ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

Description
Қазақстандағы және әлемдегі ғылым жаңалықтары. Ғылыми-танымдық ақпарат.
Арна авторы: Дина Имамбай, журналист, ғылымды насихаттаушы.
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago

2 weeks, 6 days ago
**Қытай ғалымдары өсімдіктің түрі мен қалай …

Қытай ғалымдары өсімдіктің түрі мен қалай өсіп жатқанын анықтайтын робот жасап шығарды.

Device журналында жарияланған мақалада жазылғандай, құрылғы сынақ кезінде 97,7% дәлдікпен он түрлі өсімдікті анықтады және баугиния гүлінің жағдайын 100% дәлдікпен бағалап берді.

Бұл робот ірі фермерлер мен агрономдарға дақылдардың өсуін бақылауға, сондай-ақ оларға қажетті су мен тыңайтқыштың мөлшерін бағалауға пайдалы болады, – дейді Шаньдун медицина университетінің доценті Чжунцян Сонг.

Мақала мында

3 weeks ago
3 weeks ago

Саршұнақтар табиғатты қалпына келтіруге көмектеседі

Жанартаулар – табиғат катаклизмдерінің бірі. Жалын атқан лава Жердің экожүйесін өзгертеді, орман мен таудағы өсімдік, жан-жануардан бастап топырақтағы микроорганизмдерге дейін жояды.

🔸Мұндай апаттан кейін табиғаттың қалпына келуі өте ұзақ. Мысалы, орман қалпына келуі үшін 300 жыл керек. Ал топырақтың микробтық құрамы тек 60 жылдан кейін орнына келеді екен.

🔹АҚШ зерттеушілері осы үдерісті жылдамдатудың әдісін тапты. Ғалымдарға көмекке саршұнақтар (Thomomys talpoides) келді. Саршұнақ немесе зорман – кеміргіштер отрядының бір түрі.

🔸Жанартаулар атқылауы климатқа да әсер етеді. Бұл кезде атмосфераға күкірт диоксиді (SO2) тарайды. Ол ауаға, топыраққа, жауын-шашынға зиян.

🔹Ғалымдар ландшафты қалпына келтіру тәсілін бұрыннан іздеп келеді. Міне енді Коннектикут университетінің микробиологтары мен экологтары нәтижеге жетті.
1980 жылы АҚШ-тың солтүстік-батысында Сент-Хеленс жанартауы атқылайды. Катаклизм салдарынан адамдар опат болады, құстар мен аңдар өледі. 600 шаршы километр жер қап-қара шөлейтке айналады.

🔸Екі жылдан соң осы учаскеге зерттеушілер тікұшақпен саршұнақтарды әкеліп, орман болған жерге жібереді.
Неліктен саршұнақтар? Бұл жануар інін терең қазып, топырақ астындағы құнарлы материалды сыртқа шығарады екен. Сөйтіп пайдалы микроорганизмдер  жер бетіне шығады. Одан кейін өсімдіктер пайда болады, т.с.с.  

🔹Микробиологтар саршұнақтарды жерсіндірген мекенде алты жылдан кейін ондаған мың өсімдік жайқалып өсе бастайды. Ал басқа жерлер сол қалпы еді.

🔸Одан бері  40 жыл өтті. Ғалымдардың айтуынша, құлазыған жерге 40 жылдан кейін өсімдік өсіп, жаңа орманның пайда болуы үлкен жетістік.    

🔹Зерттеушілердің мақаласы Frontiers in Microbiomes журналында басылып шықты. Авторлар дәл осы тәсілді өртенген орманды қалпына келтіру үшін де пайдалануға болатынын атап көрсеткен. 

3 weeks, 6 days ago
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
3 weeks, 6 days ago
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
3 weeks, 6 days ago
ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
1 month ago
1 month ago

“Профессор Асфендияров Алматыға келгеннен бастап тұрған және іргелі ғылыми еңбектерін жасаған үйді (Төле би, 29) мемориалды мұражайға айналдыру мәселесін ойластыру орынды болар еді. 
Бұл ғимарат 1904 жылы Верный Ерлер гимназиясының директоры үшін салынып, директордың үй-пәтері аталып кеткен. Сол шақта қазыналық үй ретінде гимназиялық қалашықтағы ғимараттар кешеніне кірген. Осы үйде Санжар Жафарұлы Мәскеуден Алматыға келген 1928 жылдан 1937 жылғы 22 тамызда тұтқындалғанға дейін отбасымен өмір сүрді. 
Осы ғимаратта еліміз мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізгеннен соң Түркия елшілігі орналасты.
Ұзамай консулдық өзіне жанынан жаңа мекенжай салып алды да, тозған көне ғимарат оның ауласының ішінде қалды.

Сол кезде бос тұрған, он жылдай Үлкен террор құрбаны Санжар Асфендияров мекендеген байырғы гимназия директорының үй-пәтерін музейге айналдыру мақсатында қоғам меншігіне беруді сұрап, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басқармасы билікке өтініш берген еді. Мәселе әзірге шешімін тапқан жоқ”.

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,        «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары, жазушы, тарих ғылымының кандидаты

Мақала мында

1 month ago
1 month, 1 week ago
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 21 hours ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year ago

Last updated 4 days, 17 hours ago