📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago
ең бірінші болып біздің жүрегімізді
әке шешеміз жаралайды.
байқамай жаралайды әрине.
бірақ жаралайды.
біз де,
оларға байқатпай жылаймыз.
кейін де жылаймыз…
оларды жек көргеннен емес,
оларды жақсы көргеннен емес,
оларға қайтар жолды
тауып ала беретініміз үшін.
сосын біз олардың,
уақыт сорған қолдарын ұстап тұрып,
махаббаттарын өзіне қайтып алуын сұраймыз.
өз қолымызды өзіміз қысып,
өз иықтарымызды өзіміз құшып,
жылынғымыз келді.
олар да жылынғысы келді.
бірақ жылына алмаймыз.
біз тек аяп тұрып, жүрегімізден,
талқан жасап жейміз.
жылап тұрып жейміз.
сағынып тұрып жейміз.
p.s.
сен мені сондай ұзақ жақсы көрдің.
ал мен сені қайтар жолда ғана кешірдім.
Сен қайдан жүрсің деп,
айтпайды маған күз бұтақ.
Қиылып түскен,
алақанымда
жапырағы оның мызғымақ.
Қош көңіл дендеп, бақтарда демаламыз да,
Күз екен ғой деп,
өле қалмаймыз біз бірақ…
Күз өткен күндер, күңіренбе қарғам қашықтан.
Жүректі күзеткен түндер,
жағы да жоқ-ау асыққан.
Саябырсиды, саябырсиды ырғағың.
Сезімге емес, себепке ол да ашыққан.
Біз ойнамаймыз, ойынға дәстүр тым ескі.
Ауладан ары, бақтарға таман,
дауысың шықса көмескі.
Күресті қойма, күресті қойма деуші еді.
Жаттықтырушым, кездерден сонау бір ескі.
дәл осылай.
дала кенет күзге енді.
қыркүйектің жақтауына сүйеніп,
үйренеміз оңай үміт үзгенді.
дәл осылай.
күн сынады түс ауа.
күміс қасық көлеңкесін қысқартып,
күздік аспан, күз ауа.
және біз де..
сынықпыз.
қыркүйектің даңғылы.
баққа барсаң, жаяу бар.
ағаштардың арасына
баяу бар да, сырыңды айт.
келгің келмегендігін,
көргің келмегендігін,
жасырмағын.
жасыл бағым.
күреңің бе жұқпалы.
асыл бағым, бұтағыңа сұқтанып,
үміт берем.
үміт берем өзіме.
өзім көрген көркіңді,
текке қиып жарық күн.
маған мән де, бақыт та.
болашақ пен, жырақ өлген өткен де.
дәл осы бір алагеуім уақытта,
жолай алмас...
дәл осылай,
алыс тұрып, дүрбелеңнің кәрінен,
тәспідейін тағатымды үйретем.
қайталауға, қайталауға серттенген
мезгілдердің бәрінен,
бір үй табам.
қыркүйектің салқын таңында
атасы, немересін мектепке велосипедпен апара жатты.
биік велосипедке мінгесіп,
тұтас бір сабырлықпен олар,
жол жиегін қос дөңгелектің ізімен сызып барады.
оларға қарап,
мен де, өздігімнен басыламын.
өздігімнен сабырланамын.
ол екеуін көрмеген болсам,
көріп тұрып, сүйсіне алмаған болсам.
бүгінгі күннің жауабын таба алар ма едім?
ол сондай, сұрағы жоқ жауап қой.
кішкене қолдарымен, атасын құшақтап бала мектебіне барады.
мектепте оны күлкісі күтіп тұрады.
сол кезде ол атасын ұмытады,
оның бейкүнә жады өйткені, ертең де
атасымен мектепке келе жататынын біледі.
бұл әлемнен кегіңді тек,
махаббатпен ғана ала аласың.
әйтпесе көңіл айдыныңа түскен әр реніш,
кеудеңе тас болып бата береді.
өзіңді өз дұрыстығыңа байлама.
сенің шындығың жоқ,
сенің арнаң ғана бар.
ағаштан арыққа құлап түскен жапырақ
ағынға сенетіні секілді,
сенің де себептерің өзіңде емес.
жылаңқы көктем.
шаршадым дейді оқушы.
жылаңқы ол да
бақыт пен шаттық тоқушы
жеткізбеді ме саған да?
ала қыс тоқып жемпірін.
жылама көкем,
кешіріп жыла, жыласаң.
әлемді мына көшіріп тастап кеудеңнен.
жыласаң мейлі
көшіріп жыла,
көктемге құласаң мейлі.
болашақ ол да сатқын гүл.
әдіре қалсын
бүршік жармаса осы жыл,
бүршік жарады ағаштар.
азырақ күтсең,
азырақ күтсең ағаш гүл
қайтарып сенің есеңді
құшағына алар...
күледі сонда
күлмей тұрғанның барлығы.
уақыт ауысқалы
үнемі әлденеге кешігіп жүретіндей…
кешігіп қалғандай…
кеш болып кеткендей…
уақыт ауысты да, мен өзімнен озып кеттім, әлде қалып қойдым (кім білсін)
атып кеткен таң
суып қалған шәй секілді.
жұмысқа кешікпеймін,
бірақ таңғы жиналысқа кешігемін.
жиналыста біз үшеуміз.
мен, кешегі мен және бүгінгі таң.
соңғы кездері, үшіншіміз
біз келгенше күтпей
кетіп қалып жүр.
өзің біл
шауып бер қолыңды
азсынса жаныңды
ол жарық жансын деп,
сен өшір шамыңды.
ол алса айтар ма,
сен бердім демейсің.
өзіңе келгенде неліктен өгейсің?
мейірім, махаббат, бер тегін
ал өзің сұрама
өзгеге жаныңнан жер тегін.
олар да
сұранбай тұра ма?
жәрмеңке жүрегің,
жылулық таратып
өз жаның ішіңде суынып қалатын.
себепсіз
сүймес деп мені ешкім
кім сені аяр шын?
(бірінші өзіңе керексің)
өзгенің жанына
өтінем, болмашы даяршы.
қарашы далаға
еш жеміс бермейтін
еш жеміс бермейтін
ағаштар қаншама
адамға берері жай ғана
көлеңке болса да
олар тек өседі
жар салып баршаға
тамыры жер құшып,
жел тербеп бұтағы
табиғат осылай адамнан ұтады.
олардан екеуміз көп затты үйреніп, жақсару қажетпіз.
себебі, талдарға өмірді өзімдей сүйдім деп
ақталу қажетсіз.
ағаштарға қарашы, айнам
📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot
Last updated 2 months, 1 week ago
🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы
Last updated 1 month, 1 week ago
QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı
Isenim tel: (61) 222-94-45
Official website: https://kk.uzedu.uz/qr
Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot
Last updated 2 months, 1 week ago