📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
Ойлар кейде жылатады, кейде жұбатады. Қай әрекетке де бұйрықты беретін өзіміз. Бәрінен бұрын ойды басқару – қиын, сірә.
Жақын адамыңмен жүзбе-жүз кездескеннің әсері бөлек. Мессенджерлер арқылы тілдесу ол сезімді бере алмайды. Ондай кездесуде телефонды әрі қойып, эмоция, сезім алмасқан, ой-пікір бөліскен дұрыс. Энергияға, эйфорияға тойып қайтасың.
Кеше әрең дегенде «Моана 2»-нің қазақша дубляжына бардым. Бұған дейін уақыттары ыңғайсыз болып, бара алмай жүргем. Ең сүйікті мультфильмдерімнің бірі. Бір ата-ана төрт баласын әкеліп, әпке мен сіңлісінің арақатынасын «тура сендер сияқты екен» деп айтып отыр. Сүйсінерлік көрініс болды✨
Кез келген жақсы сезімнің басы сондай ерекше тәтті болады, иә? Әсіресе, махаббаттың. Өзіңіздің сүйіктіңізбен өткізген алғашқы сәттерді еске түсіріңізші. Бөлек сезім. Сол тәттілік өн бойында сақталсын. Жоғалмасын. Басы тәтті болған махаббат ақыр аяғына дейін тәтті болсын.?️
?«Дайағашшы»
? Ұларбек Нұрғалымұлы
? 253 бет
Парақтарынан қазақылықтың иісі аңқитын кітап. Маған қатты ұнады! Өзім топшылағандай кітап екен.
Автор кезіндегі көшпенді өмірдің қызығы мен қиындығын, ескідегі адамдардың есті сөздері мен есте қалар оқиғаларын жазып шыққан. Кітап «Кісі қадірі» және «Сөз қадірі» дейтін екі бөлімнен тұрады. Алғашқысында кей салт пен дәстүр, атбегілік, құсбегілік жайында әңгімелер сөз болса, екіншісінде «маймөңке», «қолқа», «боздақ» секілді көптеген сөз бен тіркестердің мағынасын ашады.
Автор қазақтың көзсіз, сөзсіз түсінікті болатын дара даналығын жеткізе білген. Кей тұсында қатты таң болдым. Әсіресе, сыңсудың мәні мен маңызын түсіндірген тұсы ерекше ұнады. Дала пәлсапасы тұнып тұр.
Шағын тақырыптарға бөлінгендіктен оқуға жеңіл келеді. Тіл байлығын көбейтемін деушілерге, атамның әңгімесін, ауылдың иісін сағындым деушілерге нағыз керек кітап.
«Әңгіме ғана емес, көп тірлігіміз де сондай секілді. Тиянақ жоқ, байыз жоқ, не көзде, не көңілде тыныштық жоқ, бірдің басы, бірдің аяғы, жалтақ-жалтақ, алақ-жұлақ. Мұндай күйдегі адамға ғылым қона ма, білім жете ме, иман ұялай ма?..»
Ұларбек Нұрғалымұды «Дайағашшы».
Диссертацияма қатысты кітаптар оқымай жүргеніме өзімді кінәлі сезініп жүрмін. Айтпақшы, әлі прозалық шығармалардан қуыршақ образын іздеп жүрмін.
«Сенің жағдайыңа өзіңнен басқа ешкім жауапты емес. Бақытсыз болуыңа басқа да адамдар кінәлі шығар, бірақ оның жауапкершілігі өзіңнен басқа ешкімге түспейді. Себебі оқиғаларға қалай қарап, қалай жауап қайтарып және оларды қалай бағалау керектігін сен өзің таңдайсың».
Марк Мэнсон «Бәріне қолыңды бір сілте».
Расымен, тән мен жан жымдасып жатыр. Кейде миым «ештеңе болып жатқан жоқ, еркін тыныс ал» деп алдайды. Сондайда басқалары сездіріп қояды. Сезімталдықты үйіп-төгіп берген, әйтеуір)
?«Гүлдер мен кітаптар»
? Дидар Амантай
? 107 бет
Магистратураға түскелі, осы кітап жайлы көп естідім. Әдебиеттанушылар постмодернистік сарында жазылған бірден-бір туынды деп мойындаған екен.
Расымен. Формасында да, мазмұнын да ерекшелік, екшелік бар. Идеясы салмақты. Әлішер атты жазушының Тәңір жайлы, өмір, өлім жайлы ойлауы, кітап жазуы секілді оқиғаларды қамтиды. Алдымен, шығарма қысқа-қысқа бөлімдерге бөлінген. Әр қайсының өз тақырыбы, оқиғасы, идеясы бар. Баяндау аз. Диалог, қысқа, атаулы сөйлемдер басым. Кей бөлімдері тек бірыңғай гүлдердің, кітаптардың аттарынан тұрады. Қызық. Автор көп нәрсеге жан бітіреді. Әсіресе, Әлішердің Оймен сөйлесетін тұсы ұнады.
Ал мазмұн жағына келер болсақ, әлемнің жаратылуы, түрлі діндердің пайда болуы, олардың өз ақиқаты жайлы түрлі аңыз-әпсаналар да, Әлішердің есігін қағатын, ойда жоқта пайда болып, тылсым күйде жоғалатын кейіпкерлер де бар. Бас кейіпкердің әдебиет жайлы толғамдары ұнады. «Мәселе не айтуда емес, қалай айтуда» деген сөз бейжай қалдырмады. Көп сұраққа жауап деп ойлаймын.
Түсінбеген тұстарым да баршылық. Танымдық әлеуеті күшті. Автордың білмейтіні жоқ секілді. Соңғы «Сағыныш» бөлімін миым қабылдай алмады. Қайта оқып шығу керек.
Осындай тың шығармалар көп болса екен.✨
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago