DALA INSIDE

Description
✓ БАҚ ретінде тіркелген қазақ тіліндегі жалғыз канал
✓ Эксклюзивті сараптамалар мен инсайдтар
™ Жарнама @dalareklanaBot

Самый узнаваемый казахский телеграм канал. Инсайды, политика, схемы, прогнозы. Экономические, финансовые расследования.
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

? Реклама: @kk24_reklama

Last updated 2 months, 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 4 months ago

Last updated 1 month ago

3 weeks, 1 day ago

🛰️ 8 триллион теңге: Қазақстан өндірісті бұрын-соңды болмаған масштабта жаңғыртпақ

Реформа ойдағыдай өтсе, Қазақстанда көп дүние жасалатын болады. Өз тауарымызды тұтына бастағандықтан, болашақта инфляция төмендеуі тиіс.

Үкімет шағын және ірі бизнес, тұрғын үй құрылысы салаларындағы инвестициялық жобаларға 8 триллион теңге бөледі. Ол бюджеттің ақшасы емес. Кепілдік беру механизмі арқылы жекеменшік қаржы институттарында шоғырланған капитал да өндіріске бағытталмақ. Ол кредит пайызы теңгелей 12% шамасында болады. Бұл бизнеске ыңғайлы. Қаражаттың барлығы өңдеу өнеркәсібі салаларына берілмек. Оның ішінде 1,5 триллион теңге тек ауыл шаруашылығындағы жобаларға арналған.

Сонымен қатар, мемлекет IT, логистика, туризм, азық-түлік өндірісі, құрылыс материалдары, машина жасау, жеңіл және химиялық өнеркәсібі салаларындағы инвестицияларға тапсырыс жариялады. Оны алу үшін Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаментіне, «Даму» қоры мен «Байтерек» холдингіне хабарласу керек.

Қазақстан көп сын айтылса да, түрлі өндіріс ошақтарын көбейтіп келеді. Халыққа ол көріне бермейді. Себебі қазір көбіне халық тұтынатын тауар емес, басқа өндіріске қажет заттар жасалуда. Өндірістің үшінші циклына жетсек, базар мен дүкендер отандық тұтыну заттарымен толыға бастайды. Ол шамамен 2030 жылдары орын алуы мүмкін.

8 триллион эффектісін қашан көреміз? Оған кемінде 5 жыл қажет. Биылдан бастап енгізілетін салық реформасы отандық өндірушіге барлық жағдай жасайтын болады. Кәсіпкерлер де барынша өндіріске бұрылуы тиіс.

https://t.me/dalainside

3 weeks, 5 days ago
1 month ago
2 months, 3 weeks ago
3 months ago
3 months ago
5 months, 3 weeks ago
5 months, 4 weeks ago
6 months ago
8 months, 2 weeks ago

? ШЫҰ саммиті бізге жол ашты

Саммит көп кәсіпорынның көкжиегін кеңейтуде. Қазақтар алпауыт Қытайдың нарығына кіретін саңылау тауып, түрлі келісімдер жасап жатыр. Мәселен, бүгін “ҚазПошта” АҚ бірден үш жетістікке жетіпті.

Атап айтқанда Қазпошта YTO Express Co. Ltd. компаниясымен еліміздегі электронды коммерцияны дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруға уағдаласты. Бұл жоба жүзеге асса шекараның арғы бетінен тауар жеткізу жеңілдейді. Тіпті Қытайдың өнімдері Қазақстан арқылы Орталық Азия-ЕАЭС-Еуропаға дейін жетеді. Сұрыптау қоймасы Алматы облысында орналасады деп жоспарланған. Демек, Бельгияда отырғандар Бейжіңнен телефонның чехолдарын алдыртса, бізде Байсерке отырып ортадан тиын табамыз. Тамаша емес пе?

Екіншіден: «Қазпошта» мен JD.com бірлесіп орыс тілді маркетплейс жасамақшы. Неге қазақша емес деп шулауларыңызға болады. Бірақ бұл электронды дүкен тек Қазақстан емес ТМД елдеріне арналған. Мейлінше көп тұтынушы тарту үшін орыс тілін таңдапты. ТМД елдерінде орташа есеппен 300 млн халық тұратынын ескерсек, жаңа жобаның болашағы бар сияқты.

Үшіншіден: Қазпошта мен «YM TRANS POST LIMITED» компаниясы өзара ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді. Тіпті екі алпауыт бірлесіп көлемі 36 мың шаршы метр болатын мульти-модульді қойма салмақшы. Бұл жерде ұшақпен, көлікпен, пойызбен жеткізілген әртүрлі тауарлар сақталып, сұрыпталады. Бір сөзбен айтқанда Қытайда шығарылған шариктен бастап көліктерге дейін Қазақстан арқылы өзге елдерге жөнелтілмек. Бұл дегеніміз Қазақстан бюджетіне қыруар қаражат құйылады деген сөз. Бұрын қытайдың тауарын Қалжат пен Қорғастан контрабандалық жолмен алып өтетін. Тиісінше талай ақша бюджетке емес бәз біреулердің қалтасына құйылды. Енді ондай ұрлық болмайды.

Пікір иесі: Диас Нұрақын?

htttps://t.me/dalainside

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

? Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

? Реклама: @kk24_reklama

Last updated 2 months, 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 4 months ago

Last updated 1 month ago