КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

Description
Арна балалар мен үлкендерді Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетімен таныстыруға арналады
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 months, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 3 months, 1 week ago

4 weeks ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

19-сұрақ: Пайғамбарың кім?

Жауап: Пайғамбарым - Мухаммад (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын).

1 month ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

18-сұрақ:  Қандай сүре Құранның төрттен бір бөлігіне теңестіріледі? Оны жатқа оқып бер.

Жауап: Бұл - «әл-Кафирун» сүресі.

قُلْ يَا أَيُّهَا الْكَافِرُونَ (١)لا أَعْبُدُ مَا تَعْبُدُونَ (٢)وَلا أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ (٣)وَلا أَنَا عَابِدٌ مَا عَبَدْتُمْ (٤)وَلا أَنْتُمْ عَابِدُونَ مَا أَعْبُدُ (٥)لَكُمْ دِينُكُمْ وَلِيَ دِينِ (٦)

«(Мухаммад, оларға:) «Әй, кәпірлер! Сендердің табынғандарыңа мен табынбаймын. Әрі сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар. Сірә, мен седердің құлшылық еткендеріңе құлшылық етуші емеспін». Сондай-ақ сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылушы емессіңдер. Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән», - де».

1 month ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

17-сұрақ: Адамның ғибадат амалдары Аллаһтың алдында қай жағдайда қабыл болады?  

Жауап: Егер олар шынайы ықыласты, яғни тек Аллаһ үшін, және Сүннетке сәйкес, яғни тек Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) нұсқағандай етіп жасалса ғана.

1 month, 1 week ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

16-сұрақ: Аллаһтан өзге кім болса да көместі (ғайыпты) біле алады ма? Бұған не дәлел?

Жауап: Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһтан басқа ешкім көместі (ғайыпты) білмейді. Бұған дәлел Оның мына сөздері:
قُلْ لا يَعْلَمُ مَنْ فِي السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ الْغَيْبَ إِلا اللَّهُ وَمَا يَشْعُرُونَ أَيَّانَ يُبْعَثُونَ (٦٥)
«(Мухаммад): "Көктер мен жерде көместі Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Олар тіпті қашан тірілтілетіндіктерін де білмейді", - де» («ән-Нәмл» сүресі, 65-аят).

Қосымша тыңдау үшін
https://t.me/baqyt_kilti/102

1 month, 1 week ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

15-сұрақ: Мына хадисті аяқта: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім Аллаһтан басқа кіммен немесе немен болсын ант етсе,... »»

Жауап: Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім Аллаһтан басқа кіммен немесе немен болсын ант етсе, сол күпірлік немесе көпқұдайшылық істеген болады».

📚Хадисті Ибн Умардан Тирмизи (1535) жеткізген, әрі оны шейх әл-Әлбани сахих деген.

1 month, 2 weeks ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

14-сұрақ: Көпқұдайшылық (ширк) деген не?

Жауап: Көпқұдайшылық (ширк) дегеніміз – бұл Аллаһтан өзге, немесе Аллаһпен бірге кімге әлде неге болсын құлшылық ету.

1 month, 3 weeks ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

14-сұрақ: Ең үлкен күнә не?

Жауап: Пәк әрі Аса Жоғары Аллаһқа серік қосу (яғни көпқұдайшылық (ширк)).

1 month, 3 weeks ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар

13-сұрақ: Мына хадисті аяқта: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кімде-кім шын жүрегімен: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ әрі Мухаммад – Аллаһтың елшісі» - деп куәлік берсе, ...»»

Жауап: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кімде-кім шын жүрегімен: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ әрі Мухаммад – Аллаһтың елшісі» - деп куәлік берсе, Аллаһ оны Отқа (Тозаққа) харам етеді». Хадисті Әнас ибн Мәликтен Бухари (127) және Муслим (32) жеткізген.

2 months ago

🎙📖 Кішілерге арналған, бірақ үлкендер де білуі керек болған сұрақ- жауаптар
12-сұрақ: Қандай сөздер бірқудайшылық куәлігі болып табылады, әрі оның мағынасы не?

Жауап: Бірқұдайшылық куәлігі – бұл «Лә иләһа иллә-Ллаһ» сөздері, ал оның мағынасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты шынайы құдай жоқ».

4 months, 3 weeks ago

?Періштелер мүсіндер немесе суреттер бар үйге кірмейді

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 months, 1 week ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 months, 1 week ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 3 months, 1 week ago