Qzq Purism 𐰴𐰕𐰴:𐰯𐰆𐰺𐰃𐰕𐰢

Description
Навигация: t.me/qzqpurism/2

Жинақ: t.me/qzqpurism/6; t.me/qzqpurism/486

Social: youtube.com/@qzqpurism

Бірлестік: t.me/duwan_batyr

⚠️ Арна материалын алып жариялағанда қайнаркөз көрсеткен жөн
We recommend to visit

?Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

?Бизнес кітаптар
?Әлем мен Қазақ әдебиеті
?Психология
?Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

?Реклама @dalareklanabot

Last updated 4 months, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 3 weeks, 5 days ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 4 months, 2 weeks ago

2 weeks, 5 days ago

Татарша мысалдар:

  1. Г ө р г ө р и: Арумы, Җаграп, арумы? (из пьесы «Гөргөри кияүләре» (Зятья Гэргэри)) (алғашқы спектакль 1995-те болды)

Миңнуллин, Т. А. Пьесалар / Туфан Миңнуллин. – Казан : Татар. кит. нәшр., 2021

  1. Кәнҗебикә: Нихәл, җизни, арумы?
    Таһир: Ару, ару, бик ару. Бу арада күренмәдең, кай тирәләрдә йөрдең? (из пьесы “ТАЙМАСОВЛАР (Патриотлар)»)

Тази Гиззат (Гиззатов Тази Калимович) ПЬЕСЫ. КАЗАН, ТАТАРСТАН КИТАП НӘШРИЯТЫ, 2006

  1. – Арулармысыз барыгыз да? Егет белән кызны үстереп бетергәнсең ич син, күршекәй

Лилия Фәттахова. “Карурман миләүшәсе: хикәяләр” – Казан: Рухият, 2019

  1. БАЙ БУЛСАҢ – АРЫУМЫСЫЗ, ҖАРЛЫ БУЛСАҢ – САУ БЫЛЫҒЫЗ
    (Богаты – так здравствуйте, убоги – так прощайте)

Барышникова О.И., Осипова А.А., Шулежкова С.Г. Əйтем тиктəн əйтелмей // Пословица недаром молвится: толковый словарь пословиц и поговорок нагайбакского народа. ЗАО «Магнитогорский Дом печати». Магнитогорск, 2019

Арумы=Арулармысыз=Арумысыз бәрі бір мағына

💡 Татарша мысалдар жасауға көмектескен Vadim Mustaev-қа Алғыс 🤝🏆

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі@qzqpurism

2 weeks, 6 days ago

Арумысың/Армысың

Мысал: telegra.ph/ArumysyzArmysyz-02-07

‼️ Айтпақшы Татар, Басқұр, Қырымлы тілінде "ару" сөзін бұрыннан & әлі күнге шейін күнделікті сөз арасына "жақсымысыз?; жақсы ма?" (сын есім) деп қолданады. Осы көрші Түркінің сөзінен-ақ жағдайды, саулықты білуге арналған сөз екенін & арабтың "ар" (ұят, намыс) сөзіне қатысы жоқ екенін аңғаруға болады. ℹ️ Сосын бір қызығы "Арумысыз" деген есендесу түрін тек христиан дініндегі Татарлар ғана қолданады екен. Ал жалпы Татарлар "Исәнмесез" деп есендеседі

#Төл_Сөз #балама_сөз #Қазақ_тілі@qzqpurism

1 month ago

Мысал:

Телегей беті теңселді, тербелген бейне бесіктей. Толқынды толқын оятты, Қалмасын деп есітпей (Ә.Тәжібаев, Перне.).

Теңіз жайдың оғын қағып алып, тулаған телегейінде сөндірді (I.Жансүгіров, Әңгім.).

Өте көп, мол.

Өткен бесжылдықтары телегей табыстың тағы да бір көрнектісі – халықтың тұрмысы мен мәдениетін көтеру жолында жасалған жұмыстар (Р.Бердібаев, Достық.).

Ақ жарылсам телегей тасытып сыр, Суық хабар бой билеп, жасытып тұр. Семейдегі Олжабай жүдеу күйі Ыза кернеп, жанымды ашытып тұр (К.Салықов, Жезкиік).

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.;

Сен менің телегейленген теңізімсің, мен – саған байланысқан балықпын, – дейді жігіт хатында (Қ.Тайшықов, Октябрь.).

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.;

с ы н. 1. Ұшы-қиыры жоқ, көз жеткісіз.

көшенің орта тұсындағы шұңқырлау жерге өткен түнде жауған қалың жаңбырдан кейін телегей-теңіз су жиылып, кішігірім көл пайда болыпты да, жақын үйлердің қаз, үйректері кеш болса да мекендеріне қайтпай, сол суды бауырларына басып, кәні боп жатыр екен (Ә.Нұршайықов, Жер туралы.).

Тамшыдан тасып дария – Көп түкіріп көл болды. Таудан аққан бұлағым – Телегей-теңіз сел болды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

  1. Орасан көп, есепсіз.

Баубек Мұқаннан артық білсе, ал біздер Иманжановтың өзінің телегей-теңіз білімділігінің куәгері болып едік (М.Әлімбаев, Қалам қайраты).

Төңірегі тұтасқан егін. Биылғы жылы егін телегей-теңіз болып бітік шығыпты. Тіпті теміржолдың бойы тұтасқан егін (С.Мәуленов, Жер нәрі).

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 14-том. / Құраст.: М.Малмақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011. 800 б.;

Зарлаған аш-арықтың қырғынын көрерім қалды ма? Жетім-жесір, қарып-қасердің телегей теңіз жасын көрерім қалды ма? (М. Әуезов).
Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2007. - 800 б.;

2 months, 2 weeks ago

Осы Қазақстандағы диаспорадан контент жасаушылар неге Қазақ тілінде түсірмейді, деген ой келе ме? Келсе жауабы осы: Қазақ емес контентшілер Қазақ тілін білмейді, тіпті білсе де Қазақша түсіру тиімсіз, ақшадан пайда аз түседі. Неге? Себебі жарнама беретіндердің көбі Қазақ еместер & сосын қазақ болмағасын Қазақ тілін керек қылмайды, сол үшін орысша контентті қолдайды. Әрине сосын бірінші қалталарын ойлайды. Сондықтан олар нарыққа қарап орысша түсіре салады.
Қазақ тілі тек Қазаққа ғана мұқтаж екенін көздерің жеткен шығар?! Сондықтан орысша сөйлеп қалған & орысқолды қазақтарға үндеу: үйде не кез келген қоғам арасында болсын коммуникация ретінде принциппен тек Қазақ тілінде араласыңдар & контентті Қазақша түсіріңдер!

#түйін #ойым@qzqpurism

2 months, 2 weeks ago

"Блогерлерді кәнсілдеуге" Шерзат Полаттың өлімі түрткі болғанымен, кәнсілдеуге себеп өте көп:

– саяси бейжай

Мемлекет қабылдаған түрлі шешімдерге қарсы сөз айтпақ түгілі, оны талқылауға дәті бармайды, құлық білдірмейді. Саяси тұтқындарға бостандық туралы біреу бір ауыз сөз айтса, ақырзаман орнайтын да шығар.

– халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында пікір білдірмейді

Теңге құнының түсуі, бағалардың өсуі, жалақылардың өспеуі, т.б. мәселелерді қозғамайды.

– қазақ тілін қолдамауы

Блогерлердің бір бөлігі қазақ тілін мазақ ететін, қазақ тілі мәселесін төмендететін контент шығарса, енді бір бөлігі шала-қазақша контент шығарып, қазақ тілінің мәртебесін түсіреді, ал тағы бір бөлігі қазақ бола тұра, қазақша сөйлей білсе де, контентті орысша жасауды жөн көреді, қазақша жасаса, контент өтпейді деп.

2 months, 2 weeks ago
2 months, 3 weeks ago

Мысалдар:

Дәл қасымызда үш қайнар бұлақ бар, соларды пайдаланайық (Ә.Тәжібаев, Гүлден.);
Мұнайдың сарқылмас бұлағына қолдары тиген соң, өзгенің бәрін ұмытқан (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.);

Жылға – Су, тау бөктерінен төмен қуалай ағатын бұлақ суы. Тандыр болған жылғадан Сарқырап тұрып су ақты. Өзен қып өрге ағызды, Жылжыған жылым бұлақты (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Әлдеқалай бір қарадың, Мен отырған қыратқа. Ат суардың жылғадағы Жылтыраған суатқа (М.Мақатаев, Шығ.);

Ен тұрған қалың күзектер, бұлақ, бастау, қоныстар осы бауырда көп (М.Әуезов, Шығ.);

Тұнып тұрған Кокбастау торғайдай тұма (Шығ. Қаз., Марқ.)

Бақтығұл ауылдың жанындағы кезеңді асып, жортып отырып жартасты өзекке түсіп, содан тас-тастың арасына батып, тауға кіріп адастырып кетті (М. Ә.).

Түнле біле көшелім (түн жамылып көшелік),
Иамар суын кешелім (Иамар суын кешелік,
Терңүк сувын ішелім (Тұма суын ішелік),
Иувға йағы ұвұлсын (Жауыз жауым езілсін).
(Қашқари 2007: 3/16-17)

2 months, 3 weeks ago
Source, Spring (источник) – ?

Source, Spring (источник) – ?

Лат. sub- (up from below)+regō (lead, rule)>өткен шақтың есімшесі sordre, sourdre, surgō “to rise”>ескі франц. sors>sorse (rise, beginning, spring, source)>орта ағылш. "sours"

"Источник" Көне Славян "*jьztokъ" (қайнар, бұлақ) сөзінен

Дереккөз

арабша дәрак درك – із, белгі

⚠️ кірме сөз

"Дереккөз"-ге тура балама:
Қайнаркөз
Бұлақкөз
Бастаукөз

Жалпы "қайнар","бұлақ" (исток, родник, ручей) сөзіне синоним:
Қайнар
Бұлақ
Бастау
Тұма
Мыңар/Мұңар
Жұлға/Жылға
Терңүк (Терінгік)/Теріңүк/Терңек
Тамға
Өзек
Су көзі

Басқа тілдер:
Оғыз: мыңар
Басқұр: болаҡ, күҙәү
Әзірбайжан: bulaq
Kalmyk: булг
Бурят: булаг
Алан (Қар.-Балқ): bulaq, közlev
Қырғыз: булак, кайнар
Түрік: bulak, kaynak, başlangıç

⚠️ Төл Сөз

⁉️ "Köz", "jul/julaq", "tamγa", "bašlaγ", "mïŋar", "özük" Көне Түркі сөз. Julaq>жұлға; tamγa>тамға; özük>өзек; terŋük>терңек

‼️ "Көз" деп су не бір нәрсе бастауы қылып та қолданады 

Қайнаркөз: комментте ⤵️

#Төл_Сөз #балама_сөз

2 months, 4 weeks ago

5 желтоқсан — «Кітап үзіндісі» арнасының құрылғанына 5 жыл толады?

Бұл біз үшін үлкен мереке! Осы қуанышты күнге орай, сіздер үшін шағын байқау ұйымдастырайық деп шештік.

Қатысу шарттары:
1. Арнаға тіркеліңіз (егер әлі тіркелмеген болсаңыз).
2. Пікір алаңына өз құттықтауыңызды жазып қалдырыңыз.

Ең көп реакция жинаған пікір иесі мен ең креативті құттықтау авторына кітап табыстаймыз?

? Байқау нәтижесі 5 желтоқсан күні сағат 20:00-де жарияланады.

We recommend to visit

?Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.

?Бизнес кітаптар
?Әлем мен Қазақ әдебиеті
?Психология
?Мотивация

Dalanews экосистемасына кіреді

Стоимость рекламного поста 25 000 тенге

?Реклама @dalareklanabot

Last updated 4 months, 2 weeks ago

🎓 “Нұр-Мубарак” түлегі
🕌 Қызылорда обл. Бас имамы

Last updated 3 weeks, 5 days ago

QR Mektepke shekemgi hám mektep bilimlendiriw ministrliginiń rásmiy telegram kanalı

Isenim tel: (61) 222-94-45

Official website: https://kk.uzedu.uz/qr

Múrájat ushın: @QRmshmbministrligi_bot

Last updated 4 months, 2 weeks ago