Why Pay for Entertainment? Access Thousands of Free Downloads Now!

ABAIBOL🇰🇿

Description
Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
abaibolkz@gmail.com

📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz

www.shyngys.kz
www.abaibol.kz
Advertising
We recommend to visit

`` @pricesovmmsri

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Реклама ушын 👉 @UyjayAdmin ге жазың.

Көшпес мүлк саўдасы бойынша барлық дағазаларды усы телеграм каналдан көрип барсаңыз болады.

Каналға үй-жай дағаза бериў
https://t.me/c/1174744733/2142👈 шәртлери

Last updated 2 weeks, 6 days ago

@omir_sabaqlari

Байланыс ушын

Ҳикметлер - Аллаҳ ләшкеридур, олар Ҳақ, ҳақыйқат байрағын көтерип, кеўиллерди жаўлайды.
@Румий

🔴Мотивациялық пикирлер
🔴Психологик тестлер
26.12.2020жыл

Last updated 3 days, 19 hours ago

3 weeks, 3 days ago

▪️ №133 қылмыстық іс «Қиғаштағы қантөгіс» деректі фильмінің цензурасыз бейнекадрлары бүгін сағат 23:00-де осында жарық көрмек.

❗️Деректі фильмді әлі толық көрмеген болсаңыз, сілтеме төменде*🔽*

📹 Сілтеме: https://youtu.be/8b30ZWWrWfI

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

3 weeks, 3 days ago
***▪️*** **ҚИҒАШТАҒЫ ҚАНТӨГІС | №133**

▪️ ҚИҒАШТАҒЫ ҚАНТӨГІС | №133

Ресеймен шекаралас жатқан Қиғаш ауылы небәрі 600 шақты тұрғыны бар шағын елді мекен. Тұрғындарының бәрі бірін-бірі жақсы таниды. Басымы өзара туыстар және руластар. Сирек болатын майда-шүйде ұрлықтар мен тұрмыстық жанжалдарды санамағанда, қылмыс атаулысы жоқтың қасы. Сондықтан, бүтіндей бір отбасының ойран болып, шаңырағы қанға батқаны ауыл халқын шошытқаны рас. Ауыл тұрғындарында бұл қылмысты жергілікті адамдардың жасауы мүмкін емес деген сенім болды. Сондықтан, қанішерлер көршілес Ресейден келген деген қауесеттер тарап жатты. Әрине, тергеушілер бұл тұжырымды ысырған жоқ. Десекте, істің мән-жайы ашылғанда, бастапқыда қарапайым қарақшылық болып көрінген бұл қылмыс, әлдеқайда күрделірек болып шықты. Бұл 133-ші қылмыстық іс. Атырау облысы.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/8b30ZWWrWfI

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

3 weeks, 5 days ago

▪️ Ертең, яғни, 10 сәуір күні, сағат 19:00-де арнада жаңа деректі фильм шығады.

*▪️*ҚИҒАШТАҒЫ ҚАНТӨГІС | №133

❗️Арнаға жазылып, қоңыраушаны басып қойғайсыздар!

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

1 month ago
***▪️*** Келесі шығатын деректі фильмдер:

▪️ Келесі шығатын деректі фильмдер:

*▪️*ВИАГРА, МҮШЕҚАП ЖӘНЕ ӨЛІ АҚСАҚАЛ | №132
*▪️*ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАНТӨГІС 2 | №133

❗️Деректі фильмдердің атаулары шыққан кезде өзгеруі мүмкін. Әзірге аталмыш оқиғалардың еліміздің қай өңірінде болғанын болжап көріңіздер.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

1 month ago
***🔞*****ҚҰНДЫ ТИЫНДАР АЛЫП ТИЫНЫНАН ҚАҒЫЛДЫ**

🔞ҚҰНДЫ ТИЫНДАР АЛЫП ТИЫНЫНАН ҚАҒЫЛДЫ

Астана. 3 сәуір күні, елордалық сақшылар 31 жасты Ресей азаматын құрықтады. Ол таксист болып қызмет жасайтын жергілікті тұрғынды сан соқтырған екен. Такси көлігіне отырғанда, жүргізушіге ескі тиындарға толы пакетін көрсетіп, олардың қымбат жәдігерлер екенін айтқан. Нақтырақ, 1700 жылы шыққан тиындар екенін айтып, арзанға сататындығын мәлімдепті. Себебі, отбасылық мәселелері үшін ақша қажет болғандықтан, шынайы құнынан бірнеше есе арзанға сатуға тура келіп тұрғанын айтқан. Байғұс таксист оның сөзіне иланып, 1 млн. теңгеге 32 тиын сатып алған. Алайда, сатпақ болып сарапшыға көрсеткенде, тиындардың жалған екені анықталып, полицияға жүгініпті.

Тиынсатқыш алаяқ тергеу изоляторына тоғытылды. Сондай-ақ, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

❗️Осы жаңалықтың астында «орыстан досың болса, айбалтаң жаныңда болсын» декен секілді пікірлерге толады-ау…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

1 month ago

🔞ӨМІРГЕ ДЕГЕН РЕНІШІН АЯЛДАМАЛАРДАН АЛҒАН БАЙҒҰС

Петропавл қаласы. 31 наурыз күні, әлдебір қызыл түсті күртеше киген ер адамның аялдама шынысын сындырғаны жайлы полицияға ақпарат түседі. Сақшылар діттелген мекенжайға келгенде, бұзақы ізін жасырып үлгеріпті. Алайда, бейнебақылау инспекторлары күдіктінің Назарбаев және Сүтішев көшелерінің қиылысына тұрғанын хабарлаған соң, сақшылар сонда аттанады. Бірақ, үлгермей қалыпты. Әлгі бұзақы екінші аялдаманың шынысын сындырып үлгерді. Сақшылар оны құрықтап, үстінен әкімшілік хаттама толтырылған. Айтуынша, мұндай қадамға өмірге ренжіп, көңіл-күйінің болмағанынан барғанын айтыпты.

❗️Көңілсіз бұзақы 15 тәулікке қамалғалы тұр. Сондай-ақ, мемлекетке тигізген шығынды өтеуі тиіс. Енді, өмірге деген реніші ушығатын болыпты.
👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

3 months ago
3 months ago
***▪️*** **АЙДАЛАДА ЖАРЫЛҒАН ШОПАН | АЛМАТЫ …

▪️ АЙДАЛАДА ЖАРЫЛҒАН ШОПАН | АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ | №120

Сіздерге сұрағым бар. Егер жеке меншігіңізге, мейлі, ол ұры, я қарақшы болсын, қатаң түрде тойтарыс бересіз бе? Мысалы, АҚШта жекеменшік құқығы – өте қастерлі әрі қатты қорғалатын ұғым. Сондықтан, жекеменшігіне кімде кім рұқсатсыз аяқ басатын болса, атып тастай салады. Және бұл әрекетті жергілікті заң толығымен қоштайтыны бар. Ал, бізде қалай? Мүлкіңізді, әрине, қорғай аласыз, бірақ, асыра сілтеуге болмайды. Біздің заңнама бойынша, қорғанудың рұқсат етілген деңгейлері қарастырылған. Егер үйіңізге ұры кіріп, сіз оны өлтіріп қойсаңыз, қылмыстық жауапқа тартылуыңыз әбден мүмкін. Ұққандарыңыздай, бүгінгі деректі фильмде осы мәселеге қатысты оқиға баяндалмақ. Бұл 120-шы қылмыстық іс. Алматы облысы.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/ZeRDF9doWTk

3 months ago
***▪️*** **ҚАНІШЕР СЕРЖАНТ | ШЫМКЕНТ | …

▪️ ҚАНІШЕР СЕРЖАНТ | ШЫМКЕНТ | №119

Супербатырлар жайлы фильмдер көп шығатын болғандықтан болар, жас буын арасында «супермен, капитан америка, бэтмен» секілді кейіпкерлер өте танымал. Ал, біздің кезімізде жағдай мүлдем басқаша болатын. Менің замандастарым Ванндам, Сталлоне, Брюс Ли, Шварцнеггер сомдайтын кейіпкерлердің кебін киюді армандайтын. Өз басым, Ванндамды пір тұтатын едім. Сол үшін каратэге қатысып, күн сайын айнаның алдында соның жасайтын жекпе жек әдістерін қайталаушы едім. Әрине, 90-шы жылғы бұл боевиктерді кішкентай балалардың қарағаны дұрыс емес те шығар. Десекте, бұл фильмдер спортты, сондай-ақ, түбінде бәрібір жақсылықтың жеңетінін дәріптейтін. Алайда, бәрі мен секілді жағымды кейіпкерлерге еліктеуді қаламайды. Бұл 119-шы қылмыстық іс. Шымкент.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/3i3pzfvEm1Y

3 months, 1 week ago
***📣*** **АРНАҒА ДЕМЕУШІЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН КӨРЕРМЕНДЕР**

📣 АРНАҒА ДЕМЕУШІЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН КӨРЕРМЕНДЕР

«ABAIBOL» арнасына демеушілік қолдау көрсетуге болатындығы жайлы пост 24 қаңтар күні шыққан болатын. Міне, арада 4 күн өтіп, сіздерге есеп бергелі отырмын. Қолдау білдірген көрермендердің саны - 46 адам! Толық тізімі жоғарыдағы сурете. Шыны керек, қолдаушылардың саны мұншалықды көп болады деп ойламадым. Әрбіріңізге алғысым шексіз! Қолдауларыңыз маған рухани серпіліс беріп, жұмыс жасауға деген құлшынысымды мың есеге арттырды!

Жіберіліп жатқан қаражатты жинап, түсірілімге қажет кәсіби камера, жарық, дыбыс жазу секілді құрал-жабдықтарға жұмсамақпын. Яғни, мақсатым: сіздермен бірге, сіздердің көз алдарыңызда өсу. Болашақта сапа жағынан телевизиялық деңгейден асу. Бұл мақсатқа жететіндігіме сенімім мол. Тағы да баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын!

☄️Арнаға демеушілік қолдау көрсеткіңіз келсе, төмендегі «Kaspi» қосымшасы арқылы қалаған сомамен жасай аласыз. Ал, мен өз тарапымнан, апта сайын демеушілердің аты-жөндерін тізіп алғыс білдіретін боламын. Баршаңызға алдына ала рақмет!

🔝 Демеушілік қолдау жасау: https://pay.kaspi.kz/pay/bdnur2qe

We recommend to visit

`` @pricesovmmsri

Last updated 1 month, 2 weeks ago

Реклама ушын 👉 @UyjayAdmin ге жазың.

Көшпес мүлк саўдасы бойынша барлық дағазаларды усы телеграм каналдан көрип барсаңыз болады.

Каналға үй-жай дағаза бериў
https://t.me/c/1174744733/2142👈 шәртлери

Last updated 2 weeks, 6 days ago

@omir_sabaqlari

Байланыс ушын

Ҳикметлер - Аллаҳ ләшкеридур, олар Ҳақ, ҳақыйқат байрағын көтерип, кеўиллерди жаўлайды.
@Румий

🔴Мотивациялық пикирлер
🔴Психологик тестлер
26.12.2020жыл

Last updated 3 days, 19 hours ago