Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

Azattyq - Азаттық

Description
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 week ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 3 weeks, 3 days ago

3 weeks, 4 days ago
***🔴*** **Су тасқыны кезіндегі коммуникация: ақпарат …

🔴 Су тасқыны кезіндегі коммуникация: ақпарат министрінің ескертуі орынды ма?

Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған жақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов де төтенше жағдай министрлігі таратқан ақпараттың сапасына көңілі толмағанын айтады.

*🗣 "Төтенше жағдайлар министрлігі тек өздері қандай жұмыс атқарғанын ғана хабарлайды, бірақ халыққа қай жерде қауіп барын, қандай жағдайға дайындалу қажет екенін айтпайды. Қандай жұмыс істеліп жатқанын сол жердегі халық онсыз да көріп отыр ғой. Басқа жақтағы адамдар не істеуі керек? Мүмкін малын түгендеп, бір жерге шығаруы керек болар, мүмкін киім-кешегін, мүмкін құжатын дайындауы қажет шығар. Мұндай ақпаратты байқамадым"* дейді ол.

Саясаттанушы Димаш Әлжанов төтенше жағдай кезінде биліктің халықты дер кезінде ақпараттандыра алмауын орталықтандырылған билік жүйесімен байланыстырады. Оның сөзінше, облыс және жауапты орган басшылары кәсібилігіне қарай емес, жүйеге адалдығына қарай тағайындалады.

*🗣 "Бұл жерде министр Аида Балаеваның "жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады" деген мәлімдемесі қисынсыз. Ол халықтың наразылығын басып, мемлекет басқарудағы президенттің сәтсіздіктерін жасырудың амалы. Себебі, заң бойынша әкімдер тікелей президенттің өкілдері. Қоғамдық пікір, блогерлер мен журналистерге осылай қысым жасау арқылы халықтың наразылығын басудан өзге Тоқаев тарапында түсінікті стратегия жоқ сияқты"* деді Димаш Әлжанов Азаттыққа.

*🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз*

❤️Азаттыққа жазылыңыз

3 weeks, 4 days ago

*💬 *Тәжікстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Наурыз мейрамын тойлап жатқан күндері Душанбеде теракт жасамақ болды деген күдікпен 20-ға жуық адамды ұстады

Бұл жөнінде Озоди радиосы хабарлады.

🔸 29 наурызда "Азия-Плюс" медиа тобы және Reuters дереккөздерге сүйене отырып, "Крокустағы" терактіге қатысы бар деген күдікке ілінген 9 адам ұсталғанын хабарлаған. Ресми орындар бұған түсініктеме бермеді.

🔸 Ақпаратқа қарағанда, күдіктілер — Вахдат, Рогун және Нүрек қалаларының тұрғындары, бәрі Наурыз мерекесі алдында ұсталған.

Қамалғандар арасында жасы кәмелетке толмағандар да бары айтылады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

3 weeks, 4 days ago
***🗣*** **Стамбулда жөндеу жұмысы жүріп жатқан …

🗣 Стамбулда жөндеу жұмысы жүріп жатқан түнгі клубтағы өрттен 30-ға жуық адам қаза болды

Стамбул губернаторы Давут Гүлдің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 12:47-де 16 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде басталған. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан клуб жертөленің екі қабатында орналасқан.

Кейінгі мәлімет бойынша, өрттен көз жұмғандардың бәрі жұмысшы болған.

Түрік ақпарат құралдарының жазуынша, өртке байланысты алты адам ұсталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

2 months, 3 weeks ago

Зерттеушілер Украинада 43,5 мың ресейлік әскери қызметкер қаза болғанын растады
Адам шығынын BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" еріктілермен бірігіп анықтады.

Қаза болғандардың 8099-ы – түрмеден соғысқа әкетілген бұрынғы тұтқындар, 5216 адам - мобилизацияға ұшырағандар.

Кейінгі екі аптада тізімге жаңадан 1176 адам қосылды, 15-і – подполковник және одан да жоғары шенділер.

t.me/azattyq

2 months, 3 weeks ago

ЕО елдерінің өкілдері жасанды интеллект туралы заң жобасын бір ауыздан мақұлдады

Бұл туралы Politico басылымы жазды. Жоба жасанды интеллектінің кейбір технологияларына тыйым салуды қарастырады, "қатерлі" технологияларды қатаң шектейді және ең озық модельдерін әзірлеуде ашықтық сақтап, сынақтарын қатаң түрде жүргізу туралы талап қояды.

Осылайша Еуроодақ жасанды интеллект технологияларын міндетті түрде енгізуді мақұлдаған алғашқы халықаралық бірлестік атанды.

t.me/azattyq

2 months, 3 weeks ago

АҚШ Сирия мен Ирактағы ираншыл топтарға соққы жасады

Өткен жексенбіде АҚШ-тың Иорданиядағы әскери базасына дрондар шабуылдап, Американың үш жауынгері опат болған, 40-тан астам әскери қызметкер қаза болған. АҚШ-тың түсіндіруінше, бұл соған жауап.

Соққы ираншыл топтардың штабы, командалық пунктері, барлау орталықтары, қару-жарақ қоймасы, бункерлерге жасалған. Америка өкілдерінің сөзінше, әуе соққысы – аймақтағы АҚШ әскері және Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне ираншыл топтардың кез келген шабуылы жауапсыз қалмайтындығы жөнінде Иранға ескерту.

t.me/azattyq

4 months, 3 weeks ago

5 желтоқсанда Астанада тіркелмеген "Алға, Қазақстан!" партиясының өкілдері мен адвокат баспасөз мәслихатын өткізіп, белсенді Марат Жыланбаевқа шыққан сот үкімімен келіспейтіндерін мәлімдеді. Олар "бұл – саяси үкім әрі тапсырыс" деді.

Тергеу Жыланбаевты белсенділер Бибігүл Иманғалиева мен Жанар Сәрсеноваға ақша аударғаны үшін айыптаған. Айыптау актісінде Иманғалиева мен Сәрсенова "экстремистік қозғалыстың қатысушылары" деп жазылған.

Белсенді Сергей Измайловтың айтуынша, Иманғалиева мен Сәрсенов бас прокуратураға хат жолдаған. Бұл хатқа Жыланбаевтың сотына қатысқан прокурор Саят Нұрбеков "Иманғалиева мен Сәрсенованың есімі экстремистік ұйымға қатысушылар тізімінен" табылмағанын айтып жауап берген.

Ал қорғаушылар "тергеу фактілерді бұрмалады, судья біржақты шешім шығарды әрі адвокаттардың тұжырымдарын ескермеді" деп санайды.

Баспасөз мәслихатына қатысқан тағы бір белсенді Әсет Әбішев Марат үшін кұресті жалғастыратынын айтты. Ол "қандай жағдай болмасын Марат "Алға, Қазақстанның" лидері әрі ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып қала беретінін" мәлімдеді.

Қазір Жыланбаев тергеу изоляторының медициналық бөлімшесінде жатыр. Ол 16 күн аштықтан соң денсаулығы нашарлаған. Ал адвокат Мейіржан Досқараев "Жыланбаев соңына дейін күресетінін айтты" дейді.

t.me/azattyq

4 months, 3 weeks ago

Қазақстан әділет министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 150 мың қол жинаған петицияны қараудан бас тартты.
Министрлік "бұл петиция 2021 жылы, яғни елде петиция туралы заң қабылданбай тұрғанда, ашылған" деп санайды. Ведомство өкілі зорлыққа қарсы бұл петицияның заңдық күші жоқ деп мәлімдеді.

"Маған белгілісі, бұл петиция 2021 жылы ашылған, ал қазір оған көп адам қол қойып жатыр. Демек бұл петиция елде тиісті заң күшіне енбей тұрып шыққан" деді әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова.

Салтанат Нүкенованың қазасынан соң елде тұрмыстық зорлыққа қарсы жазаны күшейту талабы қайта айтыла бастаған еді. 2021 жылы жарияланған онлайн петицияға да қол қойғандар күрт артқан.

Қазақстанда қабылданған жаңа заңға сай, 50 мыңнан аса дауыс жинаған петицияны үкімет қарауға тиіс. Қазақстан азаматтары петицияны арнайы интернет-портал арқылы бере алады. Оның заңға сәйкестігін өкілетті орган анықтайды.

t.me/azattyq

4 months, 3 weeks ago

Ресей Украинаға соғыс ашқалы барлығы 333 840 әскериінен айырылды деп мәлімдеді Украинаның қарулы күштерінің бас штабы.
Украина тарабы Ресей 4 желтоқсанның өзінде 1030 солдатынан жоғалтты деп отыр. Бұл дерекке қаза тапқандар мен жараланғандар да енуі мүмкін.

Бұған қоса Украина қарулы күштері 2022 жылдың 24 ақпанынан бері
Ресей 5587 танкісінен, 10416 құрыш сауытты көлігінен, 7987 артиллериялық жүйесінен, 605 ракетаға қарсы құрылғысынан, 323 ұшақ, 324 тікұшақ, 10483 автомашинадан және 22 кеме/катерінен, бір су асты қайығын жоғалтты дейді.

Киевтің бұл дерегіне қатысты Ресей қорғаныс министрлігі ешқандай мәлімдеме жасамады.
Соғыс уақытында мұндай деректерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.
t.me/azattyq

5 months ago

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) сессиясында Астана "ұйымды дамытуға, барлық мүше елдердің ұлттық мүдделерін ескеріп, нығайтуға ниетті" деп мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Тоқаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйым төрағалығы Беларусьтен Қазақстанға өтетінін мәлімдеп, Қазақстанның төрағалық кезінде басымдық беретін бірнеше бағытты атап өтті:

📌ҰҚШҰ-ның мүдделі елдермен және БҰҰ, ТМД, ШЫҰ қарым-қатынаста болуы;
📌Әскери қарым-қатынас мәселелеріндегі бірлескен іс әрекеттер;
📌ҰҚШҰ-ның біріккен жедел күштерін қамтамасыз ету мәселесінің құқықтық-нормативтік базасын жетілдіру;
📌Контингенттердің, әскери авиацияның кедергісіз транзиті;
Ұйымның бітімгерлік потенциалын арттыру;
📌Халықаралық терроризм мен экстремизммен күресті бірлесіп жүргізуді дамыту;
📌Экстремизм мен терроризмге қатысы бар адамдарды іздеу, ұстау, экстрадициялау механизмі;
📌Есірткі саудасымен күрес;
📌Заңсыз қару айналымы мен трансұлттық қылмыспен күрес;
📌Төтенше жағдайларды алдын алу және төтенше жағдайдан кейін қалпына келтіруде бірлесе жұмыс істеу;
📌Ақпараттық технология саласындағы қылмыстармен күресу.

Тоқаев жиында Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты "барлық ел мен континентті шарпымай тұрғанда тоқтатуға", Ауғанстандағы халыққа көмекті жалғастыруға шақырды. Қазақстан президенті бұл жиында Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысы жайлы ештеңе айтпады.

Минскідегі жиынға Тоқаевтан бөлек, Ресей президенті Путин, Беларусьтегі режимді ұстап отырған Лукашенко, Қырғызстан президенті Жапаров, Тәжікстан басшысы Рахмон және ұйымның бас хатшысы Тасмағамбетов қатысты.

Бұл жиынға ұйым мүшесі Армения премьер министрі Никол Пашинян келмеді. Сарапшылар Қарабақтағы қақтығыста ҰҚШҰ-дан нақты көмек болмаған соң Ереван бұл ұйымнан өзін алыс ұстай бастағанын айтады.

t.me/azattyq

We recommend to visit

Отдел образования Караганды

Last updated 2 months ago

Сизде Коррупция менен байланыслы мүрәжатлар болса (мүрәжатлар анық ҳәм тийкарлы жазылыўы керек) @QRKQGAK_bot силтемеси арқалы жазыўыңызға болады.

Last updated 1 week ago

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

Radio Azattyq на русском
➡️ @radioazattyq

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Last updated 3 weeks, 3 days ago