ОЙ ҚУҒАН

Description
Әдебиет, кино, театр туралы үзік ойлар, рухани әңгімелер каналы.

Канал авторы - Сағадат Ордашева @sagadat_writer
(Урдашева Саодат)
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 months, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 3 months, 1 week ago

2 Wochen, 4 Tage her

- Әже, айтшы, ғасырың қандай?
Замандасы едің кімнің?
Тарихты айтшы, тәуелсіздіктен кейін...
Құрдасың болды қандай?
Ақыны бар ма еді? Жыршысы қандай? - деп шырын шөберем сұрады бір түн, пештің қасында шамға қарап отырып айттым:

- Балам, менің құрдастарым шетінен гений,
Шетінен ақылман
Мен замандасымын Ерлан Жүністің
Төгілген сұлу жырлары
Жақұт-ты асыл сырлары...
Сұхбаттасқан-ды Тоқаевтың өзімен.
Мен... замандасымын Димаштың,
Әуезі тербеп жаралы жүректі
Ұлттарды бауыр деп басқан төсіне
Қасқалдағы ол әннің - Мағжанның үні,
Алаштың тірілген рухы өзі!

Мен замандасымын – театрда туған жаңа сананың
Режиссер Әлібек Өмірбекұлының!
Ол заман кілең ойнайтын сахнада батырлар
Кейін ойнайтын болды ақындар!
Мен көргем ол генийді
Шаштары дудырап, қаудырап қаба сақалы сілкініп
Айтатыны - ақыл таусылып...
Жарақатын таңып жүректің
Сауықтыратын сана қаупін
Қорқыныштарға көмілген ұлттың
Пулсін тыңдап, диагнозын қойып
Таусылып - табаны тозып
жүретін театрлар кезіп... жаңаны құрып.

менің ғасырым – жаңа ғасырдың басы еді
Менің құрдасым - құбылтқан сазды Калифорния
Қаракесектің үнінде әйел құдіретті еді,
Сүйегімізден сыбызғы жасап,
Шырқайтын еді саудасын ғасырдың
Қырылы даусының – Қазақстанды жаулаған терапия.

Менің ғасырым – жыршылар түлеген еді түлектей
Тапа тал түсте ұйқыны соққан ұлтты
Домбырасымен тірілтем деп - бабалар арзу-арманын қозғап
Әділбек ағам бір қауым елді Алладан сұрап-құрап ап,
жырау шәйларда саудаға салмай ұлттығының биік парасатын
жас шыбындырға шырқатыратып тұрып шындықты айтқызатын
баба-ғайып кереметтердің шынайы екенін баяндап
ессіз де иесіз кеткен жүйеге көңіл айтып...
тәуекел етіп ізбасарларына береке тілеп дұға ететін.
Ұлтсызданған ғасырға қайран қыла алмасыңды қайтесің?

Менің құрдастарым ғой шетінен гений, ақылман!
Аусарлық пенен ақылманның бәтуасыз айтысы еді ғасырым!
Ғафілдік кезеңі тақуаның
Құндылықтардың құнсыздануы мен құнсыздықтың асылдануы!
Көретініміз – блогерлердің ұтысы, білетініміз – ақша жасаудың тәсілі
Сенсациялардың хаос жасайтын ғасыры!
Мен Ерлан Жүністің құрдасы
Сұмдық уақытта саф жүрегін сақтай алғандар аз ол ғасырда
Сондықтан сүйемін ол ғасырды!
Ол заман – ақсақалдардың қаза ғасыры -
Ол заман - кілең құрдастарым еді ғой ақсақал!
Батасы жүрмейтін, аузынан арағы түспейтін
Ақсаааақааалдарды қайтесің, қайтесің оларды саусақпен санап.

Менің құрдастарым шетінен гений, батасы бата!
Ақ сөзі аппақ, жүрегі таза, баспаған қадамын қата.
Биліктің басына келсе олар
Олар халықты ойлайтын, халықпен жүретін жүрегі
көкірегіне толтырған ұлттың арманын.
Сексеннің сеңгірінде отырып
Еп ескі күндерге кей кейде барамын
Әмірхан Балқыбек, Таласбек Әсемқұловтар қайырып батасын
Салауат айтқан ғасырға!
Ол заман – жаңа ғасырдың басы еді...
Ал, сенің ғасырың – жұмақтың басы.

3 Wochen, 3 Tage her
Драмарафон аясында жазылған “странный” - біртүрлілеу …

https://daktilmag.kz/63/drama/sag'adat-ordasheva-/ak'tobe---almaty/1224

Драмарафон аясында жазылған “странный” - біртүрлілеу пьесам. Өте шағын, оқып шыққан адам өкінбейді. 😎

4 Monate, 1 Woche her
Жазушылық жолым туралы жаңа постқа қолдау …

https://www.instagram.com/p/C_-pw-8t1PE/?igsh=NnNtODBkeWVqdnJ6

Жазушылық жолым туралы жаңа постқа қолдау білдіре кетіңіз. Жоба авторы https://t.me/oydetox алғыс! 💝

4 Monate, 2 Wochen her
"Кітапты неге жазасың?" жап- жаңа пьесам, …

https://daktilmag.kz/59/drama/sag'adat-ordasheva-/kitapty-nege-zhazasyn'/1102

"Кітапты неге жазасың?" жап- жаңа пьесам, оқып пікір білдіре кетіңіз. Роза коучтың образы бар пьесада.

4 Monate, 3 Wochen her

🙉 Театр туралы осыншама ұзақ сөйлескеніме таңмын, Ольга ханымды да жалықтырсам керек.

Бірақ, оның білетінін білгім келетін, пікірлерін ашық естігім келетін, оның жеткен жетістіктеріне таңғалатын едім. Қазақстан театрларының амбассадоры болу үшін қандай майдандарға араласып, қандай құрбандықтарға барғанын өзі ғана білер.

📍 телеграмдағы каналы https://t.me/alatheatre жаңалықтары мен пьесаларының қойылымдары, өзінің инициативасымен басталған «Драмарафон» пьесалар оқылымы, «Трансформа» театр кеңістігіндегі жұмыстары бір төбе.

💝 Театрды сүйетіндерге ғашықпын, әсіресе өнерге шын ынтызар адамдарға. Бірақ, фанат болу басқа, менікі өнерге шын ықыласқа бас ию ғой. Ықылас болмаса айтыңызшы, қанша белдес, қанша күрес жетістік те, жеңіс де, өнім де сапалы болмайды ғой. Сапаға жетелейтін шын ықылас, махаббат. Махаббаттты сезінесің, ауадан келе ме, жүректен жете ме...

Ольга ханымның қасында екі сағаттай өнер туралы, театрдың қазіргі келбеті туралы сөйлескенімізде Алматы маған театр үшін жаралғандай көрінді. Алматы маған өнер үшін, өнерліні сүю үшін жаратылғандай.

«Жақтаудағы гүлді» айтам деп басқа жаққа кетсем де, айтайын, Ольга Малышева сол біздің тасжолдарда бүршік жарып бой көтерген гүлдерді сүйеп, сүйіп, қолдап келеді. Ол жақында ғана Единбург қаласында өткен бүкіләлемдік театрлар фестивалінде қазақстандық режиссерлерді таныстырып өтті.

🤓 Менің сүйікті режиссерлерім екен танысттырғандары. Әлібек Өмірбекұлы, Фархад Молдағали, Дина Жұмабай, Гүлназ Балпейісова, Мейрам Хабибуллин... сосын өзі. Ольга ханымды көрсеңіз ғой, оның сыпайы жымиысына да ғашық болып қаласыз. Жұмсақ даусына да. Әсіресе, ұялшаңдығы менің ұялшақтығымнан өтіп кетеді екен.

🎭 Әдетте, біз танымал адамдарға жолауға қорқамыз, негізі олар да қорқады. Өйткені, сенің ойыңнан шықпай қалудан қорқады, бізде үнемі мида басқа ожидание ғой. Пәк періштедей көргіміз келеді. Но, так не бывает.

Қасымыздағы 🤓 Альмира Исмаилова ханымды да айта кетейін, «Дактиль» интернет журналының редакторы ғой. Өзі бір жүрген тұлға, драматург. Қазақтілді орта тани бермейді. Бірақ, уыттай тілі, әдемі пьесалары интелектуалды орталарда оқылып, талқыланып, қойылып та жүр. Бір бірін сырттай танитын, бірақ аса жақын адамдар болып кездесіп, жып-жылы қоштасқан едік. Сондай да сондай күндер өткен еді...

4 Monate, 3 Wochen her

🌹 «Жақтаудағы гүлдегі» кездесу

Алматыда драматург Әннас @annasbagdat достың «Жақтаудағы гүл» қойылымына жол түскен. Театр туралы өз талғамы, өз танымы бар Әннастың жазуы, ойлауы әуелден бөлек еді.

«Жақтаудағы гүлден» аса күрделілік көрмедік, қайта күрделіліктен шығуға жол табатын идеяны көрдік. Аса күрделі (қарапайым) дүниелерді аса қарапайым түсіндіріп бергенге не жетсін?

Әйтпесе, зорлық-зомбылықты жар салып бүкіл интернет қақсап жатқан жоқ па?

Театрды сезіну, театрды сезімді жеткізу, сезіндіру деп түсінетін жаңа буын үні жүреккке жетті. Әннастың әр дүниесі сапаға қызмет, өнерге үлес қой.

🙂 Ал, мына суреттегі төрт тұлғаның басы қалай қосылғанының өзі бір ғажайып емес пе? Ұйымдасып бас қоса алмайсың ғой былай күні.

🤓 Ольга Малышева @omalysheva ханыммен сырттай таныспыз ғой. Сол күні, «Жақтаудағы гүлден» кейін екеуден екеу Темирязева-Марковадан шығып Есентай өзенін жағалап, ҚазГуден ары өтіп, төмен құлдилай түсіп, сонау Төле би Розыбакиеваға дейінгі жолдарда театрдың бүкіл әлемдік жаңалықтары мен тұлғаларын, қойылымдарды талқылап, талдап тастап, өзара сөйлесіп жүре беріппіз.

Әдемі жаздың түс ауған жайлы кеші еді...

5 Monate her

Көп оқығыштық = білімдар деген сөз емес 

Шынымды айтсам, кітапты аз оқимын, бірақ үйге бір жылдың ішінде 100 кітаптай ағылып келіп оқылмай қайқайып сол беті кетіп жатады. Қарап отырсам, 1 жыл ішінде жата жастана «Бұлбұлды» екі рет, Әлішер Рахаттың «Махаббат константын» екі рет, Әлиханның романын, Орхан Памукты, Таласбек Әсемқұлов ағамыздың әңгімелерін рақаттана оқыппын.

Жақында ғана үйге келген «Анна Каренина» мен «Парфюмер» романын оқымауға бел будым.
Мылжың бір сөз. Ішкі иірімі түк тартпайды. Жазушылықты сөздік қор, көркемсөзді тізбектеп сурет жасау, шығарманы фразеологиялық қатарлар деп ойлайтын жазушыларды оқи алмаймын һәм оқы деп те айта алмаймын.

Мені көп оқиды деп, көп біледі деп көп адам пікір, ой сұрайды. Менің кітапты шолып парақтап тұрып тастай салатынымды білмейді ғой. Кейде соныма ұяламын... Әрине, жазуға, ойлауға бәрінің қақы бар.

Осы жылы Таласбек ағамыздың әңгімелерін оқып (тек романын оқығам екем) сондай бір рақат күй кештім. «Шымдан» хикаятын әйелдер құқығы тақырыбындағы әбден талқылайтын дүние екен. «Болмашы әңгімені» оқып бір пьесалық шығарманы елестетіп, театрда қойса ғой бір ойладым. 

Бір оқуға тұрарлық автор іздесеңіз - Таласбек ағамыздың бүкіл шығармаларын оқысаңыздар ғой, аялы алақан, жылы құшақ, мейірім есіп тұрады әр сөзінен. Дәу кеудесін тосқандай жылынып қаласың. Терапия. Сөзінің ішкі қуаты бар, батасы бар. Қайғыны айта отырып, ішіңді жылытады, жұбатады, сырласады, әкең, ағаң бола алады. Оны таныған сайын, оған жақындаған сайын тереңін түйсінесің. Жыл сайын ағаның әр шығармасын тауып танысып отырамын, томдықтарын сыпырта тауысып оқып тастау деген жоқ менде. Қорытуым, сіңіруім ұзақ. Қалай осылай жазуға болар деп таусыламын әрі. Бірақ, жазушыға жазу деген дағды емес, өзімен мәміледе бола алатын, шынайы бола алатын дағды керек.

Шынайы бола алу деген негізі дағды ол. Оны оқырман әр сөзден иіскеп біліп қояды. Жалғанды таниды. Біз біреудің көзі мен сөзі үшін жақсы жазуға, жасауға дағдыланғанбыз. Ал, ең әуелі өзің үшін жақсылықтың көзі - шынайы болуға бізді үйретпеген. Соны үйрену керек.  

Шындығында, біреу болып көрінгенше, өзің болып жүрсең қандай керемет! 

Биыл «Таласбек-2024» әдеби сыйлығына тапсырушылар аз екен. Сыйлықтан мүлдем үміт үзген бе авторлар?

Бастысы, бұл байқауда ниет. Үлес. Тануға деген шексіз ықылас. Жарысып жету емес.

6 Monate, 1 Woche her
ОЙ ҚУҒАН
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 months, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 3 months, 1 week ago