Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

Отбасылық өмірге дайындық

Description
Екі дүние бақытын бірге көретін адал жарымызды таңдаудағы,табудағы дайындық алаңы✨
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 Woche, 4 Tage her

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 Tag, 21 Stunden her

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 Monat her

4 months, 2 weeks ago

«Әйел жанының сұлулығын сезе білу — жігіт біткеннің басына бұйыра бермейтін олжа»

4 months, 2 weeks ago

«Жүрек - гүл. Әркімге ашыла бермейтін, “жалғызына” арнап қана гүлдейтін»

4 months, 2 weeks ago

“Әйел ер адамның (себепкерлігімен) махаббатымен өзін бағалап үйренеді.
Ер адам әйел адамның махаббаты (себепкерлігі) арқылы өзіне сеніп үйренеді..”

4 months, 3 weeks ago

Ислам діні құндылығы емес, өмірінің діңгегі емес адамдар шығып кетсін! Рұқсат!

4 months, 3 weeks ago

**إن المرأة لتخاصم زوجها يوم القيامة عند الله فتقول كان لا يؤدبني و لا يعلمني شيئا كان يأتيني بخبز السوق .

تفسير السمعاني ٤٧٥/٥**

Қиямет күні әйелі Алланың алдында күйеуіне шағымданып:

«Ол мені тәрбиелемеді, маған ештеңе үйретпеді, бірақ (тек) базардан нан әкелді», - дейді.

Тафсир әс-Сәмғәәни (5/475)

4 months, 3 weeks ago

Бойдақтар, мына алты мақалды түсініп барып үйленсеңдер, жаман болмайсыңдар:
1. Бойдақта ес жоқ (Сондықтан есі барларды тыңда)
2. Қатын алма, қайын ал (Алатын жарыңның өзіне ғана емес, оның шыққан тегіне, өскен ортасына қара, таны, зертте, тексер)
3. Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық (Болашақ жарыңның түрінен де маңызды сипаты бар. Ол-тегі. Түр-сыртқы форма, тек-мазмұн)
4. Тексіз жерден қыз алсаң, перзентің толмас аршынға (Тек өз нәпсіңді ғана емес, болашақ ұрпағыңды да ойла)

  1. Анасын көріп қызын ал (Қазақта көргенді, көргенсіз деген сөз бар. Қыз қанша ақылды, қанша сұңғыла болғанмен, ертең көрген үлгісінің шеңберінде өмір сүреді. Ол үлгі жақсы болса, жақсы, жаман болса, түзеу қиын, тіпті мүмкін емес)

  2. Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан (Бала-шағаның нағашыға тартатыны- бабалар тілімен айтылған ақиқат. Сен тек жар таңдамайсың, болашақ ұрпағыңның генін, бір жұртын таңдайсың)

© Абай Қалшабек

5 months ago

Өз анасына құрмет жасай алған жігіт ғана біреудің қызын қадірлей алады.

© Нұрлан имамның сұхбатынан

5 months ago

Әйелдің жетістігі ол өзіне парыз етілген намазын орындап, оразасын ұстағаннан кейін күйеуіне итағат етуі (бойсұнуы). Отбасымен жақсы мәміледе болуы. Ұрпағын салиқалы етіп тәрбиелеу. Егер оның ұрпағы салиқалы болса, ол өмір сүретін қоғам да жөнделеді. Біздің жетістік осы.

© Назерке ұстаз.

(Қазіргі таңда біздерге жетістік деп көрсетіліп жатқан нәрселер шынайы жетістік емес)

ْ"Біліп қойыңдар, дүние тіршілігі – құр ойын-сауық, уақытша ермек, сән-салтанат, араларыңдағы өзара мақтан және бала-шаға мен дүние-мүлікті көбейту жолындағы бақталастық қана. Бұл бейне бір нөсер тәрізді. Сол нөсерден кейін жайқалып өскен өсімдіктер шаруаларды тамсандырады. Алайда, кейін оның сарғайып қурап қалғанын көресің. Содан соң үгітіліп, қоқысқа айналады. Ақыретте (дүниеге алданған кәпірлерге) ауыр азап, (ақыретін ойлаған ізгі жандарға) Алланың кеңшілігі мен разылығы бар. Шынтуайтында, дүние тіршілігі – есіл-дертіңді билеп әкететін өткінші қызық қана"

(«Хадид» сүресі, 20-аят).

5 months ago
5 months, 1 week ago

бәрібір де Аллаға жасырын серік қосу өте көп, әсіресе психологтарда, орамалда, намазда болса да.

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 Woche, 4 Tage her

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 Tag, 21 Stunden her

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 Monat her