📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
Кейде Исламдық қаржы жүйесіне қарсы мынадай пікір айтылып жатады:
Соңғы 30 жылда Исламдық банктер мен қаржы институттары – экономика жүйесіне және қаржыландыру саласына айтарлықтай өзгерістер әкелмеді. Бұл дегеніміз "Исламдық қаржы жүйесімен пайданы әділ бөлуге болады" деп мақтан тұтуы –асыра сілтеп айтылған сөз екенін көрсетеді.
Алайда, бұл сын – шындыққа жанаспайды. Өйткені олар Ислам банктері мен қаржы институттарының әсері кәдімгі банктік қызметпен салыстырғанда мұхиттың кішкентай ғана тамшысынан аспайтынын ескермейді. Сондықтан да, қысқа мерзімде экономикада төңкеріс жасайды деп болжам жасауға болмайды.
Екіншіден: бұл институттар бастапқы кезіңін өткізіп жатыр. Оған қоса көптеген шектеулер жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Тіпті олардың кейбіреулері өздерінің барлық транзакцияларында шариғаттың талаптарын толық орындай алмайды. Сондықтан олар жасаған әрбір транзакцияны шариғатқа сай дей алмаймыз.
Үшіншіден: Ислам банктері мен қаржы институттарына әдетте үкімет, құқықтық және салық салу жүйесі және өз елдерінің орталық банктері тарапынан жөнді қолдау көрсетілмейді. Мұндай жағдайларда Ислам банктері мен қаржы институттарына белгілі бір жеңілдіктер берілді. Ал ол жеңілдіктер шариғаттың бастапқы және идеалды принциптеріне негізделмеген.
Ислам практикалық өмір салты болғандықтан екі ережелер жиынтығынан тұрады. Бірі – қалыпты жағдайда қолданылатын шариғаттың идеалды мақсаттарына негізделген. Ал екіншісі – әдеттен тыс жағдайларда берілген кейбір релаксацияларға негізделген.
Нағыз исламдық тәртіп бұрынғы принциптер жиынтығына құрылған. Ал екіншісі – зәрулік кезінде пайдалануға болатын концессия. Бірақ ол исламдық тәртіптің шынайы көрінісін көрсетпейді.
Шектеулер жағдайында өмір сүре отырып, Ислам банктері көбінесе ережелердің екінші жиынтығына сүйенеді. Сондықтан олардың қызметі өз қызметінің шектеулі шеңберінде де айтарлықтай өзгерістер әкеле алмады.
Алайда, егер қаржыландырудың барлық жүйесі идеалды исламдық принциптерге негізделген болса, онда бұл экономикаға айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз.
📚 Шейх Тақи Усманидің ағылшын тіліндегі "An introduction to Islamic Finance" кітабынан аударылды.
✒️ Ойшыл Мәшһүр Жүсіп және ғұлама имам Тахауи
Атақты қазақтың ойшылы Мәшһүр Жүсіп атамыз өзінің бір өлең жолдарында былай дейді:
"Алды, арты, асты, үсті, оң, солы жоқ
Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.
Еш нәрсе ұқсамайды, ол еш нәрсеге,
Кітаптың айтқанынан ойлама көп".
Енді осы сөздерді имам Тахауидің "ақида" кітабында жазғанымен салыстырып көрейік.
Атамыздың: "Алды, арты, асты, үсті, оң, солы жоқ" деген сөзі = имам Тахауидің:
لا تحويه الجهات الست كسائر المبتدعات
(Оны жаратылыстарды қоршағандай алты тарап қоршамайды) деген сөзіне тең.
Оның "Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ" сөзі = имам Тахауидің
تعالى الله عن الحدود والغايات والأركان والأدوات
(Алла Тағала шектелуден, шекаралардан, бөлшектерден, мүшелерден пәк) сөзіне сай келеді.
"Еш нәрсе ұқсамайды, ол еш нәрсеге" деген сөзі = имамның
ولا شيء مثله
(Ол сияқты еш нәрсе жоқ) сөзіне дәл келеді.
Және де "Кітаптың айтқанынан ойлама көп" сөзі = ғалымның
ولا نخوض في الله ولا نماري في دين الله ولا نجادل في القرآن
(Біз Алланың сипаттарына терең бойламаймыз, Алланың дініне еш күмән келтірмейміз әрі біз Құран хақында тартыспаймыз) деген сөзіне саяды.
Етістіктің басқа түрлері
1) Етістік іс-әрекетті орындаушының аталып не аталмауына байланысты екіге бөлінеді:
– Негізгі етістік (معلوم)
– Ырықсыз етістік (مجهول)
2) Сондай-ақ, объектіні керек ету, я керек етпеуіне байланысты екіге бөлінеді:
– Салт етістік (فعل لازم)
– Сабақты етістік (فعل متعد)
3) Және құрылысы жағынан екіге бөлінеді:
– Тиянақты етістік (صحيح)
– Тиянақсыз етістік (معتل)
4) Тұлғасына қарай екіге бөлінеді:
– Түбір етістік (مجرد)
– Туынды етістік (مزيد فيه)
Жарық ?
? Харис ибн Асим әл-Ашғаридан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте:
الصلاة نور، والصبر ضياء
"Намаз - нұр, сабырлық - жарық", - делінеді. (Муслим)
Неліктен намаз – ол нұр?
Себебі намаз:
• нұр секілді тура жолға бастайды;
• қияметте намаздың сауабы нұр болады;
• жүректі нұрландырып, көкірек көзді ашады;
• адамның жүзіне нұр сыйлайды;
Ал неге сабырлықты – жарық деді?
Себебі жарық – нұрдан күштірек.
Дәлел ретінде Алла Тағаланың мына сөзіне қараңыз:
هُوَ ٱلَّذِى جَعَلَ ٱلشَّمۡسَ ضِيَآءً وَٱلۡقَمَرَ نُورًا
Ол күнді жарық, ал айды нұр етіп жаратты. (Жүніс: 5)
Яғни, күнді жарық деп, айды нұр деп атады. Ал күннің жарығы айдан күштірек екені белгілі.
Сол секілді, намаз діннің ең маңызды міндеті болса да, сабырлық одан да маңызды.
Себебі, сабырсыздық – адамды күнәға апарады, жақсылықтан тосады. Намазға көптеген адамның шамасы жетеді, алайда сынаққа сабыр ету, құлшылықта сабырлы болу, күнә жасамауға сабырлық таныту әрбір адамның қолынан келмейді.
Тіпті намаздың өзіне – сабырлық қажет. Сондықтан да, сабырлықтың жарығы – намаздың жарығынан күштірек.
Бірақ, бұл теңеу – намаздың еш қадірін түсірмейді.
Қабірлерді зиярат ету жайлы
? Имам Субки (Алла ол кісіден разы болсын) "Шифа әс-сақам" кітабында қабірді зиярат етудің бірнеше түрлері бар екендігін айтып өткен.
Оларды сіздерге қысқа-нұсқа келтірейік:
1) Өлім мен ақыретті еске алу үшін ғана қабірлерді зиярат ету. Бұндай зиярат – қабір иелерінің кім екендігіне қарамастан, олардың ешбірін танымастан, қабірге барған сәтте олар үшін кешірім сұрау немесе "табаррук" қылу, хақыларын өтеу мақсатында емес, тек қабірді көріп, өлімді еске алу үшін болады.
Зияраттың бұл түрі мұстахап болып есептеледі. Себебі Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): "Қабірлерді зиярат етіңдер! Себебі ол ақыретті еске түсіреді", - деген.
2) Қабір иелеріне арнайы барып дұға жасау. Себебі Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Бақиғ бақшасындағы қабірстанды зиярат ететін.
Барлық қайтыс болған мұсылмандарды осылай зиярат ету – мұстахап болып есептеледі.
3) Егер зиярат етілген қабір иесі салиқалы, ізгі жандардан болса, "табаррук" мақсатында оларды зиярат ету.
(Бұндай мақсатпен бару – рұқсат)
4) Өлгендердің хақысын өту мақсатында зиярат ету. Себебі, егер зиярат етушінің қабірде жатқан адамның алдында хақысы болса, онда ол сол адамға тірі кезінде де, өлгеннен кейін де жақсылық жасауы тиіс.
(Өлгеннен кейін жасалатын жақсылық: қабіріне барып, басына кұран оқып, зиярат ету).
? Араб тілінде бастауыш болған адам – Исламтануда да бастауыш
Имам Шатыби ол жайлы:
"Расында, шариғат – араб тілінде. Ал егер шариғат арабша болса, онда оны тиесілі деңгейде түсіне алатын адам – ол араб тілін тиесілі деңгейде түсінген адам ғана болады", - деді.
Ары қарай ол: "Демек, Араб тілінде бастауыш деңгейінде болған адам, шариғатта да түсінігі бастауыш деңгейінде болады. Ортаңғы деңгейде болса, шариғатта да түсінгі ортаңғы деңгейде болады. Яғни, түсінігі ортаңғы деңгейде болған адам, соңғы деңгейге жетпеді деген сөз.
Егер араб тілінің шегіне жеткен болса, онда оның түсінігі де шариғатта дәл солай болмақ.
Яғни, оның шариғаттағы түсінігі сахабалардың және Құранды түсінген шешендердің түсінігіндей дәлел бола алады", - деп араб тілінің ерекше маңызын айтып кеткен.
? "Муафақат", 4/115
? 100 адамды өлтіріп тәубе еткен жан жайлы айтылған хадистен алатын ғибраттарымыз:
1) Көп құлшылық жасау – адамның біліктілігіне дәлел емес. Адамдар ғибадатшыл адамды кейде ғалым деп ойлап жатады. Алайда ол адам шариғи терең ілім алмаған болуы мүмкін. Оның ғибадатшылдығына адамдар тамсанып, дін мәселелерінде сүйінгенде, ол адам қателесіп бүлік шығаруы ықтимал.
2) Тәубе қабыл болу үшін – жаман ортаны өзгерту керек. Бұндай шартты кейбір ғұламалар қосқан. Сондықтан да, тәубе қабыл болсын десең, күнәға итермелейтін ортаны өзгерт.
3) Салиқалы жамағатта береке бар. Сондықтан да ғалым адам әлгі 100 адам өлтірген кісіге оқшаулануды емес, салиқалы жандармен бірге ғибадат етуін бұйырды.
4) Ілім – дұрыс ғибадатқа бастар жол болса, ал дұрыс ғибадат - жәннатқа бастар жол.
Сондықтан да, ғалым кісі оған жамағатпен ғибадат етуді бұйырды. Ғалымның білімі болмағанда, ол да ғибадатшыл адам секілді бүлдірер еді.
5) Алланың мейірімі – шексіз.
Оның құлы қандай күнә жасаса да, шынайы тәубе еткен жағдайда Өзінің рақымына бөлейді.
? Бұл ғибраттарды жақсырақ түсіну үшін, жоғарыдағы хадисті тағы бір оқыңыз
? Тәубе
Әбу Сағид Худриден жеткен бұл сахих хадисті көпшілігіміз естіген шығармыз
Хадисте 99 адамды өлтірген бір күнәһар адам тәубе жасағысы келіп: "Жер бетіндегі ең білгір адам кім?”, - деп сұрайды.
Адамдар оған ғибадатшыл бір кісіге нұсқайды. Ол одан: "Тәубе етсем, қабыл болады ма", - деп сұраса, ғибадатшыл оған: “Жоқ” деп жауап қатады. Жауабына разы болмаған жаңағы кісі, оны да өлтіріп, өлтірген адам санын 100-ге толтырады.
Ол ең білімді адам жайлы тағы сұрағанда, адамдар оған ғұламаға нұсқайды. Ол ғалымнан әлгі сұрағын сұрағанда, ғалым оған: "Алла мен тәубе етушінің арасына кім тұра алады!? Қазіргі мекеніңнен кетіп, пәленше деген жерге бар да, ондағы құлшылық қылушылармен бірге құлшылық жаса. Өз жеріңе оралма, себебі ол нашар жер", - дейді.
Ғалымның айтқанына амал қылайын деп жолға шыққанда, жарты жолда оның ажалы келеді. Сонда рақым періштелері мен азап періштелері келіп, ол үшін таласады. Алла тағала олардың таласын шешетін басқа періште жіберіп, ол періште: "Екі жердің арасын өлшеңдер. Егер ізгілердің мекеніне жақын болса, ол жәннаттық, ал күнәһарлардың, яғни, өзінің бұрынғы жеріне жақын болған болса, онда ол тозақтық", - дейді.
Періштелер аралықты өлшесе, ізгілердің мекеніне қарай тек бір сүйемге ғана жақын болғанын көріп, оны мейірім періштелері алып кетеді.
(Хадисті Бұхари мен Муслим жетізді)
? Алла қаласа, бұл хадистен алынатын ғибраттарды бөлек шығарамын
Бұны жазып жатқан себебім, көптеген білім ізденушілер араб тіліндегі термин сөздердің қазақша мағынасын білмейді.
Сондықтан, әуелі өзіме, кейін басқаларға пайдалы болсын деп бөлісіп жатырмын
Есім сөз
Араб тілінде есім сөз (اسم) екіге бөлінеді:
Түрленбейтін (جامد) және түрленетін (مشتق).
Түрленбейтін есім сөз өз кезегінде екіге бөлінеді:
1) Деректі зат есім. Ол – көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иіскелетін, тілге татылатын, денеге сезілетін зат. Араб тілінде деректі зат есімге келесі нәрселер кіреді:
а) Шахс (شخص): Омар
ә) Хаяуан (حيوان): Арыстан
б) Набат (نبات): Раушан
в) Джамад (جماد): Тас.
2) Дерексіз зат есім болса, ол араб тілінде "мағына" (معنى) дегенді білдіреді. Мысалы: Көмектесу, уақыт секілді көзге көрінбейтін нәрселер.
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago