Ең соңғы жаңалық ҳәм хабарлар тек ғана "НЕ ЖАҢАЛЫҚ?" каналында. Бизден узақласпаң!
👉 Байланыс: @baylanis24_bot
👉 Реклама: @ne_janaliq_reklama
Last updated 3 weeks, 1 day ago
Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы
Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
[email protected]
📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz
Last updated 2 months ago
Реклама ушын 👉 @UyjayAdmin ге жазың.
Көшпес мүлк саўдасы бойынша барлық дағазаларды усы телеграм каналдан көрип барсаңыз болады.
Last updated 3 months, 2 weeks ago
ПІЛ ОҚИҒАСЫ 3
Мекке халқы Әбраха әскерінен қалған дүние-мүлікті жинап алады. Осы оқиғадан кейін арабтар бұл жылды "Піл жылы" деп атайды. Бұл оқиға Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеге келмей тұрып 50-55 күн бұрын болған. Сол жылы Әмина анамыз Пайғамбарымызға (с.а.у.) жүкті болып, Абдуллаһтың маңдайындағы нұр, Әмин анамыздың маңдайынан көрінген болатын. Сол кезде құрайыштықтар жұттан қатты қиналып жатқанда, Алла Тағала Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметіне құрайыштықтарға молшылық бергені сонша, олардың барлығы байып кетеді. Енді, міне, тағы да Пайғамбарымыздың (с.а.у.) құрметіне құрайыш тайпасы осындай қаһарлы дұшпанның зұлымдығынан құтылып, көп дүние-мүлік пен олжаға еш қиналмай қол жеткізеді. Бұл оқиға Құран Кәрімнің «Піл» сүресінде баяндалып, Алла Тағаланың дініне қарсы шығып, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға дұшпандық танытқандардың дүниеде қандай ауыр апатқа ұшырайтынын соның үлгісі ретінде мысалын осылайша көрсетеді.
Бұл сүре осы оқиғаны баяндап, дін дұшпандары мен қасиеттілерге қастандық жасаушылардың осылай жойылатынын ескертеді. Пайғамбарымызға (с.а.у.) ұлы дінінің жалғасын тауып, адамзат әлеміне тарайтынын сүйіншілейді. Оның үстіне бұл оқиға Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүниеге келмей тұрып болғанымен, оның бір мұғжизасы еді. Өйткені бұл оқиға Пайғамбарымызды (с.а.у.) келетініне және қаншалықты қуатты болатынына дайындық ретінде орын алды.
Ибраһим (а.с.) заманынан бері мұсылмандардың құлшық орыны болған Қағба муаззама бір кездері уақытша мүшриктер тарапынан пұттарға толы болғанымен, кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) арқылы мұсылмандардың құбыласы ретінде қалпына келтірілді. Ол ақырзаманға дейін Ислам халқы үшін қасиетті зиярат орны болып қала бермек.
ПІЛ ОҚИҒАСЫ -2
Әбраха өзі салған сарайға назар аударту үшін Қағбаны қиратпақ болып әскерімен Меккеге қарай жылжиды. Ол Таифке келгенде аялдайды. Меккеге бірнеше сарбаздарды қосып бір адамын жібереді. Олар болса келіп Мекке тұрғындарының малдарын айдап кетеді. Кеткен малдың ішінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) атасы Абдулмутталибтің түйелері де болады.
Сонда Абдулмутталиб Әбрахаға келіп: «Әскерлерің жайылып жүрген түйелерімді айдап кетті, мен сол түйелерімді алуға келдім» - дейді.
Әбраха: «Демек, сен тек түйелеріңді алғың келеді екен де..., мен сені Қағба жайлы мәмілемен келеген екен деп ойласам» - дейді.
Абдулмутталиб: «Мен түйенің иесімін, солардың жоқтаушысымын. Ал, Қағбаға келсек, оның иесі Алла. Оны өзі қорғайды» - дейді.
Бұл сөз Әбраха қатты әсер етіп, бірден түйелерді алдына салып береді.
Абдулмутталиб түйелерін алып, Қағбаға келеді. Көз жасын төге: «Уа, Раббым! Мына қаһарлы Әбрахаға қарсы тұруға күшіміз жетпейді, Қағбаның иесі өзіңсің, Бейті шәрифіңді сақта, уа, Раббым!» -деп дұға етеді. Мекке халқына: «Бұл үйдің өз қорғаушысы бар, қорықпаңдар»– деп жұбатады.
Әбраха әскерін қонған жерінен көтереді. Алдында ең алып піл бастатқан қосынын Қағбаға қарай салады, бірақ пілдер мен түйелер жерге шөгіп, бұл жолмен жүрмей қояды. Құдайдың құдіреті, оларды Шамға, Йеменге немесе Ирак жаққа бұрса, бірден желіп кететін.
Әбраха әскерін Қағбаға шабуыл жасауға мінген көліктерін қинап жатқанда, Алла Тағала көктен бір топ Әбабил атты құстарын жібереді. Әрқайсысың тұмсығы мен шеңгелінде ұстаған ұсақ тастарын Әбраханың әскерлері үстіне тастап жібереді. Тастар кімге тисе да жаралап, өлтіріп жатты. Көпшілігі осылайша мерт болады. Қалғандары құлап-жығылып Йеменге қарай қашады. Мұны көрген Әбраха да қашып отырып сарайына келеді. Бірақ бұған да тиген тастан жарасынан бұл да көп ұзамай мерт болады.
Жалғасы ертең...
Ассаляму ьалейкум қалайсыздар.?
ПІЛ ОҚИҒАСЫ
Адам (а.с.) Алланың бұйрығымен Қағбаны тұрғызады. Нұх топанынан кейін. Ибраһим (а.с.) мен ұлы Исмаил (а.с.) бірге оны қайта тұрғызады. Құрылысы біткен соң өздері тауап етеді. Алла Тағаланың әмірімен олар адамдарды қажылық парызын өтеуге шақырады. Бұл қасиетті Қағба ғибадат еткен, рүку мен сәжде жасағандар үшін таза болатын, оның ішінде мүсін, пұт және соған ұқсас заттар болмаған. Алайда кейіннен мүшріктер оны өз қолдарымен жасап, табынған пұттармен толтырады. Айналадан келушілер пұттарға арнап құрбандық шала бастайды.
Қағба муаззама арабтар мен оның киелілігін бағалай білетін әрбір адам үшін ерекше маңызға ие болатын. Ол тұрғызылғаннан бері алыс-жақыннан көптеген адамдар келіп зиярат ететін. Сондай-ақ Меккеге Қағбаны зиярат ету үшін келгендер сауда-саттық жасайтын. Топырағы егіншілікпен айналысуға қолайсыз болғандықтан, сауда мақсатында керуендері Меккеден Йемен мен Дамаскіге баратын. Осы себепті Мекке қаласы адамдар жиналатын және араласатын маңызды зиярат орны және маңызды сауда орталығы болды.
Меккенің мұндай беделіне көре алмаған Хабашстан патшалығының Йемен әміршісі Әбраха Сана қаласында үлкен ғимарат салдырады. «Бұл адамдар неге арабтардың Қағбасын зиярат етіп жатыр? Не бар ол жерде сонша? Одан да осында, менің ғимаратыма қонаққа келсін, мен оларды осы жерде тамақтандырып, өте жақсы ілтипатпен қабылдар едім» - деп жан-жағына хабар жібереді.
Оның бұл әрекеті арабтардың, әсіресе, Құрайштардың қатты шамына тиеді. Кинана тайпасынан бірнеше адам Әбраханың салдырған сарайына келеді. Әбраха оларға өздерінің қасиетті ғимараттарын тастап маған келді деген оймен барынша қонақжайлылық қылып, сол түні салдырған сарайында қондырады. Бірақ олар түнде, кетерлерінде ғимаратты қиратып, ластап кетеді. Таңертең мұны көрген Әбраха қатты ашуланады. Осы ашумен дереу Қағбаны қирату үшін пілдермен жасақталған әскер дайындатады. Жалғасы ертең...
Бұрын тақуалық екеуіміз ілім іздеуші едік, қазір ілім екеуіміз тақуалық іздеп жүрміз..
Ассаляму ьалейкум уа рахматуллаһи уә барокатуһу қалайсыздар?
Сенің 80/60/90 жасқа дейін өмір сүретіңе ешқандай кепілдік жоқ!
Сені аман алып қалатын тек осы дүниедегі салихалы амалдарың!
Қабірде тек өзің ғана боласың! Ата анаң, достарың, туыстарың, таныстарың болмайды!
Қап қара жер астында, сені ешкім естімейді қанша айқаласаңда!
БАРАТ ТҮНІНДЕ ҒИБАДАТ
Қасиетті Шағбан айының он бесінші түні – Барат түні. Бұл түнде ең болмағанда, бір тәсбих намазы оқылады. Барат түнінде оқуға кеңес берілген «қажет намазы» бар. 100 ракағаттық бұл намазды оқыған жан сол жылы қайтыс болса, шейіт дәрежесіне жетеді. Намазға былай ниет етеді: «Уа, Раббым, сенің ризашылығың үшін намазға ниет еттім. Мені илаһи кешіріміңе, илаһи берекеңе бөлей көр. Тас жүректен, дүние мен ақыреттің азабынан құтқарып, жұмақтықтардың дәптеріне тірке. Аллаһу Әкбар». Әр ракағатта «Фатихадан» соң 10 рет «Ықылас» сүресі оқылады. Екі ракағатта бір сәлем беріліп, 100 ракағатта аяқталады. Намаздан кейін (Алла Тағаланың; «Һу» есімінің әбжад есебі бойынша мәні 11 және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір есімі, «Tаһаның» әбжад есебі бойынша мәні 14 болғандықтан) төмендегі 11 дұға 14 реттен оқылады. 1. Истиғфар: 14 рет, 2. Салауат: 14 рет, 3. «Фатиха» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет, 4. «Аят үл-Күрси»: (Бисмилләмен) 14 рет, 5. «Тәуба» сүресінің соңғы 2 аяты; «Ләқад жәә әкүм...» (Бисмилләмен): 14 рет, 6. 14 рет «Ясин, Ясин...» деген соң 1 рет «Ясин» сүресі. («Ясин» сүресінде 7 сыртқы, 7 ішкі «мүбин» бар, осылайша ол да 14 болады.) 7. «Ықылас» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет, 8. «Фәлақ» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет, 9. «Нас» сүресі: (Бисмилләмен) 14 рет, 10. «Субхәнаналлаһи уәл-хамду лил-ләәһи уә ләә иләәһә илләллааһу уәллаһү әкбар уә ләә хаулә, уә ләә қууәтә, ил-ләә бил-ләәһил-aлийл-aзыйм»: 14 рет, 11. Салауат («Салат мүнжияны» оқыған жақсы): 14 рет оқылып, дұға жасалады. («Қасиетті күн мен түнде жасалатын ғибадаттар» кітабынан)
2024 ж. 23 ақпан Фазилет күнтізбесі
Ең соңғы жаңалық ҳәм хабарлар тек ғана "НЕ ЖАҢАЛЫҚ?" каналында. Бизден узақласпаң!
👉 Байланыс: @baylanis24_bot
👉 Реклама: @ne_janaliq_reklama
Last updated 3 weeks, 1 day ago
Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы
Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
[email protected]
📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz
Last updated 2 months ago
Реклама ушын 👉 @UyjayAdmin ге жазың.
Көшпес мүлк саўдасы бойынша барлық дағазаларды усы телеграм каналдан көрип барсаңыз болады.
Last updated 3 months, 2 weeks ago