Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

көктемгі күн

Description
менің жаным уақыт арасынан өтуде, қар көшкінінде тек пойыз қалды.
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago

4 months ago

Шарт көп болған сайын, қайғы да көп бола бермек. Оған адамдарды кінәлап, өзіңе керектіні оған байлап қажет емес. Қиналатын өзің. Адамдармен қарым-қатынас орнатар болсаң, шартсыз бол!

4 months ago

Тәубе етуден ешқашан кешікпе. Ең үлкен қателіктен кейін де Раббыңа қайтудан ұялма. Ол сияқты бізді қуана қабылдайтын ешкім жоқ.

4 months ago

Кейде ешқашан біреуді сүйе алмайтындай, тіптен өзімді біреудің сүйіктісі бола алмайтындай сезінем. Шынайы махаббатты сезінбей өмірден өтіп кетсем ше? Сол жан дегенде жүрек елең етіп, есімінің өзін естігенде жүзіңе күлкі үйіріліп, жаның мен тәнің, ақылың, сезімдерің, бәрі-бәрі үйлескен жанды кездестірмей кетсем ше? Әлде, дәл осындай махаббат басты құндылықтардың біріне жатпай ма? Әлде, тым ерте тыпыршып отырмын ба?

Махаббатқа көп бас қатырмай, одан да ұйықтайын. Кеттім.

4 months, 1 week ago

Кейде өзімді басқа әлемде өмір сүретіндей сезініп кетемін. Маған көп нәрсе қызық емес.

Мен үшін керемет кездесу жақсы әңгімемен бағаланады. Маған болашағыңды қалай елестететініңді айтып берші. Отбасың жайлы, алғашқы махаббатың туралы айтсаң да болады. Сен қызық деп тапқан әр оқиғаңмен бөліс. Мүмкін мен де сол кезде саған ашылатын болармын. Саған кеше сағат тілі 22:22 кеткенде не тілегенімді айтамын. Бәлкім, не үшін ойларымды көп жазатынымды, неге дыбыстық хатты өте аз жіберетінімді айтып берермін.. менің сүйікті кітабымның неге жоқ екенін, мұңайғанда не істейтінімді білесің бе? менің бұлттарды қандай себеппен ерекше жақсы көретінімді, неге сондай ұялшақ екенімді де білмейсің ғой.

Мен аз сөйлеймін, көбіне әңгімелерді тыңдау, адамдарды бақылау ұнайды. Бірақ, жақын адамдарыма күнімнің қалай өткенін, қандай сәтте бақытты болғанымды айтып, бөліскім келеді. Жалпы адамдарға көп нәрсе қажет емес. Жәй ғана әңгімесін сынамай тыңдайтын, жайлылық сезіндіретін адам болса болғаны..

16 желтоқсан, 2023
/19:13

4 months, 1 week ago
бір-бірлеріңді құшақтап жүріңдер ***🫂***

бір-бірлеріңді құшақтап жүріңдер 🫂

4 months, 1 week ago

Менің халімді, не істеп жатқанымды еш себепсіз сұрағанда қуанып кетемін. Маған "қайырлы таң", "қайырлы түн, тәтті ұйқы" деген хаттарды жазатын, қамқор болып, көңіл-күйімді, жылы киінгенімді алаңдайтын адамдарды бағалаймын. Мен керісінше сондай қамқорлықтан шаршап кететін, ұнатпайтындарды түсінбеймін. Адам сені бағалайтынын көрсетіп тұр. Бұл маған ерекше қуанышты сезінуге жетеді..

4 months, 2 weeks ago

Менің ренішім өзіме ғана зиян тигізетінін ұқтым. Ренжімеуге тырысамын. Осы жылғы рухани әлемімдегі ең үлкен жеңісім - кешіру. Бұл қиын, бірақ жемісі үлкен іс.

ПыСы: манааа салыну керек болған жазба еді жаңа жыл басталмай тұрып. Қарбалас болып, салуды ұмытып кетіппін)

4 months, 2 weeks ago

Сендерді қайдамм, бірақ өзім маңдайдан сүйгенді жақсы көремін. Кішкентай бауырларымды ылғи маңдайынан сүйіп, құшақтаймын.

4 months, 2 weeks ago

Адамды жақын тани түсу үшін, отырып, бір шыны шай ішудің өзі жеткілікті

4 months, 2 weeks ago

Мен сыйлық алғанды да, бергенді де жақсы көремін. Алған сыйлығымды қатты бағалаймын, оны ұқыпты сақтауға тырысамын. Өйткені оны берген адам бар ынтасын салады, таза ниетпен береді. Қалайша ондай дүниеге немқұрайлы қарайсың?! Мен сыйлықтың сыртындағы қорабын, тіпті пакетін де сақтап қоямын. Дәл осындай іс-әрекетті сыйлық берген адамымнан да күтемін. Әңгіме арасында "сенің берген сыйлығыңды бүйтіп қойдым, сөйтіп қойдым" десе іштей төбем көкке жетеді. Өз басым бұл сыйластықтың, саған деген ол адамның қарым-қатынасын көрсетеді деп ойлаймын. Содан алған адамның қандай екенін де аңғаруға болады. Қанағатсыз ба, әлде керісінше пейілі кең адам ба байқайсың. Жеткізгім келгені алған сыйлығыңызға бейжай қарамаңыз. Алғаннан кейін кішігірім болсын, үлкен болсын қадірін біліңіз, сақтаңыз. Кейін ол сол сәттерді, сол адамды еске түсіріп тұрады.

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago