Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

ALTNQZ

Description
МҰНДА БӘРІ АМАНАТ!!!

#өзіме_айттым
#дұға
#алтын_күнделігімнен
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago

1 month, 1 week ago
1 month, 3 weeks ago

көктем келді

2 months ago

“қондырмақ боп бақ етіп қолға сені,
қалдырмайтын жан көрсең жолда сені,
бақытты боп, бақытты етіп, бақыттыға,
ана атансам арманым болмас еді...!
десең ғана жар атан, ал махаббат,
өзі іздеп табады сонда сені!”

- ...дейтін әкем, бәрін де үйрен, балам,
өз үйінен кетеді сүйгенде адам.

қандай сезім білмеймін ұзау үйден,
алда күтіп мені де тұр-ау күйбең.
“айналайын” дейтіндей көкем көзбен,
тілегі бар қаншама өтем сөзден,
маңызды боп сонан соң - жар таңдауы,
қол бұлғап қалар туыс арқамдағы...

жанардан қуаныштан тамса жасым,
өз елім жұмсақ болғай қарсы алатын.
Құдай жазған қосағым некемізді,
жария етер жақындап қалса да күн...
қобалжып жүрмін әлі кезіп үйді,
сөз таппай суреттейтін сезімімді...

©️ Мақпал Төребек

3 months, 1 week ago

*• кейде расымен, өзімді ақымақ сезінемін. ешкім мені бұл сезімде көрмеген шығар.

сезімдердің бәрі Алланың құлына жіберген бұйрығы ғой.

• күнде мың сезімді бойымнан өткізетінімді
• күліп сөйлеген даусымның артында көп сырдың болатынын
• шулы қалада тыныштықты бір ғана жерден табатынымды
• ол үшін күн сайын ұзақ дұға ететінімді
• мейірімсіз қалада мейірім іздейтінімді
• әр сөзді көңіліме қанжардай қадап алып, өз жанымды жейтінімді
• оның ғана жанымды үнсіз ұға алатынын
• оның ғана қуантқанын қалайтынымды,
• күйбең тірліктен шаршап жүргенімді оған ғана айтқым келетінін
• жаңбырдың астында онымен ғана, үнсіз жүргім келетінін
• айналамдағы адамдарға қараған сайын өзімді қорғансыз қыздай сезінетінімді
• түн болған сайын жылағым келетінін
• оның ғана мені жұбатқанын қалайтынымды
• оның ғана мені күлдірткенін қалайтынымды
• оның ғана қамқор болғанын қалайтынымды
• “тамағыңды іштің бе?!”, “тоңып қалмадың ба?!” -деп оның ғана сұрағанын қалайтынымды
• онымен ғана қаланың ең әдемі жерлеріне барғым келетінін
• ауырып қалсам оның ғана жанымда болғанын қалайтынымды
• оның ғана қолдауын алғым келетінін
• оған ғана бар сырымды айтқым келетінін
• оның ғана маған сенім білдіргенін қалайтынымды
• оны ғана мақтан тұтқым келетінін
• оны ғана қолдағым келетінін
• оның ғана жанында болғым келетінін
• оған ғана шабыт сыйлағым келетінін
• оған ғана тілекші болғым келетінін
• оның ғана жанында сұлу, дана болғым келетінін
• оның ғана қоңыр дауысын, ақылды әңгімелерін тыңдағым келетінін
• онымен ғана ақылдасқым келетінін
• әр сөзіне қосып айтылған жылулық жанымды жібітіп, ерекше қорғанышта болатынымды
• онымен ғана таңға дейін сырласқым келетінін
• оның ғана жанында бақытты болғым келетінін
• мұның бәрін жүрегіме бір үңілсе оқи алатынын оған қалай жеткізсем екен, а?!.*#АЛТЫН_КҮНДЕЛІГІМНЕН

3 months, 1 week ago

өз әлемінде өмір сүретін қызды қатты құрметтейтінмін. бүкіл әлемнен жаман сөз естігенде, оған “бәрі жақсы болады” деп сыбырлайтынмын. мүлде мүмкіндік қалмағанда оған бір жарық тауып бергем. оның көзінен отты алғаш боп көргем. оған тек жақсы ойлап, жақсылыққа бойұсынуды, алдымен қателесуді, сосын сабақ алуды, артынан қателігі үшін кешірім сұрауды, жүрегіне қаяу салғандарды кешіруді, барлық жамандықты ұмытуды, Аллаға өзін тапсыруды, Алланы ғана жан жолдасы етіп, сырласуды, басына іс түссе, салы суға кетсе қайғысын Алласына айтуды, қандай жағдай болмасын еңсесін тік ұстауды, тағдырына налуын азайтып, көбірек ізгі амал жасауды үйреттім!

жүрегінде Алласы жанып тұрса, көзінен отын сөндірмейтініне сендім! әлемге әрі махаббатпен, әрі мейіріммен қарап, тек күлкісімен шуақ шашып жүрсе екен дедім.
кеше үмітім ақталды! бүгінімді қазір жасаймын! ертең бәрі жақсы болады!#өзім_жайлы*🫀***

3 months, 1 week ago

ол - маған бұйырған Тәңірдің сыйы
ол - маған бұйырған жанымның күйі
мен - оған бұйырған бағы шығармын
мен - Жұмақта соның жары шығармын…

5 months, 1 week ago

мықты болу қатыгез болу дегенді білдірмейді. мейірімді болу еріксіз болу дегенді білдірмейді…

5 months, 1 week ago

үнсіздігімді түсінетін, Раббым

5 months, 1 week ago

достар, менің тек пайдалы дүние ұсынатынымды білесіздер ғой

осы парақшаға тіркелсең, директте саған 100 кітап тегін сыйлайды. әдебиет, дін, психология бағытында. ашып алып оқи бересіз.

парақша сілтемесі міне:
https://instagram.com/alash__brands?igshid=MTNiYzNiMzkwZA==

5 months, 1 week ago

шүкір деуге мың себеп беріп қойғаныңа шүкір, Раббым

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago