Unlock a World of Free Content: Books, Music, Videos & More Await!

Minecology🇰🇿

Description
@EcologyofQazaqstan
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago

1 day, 23 hours ago

*🔹Семей орманына арнайы іс сапар*

27 сәуір күні ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына арнайы іссапармен келді.

Сапар мақсаты 26 сәуірде Бородулиха филиалы аумағында орын алған өрт жағдайы және өрт қауіпті маусымға дайындық сапасын талқылау.

Жиынға Абай облысы әкімінің орынбасары  Дмитрий Гариков, ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы Ермек Белгебаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Абай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Манарбек Шапағатов, Абай облысы бойынша полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ернар Базаров, Абай облысы бойынша полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің басшысы Әсет Утепов, Абай облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Мақсат Елемесов  қатысты.

Жиынға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев төрағалық етті.  

*➡️Толығырақ:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

_______

🔸Рабочая поездка в Семей орманы

27 апреля министр Экологии и природных ресурсов РК Ерлан Нысанбаев прибыл с рабочей поездкой в РГУ «ГЛПР «Семей орманы».

Целью визита стало обсуждение пожара, произошедшего 26 апреля 2024 года на территории Бородулихинского филиала РГУ «ГЛПР «Семей орманы» и качества подготовки пожароопасного периода.

В совещании приняли участие заместитель акима области Абай Дмитрий Гариков, руководитель РГУ "Территориальный департамент Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан по области Абай" Белгек Белгебаев, начальник Департамента по чрезвычайным ситуациям области Абай Манарбек Шапагатов, первый заместитель руководителя Департамента полиции по области Абай Ернар Базаров, руководитель Управления местной полицейской службы Департамента полиции по области Абай Асет Утепов, руководитель Областной территориальной инспекции лесного хозяйства и животного мира по области Абай Максат Елемесов.

*➡️Подробнее:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru

@EcologyofQazaqstan

1 day, 23 hours ago
Minecology🇰🇿
1 day, 23 hours ago
Minecology🇰🇿
1 week, 2 days ago

*🌱Ұлттық ағаш отырғызу күні*

🌱 2024 жылдың 19 сәуірі күні «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі – 2024» Халықаралық табиғатты қорғау акциясының шеңберінде «Ұлттық ағаш отырғызу күні » мен Үржар ауданының әкімдігінің қызметкерлері ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акцияларының аясында ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау мақсатында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.

🌱 Ағаш отырғызу күніне орай Ұлттық парктің демеушілігімен 500 дана ағаш көшеттері Үржар ауылының «Болашақ саябағы», «Орталық алаң» және «Орталық аурухананың» маңына отырғызылды.

🌱 Іс-шараның негізгі мақсаты - экологиялық мәдениет деңгейін арттыру, орманды жаңғырту идеясын қолдауға жұртшылықтың назарын аудару.

🌱 Табиғат сұлулығы мен таза ауаның кілті - ағаштар. Осы тұрғыдан алғанда, аталмыш шараның ұйымдастырылуы аймақтағы экологияны одан әрі жақсартуға, елді-мекендерді көгалдандыруға ықпал етеді.

📄 Барлық қатысушылардың саны - 1200 адам.

**_______

🌱Национальный день посадки деревьев**

🌱19 апреля 2024 года в рамках Международной природоохранной акции «Марш парков – 2024» государственным национальным природным парком «Тарбагатай» был организован «Национальный день посадки деревьев» совместно с сотрудниками акимата Урджарского района в рамках акции «Таза Қазақстан» проведена масштабная посадка деревьев в поддержку сохранения и восстановления лесов. Активное участие в этой инициативе приняли акимат Урджарского района и другие государственные учреждения.

🌱Национальным парком было выделено 500 штук саженцев, которые были посажены в окрестностях парка «Болашак», Центральной площади и «Центральной больницы» села Урджар.

🌱Основной целью мероприятия является повышение уровня экологической культуры, привлечение внимания общественности к поддержке восстановления леса.

🌱Деревья являются главным составляющим живой природы и обладают способностью к фильтрации и очистке воздуха. С этой точки зрения организация данного мероприятия способствует дальнейшему улучшению экологии в регионе, озеленению населенных пунктов.

📄 Количество всех участников - 1200 человек.

@EcologyofQazaqstan

1 week, 4 days ago

*🔊*АНОНС

📌2024 жылғы 19 сәуірде сағат 15:00-де.** «Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша тікелей эфир өтеді. Спикер ретінде Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева эфирге шығады

⏯️Онлайн-трансляция ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі https://www.facebook.com/EcologyofKazakhstan/ (https://www.facebook.com/EcologyofKazakhstan/)

Модератор: Қойшибаева А. Т.

Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды тікелей эфирде қоя аласыз.

**_______

🔊АНОНС

📌19 апреля 2024 года в 15:00 час.** пройдет прямой эфир на тему «Совершенстование системы торговли выбросами парниковых газов в Казахстане», спикером выступит директор Департамента климатической политики Сауле Сабиева

⏯️Онлайн-трансляция будет проводиться в прямом эфире на официальной странице Министерства экологии и природных ресурсов РК в социальной сети «Facebook https://www.facebook.com/EcologyofKazakhstan/ (https://www.facebook.com/EcologyofKazakhstan/)

Модератор: Койшибаева А.Т.

Вы можете задать свои вопросы и предложения в прямом эфире.

@EcologyofQazaqstan

1 week, 4 days ago

*🔹Алматыда ФАО ның Қазақстандағы пестицидтердің өмірлік циклін басқару жөніндегі жобасы талқыланады*

18 сәуірде Алматы қаласында Орталық Азия мен Түркия елдеріндегі пестицидтердің өмірлік циклін басқару жөніндегі ФАО/ЖЭҚ жобасының өңірлік басқару комитетінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, БҰҰ ФАО-ның ҚР-дағы байланыстар және әріптестік жөніндегі Кеңсесінің Басшысы Қайрат Нәжіменов, сондай-ақ ФАО мен Орталық Азия елдерінің сарапшылары және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жоба, 2018 жылдың қазан айында іске қосылды және пестицидтерді экологиялық таза жою және ластанған жерлерді қалпына келтіруге бағытталған. Сондай-ақ, жоба шеңберінде институционалдық және нормативтік базаны нығайту, негізгі дақылдарда химиялық пестицидтерге қауіпсіз баламаларды табысты пайдалануды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жобаға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркия қатысуда.

*➡️Толығырақ:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

**_______

🔸Проект ФАО по управлению жизненным циклом пестицидов в Казахстане обсудили в Алматы**

18 апреля в Алматы состоялось Заседание регионального руководящего комитета проекта ФАО/ГЭФ по управлению жизненным циклом пестицидов в странах Центральной Азии и Турции.

В работе совещания принял участие вице-министр экологии и природных ресурсов РК Мансур Ошурбаев, Глава Офиса по связям и партнерству ФАО ООН в РК Кайрат Нажмиденов, а также эксперты ФАО, стран Центральной Азии и представители государственных органов.

Проект был запущен в октябре 2018 года и направлен на экологически безопасную утилизацию пестицидов и восстановление загрязненных участков. Также в рамках проекта ведется работа по укреплению институциональной и нормативной базы, увеличению успешного использования безопасных альтернатив химическим пестицидам на ключевых культурах. В проекте принимают участие Азербайджан, Казахстан, Кыргызстан, Таджикистан и Турция.

*➡️Подробнее:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru

@EcologyofQazaqstan

2 months, 1 week ago
***✍️*** ҚР экология және табиғи ресурстар …

✍️ ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

✍️ Приказом министра экологии и природных ресурсов Тургамбаев Данияр Галымович назначен на должность председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР РК.

📱 https://t.me/KZgovernment

2 months, 1 week ago

*🔹Стратегиялық мәселелерді талқылау*

2024 жылғы 16 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) Бас директоры және төрағасы Карлос Мануэль Родригеспен кездесу өткізді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы ЖЭҚ желісі бойынша орталық үйлестіруші болып табылады. ЖЭҚ-тың негізгі қызметі-Жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін қаржылық және техникалық көмек көрсету.

Кездесу аясында тараптар ЖЭҚ қолдауымен іске асырылатын биоәртүрлілік пен экожүйені сақтау, тұрақты энергетика, климаттың өзгеруі, жердің деградациясы және қалдықтарды басқару саласындағы серіктестіктің негізгі стратегиялық басымдықтарын талқылады, сондай-ақ ынтымақтастық жылдарында қол жеткізілген нәтижелерді айтты.

*➡️Толығырақ:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

**________

🔸Обсуждение стратегических вопросов**

16 февраля 2024 года Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев в г.Алматы провел встречу с Генеральным директором и Председателем Глобального экологического фонда (ГЭФ) Карлосом Мануэлем Родригесом.

Министерство экологии и природных ресурсов является центральным координатором по линии ГЭФ в Казахстане. Основная деятельность ГЭФ – оказание финансовой и технической помощи для реализации проектов, направленных на решение глобальных экологических проблем.

В рамках встречи стороны обсудили основные стратегические приоритеты партнерства в области сохранения биоразнообразия и экосистем, устойчивой энергетики, изменения климата, деградации земель и управления отходами, реализуемых при поддержке ГЭФ, а также озвучили результаты, достигнутые за годы сотрудничества.

Е. Нысанбаев отметил, что Казахстан подготовил пул проектов на национальном уровне для финансирования ГЭФ в рамках 8-го цикла. За последние 10 лет площадь лесного фонда выросла на 7,6% и достигла почти 31 млн га. Казахстан намерен сохранять данную тенденцию и держать курс на восстановление лесов в соответствии с Программой Десятилетия ООН по восстановлению экосистем.

*➡️Подробнее:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru

@EcologyofQazaqstan

2 months, 1 week ago

*🔹Орталық Азиядағы ақбөкендерді қалпына келтіру жөніндегі трансшекаралық ынтымақтастықтың табысын таныту және көбейту*

2024 жылғы 13 ақпанда Самарқанд қаласында жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлері жөніндегі Конвенция (CMS COP14) тараптарының 14-ші кездесуі аясында халықаралық жұртшылықты ақбөкендерді қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі шаралар туралы хабардар ету мақсатында Қазақстан делегациясы "Орталық Азиядағы ақбөкендерді қалпына келтіру жөніндегі трансшекаралық ынтымақтастықтың табысын таныту және дамыту" атты параллель іс-шара өткізді. Кеңесті экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Нүркен Шарбиев пен қоныс аударатын түрлер жөніндегі Конвенция хатшылығының (CMS) өкілі Полина Орлинский ашты.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким, Өзбекстан Республикасы Экология және қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік комитетінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар департаментінің басшысы Халилулла Шеримбетов, Моңғолия делегациясының өкілі Бувей Баатар, Қауымдастықтың өкілі Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау Алена Кривошеева және ақбөкенді сақтау альянсының директоры доктор Элеонора Милнер-Гулланд.

*➡️Толығырақ:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

**________

🔸Признание и развитие успеха трансграничного сотрудничества по восстановлению антилопы сайгака в Центральной Азии**

13 февраля 2024 года в г. Самарканд на полях 14-й Встречи Сторон Конвенции по мигрирующим видам диких животных (CMS COP14), в целях информирования международной общественности о мерах по охране, воспроизводству и устойчивому использованию сайгаков делегацией Казахстана проведено параллельное мероприятие «Признание и развитие успеха трансграничного сотрудничества по восстановлению антилопы сайгака в Центральной Азии», совещание открыли Вице-министр экологии и природных ресурсов Нуркен Шарбиев и представитель секретариата Конвенции по мигрирующим видам (CMS) Полина Орлински.

Докладчиками выступили заместитель председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Андрей Ким, начальник отдела охраняемых территорий государственного комитета по экологии и охране окружающей среды Узбекистана Халилулла Шеримбетов, представитель делегации Монголии Бувей Баатар, представитель Ассоциации сохранения биоразнообразия Казахстана Алена Кривошеева и директор Альянса по сохранению сайгака доктор Элеонора Милнер-Гулланд.

*➡️Подробнее:* https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru

@EcologyofQazaqstan

2 months, 2 weeks ago

** Live

📌 «2023-2024 жылғы киіктер антилопасы популяциясын басқару»

📌 «Управление популяциями антилопы сайгак в 2023-2024 годах»**

➡️ https://www.youtube.com/watch?v=ozIC9Q_7gFA

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @KARAKALPAKSTANBOT

Last updated 6 days, 2 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 5 days, 19 hours ago