данышпан қарға

Description
уикипедияға ұқсайтын бала
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

3 days ago

БАЙ БОЛ! Сіздің досыңыз данышпан қарға Freedom SuperApp қосымшасын жүктеп алып, Freedom валютасымен 1000 ₸ кешбэк алуды ұсынады. 1000 ₸ алу үшін: 1. Қосымшаға тіркеліңіз 2. Картаңызды толтырыңыз 3. Freedom Bank картасымен кем дегенде 100 ₸ сомаға зат сатып…

4 days, 17 hours ago

Сатыбалдыны оқымаған қазақ - қаззақ емес (с)

4 days, 17 hours ago

— Түсінбедім… Кімді… Нені тігесіз??? – деді.

— Нені болсын? Мүшесін кері қарай тігем дейм! Анестезиясыз! Айтпақшы, бос тұрғанша, танысып қояйық: жыныс хирургі Болояң! – деді қытайшатыс визиткасын ұсынып…

...55 қабаттан түсіп қалған Камал Стейнуейн секіруге көп ойланған жоқ. Еш үрейсіз төменге қарап тұрды да, секіре салды. Анадай жерде Ақнұр Бектеміс кетіп бара жатты…

4 days, 17 hours ago

#хардәдебиет

Сегізсері Кюнаннан. "Бақытсыз Камал"

Менмұндалап тұрған “Петрәнасс Тауэрдің” 85-інші қабатынан “мен мұнда-а-а-а-а!” деп бақырып тұрған Карина Әбсаттардың қылығы, табиғатынан ибалы куалалумпурлықтарға оғаш көрінгенмен, сол ғимаратқа асығып келе жатқан Камал Стейнуейнге әбден түсінікті жәйт болатын. «Бейшара қыз қауышамыз деп қуанып тұр. Әттең...».

Камал Стейнуейн Каринамен алғаш кездескенін есіне түсірді. Арық та имек қыз «Казакистан Металл, стилл, ойл, энд э азэ минерал энд э нейтші ресуорсес Инк» компаниясындағы қаптаған қыздардың арасына келіп қосылғанда, тобыр арасында көрінбей қалған. Оның тұлғасын, сұлулығымен әлдеқашан «RAV4» мінівалған қыздар үнемі тұмшалап тұратын. Тіпті, «сұлулықтың мәнісін күнде көріп жүру үшін, арасында бір құбыжық жүргені дұрыс» деген HR-менеджер О’Делл Қадырға. Бірақ араласа келе, оның бойында бір өзек барын байқай бастады. Оның үстіне Каринаның — әлі де боянып-таранып, сұлулығын паш етпеген көрерге көз керек әдемі қыз екеніне барлық мүшесі, ең алдымен – көзі жетті.

Қарым-қатынастары өте тез, қалыптыдан оғаш дейтіндей жылдам дамыды. Тура санаса – төрт-ақ күнде төсекке атып ұрған екен. Бірақ Каринаны алынған кезекті қамал деуге әлі ерте еді. Оның: «Камал, мен бұл компанияға – сен үшін жұмысқа тұрғам; өзіңді – «Астана Миниң Метталурджи Форум – 2011-де» көргеннен құлай сүйдім» дегені әрі елжіретті, әрі, расы керек – табиғатынан менмендеу Камалдың «меніне» майдай жақты.

Сылдырап аққан судай екі ғашық оқиғасына бұл кезде бұлт та үйіріліп келе жатқан болатын. Корпоративтік егеуқұйрықтар екеудің әмпей-жәмпейін болашақ қайнатасына жеткізіп те үлгеріпТ. Шал сазарып-бозарып сәлем алмауды шығарды. Аралары салқындай бастады. Салқындап-салқындап, ақыры – 25 градус аязға түскен кезде, бетпе-бе әңгіменің кезегі де келді. Қағілез шал нақты да тура шарттар қойып, тіпті қағазға жазып та берді. «1. Анау шүйкебаспен қатынасты дереу доғар. 2. Оны жұмыстан шығар. 3. Алматыдағы өкілдікке қайтып, қызымды алып, сонда тұратын боласың. 4. Үш шартты орындаған күні директорлар кеңесіне кіресің. Немере сыйласаң, менің орнымның пұшпағы да жылтырап көрініп қалар...». «Фирмалық бланкіге жазбағаныңа шүкір алжыған шал, — деген ол сонда тістеніп, — тіпті пункттерге бөліп жазғанын қарасайш!».

Қызығы сол: Карина тіпті аздап күдікті деуге келетіндей түсіністік танытты. «Мені өтірік жұмыстан шығарған бол. Сонымен осырақтың екі пункті тәмам — деген сыңғырлай күліп,- ал 3 пен 4 – бәрібір өз қолыңда».
Егеуқұйрықтарға көз қылып, Каринаны жұмыстан қуып шыққаны мұң екен: шалдың да әжімдері жазылып, сәлемі түзеле бастады. «Енді Алматыға қайтып, анау маймыл қызын алып, ішін үріп қойсам, шал ешқайда кетпес. Ал Карина… Көңіліне алып қалады-ау бәрібір… Аузы мені қимастан рұқсат бергенімен, көңіліне қаяу түседі-ау… Бас қатты-ау әбден… Карина… Карина...».

Ой жетегінде келе жатқанда, «Петрәнасстың» мұнарасы үстіне төніп те қалыпты. Жоғарыға қарап, Карина тұрған терезенің ашық тұрғанын, ал өзінің жоқ екенін байқады. «Есік алдына кетті-ау, мойныма асыла кету үшін. Сұмдық қыз, не керек!».

Карина тұрған офисті білмек болып, ресепшнге жақындап, әлдебір қытайшатыс кісінің де: «Уат? Ши… амсорри – хи нейм из Кэрине? О, май көт!» деп жатқанын естіді. Сосын лифтіге мұнымен жарыса кірді. Шамамен 30 қабатқа дейін үнсіз келген қытайшатысқа бір кезде тіл бітіп, өзінен өзі:

— Құдай берейін десе – терезеден де бере салад деген рас екен, рас болғанда бар ғой – осынша, тура мағынасында рас болып шыққанын айтам-ау! – деп күбірледі қисық ағылшыншасымен.

— Мәссаған, тап сондай мәтел қаззақта да бар! Сонымен, неге бере салады екен құдай?– деді Камал күліп.

— Неге, неге: шпал мен шеге! Кешіріңіз, бала кездегі қылжағымыз еді. Неге болсын: осыдан бірер жыл бұрын біреу Бангкокта 300 мың долларға лақтырып кеткен. Ол ақшамен қош айтысып, кетсе кетті енді деп, тіпті ұмыта бастағам. Енді қызық: бүгін сол поциентім Малайзияның қақ ортасында терезеден айқайлап тұр! Жазбай таныдым! Ох ептібайымайд, қазір үстемесімен қайтарып бермесе – тігем нақ! Кері қарай тігем! Тоңазытқышта салбырап ілініп, солайымен сақталуы тұр…

1 week ago

#moments

Кенеттен байқап қалдым. Біздің еркектерге, кейде, папа болғанын түсіну үшін 15 жылдай керек екен (яки модерн тілмен айтқанда идентифицировать себя как папа).

Бір көкем - қызы 10 сыныпта оқып жүргенде ғана біреудің әкесі екенін түсінген (өз бақылауымнан айтып отырмын). Жай биологиялық әке емес, біреудің тағдырына толықтай жауапты адам екенін.

Тек мәселе мынада: оған дейін қызы - үйінде жүрген біреу ғана деп қабылдағандықтан, енді оған өз махаббатын көрсетуі қиын боп жүр: жақсы көрем деп айту ерсі естілетін орта, еркелетуге енді кеш екенін түсінеді, тек қалаған затын әперіп, айтқанын істеп, жанама түрде ғана жақсы көретінін білдіріп жүр. (Сүйкімді, бірақ жыртқыш аңды еркелетуге жақындай алмай жүрген адам елестейді көзіме).

Ешкімді мүсіркемейм, бірақ, білмейм, аянышты көрініс өзіме.

Баласын жастайынан махаббатқа көміп тастаған ата-ананы сирек кездестірем. Жиі кездесетіні - баласы есейгенде ғана ата-ана екенін түсінетін, ал сезімін білдіру үшін әңгіме арасында аккуратно ғана «балам/қызым» деген сөздерді қолданып, соны қанағат тұтатын ересек кісілер.

Дети мои, сондықтан, топас күйлеріңде көбеймеуге тырысыңдар

1 week, 3 days ago

«Сен атыңды МакПерген деп өзгерттің бе не, жарым? Сен, немене, шотландиялық секс-символсың ба?»
(с) SuperBads

Тағы да немістер.

Deutsche Welle Еуропадағы дәстүрлі балаға ат қою ережесін бұзған поп-мәдениет жайлы хабарлап жатыр. Ол былай:

Әдетте еуропалықтар балаға атты негізінен інжілдік әулиелердің атымен қоятын. Ал жаңа аттарды ауқатты отбасылар, графтар мен басқа да аристократия өкілдері ойлап тауып ол ақырындап орта тапқа, сосын кедей таптардың балаларына қойыла бастайды екен (сондай-ақ, жергілікті есімдер де болған). Алайда 80-90 жылдары жаппай поп-мәдениеттің әсерімен кедейлер баланың атын аристократтарға жәутеңдей бермей, ТВ жұлдыздарының атымен атай бастауды жөн кереді (бұл да бір бунт қой енді өзінше).

Сол уақыттарда ең көп қойылған есімнің біреуі – Кевин. Атақты «Үйде жалғыз» қалатын бала.
Румындар, испандар, эстондар, тіпті байқамай, құдайдың сүйікті құлдары - немістер де баласын Кевин деп атап жатты. Несі жаман дейсің ғой? Жаманы, мұхиттың ар жағында бұл аттың нашар коннотациясы бар екенін бұлар білмей қалған. Кевин – англосакстардың арасында құдай сүйер қылығы жоқ, лузерлердің лузері боп жүрген адамдардың репутациясы екен сөйтсе. Тіпті британдықтар жалқау жатыпішер бекаларды Кев дейді екен. Америкада да Кевин болсаң онша сыйлай бермейтін көрінеді.

Бірақ ең жаманы ол емес. Арадан 30-40 жыл өткен соң әлгі Кевиндер мектепке барғанда, универде оқығанда, қызға сөз салғанда, жұмысқа резюме апарғанда, оларды кеудеден итеру жиі болады екен (Мұхаммедтерде де сондай проблема екен, айтпақшы). Өйткені Кевин – төменгі сатылы отбасыдан шыққан бала екені, ата-анасы ТВ жұлдыздарын құдай көрген сауатсыз екені маңдайында мәңгі тұратын дақ екенін көрсетеді. «Кевин деген ат емес, Кевин деген – диагноз» депті тіпті біреуі.
Менің сүйікті ойыншым де Брейне сияқты қатарынан озып шыққандар бар әрине, дегенмен, де Брейненің өзін карикатураларда оңдырмай мазақтап жатады оңбаған ағылшындар.

Немістер осыған орай «кевинизм» деген термин арнап, тіпті Кевинометр (Kevin Wahrscheinlichkeitsrechner – блә, зб осы неміс тілі) деген қосымша жасаған. Ол қосымшада бүгін балаға қойылған ат 20-30 жылдан соң қандай таптаурындарды тудыратыны, болашағы қандай деген сияқты сұрақтарға жауап беруге тырысады (жоқ, жауап бермейді, жай ықтималдықты көрсетеді).

Қазақтарға оралсақ. Біздегі ат қою мәдениетін өзім де дұрыс түсінбейм (Ұлдана, Ұлжандарды есепке алмағанда). Бірақ байқағаным Асан, Дулат, Үсен сияқты Әліппеде тұратын стандарт боп көрінген аттар ақырындап архаизмға айналып бара жатқандай. Соған қарағанда 90-00 жылдары қойылған аттарға қазір тарихи баға беруге болатын шығар: кем дегенде, мысалы Мэлс, Марлен деген социалистік аттарға.

Мен не деймін енді? Балаларыңның атын Адольф деп қойыңдар. Сыраханада төбелес шығаратын тентек болады демесең, қай заманда да тартымды есім.

2 months, 3 weeks ago

Ар алдында, адал, ақпыз десек те
Сан сұрақтар алар кейде жағадан.
Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,
Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тартады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын, алтыным.
Көзімді алмай маздап жанған оттардан
Саған сенем, саған сенім артамын.
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын

(с) Шаханов

2 months, 3 weeks ago
3 months ago

Қазақ мифологиясындағы жындарды зерттеп, бір шағын әңгіме жазғым келед ше. Охуенный кейіпкерлер ғой былай қарап тұрсаң

3 months ago

"Әпкең мен оның достары сені мазақ еткені шынымен өкінішті. Ең сорақысы, мен сол жерде болғанда, олармен қосылып мен де мазақ етететін ем"

(с) Bing Bang Theory

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago