📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
Алматының қытымыр қысынан қарадай қашып аялдамада жолымды тосып тұрмын. Ақ қар аппақ алақанға желбіреп келіп түсіп еріп кетеді. Ақ түбіт шәлілі, беттері нарттай қызарған жастар ақ жапырақ – ақ қарды қуалай ұстап, аппақ тістерін көрсете мәз-майрам. Оларға қарап сен де мәзсің, бірақ дірдектеп тоңғаныңды сыртқа сездірмеуің керек. Тоңған сайын «Қар қызы» повесіндегі кейіпкерлер секілді санаңда жылылықты аңсау күшейеді екен.
Бала күнімде әкемнің: “Аяғың тоңып қалмасын,” деп түнде етігімді пештің түбіне апарып, қыздырып қоятын кездері есіме түсіп кетті. Таңертең мектепке барарда жып-жылы етікті киіп кету мен үшін ғажап сезім еді. Пештің жалыны мен әкемнің қамқор қолы тек аяқ киімді ғана емес, менің балалық шағымды, жанымды да жылытқаны сөзсіз...
Ал қазір мұздай аялдамада, өзімнің ересек күйімде, сол жылулықты іздеп, еріксіз күлімсіреп тұрмын-ау, сірә…
осы арнам қойын дәптеріме айналғалы екі жыл болыпты.
айтар сөзім кеудеге көмілмесін,ішімде өлмесін деп осы арнаны ашып едім.
басты ниетім – өзгеге пайдалы болу.
әрбір жазбамның оқырманға ой салып, жаңа білім, рухани азық беруін қалаймын.
осы уақыт аралығында арнам оқырмандар үшін жайлы ортаға айналып, өзінен-өзі толысып келеді.
Алла пайдалы әрі мәнді тақырыптар жазуды нәсіп етсін.
көкірек көзі ашық,санасы сәулелі,айналаға жарқ етіп нұрын шашар ойлы жақындар көп болсын!
білім мен руханиятқа деген сапарыңызда менімен бірге болғаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын! *?*☀️**
☀️?
бірінші—ниет,екінші—сенім,
үшінші—дұға,төртінші—тәуекел ету,
бесінші—әрекет…
шын мәнінде,амалдар—ниетке байланысты.
ниет—амалдан қайырлы.
✨?
Алла Тағала қатайған жүректерді жұмсартады.
Жабылған жолдарды ашады.
Үзілген үміттерді жалғайды.
өз рөліңде болсаң,саған бәрі жеңіл болады.
атағың айға жетіп тұрса да Алланың алдында дәрменсіз құлсың,балаңның алдында ата-ана,ата-анаңның алдында баласың,ілім берер ұстазыңа шәкірт,сенен білім алар шәкіртіңе ұстазсың…
?бар жаратылыс Аллаға тәуелді. Аллаға құл бола білген пенде өзінің бастығына тәуелді болып, жағымпазданбай ақты ақ деп, қараны қара деп ақиқаттың жаршысы болады. Аллаға құл болу арқылы пенде нәпсінің құлына айналмайды.Аллаға құл бол,құлқының құлына түсіп,құлдық санаға айналма!
?ата-ана ақысын аяқ астына таптама!
бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлап, айтқан ақылға құлақ аспай, қазынаның қақпағын ашамын деп қақпанға түскендердің қатарынан болма!✨☁️
қазіргі уақытта қолындағы барына шүкір ете алмаған адам—бар дүние аяғының астында жатса да,шүкір ете алмайды…
шүкір етсең—бақыттысың.
бақыт деген ұғымның негізгі кілті осы сөзде жасырылған.
бақыттың кілті – шүкірде!
?шүкір—ризық.
біреуді Алла денсаулықпен сынар,ал біреуге денсаулық беріп,оның шүкіршілігімен сынар…
?түйін:
бақыттысың,бақыт іздеп сорласаң,
бақытты боп сорлап жүрсең масқара…
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago