📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
Әлбани өзінің «Әдаб әл-Зафар» кітабында ғалымдардың ортақ иджмасына қарамастан әйелдерге алтыннан жасалған әшекейлер тағуға тыйым салған.
Сенбі күні ораза тұтуға толық тыйым салған.
Мекке,Мәдина және Иерусалимдегі 3 негізгі мешіттен өзге мешіттерде иғтикафқа қалуға тыйым салған.
Әлбани ханафи мазхабының фиқһын Евангелиемен салыстырған. (Мухтасар Сахих Муслим әл-Мунзириге жазған шархы, 548-бет. Бейрут,
3-басылым, 1977 ж. Алайда, кейін басылған нұсқаларында бұл сөз алынып тасталған)
Әдейі қаза қылынған намазды өтеуге тыйым салған.
Етеккірі келген немесе жүніп халіндегі әйелдердің Құранды ұстауына және оны оқуына рұқсат деп пәтуә берген.
Пайғамбарымыздың ﷺ қабірі Мәдинадағы мешіттің ішінде болуын бидғат деп есептеген.
Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін зиярат ету үшін және оның шапағат етуін сұрау ниетімен сапарға шыққан адамды адасқан бидғатшы санаған.
Алланы зікір етуде тәспі қолдануды бидғат деп есептеген.
Тәмәм әл-Минна кітабында мастурбация оразаны бұзбайды деп пәтуә берген.
Сахих Бухари, Сахих Муслим хадистер жинағындағы өзіне ұнамсыз хадистерді алып тастап «Мухтасар» деген атпен өзінің нұсқасын таратты. Бұл ісімен ол «Сахихаинға» бұған дейін ешкім жасамаған қиянат жасады.
Әлбани 4 Сунан кітабына және «Әдаб әл-Муфрад» Имам Бухари, «Тарғиб уә әт-Тархиб» Имам Мунзири, «Жәми әс-Сағир» Имам Суюти еңбектеріне өзгерістер енгізіп шығарды. Және бұл кітаптардағы хадистерді сахих және дағиф деп екі топқа бөлді. Сол арқылы ол бұл классикалық еңбектердің толықтығы мен бүтіндігіне қол салды.
Өзінің ең кемі 5 кітабында Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің жасыл күмбезін құлатуға және мешіттің ішінен Пайғамбарымыздың ﷺ қабірін шығарып тастауға шақырған.
Шейх Жибрейл Фоад Хаддадтың мақаласынан
Қазақ тіліне тәржімалаған @aqiqat.aqida ұжымы
Қазіргі псевдосәләфилер өздеріне қатысты қолданылатын «Уәһһәби» терминін кәпірлер мен надандар ойлап тапқан деп есептейді. Және ол терминнің өздеріне қатысты қолданылуына түбегейлі қарсы. Ал бұл туралы өздерінің шейхы ибн Бааз не дейді? Жауабын ибн Бааздың «Фатауа Нур әлә әд-Дарб» атты пәтуәлар жинағынан іздеп көрейік. Аталған еңбектің 18-бетінде ибн Бааз осы сұраққа қатысты былай дейді:
Ибн Баазға сұрақ:
يقول السائل: فضيلة الشيخ، يسمي بعض الناس عندنا العلماء في المملكة العربية السعودية بالوهابية فهل ترضون بهذه التسمية؟ وما هو الرد على من يسميكم بهذا الاسم؟
«Құрметті шейх, Сауд Арабияның кейбір шейхтерін біздің жақта «Уаһһаби» деп атайды. Сіз бұл атаумен келісесіз бе? Бұлай айтатындарға қалай жауап беруіміз керек?
Ибн Бааздың жауабы:
فهو لقب معروف شريف و ليس بمستنكر،فهو لقب أهل التوحيد والايمان،من أهل الدعوة إلى الله عز وجل
«Бұл барлығына мәлім болған құрметті (текті) атау, бұнда тұрған ештеңе жоқ. Бұл атау Аллаға (Исламға шақыратын) шақыратын таухид пен иман иелерінің атауы».
«Фатауа Нур әлә әд-Дарб, 18-бет. Дәр әл-Уатан баспасы»
Бұдан кейін ибн Бааздың өзге псевдосәләфилердің алдындағы дәрежесі қандай болмақ? Оны да «Уаһһаби» терминін қолданғаны үшін өзгелерді айыптағаны секілді надандықта айыптай ма екен?
1️⃣Рамазан айында орын алған оқиғалардың ең маңыздысы - Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ Қасиетті Құран Кәрімнің түсуі. «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді».
Бақара сүресі,185-аят
2️⃣Бәдір шайқасы. Бұл ислам үмбетінің тарихында ақиқат пен жалған арасында
болған алғашқы шайқас. Бұл шайқаста ақиқатты қорғаушы мұсылмандар
Алла Тағаланың медетімен жеңіске ие болды. Алла Тағала Құран Кәрімде:«Расында, Алла сендерге Бәдірде жәрдем берген еді. Сендер онда әлсіз едіңдер.Олай
болса, Алладан қорқыңдар! Мүмкін, шүкір етушілерден боласыңдар»-деген. Әли Имран сүресі,123-аят.
Ибн Аббас (Алла одан разы болсын): «Бәдір шайқасы һижраның екінші жылында рамазан айының он жетінші жұлдызында жұма күні болды. Ол күні осы үмбеттің перғауыны және исламның ата жауы Әбу Жәһіл өлтірілді»-деп айтқан. «әл-Фиқһ әл-Ислами уә Әдилләтуһу» 3/1626📚
3️⃣Меккенің алынуы. Аллаһ тағала Құран Кәрімде: «Расында, Біз саған айқын жеңісті сыйладық»-деген. Фәтх сүресі,1-аят.
Бұл жеңіс һижраның сегізінші жылында рамазан айының жиырмасыншы немесе жиырма бірінші жұлдызында жұма күні жүзеге асты. Бұл жеңістің нәтижесінде Қағбаның іші-сыртындағы пұттар халықтың өз қолымен талқандалып,Мекке пұтқа табынушылықтан тазарды.
4️⃣Һижраның тоғызыншы жылы Тәбук шайқасымен байланысты бірнеше оқиғалар рамазан айында орын алды.
5️⃣Һижраның оныншы жылының рамазан айында Пайғамбарымыз ﷺ Йеменге Әлидің басшылығымен (Алла одан разы болсын) әскер жіберіп, Йеменде ислам діні орнады.
6️⃣Омардың заманында (Алла одан разы болсын) мұсылмандар мен парсылар арасындағы кескілескен Қадисия шайқасы да рамазан айында болып, мұсылмандардың жеңісімен аяқталды.
7️⃣Һижраның 92 жылы рамазан айының жиырма сегізінші жұлдызында Тариқ ибн Зияд басқарған мұсылман әскері Испанияны алды.
8️⃣Һижраның 658 жылы рамазан айының он бесінші жұлдызында жұманың таңында Мысырдағы мәмлүктер сұлтаны Құтұз басқарған мұсылман әскері мен
моңғолдар арасында Айн Жалұт сайында үлкен шайқас өтті. Ұрыс стратегиясын жоспарлаған қазақ жерінен шыққан Сұлтан Бейбарыс болды. Шайқас нәтижесінде Алланың қалауымен мұсылмандар моңғол әскерін ойсырата жеңіп моңғол-татар шапқыншылығын тоқтатты.
Барлық уақыттарда мұсылмандар тарауихтың 20 ракағат екендігіне бірауыздан келіскен. Тек қазіргі уақытта ғана мазхабсыздар пайда болып тарауих намазы 8 рағат болуы керек деп сахабалар мен бүкіл үмметке қарсы шығуда. Олардың дәлел ретінде сүйенетін Айша анамыздан келтіретін хадистеріне екінші бөлімде тоқталатын боламыз.
Рамазан айы басталысымен сәләф салихтар әлдеқашан түсіндіріп кеткен даулы мәселер жыл сайын қайта көтерілетіні белгілі. Солардың бірі тарауих намазының ракағат санына қатысты келіспеушілік. Ғалымдарымыз тарауих намазының 20 ракағат екендігін дәлелдеп том-том еңбектер жазып кетсе де, мазхаб ұстанбайтын кейбір жамағат өкілдері тарауих намазы 8 ракағат оқылу керек деп жұрт арасында түсінбеушілік тудырып жүр.
Алдымен тараиухтың 20 ракағат екендігіне қатысты дәлелдерге тоқталайық:
Ең бірінші дәлел көп ғалымдар келтірген Абдулла ибн Аббастан (Алла одан разы болсын) жеткен мына хадис: «Алла елшісі Рамазан айында үтір намазынан бөлек 20 ракағат намаз оқитын».
Бұл хадисті имам ибн әби Шәйба «Мусаннаф», имам Байхақи «Сунан», имам Табарани «Кабир», имам ибн Әди «Муснад», имам Бағауи «Мәджмә Сахаба» келтірген.
Енді осы хадисті талдайық:
Тарауихты 8 ракағат дейтін мазхабсыздар бұл хадистің тізбегіндегі Ибраһим ибн Осман есімді адамды сенімсіз деп танып хадисті әлсіз деп есептейді. Мәуләнә Мухаммад Әли «Шарх Муатта Имам Мухаммад» еңбегінің 1 том, 303-бетінде бұны былай түсіндіреді: «Имам Байхақи бұл хадисті дағиф (әлсіз) деген,бірақ маудуғ (жалған) демеген. Алайда бұл бірауыздан келісілген кесімді пікір емес. «Тәхзиб әт-Тәхзиб» кітабының 1-том, 145-бетінде Яхья ибн Муғиннің Ибраһим ибн Осман жайында айтқан Язид ибн Харунның мына сөзін жеткізеді: «Өз заманында әділдік жағынан Ибраһим ибн Османға тең келетін ешкім болмады». Әрі қарай Ибраһим ибн Османның әділдігіне қатысты бұдан да өзге бірнеше дәлелдер келтіріп мәуләнә Мухаммад Әли өз сөзін былай деп қорытындылайды: «Бұл хадис жеткізуші Ибраһим ибн Османға байланысты әлсіз делінбейді. Керісінше,бұл хабарға жоғарыдағы дәлелге сүйеніп мықты әрі рас хабар деп баға беріледі».
Одан бөлек муфтий Абдуррахим Ләджпури «Фатауа Рахимийя» еңбегінің 2-том, 253-бетінде тарауих намазының 20 ракағат екенін қуаттайтын көптеген дәлелдер тізбегін келтірген. Олар:
1.Имам Тирмизи: «Омар,Әли,Суфян әс-Сәури және имам Шафиғи – барлығы тарауих намазын 20 ракағат оқыған». (Тирмизи,1-том, 99-бет)
2.Имам Байхақидің Сәиб ибн Язидтен жеткізген хабары «Омардың,Османның,Әлидің халифалығы тұсында тарауих 20 ракағат оқылды». (Насбур-Райя, 2-том, 496-бет)
3.Имам Маликтің «Муатта» еңбегінің 40-бетінде Язид ибн Руманнан жеткізген хабары: «Омардың халифалығы тұсында адамдар тарауих намазын үтірмен қосқанда 23 ракағат оқитын еді».
4.Мухаддис ибн Қудама: «Сахабалар тарауихты 20 ракағат оқуға бірауыздан келіскен». (әл-Муғни, 1-том, 803-бет)
5.Мухаддис ибн Хаджар Хайтами: «Сахабалар тарауихты 20 ракағат оқуға бірауыздан келіскен». (Тухфатуль-ахьяр,197-бет)
6.Ибн Тәймия: «Омардың халифалығы тұсында Убай ибн Кағб 20 ракағаттық тарауих намазын басқарған». (Фатауа ибн Таймия, 1-том, 148-бет) «Ғалымдардың пікірі бойынша 20 ракағат тарауих намазы сүннет болып табылады,себебі мухаджирлер мен ансарлар бұған қарсылық танытпаған». (Фатауа ибн Таймия, 1-том, 191-бет)
7.Имам Шағрани: «Омар 23 ракағат тарауих намазына бұйырды,оның 3-еуі үтір намазы болатын. Содан кейін бұл үрдіс басқа қалаларға да жайылды». (Кәшфуль-Ғумма,1-том,167-бет)
8.Имам Бадруддин әл-Айни: «Омардың халифалығы тұсында тарауих намазы 20 ракағат болды және бұл Осман мен Әлидің тұсында да жалғасты». (Сахих Бухариге жазған шархы, 7-том, 178-бет)
9.Имам Абу Юсуф Имам Абу Ханифадан: «Омардың тарауихты 20 ракағат қылып бекітуінде Пайғамбардан қандай да бір дәлелі болды ма?»-деп сұрағанда,Имам Абу Ханифа: «Омар ешқашан бидғатқа жол бермейтін адам»-деп жауап берді. (Файдуль-Бари,2-том,420-бет. Мәроқил-Фәләх, 81-бет. Бахрур-Раиқ, 2-том,66-бет)
Тараиухтың 20 ракағат екендігіне жоғарыда келтірілген дәлелдерден бөлек көптеген басқа да дәлелдер келтіре беруге болады. Ешқандай хабарда сахабалардың тараухитың 20 ракағат болуы дұрыс емес, 8 ракағат болуы керек деп қарсы шыққаны келмеген.
Мухаммад Насруддин әл-Албани өзінің барлық уақытын Захирийя кітапханасында кітап оқумен өткізгені белгілі. Алайда,оның оқыған кітаптарын түсіндіріп беретін ешқандай ұстазы болмаған. Ал ислам ілімдерінде тізбегі бар ұстаздың болуы аса маңызды. Сол себепті біраз кітаптарды ұстазсыз оқыған Албани өзін хадистердің дәрежелерін анықтай алатын ғалым санай бастады. Ғалымдардың сөздеріне қарсы шығып өзінің нәпсісіне ұнамды бірқатар пәтуәлар да берді. Тіпті сахих «Бұхари», сахих «Муслим» жинақтарында келген өзіне ұнамаған кейбір хадистерді әлсіз деп жариялады.
Сонымен қатар Албани өзін шейх Бадруддин әл-Хасанидің ізбасары санады. Сөйте тұра шейх Бадруддин әл-Хасанидің қолынан мүлдем тастамайтын тасбихты ислам дініне жат саналатын «бидғат» деп сөкті. Яғни,тәсбихпен санақ жүргізуді дұрыс емес деп жариялады. Осыдан кейін өзін хифз және тасхих дәрежесіне жеткен ғалым санайды.
Хифз – мухаддистің көп хадис білетінін куәландыратын дәреже.
Тасхих – мухаддистің хадистердің дәрежесін анықтай алуы.
Оның замандастары болған Шам өлкесінің ғалымдары Албанидің тіпті негізгі мәтіндерді тізбегімен жатқа білмегенін айтады. Сонымен қатар Албани хадистердің әр түрлі тізбекпен болатынына және тек хадис ғалымдары ғана олардың дәрәжесін анықтай алатынына аса мән бермеген.
Сенімге ие болған ұстаздарсыз Әлбани секілді білімді тек қана кітаптан алу жеткіліксіз. Себебі, кітапта дін туралы қате пікірлер, қарама-қайшылықтар болуы мүмкін,немесе тіпті мәтіннің өзін ұстаздың түсіндіруінсіз қате түсініп қалу қауіпі бар. Және ол түсінік сәләф салихтардың пікіріне қарсы келіп қалуы әбден мүмкін. Діни мәтіндерді өз бетінше оқу және зерттеу сәләфтар мен хәләфтардың ережелеріне сай емес. Бұл туралы Хатыб әл-Бағдади өзінің «Әл-Фақиһ уә әл-Мутафақиһ» еңбегінде былай деп жазады: «Ілім тек қана ұстаздың ауызынан алынады. Және ол ұстаздың өзі өзінен алдын өткен сенімді өзге ұстаздан тәлім алған болуы керек. Осылайшы бұл тізбек Пайғамбардың асхабтарына дейін жетуі тиіс. Кім хадисті тек қана кітаптан алатын болса ол - сухуфи(кітапшы,мухаддис емес), кім Құранды тек кітаптан үйренетін болса ол – мусхафи(кітапшы,қари емес)».
Үндістандық мухаддис Шейх Хабиб Рахман әл-Әзами: «Әлбани өзінің нәпсісіне еріп ұлы ислам ғұламаларына қарсы шығуда шектен шыққан. Бұған дейін бұл істе дәл Әлбаниден артық кеткен адам жоқ. Ол тіпті имам Бухари мен имам Муслимге тиісуге дейін барды. Сол себепті Әлбанидің соңынан ерушілер оның ұлы имамдарды теріске шығарып жүргендігін көріп өз шейхтарын бұрын соңды ешкім жете алмаған білім дәрежесіне көтерілді деп ойлап қалды. Ал асылында оның дәрежесі «Мухтасар Қудури»(бастауыш деңгейдегі кітап). Егер оның кітаптарына үңілсек бұны анық көре аламыз. Өйткені ол, бір хадисті бір кітабында сахих десе, басқа кітабында әлсіз деп келтіре береді. Тіпті оның Пайғамбардың сөзіне өз сөзін қосқан тұстары да бар. Бұндайды ілімнің иісі мұрнына да бармаған, ғұламалардан дәріс те алмаған адам ғана айта алады. Осыншалық жүйесіздік ешқандай ғалымның, ешқандай мухаддистің өмірбаянында кездеспейді»-деп жазады.
Әлбани мұсылмандар бірауыздан келіскен көптеген мәселелерге қарсы пәтуә беруімен де танымал. Соның ішінде «Тахауи Ақидасы» мәтініне жазған түсіндірмесінде анық адасаулар мен қателіктері өте көп. Бұл туралы толығырақ алдағы жазбаларымызда дәлел-дәйектермен жазатын боламыз.
Сөз соңында Әлбанидің сөзін ақиқаттың соңғы инстанциясы ретінде қабылдайтын соңынан ерушілерді бұл адасушыны жайына қалдырып,нағыз сәләф солихтардың жолына қайтуға үндейміз!
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago