Al.hunafa

Description
↘️ Инстаграммдағы парақша

https://instagram.com/al_hunafakz?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 2 months, 1 week ago

1 month, 3 weeks ago

{Өйткені Аллаһ саған (тура жолға бастайтын) Кітап пен хикметті түсірді} («ән-Ниса», 113 аят).

«Хикмет – сүннет. Бұл туралы имам әш-Шәфиғи өз кітаптарында айтқан және хафиз ибн Кәсир осы аяттың тәпсірінде айтқандай, бұл Хасан әл-Басри, Қатада, Муқатил бин Хайян сияқты көпшілік тәбиғиндердің пікірі.

Пайғамбардың ﷺ сүннеті хикмет деп аталуы - өйткені хикмет дұрыс сөйлеу мен дұрыс амалды, оны тиісті орындарына қолдануды қамтиды және Пайғамбардың ﷺ сөздері, іс-әрекеттері, ахуалы мен мақұлдауы - мұның барлығы хикметтің нағыз көзі екендігіне еш күмән жоқ.

Аллаһу Тағала пайғамбарлық сүннетті «таразы» деп те атаған: {Ақиқатты жар салған осынау Кітапты және әділдік таразысын хақ мақсатта түсірген Аллаһ. Қайдан білесің, бәлкім, (адамдар сол хақ Кітап пен әділдік таразысын мүлдем тәрк еткенде орнайтын) қиямет сағаты таяп та қалған шығар?!}. Аятта Құран сөзімен бірге келген «таразы» - бұл Пайғамбарлық хикмет пен сүннет және Аллаһу Тағаланың мына аятында да (сүннет) Құран сөзімен бірге келген: {Өйткені Алла саған (тура жолға бастайтын) Кітап пен хикметті түсірді}. Өйткені Құран аяттары бір-бірін тәпсірлейді.

Пайғамбардың ﷺ сөздері, істері мен ахуалдарын қамтитын сүннетті «таразы» деп атады, өйткені барлық сөздердің, істер мен ахуалдардың таразысы сүннет! Үммет өз сөзін, іс-әрекеті мен ахуалын Пайғамбардың ﷺ сүннетіне сай қылуы міндет. Оның ﷺ сүннетіне сәйкес келетін нәрсе - дұрыс, артықшылыққа ие, қабыл және жетістік, ал таразыға – яғни сүннетке – қайшы келетін нәрсе - жиіркенішті және қабыл болмай өз иесіне қайтарылады. Айша анамыз, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбарымыз ﷺ риуаят еткен хадисте: «Біздің сүннетке сай келмейтін әрбір амал қайтарылады».

Аллаһу Тағаланың: {Өйткені Аллаһ саған (тура жолға бастайтын) Кітап пен хикметті түсірді} деген аятын көптеген ғалымдар мен мухақиқтер сүннет Аллаһу Тағаладан уахи арқылы түскеніне дәлел ретінде келтіреді, бұл сондай-ақ Алла Тағаланың: {Ол ешқашан өз әуейілігіне (нәпсі қалауына) қарай сөйлемейді. Ол (яғни, оның айтқанының бәрі) уахи ғана} деген аятымен дәлелденеді. «Сөйлеу» деген сөздің мағынасы «оқу» дегеннен ауқымдырақ, сондықтан бұл аят тек Құран Кәрімді оқуға ғана тән деп айтпас үшін Аллаһу Тағала: «Ол ешқашан өз әуейілігіне (нәпсі қалауына) қарай оқымайды» деп айтпады. Бәлки: {Ол ешқашан өз әуейілігіне (нәпсі қалауына) қарай сөйлемейді} деді, яғни: Аллаһ Елшісі Мухаммад ﷺ Құран мен хадисті өз қалауымен айтпайды, {Ол} яғни, оның айтқанының бәрі Аллаһу Тағала тарапынан оған ﷺ берілген {уахи ғана}.

Әбу Дәуіт пен әт-Тирмизи әл-Миқдадтан риуаят еткен хадисте: «Аллаһ Елшісі ﷺ: «Расында, маған Кітап және оған ұқсас нәрсе берілді», - деді. «Оған ұқсас нәрсе» деген – сүннет, өйткені ғалымдардың басым көпшілігі атап өткендей, Аллаһу Тағала өз елшісіне Құран Кәрімді бергеніндей пайғамбарлық сүннетті де берді.

Әл-Бәйһақи өзінің «әл-Мәдхал» кітабында Хасан бин Атиядан риуаят еткен хадисте былай деген: «Жәбірейіл Аллаһ Елшісіне ﷺ Құранды түсіргені секілді сүннетті де түсірді және оған ﷺ Құранды үйреткені секілді, сүнетті де үйретті»».

Шейх Абдуллаһ Сираджуд-Дин әл-Хусәйни әл-Ханафи, «Мухаммад Раусулуллаһ», 112-113 бет.

1 month, 3 weeks ago

في حاشية الطحطوي (١/٢٧٥): (الصلاة خير من النوم) إنما كان النوم مشاركا للصلاة في الخيرية لأنه قد يكون عبادة إذا كان وسيلة إلى تحصيل طاعة أو ترك معصية ولكونه راحة في الدنيا والصلاة راحة في الآخرة وراحة الآخرة أفضل

Имам ат-Тахтауйдің хашиясында (1/275): «(Таң намазында азанға «намаз ұйқыдан қайырлы» деп қосады). Өйткені қайырлы жағынан ұйқы намаз секілді: егер ұйқы Аллаһқа мойынсұнушылыққа [мысалы, ұйықтау арқылы ғибадатқа күш жинау] немесе [ұйықтау арқылы] күнәні тәрк етуге себеп болса, онда ұйқыда ғибадат болады. Ұйқы бұл дүниенің рақаты болса, намаз ақыреттің рақаты, ал ақыреттің рақаты әрдайым бұл дүниенің рақатынан абзал!»

https://t.me/al_hunafakz

1 month, 4 weeks ago
СҰРАҚ:

СҰРАҚ:
Нәжістенген подгузник киген баланы мешітке кіргізудің үкімі не?

ЖАУАП:
Рұқсат емес! Мәкруһ тахрим. Мысалы, анализдің ыдысына кіші дәрет құйылған ыдысты пакетке салып, кейін сол пакетпен мешітке кіру мәкруһ тахрим! Нәжісті мешітке кіргізу, тіпті ол нәжіс ыдыста болсын, мәкруһ тахрим!

Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى

https://t.me/sheih_shannar/79

2 months ago

في مراقي الفلاح: شرعت الواجبات لإكمال الفرائض والسنن لإكمال الواجبات والأدب لإكمال السنة

«Мәрақи әл-Фәләх» кітабында: «Уәжіптер парызды толықтыру үшін, сүннеттер уәжіпті толықтыру үшін, әдептер сүннетті толықтыру үшін шариғатталған!»

https://t.me/al_hunafakz

2 months ago
**«Таң намазының уақытындағы «фәджр кәзиб» (жалған …

«Таң намазының уақытындағы «фәджр кәзиб» (жалған таң ату) пен «фәджр садиқ» (шынайы таң ату) арасы 12 минутты құрайды».

Ұстазымыз Шейх Абдус-Сәләм Шаннар әл-Ханафи حفظه الله تعالى

https://t.me/sheih_shannar/75

2 months ago

في مراقي الفلاح: (وندب القيام) لمن تلا جالسا (ثم السجود لها) روي ذلك عن عائشة رضي الله عنها

«Мәрақи әл-Фәләх» кітабында: «Сәжде аятын отырып оқыған (немесе отырған күйі естіген) адам сәжде жасау үшін орнынан тұрып, сосын сәжде жасағаны абзал. Солай Айша анамыз жасайтындығы риуат етіледі, Аллаһу Тағала одан разы болсын».

https://t.me/al_hunafakz

2 months ago

{Ендеше, бір істі бітірген соң, бірден басқа іске кіріс} («Шарх» сүресі, 7 аят).

Тәпсір ибн Кәсир:

و في رواية عن ابن مسعود: {فانصب و إلى ربك فارغب} بعد فراغك من الصلاة و أنت جالس.

Ибн Масғудттың риуаятында: «{Ендеше, бір істі бітірген соң, бірден басқа іске кіріс} яғни, намаздан кейін отыру».

و قال علي بن أبي طلحة عن ابن عباس: {فانصب و إلى ربك فارغب} يعني: في الدعاء.

Әли ибн Әби Талха ибн Аббастан: «{Ендеше, бір істі бітірген соң, бірден басқа іске кіріс} яғни, намаздан кейін дұға жасау».

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 2 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 1 month, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 2 months, 1 week ago