Dive into the Ultimate Free Library: Your One-Stop Hub for Entertainment!

экстаз

Description
yeligimay
Advertising
We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 2 days, 10 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 1 day, 13 hours ago

1 месяц, 2 недели назад

...Қазір түн.
Сыртта нөсер.
Сәуір айы.
Көктеген әлдеқашан кәрі қайың.
Сәлден кейін тағы да таң атады,
Тағы да...
Сары уайым...
Сары уайым...

Мұқағали

1 месяц, 2 недели назад

Асқар Сүлейменов «Жыныс үшеу: еркек, ұрғашы, билік. 
Соңғысынан асқан сатымпаз-салдақы жоқ. Ұрғашының өзі жолда қалады» дейді. Әділет Шопен де мықты. «...Мысалы, Президенттер түнде әйелдеріне істей алмағанын, күндіз халқына істейді» деп бір-ақ ауыз сөзбен ғана бүктей салыпты. 

Ықылас Ожайұлы

1 месяц, 2 недели назад

Баяғыда, сонаау өткен күндерде,
Көкейімде үміт болған деседі.
Сол үміттің сөнген сәтін білгенде,
Барлығы да кеш еді.

Жанарымның ыстық жасын жастанған,
Жұмыр-жұмыр төсегім.
Сенімімнің ақ сәулесін жаққанда,
Қала шамы өшеді.

Неге?

3 месяца, 2 недели назад

Шыңырауда жатып шыңға шыға алмайсың. Бірінші шыңыраудан шық.

3 месяца, 2 недели назад

Рухты құтқару

Рухты құтқару дейді. Егер ол өлмесе, оны қалай құтқарасың? Рух – Тәңірдікі. Тәңір өз бөлшегінің өлуіне рұқсат бермейді. Бір-ақ нәрсе мүмкін: рухты көрсетпей тұрған батпақтан аршу. Оны өзіміз үшін һәм бір-біріміз үшін, ең бастысы құдай біз үшін жасайды. Өлетін нәрсені ғана құтқара аламыз, мәңгілікті емес.

Л.Н.Толстой
Аударған Абзал Мақаш

3 месяца, 2 недели назад

«Әр пенденің көзінен сұрақ көрем»

5 месяцев, 1 неделя назад

Белгісіздікті өлердей жек көремін

5 месяцев, 2 недели назад

Ол өмірден өткелі, өмірдің де бір жылы өтті.
Ол өмірден кеткелі, анамның көз жасы бітті.
Өлім тыныштық сыйлайды емес пе?
Несіне жылай береміз, тіпті.

Негізі
оның кеткенінен ештеңе өзгере қоймады,
Тек түннің өзегін тіліп, қан жұтатынды шығардым,
Әдейі адасатын болдым арасында тұманның.
Сосын сарғайдым, бозардым, қызардым.
Өмірдің
әр күнін,
әр гүлін,
өлім тамшысымен суардым.

Иә, ол өмірден өтті,
Өмір одан өтті.
Ештеңе өзгере қойған жоқ.
Оның барында да бәрі солай еді ғой.
Бірақ оның барында бәрі де оңай еді ғой...

5 месяцев, 2 недели назад

Мен тұрмын.
Маған қарап мола да тұр.
Ән шырқап талықсиды далада түн.
Жас толған жанарымды жанап өтіп,
Қоңыр жел үнсіз жылап бара жатыр...

5 месяцев, 2 недели назад

Өлгеннен кейін
біреу тозаққа барасың дейді,
біреу жұмаққа барасың дейді
біреу лапылдап жанасың дейді,
біреу тыныштық табасың дейді.

Бұйырса
біреу бақытты боласың дейді,
біреу осы күйіңде қаласың дейді,
біреу тұп-тұнық, тазасың дейді,
біреу недеген өктем, қарасың дейді.
сөздеріме қарап біреу данасың дейді,
істеріме қарап біреу баласың дейді.

Мен ше? Мен не деймін?
Тәңірім не дейді?

We recommend to visit

Қаракесек фан канал ; )

Админ: @KZmenenger

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT

👉 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 2 days, 10 hours ago

"Жүректер Алланы еске алумен тыныштық табады" 13:28

Инстаграм: eskertushii_
Ұсыныс/жарнама: @eskrtshi
Салауат каналы: @zikirayt
Каналды қолдау:
4400 4302 9763 0615

Last updated 1 day, 13 hours ago