Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

AQIQAT AQIDA

Description
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago

1 month, 2 weeks ago

1️⃣Рамазан айында орын алған оқиғалардың ең маңыздысы - Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ Қасиетті Құран Кәрімнің түсуі. «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді».
Бақара сүресі,185-аят

2️⃣Бәдір шайқасы. Бұл ислам үмбетінің тарихында ақиқат пен жалған арасында
болған алғашқы шайқас. Бұл шайқаста ақиқатты қорғаушы мұсылмандар
Алла Тағаланың медетімен жеңіске ие болды. Алла Тағала Құран Кәрімде:«Расында, Алла сендерге Бәдірде жәрдем берген еді. Сендер онда әлсіз едіңдер.Олай
болса, Алладан қорқыңдар! Мүмкін, шүкір етушілерден боласыңдар»-деген. Әли Имран сүресі,123-аят.
Ибн Аббас (Алла одан разы болсын): «Бәдір шайқасы һижраның екінші жылында рамазан айының он жетінші жұлдызында жұма күні болды. Ол күні осы үмбеттің перғауыны және исламның ата жауы Әбу Жәһіл өлтірілді»-деп айтқан. «әл-Фиқһ әл-Ислами уә Әдилләтуһу» 3/1626📚

3️⃣Меккенің алынуы. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Расында, Біз саған айқын жеңісті сыйладық»-деген. Фәтх сүресі,1-аят.
Бұл жеңіс һижраның сегізінші жылында рамазан айының жиырмасыншы немесе жиырма бірінші жұлдызында жұма күні жүзеге асты. Бұл жеңістің нәтижесінде Қағбаның іші-сыртындағы пұттар халықтың өз қолымен талқандалып,Мекке пұтқа табынушылықтан тазарды.

4️⃣Һижраның тоғызыншы жылы Тәбук шайқасымен байланысты бірнеше оқиғалар рамазан айында орын алды.

5️⃣Һижраның оныншы жылының рамазан айында Пайғамбарымыз ﷺ Йеменге Әлидің басшылығымен (Алла одан разы болсын) әскер жіберіп, Йеменде ислам діні орнады.

6️⃣Омардың заманында (Алла одан разы болсын) мұсылмандар мен парсылар арасындағы кескілескен Қадисия шайқасы да рамазан айында болып, мұсылмандардың жеңісімен аяқталды.

7️⃣Һижраның 92 жылы рамазан айының жиырма сегізінші жұлдызында Тариқ ибн Зияд басқарған мұсылман әскері Испанияны алды.

8️⃣Һижраның 658 жылы рамазан айының он бесінші жұлдызында жұманың таңында Мысырдағы мәмлүктер сұлтаны Құтұз басқарған мұсылман әскері мен
моңғолдар арасында Айн Жалұт сайында үлкен шайқас өтті. Ұрыс стратегиясын жоспарлаған қазақ жерінен шыққан Сұлтан Бейбарыс болды. Шайқас нәтижесінде Алланың қалауымен мұсылмандар моңғол әскерін ойсырата жеңіп моңғол-татар шапқыншылығын тоқтатты.

2 months ago

Барлық уақыттарда мұсылмандар тарауихтың 20 ракағат екендігіне бірауыздан келіскен. Тек қазіргі уақытта ғана мазхабсыздар пайда болып тарауих намазы 8 рағат болуы керек деп сахабалар мен бүкіл үмметке қарсы шығуда. Олардың дәлел ретінде сүйенетін Айша анамыздан келтіретін хадистеріне екінші бөлімде тоқталатын боламыз.

2 months ago

Рамазан айы басталысымен сәләф салихтар әлдеқашан түсіндіріп кеткен даулы мәселер жыл сайын қайта көтерілетіні белгілі. Солардың бірі тарауих намазының ракағат санына қатысты келіспеушілік. Ғалымдарымыз тарауих намазының 20 ракағат екендігін дәлелдеп том-том еңбектер жазып кетсе де, мазхаб ұстанбайтын кейбір жамағат өкілдері тарауих намазы 8 ракағат оқылу керек деп жұрт арасында түсінбеушілік тудырып жүр.

Алдымен тараиухтың 20 ракағат екендігіне қатысты дәлелдерге тоқталайық:

Ең бірінші дәлел көп ғалымдар келтірген Абдулла ибн Аббастан (Алла одан разы болсын) жеткен мына хадис: «Алла елшісі Рамазан айында үтір намазынан бөлек 20 ракағат намаз оқитын».

Бұл хадисті имам ибн әби Шәйба «Мусаннаф», имам Байхақи «Сунан», имам Табарани «Кабир», имам ибн Әди «Муснад», имам Бағауи «Мәджмә Сахаба» келтірген.

Енді осы хадисті талдайық:

Тарауихты 8 ракағат дейтін мазхабсыздар бұл хадистің тізбегіндегі Ибраһим ибн Осман есімді адамды сенімсіз деп танып хадисті әлсіз деп есептейді. Мәуләнә Мухаммад Әли «Шарх Муатта Имам Мухаммад» еңбегінің 1 том, 303-бетінде бұны былай түсіндіреді: «Имам Байхақи бұл хадисті дағиф (әлсіз) деген,бірақ маудуғ (жалған) демеген. Алайда бұл бірауыздан келісілген кесімді пікір емес. «Тәхзиб әт-Тәхзиб» кітабының 1-том, 145-бетінде Яхья ибн Муғиннің Ибраһим ибн Осман жайында айтқан Язид ибн Харунның мына сөзін жеткізеді: «Өз заманында әділдік жағынан Ибраһим ибн Османға тең келетін ешкім болмады». Әрі қарай Ибраһим ибн Османның әділдігіне қатысты бұдан да өзге бірнеше дәлелдер келтіріп мәуләнә Мухаммад Әли өз сөзін былай деп қорытындылайды: «Бұл хадис жеткізуші Ибраһим ибн Османға байланысты әлсіз делінбейді. Керісінше,бұл хабарға жоғарыдағы дәлелге сүйеніп мықты әрі рас хабар деп баға беріледі».

Одан бөлек муфтий Абдуррахим Ләджпури «Фатауа Рахимийя» еңбегінің 2-том, 253-бетінде тарауих намазының 20 ракағат екенін қуаттайтын көптеген дәлелдер тізбегін келтірген. Олар:

1.Имам Тирмизи: «Омар,Әли,Суфян әс-Сәури және имам Шафиғи – барлығы тарауих намазын 20 ракағат оқыған». (Тирмизи,1-том, 99-бет)

2.Имам Байхақидің Сәиб ибн Язидтен жеткізген хабары «Омардың,Османның,Әлидің халифалығы тұсында тарауих 20 ракағат оқылды». (Насбур-Райя, 2-том, 496-бет)

3.Имам Маликтің «Муатта» еңбегінің 40-бетінде Язид ибн Руманнан жеткізген хабары: «Омардың халифалығы тұсында адамдар тарауих намазын үтірмен қосқанда 23 ракағат оқитын еді».

4.Мухаддис ибн Қудама: «Сахабалар тарауихты 20 ракағат оқуға бірауыздан келіскен». (әл-Муғни, 1-том, 803-бет)

5.Мухаддис ибн Хаджар Хайтами: «Сахабалар тарауихты 20 ракағат оқуға бірауыздан келіскен». (Тухфатуль-ахьяр,197-бет)

6.Ибн Тәймия: «Омардың халифалығы тұсында Убай ибн Кағб 20 ракағаттық тарауих намазын басқарған». (Фатауа ибн Таймия, 1-том, 148-бет) «Ғалымдардың пікірі бойынша 20 ракағат тарауих намазы сүннет болып табылады,себебі мухаджирлер мен ансарлар бұған қарсылық танытпаған». (Фатауа ибн Таймия, 1-том, 191-бет)

7.Имам Шағрани: «Омар 23 ракағат тарауих намазына бұйырды,оның 3-еуі үтір намазы болатын. Содан кейін бұл үрдіс басқа қалаларға да жайылды». (Кәшфуль-Ғумма,1-том,167-бет)

8.Имам Бадруддин әл-Айни: «Омардың халифалығы тұсында тарауих намазы 20 ракағат болды және бұл Осман мен Әлидің тұсында да жалғасты». (Сахих Бухариге жазған шархы, 7-том, 178-бет)

9.Имам Абу Юсуф Имам Абу Ханифадан: «Омардың тарауихты 20 ракағат қылып бекітуінде Пайғамбардан қандай да бір дәлелі болды ма?»-деп сұрағанда,Имам Абу Ханифа: «Омар ешқашан бидғатқа жол бермейтін адам»-деп жауап берді. (Файдуль-Бари,2-том,420-бет. Мәроқил-Фәләх, 81-бет. Бахрур-Раиқ, 2-том,66-бет)

  1. Мекке муфтийі,табиғин Ата ибн Әби Раббаһ: «Сахабалардың тарауих намазын 20 ракағат оқығанын көрдім». (Ибн Әби Шәйба,1-том, 406-бет. Қыямуль-Ләйл,91-бет. Фатхуль-Бәри,4-том,219-бет. Әсәру әс-Сунән,2-том,56-бет)

Тараиухтың 20 ракағат екендігіне жоғарыда келтірілген дәлелдерден бөлек көптеген басқа да дәлелдер келтіре беруге болады. Ешқандай хабарда сахабалардың тараухитың 20 ракағат болуы дұрыс емес, 8 ракағат болуы керек деп қарсы шыққаны келмеген.

2 months, 3 weeks ago

Бірде Имам Абу Ханифаға бір топ хариджилер келіп былай деп сұрақ қойды: «Мешіттің алдында екі мәйіт жатыр, оның бірі маскүнемдікке салынып қайтыс болған, ал екіншісі зина жасап жүкті болып қалған әйел адам, онымен қоса өзіне қол салған. Енді бұларды қалай жерлеу керек? Жаназа намаз оқимыз ба?».
Имам Абу Ханифа олардан: «Ол екеуі иудей ме, христиан ба әлде отқа табынушы ма?»-деп сұрады.
Олар (хариджилер): «Ол екеуі де Алладан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Оның елшісі әрі құлы екеніне куәлік еткен адамдар»-деді.
Имам Абу Ханифа хариджилердің жауабына былай деп қарсы сұрақ қойды: «Олардың иманы толық па, әлде үштен біріне толық па, немесе төрттен біріне толық па, бестен біріне толық па?».
Хариджилер бұл сұраққа: «Иман үштен бірге, төрттен бірге немесе бестен бірге толық болуы мүмкін емес. Иман бар немесе жоқ»-деп жауап берді.
Осы сәтте Имам Абу Ханифа хариджилерге: «Сендер сонда өздерің мұсылман санап тұрған адамдардың үкімін сұрап тұрсыңдар ма? Солай ма?»-деді.
Сонда хариджилер: «Жетер,бұны қоя тұр! Бұл екеуі жәннәтқа бара ма әлде тозаққа бара ма? Осыған жауап бер»-деп сұрақты тіке қойды.
Имам Абу Ханифа: «Егер сендерге өз дәлелдерің жеткіліксіз болса онда мен бұлардан да жағдайы ауыр болғандар жайлы Ибрахим пайғамбардың айтқан сөзімен жауап беремін»-деп Ибрахим сүресінің 14-ші аятын оқып берді: «Раббым, олар адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреу маған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы келсе, онда Сен өте кешірімдісің, ерекше мейірімдісің». «Оған қоса Иса, Нух пайғамбарлардың мына сөзімен де жауап бере аламын»-деп Мәида сүресінің 118-аятын, Шуғара сүресінің 111-аятын оқып берді: «Егер оларды азаптасаң да олар Сенің құлдарың, егер оларды кешірсең де күдіксіз Сен аса үстемсің, хикмет иесісің» (Мәида 118). Содан соң имам Абу Ханифа хариджилерге Худ сүресінің 31-аятын оқып берді: «...Олардың ішіндегісін тек Алла ғана біледі...».
Бұл сөздерден кейін хариджилер қаруларын тастап кетіп қалды.

Оқиға имам Харисидің «Мәкәнат Абу Ханифа» еңбегінен алынды

2 months, 3 weeks ago
ИМАМ АБУ ХАНИФАНЫҢ ХАРИДЖИЛЕРМЕН ПІКІРТАЛАСЫ

ИМАМ АБУ ХАНИФАНЫҢ ХАРИДЖИЛЕРМЕН ПІКІРТАЛАСЫ

ИМАН ЖӘНЕ АМАЛ МӘСЕЛЕСІ❗️

2 months, 3 weeks ago
ПСЕВДОСАЛАФИЛЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚҚА ТҮСУІ***❗️***

ПСЕВДОСАЛАФИЛЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚҚА ТҮСУІ❗️

Ибн Баз:

قال ابن باز في مسائل الإمام ابن باز المجموعة الأولى صفحة ٣٧ :

« لله خمس أصابع »

«Алла Тағаланың бес саусағы бар».

📚 Дереккөз: «Масаил имам Ибн Баз», 1/37

Ибн Усеймин:

قال ابن عثيمين في شرح الأربعين النووية صفحة ٤٩ :

« من يخوض في عدد أصابع الله فحقه أن يؤدب »

«Алла Тағаланы саусақтарының санына байланысты мәселеге кіретін адамды жазаға тарту керек».

📚 Дереккөз: «Имам Науауидің 40 хадисіне түсіндірме», 49 бет

P.S: Алла Тағала бізді бұндай адасушылықтан сақтасын🤲

Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,
Боларға басқа басқа бөлектенбес.
Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,
Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

2 months, 4 weeks ago

Сұрақ:
Ассаламуғалаейкум уа рахматуллахи уа баракатух құрметті шейх, менде келесідей сұрақ: Кейбір адамдар Қазақстанда жұма намазы жоқ, өйткені Қазақстан ислам мемлекеті емес дейді. Сол себепті жұма намазы да қабыл емес деп жүр. Енді біз Қазақстанда жұма намазын оқымауымыз керек пе?

Жауап:
Уағалейкумассалам уа рахматуллахи уа баркатух. Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын. Бұндай сөзді айтушы адамның тілін кесу керек. Қазақстан-ұлы ислам мемлекеті. Ал оның халқы абзал,игі мұсылмандар. Келесіде бұндай сөздерді ешқашан айтуға болмайды.

P.S: алдағы уақытта ханафи шмазхабының классикалық кітаптары арқылы ислам мемлекетінің шарттары мен Қазақстан мемлекетін сәйкестендіріп дәлелдейтін боламыз❗️

2 months, 4 weeks ago
ҚАЗАҚСТАН КҮПІР МЕМЛЕКЕТІ МЕ***❓***

ҚАЗАҚСТАН КҮПІР МЕМЛЕКЕТІ МЕ

السلام عليكم ورحمة الله وبركاته. شيخنا الفاضل عندي سؤال. بعض الناس يقولون : " لا صلاة الجمعة في كازاخستان " لأنهم يقولون كازاخستان ليس دار الإسلام ،ولهذا لا يعد صلاة الجمعة " هل هذا صحيح ؟ هل نترك أداء صلاة الجمعة ؟

وعليكم السلام ورحمة الله وبركاته
اعوذ بالله من الشيطان الرجيم
من يقول هذا الكلام ينبغي قطع لسانه
كازاخستان دولة اسلامية عظيمة، واهلها فضلاء مسلمون كرام
وغير ذلك لا يجوز ان يقال ابدا

3 months ago

Бүгін жазбамызда истауа мәселесіндегі аһли-сүннеттің ұстанымын баяндауды жалғастыратын боламыз👇

Имам ибн Касир “Тәфсир әл-Қурән әл-‘азым” атты еңбегінің 3 том, 383 бетінде истауаға қатысты:

و إنما نسلك في هذا المقام مذهب السلف الصالح مالك و الأوزاعي و الثوري و الليث بن سعد و الشافعي و أحمد و إسحاق بن راهويه و غيرهم من أئمة المسلمين قديمًا وحديثا و هو إمرارها كما جاءت من غير تكييف و لا تشبيه و لا تعطيل و الظاهر المتبادر إلى أذهان المشبهين منفي عن الله

“Біздің бұндай аяттарға(мағынасы анық емес) қатысты ұстанымымыз салаф солихтерден болған имам Малик, имам Аузағи, имам әс-Сәури, имам Ләйс ибн Сағд, имам Шафиғи, имам Ахмад, имам Исхақ ибн Роһауайһи сынды ұлы имамдардың ұстанымымен бірдей. Олардың ұстанымы: Келген аятқа кейіп берместен,жоққа шығармастан,тәшбиһ(ұқсату)жасамастан иман ету. Алланың сипаттарына қатысты адамның ойына келетін суреттеулер Алла Тағалаға берілмейді”-деген. Сонымен қатар “әл-Китаб әл-Әқоид” еңбегінде:

ولا يحده - سبحانه وتعالى - حد. وأنه سبحانه استوى على العرش كما نطق به الكتاب العزيز في ست آيات كريمات بلا كيف، بل كيف شاء من غير مماسة أو احتياج إلى العرش، مع تنزيهه سبحانه عن الجلوس أو القعود أو غيرهما من صفات المحدثين.

“Алла Тағала тараптармен шектеспейді. Құран Кәрімнің 6 аятында келгендей Аллаһ Тағала аршыға еш кейіпсіз, жанасусыз ,мұқтаж болмастан, отыру, орнығу секілді жаратылыстардың сипаттарынан пәк күйде истауа етті”-деген.

Имам ибн Хаджар “Фәтх әл-Бәри” еңбегінің 13 том, 413 бетінде:

و ليس قولنا إن الله على العرش أي:مماس له أو متمكن فيه أو متحيز في جهة من جهاته، بل هو خبر جاء به التوقيف، فقلنا له به، و نفينا عنه التكييف، إذ ليس كمثله شيء
“Алла Тағаланың аршыға истауа етті дегенімзде орнықты,отырды немесе тараптармен шектелді деп түсінбейміз. Истауаға қатысты келген аятқа ешнәрсе қоспастан және одан ешнәрсе кемітпестен, кейіп берместен иман келтіреміз. Себебі, “Оның бірде-бір ұқсасы жоқ”.-деген.

Және дәл осы кітаптың 13 том, 406 бетінде:

من قال استوى: استقر أنه قول المجسمة، و قالت الجسمية معناه (استواء) الاستقرار

“Кімде-кім истауаны “орнықты” деп түсіндерсе “муджасимдердің” сөзін айтқан болады”-деген. (Муджасимдер - Алла Тағалаға ағза-мүше бекітетін адасқан топ)

Ханбали мәзхәбінің үлкен ғалымы Хафиз Әбу әл-Фарадж ибн әл-Джаузи “Дәфғу Шубухат әт-Ташбих” атты еңбегінің 20 бетінде былай деген:

‎وقد حمل قوم من المتأخرين هذه الصفة على مقتضى الحس فقالوا: استوى على العرش بذاته.
‎وهي زيادة لم تنقل، إنما فهموها من إحساسهم، وهو أن المستوي على الشيء إنما يستوي عليه بذاته

“Соңғы уақытта пайда болған кейбір адамдар истауаға қатысты аятты физикалық құбылыс ретінде қабылдап,Алла Тағала аршыға “бизатиһи”, яғни,затымен орнықты деп түсіндіре бастады. Бұндай түсіндерме берген уақытта олар ешқандай дәлелге емес, өздерінің түйсіктеріне ғана сүйенген”.

Мәлики мазхабының фақиһ және мухаддис ғалымы Қади Ғияд өзінің “Мәшариқул-Әнуәри ‘әлә сихахил-әсәр” атты еңбегінде Құрандағы истауа аятына қатысты былай деген:

وقيل استوى من المشكل الذي لا يعلم تأويله إلا الله وعلينا الإيمان به والتصديق والتسليم وتفويض علمه إلى الله تعالى وهو صحيح مذهب الأشعري وعامة الفقهاء والمحدثين والصواب إن شاء الله

“Истауа нақты мағынасы Аллаға ғана аян анық емес сөздерден. Бізге Алланың истауа еткеніне сену,бекіту және ол туралы ілімді Аллаға тапсыра отырып иман ету парыз. Және бұл ашғари мазхабында да, фақиһтар мен мухаддис ғалымдардың арасында да дұрыс деп қабылданған пікір”. Сөз соңы.

3 months ago
ИСТАУА. 2 БӨЛІМ

ИСТАУА. 2 БӨЛІМ

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago