Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

aijaryq.s

Description
Айжарық Ақылбекұлы
We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago

1 month, 2 weeks ago

осы
маған да ұнайды.
кенет, қоштасудың мүмкіндігі.

наурыз уәде етпеді.
құстар уәде етпеді.

ақ құшақ тыныштығын
табыстап үлгерді, ақ жауынгерім.

айтпай кетпеді…

қоштасуды емес үйрене алмай жүргенім,
қоштасар сәттің
үнсіздігіне қана алмайтыным.

1 month, 3 weeks ago

құстарды таныдың ба?
көктем құстарын.
наурыздың құстарын таңда тыңдаған.

олар кімдер?
торғайлар…
әлде басқа, атауын білмейтін мақұлықтар ма?

құдды әлдекім
аспабының
құлақтарын бұрап, дауысын
жасылға келтіріп жатқандай

еріген қардың тамшысына тұмсығын жуып,
тамаша реттің ырғағын шақырған қанаттыларым

тіршіліктің толассыз, тоқтаусыз ауысымын
байқамай
айтып қойып жатсыңдар ма әлде?
мезгілдің бейқам жаршылары

сендер барда кай көктем келгенін санап не керек

маған да үйретіңдер,
сайрауды емес
ұшуды емес
көктемге оралуды үйренейін.

1 month, 3 weeks ago

бүгін наурыздың үші.
далада қылаулап қар жауып тұр.
ол да баяу.

өмір жайлы болған, соңғы сахнасында қаһарманы өліп жаңа ғана біткен фильмнің титрлары сынды жауып тұр бұл қар.

өкінішсіз… ұзақ жауып тұр.

3 months, 2 weeks ago

күн шықпай тұрып та
күн шыққаннан кейін де
мен отырған ас бөлмеде
бәрі өз орнында.

десе де, осы сәтте әлдене өзгерді.
өзгергені анық.
оны
тіпті мысығым да байқады.

бәлкім бұл терезеден жарық түсіп
үнсіздікті бұзғаны ма?

– сенің қолыңдағы шәй ме әлде
уақыттың аспабы ма? – деді мысық.

мен оның сұрағын жауапсыз қалдырдым.

бусанған ыстық шәйден көңілімді аударып алғым келмеді.
“қатты ыстық” және “суып қалды”- ның арасындағы сәтті күтіп…

– өзің біл, бәрібір жұмысқа кешігесің, – деп есінеді ол.

3 months, 3 weeks ago

мен бүгін мандарин жедім.
көп жедім.
көп дегенде қандай… тым көп емес.
шамамен жетеу.

жетеудің жетеуін де
сені ойлап отырып аршыдым.
сені ойлап отырып тазаладым.
сені ойлап отырып тауыстым.

қолымда иісі қалды, ұртымда дәмі қалды.
үстелде қабығы мен дәні қалды.

мәуесі бөліспекке мұндай жақсы болар ма.
жарты иесін шақыртуға амал таппай…

қуанып үлгердім.
қарапайым заттардың қуанышы ғой.

сол қуанышты сенімен бөліскім келгені үшін қуандым.

4 months, 3 weeks ago

мені адамдардан сақта
адамдарды менен сақта

мені ақылды болудан сақта
мені ақылымнан сақта

мені мінсіздіктен сақта
мінімнен қорқудан сақта

махаббатымды ішіме сақта
күшімді шындығыма сақта

тәуекелімді қорқынышымнан бұрын ет
қорқынышымды мәңгілігіме жеңдір

жылдарымның салмағын жоғалтпайын
жоғалтқанымды жар астынан іздемейін

баладай дана болайын
баламен ойнағысы келмейтін мысықтай түзу болайын

жанымды өзгеге қорек етуден сақта
өзгенің көңіліне аш болудан сақта

асығыс бақыттан сақта
даңғаза иманнан сақта

өмірдің орнауына мұрша бермеуден сақта
ішімнен өзіме орын таппаудан сақта

өмірге қызығудан сақта
өлімге қызығудан сақта

5 months, 3 weeks ago

үміт үзу әлі де қиын маған.
тағы мезгіл,
ал бұтақтар
тағы да қиылмаған.
айтшы қалқам
махаббат ол – бақ па еді?
күз бітіп, қыс келсе де
жемісі жиылмаған…
(сезімдерге обал ғой)

ал шынында,
мен сені сағынғаннан
шаршадым.
жаным, қарғам.
күзетпейін десем де күз естелік,
сағымы кеп қаланы жамылғаннан…
сол қалада мен әлі жүрмін неге?
жабылғанмен кассасы махаббаттың,
қарашаның артынан кезек күтіп,
қаздиып тұрмын неге?

5 months, 3 weeks ago

біз қолдарымызды қытырлатамыз,
үтір қойғандай ойларымызға.
дәл солай
сырларымызды айтқанды жөн санамаймыз бәлкім.

поезға отырсақ, дәлізде көп тұрып қаламыз кейде.
әндерді де дәл солай тесіле тыңдаймыз.

біз үйге ұзақ қайтамыз.
аялдамаларды елемей.
адасқымыз келгенін жасырып.
сосын үйге келгенде
қолшатырмен бірге жауаптарымыз да бүктелген.
себебі ас бөлмеде ешкімге жауап бергің келмейді.

иә, біз өз сүйіктілерімізбен бірге емеспіз.
өз-өзімізбен біргеміз тек.
бұл тек біз.
бұл тек біздің өзімізде қалған махаббатымыз.

6 months, 1 week ago

сенің ішіңде бір қала бар.
ол қаладан әркім бір пәтер не жер сатып алсам деп армандайды.

қалаға күз келгенде сенің қолдарың мұздайды,
ал көктемде ол қаланың шамдары серуенің үшін бе
түн ұзаққа жанып тұрады.

сенің қалаңның өз ережелері бар.
ол ережелерді мен сенің көзіңе қарап үйрендім.
қызыл жанғанда үндемей қаламын да
жасыл жанғанда құшақтаймын.

сенің қалаңда жемістің түр-түрі өседі.
бірақ мен сені жол жиегінде
батар күннің шуағы жұққан
апельсин ағашына теңеймін.

әр таңның шапағымен
сенің қалаңда ырғақты әндер ойнайды.

ал кешке қалаңда күн үнемі қанық түстермен батады.
әлгі түстер менің саған деген кешкі алты шамасындағы сағынышыммен түстес.

сенің қалаңда ылғи жақсы адамдар тұрады.
қай елге, қай қалаға барса да
сенің құшағыңның азаматтығын аңсайтындай олар.

сенің қалаңда театрлар көп, ол жерде көбіне
трагикомедиялық спектакльдер қойылады.
сол үшін сен
күліп тұрып жылай саласың.
жылап тұрып күле саласың.
сенің қалаңда музейлер де аз емес.
жазда фонтандар ал қыста мұз айдыны.
күзде поэзия кештері.
аз сүрдім бе көп сүрдім бе білмеймін.
бірақ
бәрібір сен менің сүйікті қаламсың.

We recommend to visit

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

📍Реклама @dalareklanabot

Last updated 1 week, 3 days ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 6 days, 22 hours ago

екінші арнамыз - @yuzarsifkz

Last updated 1 month ago