла Тағала белгілі бір тарапта (джиха) орналасқан деп бекіткен, және әрбір осы адасушылықты қабылдамаған адаммен қатыгез күрес жүргізген. 

Сөйтіп, шархының 221-беттінде, ол (Ибн Әли Изз) былай деп жазады: 

«Бағыт (джиха) жайлы сөз қозғасақ, онда ол (бағыт) жайында жобалап түсінуге болады, бар болғанға да және жоқ болғанға да (яғни көрінбегенге). Алайда, анық болғандай, Жаратушы мен Оның жаратқандарынан басқа ешнәрсенің жоқ екені белгілі». 

(Ибн Әби Изздің сөзі осы жерден аяқталды). 

Анығында, хашауиттер әрқашан осы секілді айлаларға жүгініп келеді. Ибн Қаийм, мәселен, Жаһаннамның мәңгілік емес екендігі жайлы адасқан пікірді дәлелдеу үшін, неше түрлі айлаларды қолданатыны бізге мәлім. 

Ибн Әби Изздің Жаратушыны, жаратылған нәрсемен қалай салыстыруға тырысқанын енді қараңыз. Оның сөздерінің мағынасы, келесі нәрсеге сай келеді: қандай жаратылған нәрсе болса да, әйтеуір бір тарапта, қай жақта орналасқан болса да, сол сияқты Алла Тағала да, әлдебір тарапта қайсы бір жақта болса да тұрақтанған, себебі жаратылған да, Жаратушы да: екеуі – бар болған нәрсе. 

Бұл салыстыру (қияс) қате және пұтқа табынушыларға ұқсас келеді. 

Кейін Ибн Әби Изз (осы бетте) былай деп жазады: «Егер де, бағытта (джиха) астарлай, ең жоғарыда орналасқан жаратылмаған болмыс меңзелсе, онда ол жерде, Алла Тағаладан басқа ешнәрсе болмағаны. Және, осы тұжырымға сай, Алла Тағала: әлдебір тарапта деп келсе, онда бұл пікірді дұрыс деп қабылдау керек». 

(Ибн Әли Изздің сөзі осымен аяқталды). 

Ибн Әби Изз, Алла Тағаланы, жаратылған әлемнің сыртында, әлдебір тарапта тұрақтанып тұр деп, және Алланың орныққан аймағын, жаратылмаған болмысқа жатқызғандығын мәлімдеген. 

Осылардың барлығынан кейін, Ибн Әби Изздің Құдайы — белгілі бір жерде орналасқан деп, хашауиттер соны талқылауды сондай жақсы көретін, әрі оны өздері қате түсінген, күңнің саусақпен көрсеткені секілді келген танымал хадистегідей, саусақпен көрсетуге болатынына таң қалуға болады ма екен? 

Қалайша, орныққан орын немесе аймақ, жаратылмаған болмыс болуы мүмкін!? Шыныменде, жаратылмаған болмысқа, қолмен көрсете аласын ба? 

Ибн Әби Изз Алла Тағала жаратылған әлемнiң жеке бөлiктерiне жақын (тура мағынасында) деп мәлiмдеген. 

Ибн Әби Изз, сондай-ақ, 282-бетiнде былай деп жазады: 

«Одан кейін, қалайша ақыл, Алла Тағаланың әлемдердің кейбір бөліктеріне жақын емес деп есептейді: сол кезде Ол, аспанғы Аршының үстінде немесе Ол қалаған жаратылысты Өзінің [Болмысына] жақындатпағаны ма!? Еш күмән жоқ, кімде-кім, осыны (Алла Тағаланың әлемге Болмысымен жақындығын) теріске шығарса, Алла Тағаланы қажетті деңгейінде бағаламағандар!!!». 

Бұдан басқа, Ибн Әби Изз, Алла Тағала әр түні Болмысымен төменгі аспанға түсетінін мәлімдеген. 

286-шы бетiнде Ибн Әби Изз былай деп жазады: 

«12-шi тармақ: Алла Тағаланың төменгі аспанға Болмысымен түсуіне айқын нұсқау. Өйткені, бұндай жоғарыдан төмен түсу, барлық діни жамағаттардың пікірі бойынша, толығымен санаға қонымды. 13-шi тармақ: Өзінің Құдайын бәрінен жақсы танитынын көрсеткеніндей (саусақпен), сол секілді, Оған жоғары көтерілген саусақпен көрсетуге рұқсат». 

(Ибн Әби Изздің сөзі аяқталды). 

Ибн Әби Изз, Алла Тағаланың келесi сөздерiн оқымады ма?: 

«Егер құлдарым, Мен туралы сұраса, өте жақынмын». 

«Өйткені, Алла өте кең, аса білуші». 

«Сондай-ақ Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге». 

«Ол көктер мен жерде болған нәрселерді біледі. Сондай-ақ, жасырғандарыңды да, әшкерелегендеріңдіде біледі». 

«Және бiз оған күре тамырынан да жақынбыз». 

Имам Муслим (оған Алланың рақымы болсын), келесі хадисті келтіреді: 

«Құлдың Раббысына ең жақан болған сәті – сәдждег

3 years, 10 months ago

ді. Үшiншi пiкiрді Әһлу Хадис имамдары, яғни: әлемнің бастаусыз және шексіз екендігін алға тартады». 

(Ибн Әби Изздің сөзі осы жерден аяқталды). 

Қараңызшы, қалайша хашауилер ұялмай, айқын күпір сөздерiн хадис имамдарына қосып жазғанын! Ибн Әби Изздің мәлімдеуінше, хадис имамдарының пікірі бойынша: жаратылыс тізбегінің бастауы жоқ, яғни, басқаша айтқанда, бұл тізбек – мәңгілік болғаны, алайды оның құрама бөлшектері, бөлек-бөлек алғанда — жаратылған! Күмән жоқ, бұл хадис имамдарына жабылған жала және олар бұндай адасудан аулақ, себебі Құранның көптеген аяттары: жаратылыс тізбегінің бастау жоқ деп айту – қате екендігін айқан көрсетіп тұр. 

Мысалға, Алла Тағаланың сөзін еске түсірейк: «Ол [Алла] әуелгі». 

Оны (тусініктемені) теріске шығаратын кіршіксіз таза сүннетте де, Алла Елшiсiнің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзі бар. Имам әл-Бұхари (оған Алланың рақымы болсын) келтірген хадистерінің бірінде, былай деп келеді: «Алла бар болған және Одан басқа еш нәрсе болған емес». 

Б. Алла Тағаланың Сөзі – дыбыстар (саут) мен әрiптерден (харф) тұратыны туралы тұжырымы. 

Ибн Әби Изз түсініктемесінің (шарх) 196-бетiнде, былай деп жазған: 

«Ол, Алла, естілетін дауыс арқыла сөйлейді». 

(Ибн Әби Изздің сөзі осы жерден аяқталды). 

Ескерте кетейік, ибн Таймия түсіндіре келе, бұл дауысты сипаттаған кезде, оны күннің күркiреуіне ұқсатқан. [«Муфакату сарихул-маакул», II т., 151 б.] 

В. Жаратушы Алланың Болмысында жаратылған феномендердің (ерекше құбылыстарының) қатысуы туралы тұжырым. 

Ибн Әби Изз түсініктемесінің (шарх) 177-бетiнде, былай деп жазған: 

«Егер бiзге осы тұжырымды сұраса, Алла Тағаланың Болмысында жаратылған феномендердiң бар болуын мойындауға әкеледі деген болса, онда бiздің жауабымыз: мына сөздер (Алланың Болмысында жаратылған феномендердің бар болуын теріске шығару туралы) жалпы мағынаға ие; Сiздерге дейiн өмiр сүрген қандай танымал ғалымдар осы мағынада ерекше Мейрімді Алла Тағаланың Болмысында жаратылған феномендердiң бар болуын терiске шығарған?» 

(Ибн Әби Изздің сөзі осы жерден аяқталды). 

Ибн Әби Изз өзінің осы тұжырымын шынадыққа шығарғысы келіп, жалған хадиске сiлтейдi, осы жайында сәл кейінірек түсіндіреміз. 

Г. Алла Тағаланың Болмысына қатысты шектеуді бекiтуi. 

Ибн Әби Изз, түсініктемесінің (шарх) 219-бетiнде, былай деп жазған: 

«(Сол тікелей түсінікте) Алла Тағаланың Болмысы шектеулі (хадд) жайында айтылған кезде, сөз тартысуға рұхсат етiлмейдi. Себебі, Алла Тағала шектеулі болғанын мойындамау, Алланың шынайы бар болуын – міндетті түрде жоққа шығаруға әкеледі. 

(Ибн Әби Изздің сөзі осы жерден аяқталды). 

Күмәнi жоқ, бұл жиркенішті сөздерде адасу баяндалған. 

Түсініктеме жазушы (Ибн Әли Изз) өзінің ауру санасымен, тек жаратылыс денелеріне қолданатын заңды, Ерекше Мейрімді Алла Тағаланың Болмысына қолдануда. 

Имам ибн Хаджар (оған Алланың рақымы болсын), «Лизәнул мизән» кітабында (V т., 114 б.) мужассиманың бұл сөздерін жоққа шығарып, терістейді: «Біздер, Алла Тағаланның Болмысының шектеулі екендігін мойындамауымыз, міндетті түрде, Алланың Өзін жоққа шығарғанмен бірдей деген [пікірмен] келіспейміз». 

Имам Әбу Мәнсур әл-Бәғдади (оған Алланың рақымы болсын), «Әл-Фәрқу бәйнәл фирақ» кітабында (332 б. ) былай деп жазады: «Ақиқатында, Әһлу Сунна ғұламаларының бір ауыздан келіскен пікірі – Алла Тағаланың Болмысына қатысты бөлшек және шектеу деген (түсінікті) жоққа шығарып терістеу қажет, өйткені, бұл адасқан әл-Хишамия және әл-Кәррамия ағымдарының Алла Тағалаға қатысты түсінік ұстанымдарынан». 

Сондай- ақ, тағы біздерге белгiлi болғандай, ибн Таймия Алла Тағалаға қатысты шектеулерді кім жоққа шығарса, оны күпірлікпен айыптайды. 

Сөйтіп, ««Муфакату сарихул-маакул»» кітабында (ІІ т., 29 б.) ибн Таймия былай деп жазады: «Және бұның барлығы, сондай-ақ, соған ұқсастар да, сөзсіз, расымен де шектеулерге (хадд) нұсқап тұр. Сондықтан, кімде-кім, Алла Тағаланың Болмысын шектеулі деп есептемесе, онда ол Алланың жiберген Уәхиіне сенбегені және оның аяттарын теріске шығарғаны». 

(Ибн Таймияның сөзі аяқталды). 

Ибн Таймийяның сөздерінен, барлық мұсылмандар, соның ішінде оның шәкірті

3 years, 10 months ago

Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен.! 

Әссәләму Әлейкум уә Рахматуллаһи уә Бәракәтуһ! 

Ибн Әби әл-Изз нақты қай мәзһабты ұстанғаны белгісіз. Оның көптеген кітаптарынан ол ханбали мәзһабында болған сияқты. Сондай-ақ көптеген еңбектерінде оның пікірлері мен мәнхаджы ханафи мәзһабына қайшы келеді, ақида мәселелерінде де. Ол «Әт-Танбих аля мушкилятил Хидайа» деген кітабын жазып Хидайада келген барлықтай үкімдерді жоққа шығарған, ал Хидайа кітабы ханафи мәзхабының атақты классикалық еңбегі болып табылады. Сөйтіп оның ханафи мәзһабында ешқандай беделі жоқ, және біз оның Ақида Тахауийяға жасаған шархына жүгінбейміз. 

Аллаһу Аълам. Уәссәләм. 

Муфти Сухайл Тармахомед Ханафи

Тексеріліп мақұлдаған: Муфти Ибрахим Десаи Ханафи

Жәмиат-ул Улама, Дарул-Ифта 

Шейх Саид Фуда: «Жалған-сәләфилер Имам әт-Тахауи сөздерінің мағынасын түсіне бастағаннан кейін одан безе бастады. Және Ибн Әби Изз "Тахауияға" шарх жасамады, ол өз еңбегін "шарх" деп атасада, бұл шындығында Имам Тахауиға (оның еңбектеріне) "радд" (теріске шығару), Әһли Сүнна ақидасына қайшы.»  

Ибн Әби Изз, Тахауи ақидасын бұрмалауы 

Мына мәтiндi ұқыпты оқығаннан кейiн, әдiл және зейінді оқырман, қазiргi мушаббихалар – сәләфтармыз (яғни «сәләф солих» – әуелгілердің ақидасын ұстанушылар) деп аталуға, ешқандай да құқығы жоғын түсiну керек. Белгiлi болғандай, имам Тахауи (оған Алланың рақымы болсын), өзінің ақидасын ұлы сәләфтардан жеткізеді. Демек, осы ақидаға қайшы келген күллі нәрсе, сәләфтар ұстанған нәрсеге қайшы келеді. 

Имам Әбу Жағфар әт-Тахауи әл-Хәнәфидің (оған Алланың рақымы болсын), шынайы сүннет негіздер баяндалған «әт-Тахауия Ақидасы» мәтіні – Әһлу Сүнна мәзхабтарының артынан ерушілердің арасында, кең етек жайғаны ешкімге құпия емес. Сонымен қатар, оған 11 ханафи ғұламаларының түсiнiктеме жазғаны белгiлi. 

Сол себептен, хашаут (Исламдағы ағымдардың бірі) Әли ибн Әли ибн Мухаммад ибн Мухаммад ибн Салих Ибн Әби Изз, адамдардың әт-Тахауи ақидасын толығымен қабылдайтынын сезiп, бұл мәтінге шабуыл жасап, авторы имам әт-Тахауидің (оған Алланың рақымы болсын), жеке сөздерiн бұрмалай отырып, (түсiнiктемеде) мәтінге тәджсимдік (антропоморфисттік) ақидасын енгізе бастады. Ол (Әби Изз), бұл нәрсені сәләф-солихтар ақидасына шақырған сымақ болып істеген, бірақ осы уақытта, ибн Әби Изз түсініктемесінде Ибн Таймияның «Минхәджу әс-Суннә» және «Муфакату сарихул-маакул» сияқты кітаптарынан алынған терiс пiкiрлері баяндалған. Қорыта келгенде, Әби Изз, Құранның айқын сөздерi, Сүннетке, иджмаға және имам әт-Тахауияның сүннет ақидасын баяндап жазған қағидасына анық қайшы келген. 

Белгiлi болғандай, бiздiң уақытта Уаххаби-мушаббихтер, Ибн Әби Изздің түсiнiктемесiне ерекше назар аударып отыр. Мәселен, Насыр әл-Әлбәни осы түсiнiктемеге анықтама жасауды, сонымен бiрге, ол, келтірілген хадистердің сахихының күшiн анықтау еңбегін өзіне жүктеді. Ал, оның (Әлбәнидің) шәкірті Захир әш-Шауиш, бұл кітапті түсіндіру және таралуына көптеген күш жұмсады. Бұл түсініктеме, бірнеше басылымнан шығып, жаңа мужассима ақидасы ендігәрі Әһлу Суннә Уәл Жамағаның шынайы ақидасына айналмақ деген ниетпен, Уахабилер оны Әһлу Суннанің белгілі төрт мәзхабының артынан еретін мұсылмандарға тегін таратқан. 

Ендеше, Ибн Әби Изздің түсiнiктемесіннен не нәрсені табуға болады? 

БIРIНШI. ТЕРIС ПІКІРЛЕР МЕН АДАСУЛАРДЫ БАЯНДАУ 

А. Әлемнiң мәңгiлiгі жайында, дәлірек айтқанда, түрдің мәңгілігі, яғни бастауы болмаған жаратылыс тізбегін баяндайтын (әл-хауәдис лә аууалә ләх) ақида тұжырымы. 

Ибн Әби Изз өзінің түсініктемесінде, 129-бетте былай деп жазады: 

«Сұрақ мынада, жаратудың тізбегі бiр мезгiлде бастаусыз және шексіз болуы мүмкiн бе? Немесе ол тек шексіз ба? Немесе тек бастаусыз ба? Бұл жайында, мұсылмандардың арасында, сонымен қатар, мұсылман еместердің арасында үш түрлі пiкiр жайылған. Олардың арасындағы ең әлсізі: жаратылыс тізбігінің бастаусыз және шексіз екендігін теріске шығару (мәселен, Джахм ибн Сафуан және Әбу әл-Гүзейл Әлләф осылай ойлады). Екiншi пiкiрді фақиһтер мен мутәкәллимдердің көбісі ұстанады: жарату тізбегі шексiз (демек, Алла Тағала жаратқан әлемінің бастауы бар) деп есептей

3 years, 10 months ago
3 years, 10 months ago
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months, 1 week ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 day, 23 hours ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 1 month ago