Сәуегей сағыз

Description
Bul jerde mening oemirge degen jeke koezkarastareum, jueyeli oylareum jazeuladeu. Kimge keuzeuk bolsa okeuseun, oezine tueyin tapseun
Advertising
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago

9 months, 1 week ago
Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?

Грантты жеңіп алмағандарға не істеуге болады?

Комменттерде және жекеме де осындай сұрақ көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойымды жазайын.
Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге?

Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үйлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады.

Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар.

Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады.

Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады.

Алтыншы, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім.

Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек.

11 months, 1 week ago

Махаббат деген тым ерекше сезім. Сүйгеніңе деген көзқарасың да, сөйлегенің де, күлгенің де, оның алдында өзіңді ұстағаның да ерек болады. Жай күндері сауықшыл, сөзшең, белсенді болып жүріп, сүйгеніңнің алдында момақан я болмаса түбегейлі керісінше өзгеріп салуың мүмкін.

Ортаңдағы қой аузынан шөп алмас, ұяң жігіт өз сүйгенінің алдында Мұқағалиді артта қалдыратын лирик болуы мүмкін. Дауласса, алдына жан салмайтын, өз шындығын дәлелдемейінше тоқтамайтын, пікірсайыс майталманы, сүйгенінің алдында ымырашыл, келісе кететін момын бола қалуы мүмкін.

Мен бұл тылсымның себебін білмеймін, бірақ куәгерімін. Өзімнің де бойымнан байқадым, өзгеден де байқап келем. Өте қызық құбылыс. Бәлки, махаббат жеңістікті талап ететін сезім бе’кен? Иә! Онсыз қарым-қатынас орнатылмайды деп ойлаймын. Орнатылса да, баянды болмасы – анық.

Әгәрәки бір адаммен өміріңді бірге жалғастырмақ боп шештің бе, оның да пікіріне құлақ ас. Оған да, саған да жайлы болатындай жағдай жаса. Екі адамның бірі жайлы жүріп, бірі өзін жайсыз сезінсе, ол махаббат емес, азап. Қазіргі кезде ажырасудың көбейіп кетуіне де осы себепші деп ойлаймын. Екеуінің бір-біріне жеңістік бермеуі. Жеңістік беру – шыдау емес, тек өзара жайлы орта құру. Бірі екіншісіне жеңістік бергенде, біріншісі өзін жайсыз сезінбеуі керек-ті.

Ұзын сөздің қысқасы – махаббат адамды өзгертеді, я болмаса өзгеруін талап етеді, онсыз ол махаббат баянды болары – екіталай.

1 year ago
**Қазақстанда 1 милион 338 мың 346 …

Қазақстанда 1 милион 338 мың 346 Қазақ, қазақ тілін білмейді.Ethnologue Languages of the World - тың зерттеуі бойынша, жалпы әлемде 22 милион 486 мың 396 адам Қазақ тілінде сөйлей алады екен.
Қазақстанды қоспағанда - Қытай, Моңғолия, Өзбекстан қазақтары 2 милион 582 мың 990 Қазақ тілін ана тілі ретінде сөйлейді.
Шетелдік Қазақтар арасында 858 мың 020 адам Қазақ тілін ұмытып қалған.
Қазақстанда 1 милион 906 мың 752 Қазақ тілін екінші тіл ретінде көрсеткен. Олардың қатарында: Қазақтар. Өзбектер (саны 500 мың). Ұйғырлар (саны 300 мың).
Жалпы Қазақстанда 11 милион 861 мың 654 Қазақ, қазақ тілін ана тілі ретінде көрсеткен.
Алайда Қазақ тілінде күнделікті сөйлейтіндер саны не бары 7 милион 600 мың екен (40%)

1 year, 1 month ago

Сәлем!) Мұнда жалпы адам қалды ма?🥲

1 year, 11 months ago
**Айфон смартфонында қазақ тілі пайда болады**Жаңа …

Айфон смартфонында қазақ тілі пайда боладыЖаңа iOS 16 нұсқасында қазақша жүйе мен автокоррекция қосылады.

2 years, 2 months ago

Қазақ/English/Deutsch/Русс.

Біз, Қазақстан халқы, мәлімдейміз
Ресейге тәуелді билігіміз үнсіз қалған жағдайда, біз, Қазақстан халқы, бүгінгі күні өзінің және біздің бостандығымыз үшін күресіп жатқан Украинаны қолдайтынымыз туралы мәлімдеме жасау жауапкершілігін өзімізге аламыз.
Біз Ресейдің Украинаға жасаған опасыздығын қатаң айыптаймыз.
Біз Қазақстан билігінен агрессор ел - Ресеймен қарым-қатынасты үзіп, олармен құрған барлық әскери және экономикалық одақтардан дереу шығуды талап етеміз.

We, the people of Kazakhstan, declare
When our Russian-dependent government is silent, we, the people of Kazakhstan, declare that we stand in support of Ukraine, which is fighting today for its and our freedom. We strongly condemn Russia's treacherous attack on Ukraine. We demand that the authorities of Kazakhstan break off relations with the aggressor country Russian Federation immediately withdraw from all military and economic alliances, unions with it.

Wir, das Volk des Kasachstans, erklären
In einer Zeit, in der unsere von Russland abhängige Regierung schweigt, erklären wir, das Volk des Kasachstans, dass wir die Ukraine unterstützen, die heute für ihre und unsere Freiheit kämpft. Wir verurteilen den verräterischen Angriff Russlands auf die Ukraine auf das Schärfste. Wir fordern die kasachischen Behörden auf, die Beziehungen zu dem Aggressor Land Russland abzubrechen und sich unverzüglich aus allen militärischen und wirtschaftlichen Unionen mit diesem Land zurückzuziehen.

Мы, народ Қазақстана, заявляем
В условиях, когда молчит наша зависимая от России власть, мы, народ Қазақстана, берем на себя ответственность заявить, что выступаем в поддержку Украины, которая борется сегодня за свою и нашу свободу.
Мы решительно осуждаем вероломное нападение России на Украину.
Мы требуем от власти Қазақстана разрыва отношений со страной-агрессором Россией, немедленного выхода из всех военных и экономических союзов с ней.

P.S. Көшіріп алып, парақшаларыңызға салыңыздар. Бәрі көрсін.
Қазақстанның билігі Украинадағы соғысқа және Ресейдің басқыншылығына нақты көзқарасын білдірмей отыр. Демек, біз, ел азаматтары, әлемге өз ұстанымымызды жеткізуіміз керек.

2 years, 8 months ago
Жил бы себе спокойно. А не …

Жил бы себе спокойно. А не вот это все. Miss you, Senate #каррентмуд

2 years, 8 months ago

Что вы думаете о протестах в Казахстане?

Пожалуйста, примите участие в опросе и выскажите своё мнение.

Опрос проводится двумя исследователями, др. Арин Х. Аянян (https://de.linkedin.com/in/arin-ayanian-b78260b4) и Ольга Янцен, https://de.linkedin.com/in/olga-janzen-459529187) из Университета Билефельд (Германия).

Цель исследования - понять специфику динамики протестов в Казахстане.

Опрос предназначен как для тех, кто участвовал в протестах, так и для тех, кто не участвовал в них. Исследование является полностью анонимным. Исследователи не запрашивают и не хранят какой-либо личной информации, следовательно, невозможно будет отследить ни участников, ни технические средства, которые использовались для участия в опросе.

Пожалуйста, поддержите опрос и нажмите на следующую ссылку, чтобы поделиться своим мнением о протестах:
На русском языке: https://utfragen.uni-bielefeld.de/index.php/592752?
На казахском языке: https://utfragen.uni-bielefeld.de/index.php/498166?

2 years, 9 months ago
*****📌***Телеграмның браузер нұсқасы ресми қазақшаланды**Телеграмды компьютердегі …

*📌Телеграмның браузер нұсқасы ресми қазақшаландыТелеграмды компьютердегі браузер арқылы қолдансаңыз, онда https://web.telegram.org/k/ сілтемесін ашып, Баптау (үш сызық) бөлімшесіндегі тілдер тізімінен Қазақ тілін таңдай аласыз. Жоғарыдағы скринде* көрсетілген.

- бұл жақсы бастама, өйткені енді Телеграм қазақ тілін басқа платформаларына да (андроид, iOS) ресми қоса бастайды деген сөз.

- біз сізден тек Телеграмның қазақшасын тұрақты қолдана беруді сұраймыз.

- егер сізде Телеграм қазақша болмаса, мына сілтемеге басып, ауысып алыңыз: https://t.me/setlanguage/kk-beta.

- телеграмды барынша көп адам тұрақты түрде қазақша қолданса, тілдің ресми статус алу ықтималдығы артады.

- телеграмды @QazaqshaJaz еріктілері қазақшаға аударып, үнемі жаңартып отырады. Аударманы мына чатта талқылауға болады: https://t.me/translation_kk.

Рахмет.

@QazaqshaJazChat

3 years ago

Саған қоңырау шаламын. Феллитонды қалай қолдану керегін үйрендім...
– Телефон, Рон, – деді Хәрмиона. – Негізінде, Маглтануды сен оқуың керек...

Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны. Жоан Роулиң

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 3 weeks, 5 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 2 weeks, 3 days ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month, 2 weeks ago