Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ұлытау облысына келді. Жұмыс сапарының аясында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Кездесуге қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар өңірдегі экология мәселесін көтерді.
Кездесуден кейін Экология және табиғи ресурстар министрі мен Ұлытау облысының әкімі Жезқазған мыс қорыту зауытында болып, күкірт қышқыл цехын жаңғырту үшін қолға алынған жобамен танысты. Ол ауаға таралатын залалды қышқылдың көлемін азайтуға ықпал етпек.
Келесі кезекте министр Ұлытау облысының орталығындағы ботаникалық бақтың жайын бақылады. Бақылау барысында аумағы 70 га-ға жуық орынды тиімді пайдалану, жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру жолдары талқыланды. Мақсат – облыс орталығын көгалдандыру жобасын қолға алу.
Жұмыс сапарының соңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков аталған салада жұмыс атқаратын мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне жиын өткізді.
Кездесу барысында өңір басшысы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының облыста жалғасып жатқанын және келер жылы облыстың абаттандырылу мен көгалдандырылуына арналатын жобаларға басымдық берілетінін жеткізді.
Экология және табиғи ресурстар министрі өз кезегінде полигондардың жұмысын реттеу, өндіріс орындарындағы зиянды қалдықтардың ауаға таралуымен күресу, контейнерлер мен техникалар санын көбейту және Жезқазғанда жасыл белдеу қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Айта кетейік, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлытау облысының әкімдігі арасында өңірдегі экологиялық ахуалды қалыпқа келтіру үшін Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Қаражал қаласы мен Жәйрем кентіне жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы алдымен кенттегі аурухананың жағдайымен, жөндеу жұмыстарымен танысып, жетпейтін медициналық құрылғыларға тапсырыс беруді, құрылыс жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Келесі кезекте облыс әкімі Жәйремдегі 320 орындық жекеменшік балабақшаның жайын бақылады. Өңір басшысы өз кезегінде бөбекжайдың қуаттылығын арттыру қажеттігін жеткізді.
Жұмыс сапарының аясында облыс әкімі қадағалаған кезекті нысан – өрт сөндіру депосы болды. Кентте бой көтеріп жатқан ғимаратқа өңір басшысы қызметкерлер мен құтқарушыларды қазірден жасақтау міндетін жүктеді.
Сонымен қатар, облыс әкімі Қаражал қаласындағы жабық жүзу бассейнінің құрылысын бақылады. Қазіргі уақытта нысанның ішкі жұмыстары жүргізілуде. Өңір басшысы ғимаратты осы жылдың соңынан қалдырмай аяқтауды, жұмыстарды жеделдетуді талап етті.
Қаражалдағы «Горняк» стадионының құрылысы да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Нысандағы жұмыстар аяқталу сатысында. Өңір басшысы стадиондағы көрермендерге арналған орынның әрлеу жұмыстарын сапалы, көрнекі түрде жасау қажеттігін алға тартты.
«Қылыш» су қоймасының қазіргі жағдайымен танысқан Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков аймақтағы жалғыз су қоймасының жекенің қолынан мемлекет меншігіне алу қажеттігін атап өтіп, аумаққа апаратын жолдың жөндеуден өту мәселесі де қарастырылатынын жеткізді.
Қаражал-Атасу бағытындағы 0-28 шақырымында жүргізіліп жатқан асфальт төсеу, көпір жаңарту жұмыстарын бақылаған облыс әкімі биылға қарастырылған қаражатты толық әрі сапалы игеру талабын қойды.
Сондай-ақ өңір басшысы Қаражал қаласының Ақтай шағынауданында салынған су құбыры желісімен танысты. Қазіргі уақытта 300-ге жуық тұрғынға тіршілік нәрін жөнелту үшін сорғы құрылғылар жаңадан орнатылған.
🔊ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің Ұлытау облысы тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру
🔹 2024 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың Ұлытау облысында сағат 10:15 — те азаматтарды қабылдау, ал 10:45-те- тұрғындарымен кездесуі өтеді. Өңірлік БАҚ өкілдері үшін брифинг сағат 12.15-те өтеді. Барлық іс-шаралар Жезқазған қаласы, Алашахан көшесі 3, Халықтар достығы және мәдениет үйі мекенжайы бойынша өтеді.
⏯️Онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ұлытау облысы әкімдіктерінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.
📩Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: +7 701 100-44-66 және электрондық мекен-жайларға: [email protected].
Халықпен кездесу өткізу аясында:
1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;
2) азаматтарды жеке қабылдау;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.
Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел. 7 701 100-44-66 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.
____
🔊 Объявление о проведении встречи Министра экологии и природных ресурсов РК с населением области Ұлытау
🔸 29 ноября 2024 года в 10:15 состоится прием граждан, а в 10:45 — встреча с населением области Ұлытау Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан Е. Нысанбаева. Брифинг для представителей региональных СМИ состоится в 12.15. Все мероприятия пройдут по адресу г. Жезказган, ул.Алашахана 3, Дом дружбы и культуры народов.
⏯️ Онлайн-трансляция будет проводиться в прямом эфире на официальной странице Министерства экологии и природных ресурсов и акимата области Ұлытаув социальных сетях «Facebook» и «YouTube».
📩 Ваши вопросы и предложения вы можете задать на встрече с министром или направить, используя следующие каналы связи: WhatsApp, номер: +7 701 100-44-66 и на электронную почту: [email protected].
В рамках встречи с населением планируется проведение:
1) встреч с некоммерческими и общественными организациями;
2) личный прием граждан;
3) брифинг с региональными средствами массовой информации.
Для записи просим обращаться по телефону: +7 701 100-44-66 .
Приглашаем граждан активно участвовать и задать вопросы Министру экологии и природных ресурсов.
Облыс әкімі Дастан Рыспеков жұмыс сапарымен Ұлытау ауданында болды. Өңір басшысы алдымен аудан орталығында орнатылған кәріз тазарту қондырғысының қазіргі жағдайымен танысып, нысанды жыл соңына дейін қабылдауды тапсырды. Абай көшесінде салынып жатқан 36 пәтерлі…
Облыс әкімі Дастан Рыспеков жұмыс сапарымен Ұлытау ауданында болды. Өңір басшысы алдымен аудан орталығында орнатылған кәріз тазарту қондырғысының қазіргі жағдайымен танысып, нысанды жыл соңына дейін қабылдауды тапсырды.
Абай көшесінде салынып жатқан 36 пәтерлі үш қабатты үйдің құрылысы да облыс әкімінің назарынан тыс қалмады. Өңір басшысына баспананың желтоқсанның соңына дейін аяқталатыны айтылды.
Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі ауданда құрылысы жүріп жатқан аурухана мен емханадағы жұмыстарды бақылады. Өңір басшысы нысанға кадрлар тартуды және қызмет етуге келетін мамандарға баспана мәселесін қазірден шешу міндетін жүктеді.
Сонымен қатар өңір басшысы Қарсақбайдағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің, биыл жаңартылып-жабдықталған Агротехникалық колледждің, металлургиялық зауыттың жағдайымен танысып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс пен тапсырма берді.
Облыс әкімі Жезді кентіндегі жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің жағдайын бақылап, оны тез арада қалыпқа келтіру бойынша міндеттемелер жүктеді. Сондай-ақ өңір басшысы сапар аясында №6 тірек мектебінің педагогикалық құрамымен және оқушыларымен жүздесіп, білім ошағының асханасын бақылады.
Кенттегі құрылысы ұзаққа созылған денешынықтыру және сауықтыру кешеніндегі жұмыстар да облыс әкімінің сапары аясында қадағаланды. Өңір басшысына нысанның жыл соңына дейін толық аяқталатыны айтылды.
Облыс әкімінің жұмыс сапары барысында Ұлытау ауданының тұрғыны Таңшолпан Зибаденова пәтерінің жылу сапасына қатысты мәселесін жеткізді. Өңір басшысы өз кезегінде азаматтың өтінішін заң шеңберінде шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
ЕҢБЕК АЗАМАТТАРЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ
Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні құрметіне Ұлытау облысында форум өтті. Жиынға агроөнеркәсіп және ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан өңірге қарасты қала-аудандардан 70-ке жуық фермер қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар саладағы жетістіктер мен мәселелерді ортаға салып, пікір алмасты.
Атаулы мереке құрметіне ұйымдастырылған форумда Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өз құттықтауын жеткізіп, биылғы өнім көлемінің 2 есеге жоғары болуына ықпал еткен еңбек иелеріне өз алғысын білдірді.
«Биыл облысымыздың дихандары 25 мың тоннаға жуық астық жинады. Осы жылы қолдау шараларына облыстық бюджеттен субсидиялау мақсатында 4 миллиард теңге жуық қаражат бөлінді»,-деді өңір басшысы өз сөзінде.
Сондай-ақ жиын барысында бірқатар жерлесіміз «Құрмет» орденімен, Мемлекет Басшысының «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен, ҚР Ауылшаруашылығы министрінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, министрдің және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғысхаттарымен, «Ауыл» партиясы төрағасының алғысхаттарымен марапатталды.
Айта кетейік, форум барысында жиналғандар ауылшаруашылығы және агроөнеркәсіп саласының жергілікті өнімдерінен көрме тамашалады.
Бүгінгі күні мүғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігін бағалайтын республикалық “Үздік педагог” конкурсы өз мәресіне жетті.
Конкурсқа білім беру ұйымдарынан қатысқан 60 педагогтің 13 облыстық кезеңге өтіп, 6 педагог жеңімпаз атанды.
2024 жылдың 15 қарашасында Үздік педагогтерімізді марапаттау Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ақылбекова Зина Жұманазарқызының қатысуымен өтті.
🌟🌟🌟Үздік педагогтерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.
«Үздік педагог» атағына:
1. Казиева Арайлым Талдыбаевна Сәтбаев қаласы білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;
Ұлытау облысының «Үздік педагогі» атағына:
1.Бұқар Амангелді Оразұлы-Сәтбаев қаласы, С.Сейфуллин атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
2.Джандильдинов Медет Курмангазиевич- Абай атындағы ММИ ағылшын тілі пәні мұғалімі;
3.Назарымбетова Гульбагила Тулеуовна-Жезқазған қаласы, №1 ЖББМ информатика пәні мұғалімі;
4.Жунусова Айнур Бактияровна- Сәтбаев қаласы, Б.Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясының биология және география пәні мұғалімі;
5.Качур Ольга Григорьевна Жезқазған қаласы, №22 ЖББМ биология пәні мұғалімі ие болды.
В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ ОТКРЫТ РЕАБИЛИТАЦИОННЫЙ ЦЕНТР
В Жезказгане состоялось торжественное открытие государственного реабилитационного центра «QH» для детей с нейро-ортопедическими нарушениями. В церемонии открытия приняли участие аким области Дастан Рыспеков, председатель правления фонда «Қазақстан халқына» Болат Жамишев, заместитель исполнительного директора фонда Нурсултана Назарбаева Алькей Маргуланович и руководитель департамента устойчивого развития ТОО «Корпорация Казахмыс» Медет Дуйсенбеков.
Новый центр предназначен для детей в возрасте от 3 до 18 лет и может принимать до 600 детей ежегодно. При поддержке акимата области Ұлытау здесь был проведён ремонт и созданы комфортные условия для маленьких пациентов.
В целях поддержания высокого уровня оказываемой помощи в центре сформирована многопрофильная группа, в состав которой входят врачи-неврологи, реабилитологи, логопеды, инструкторы лечебной физкультуры (ЛФК), дефектологи, трудотерапевты и психологи.
Обучение специалистов проводится в несколько этапов, в том числе с привлечением зарубежных наставников. Подготовка группы специалистов была осуществлена при поддержке фонда Нурсултана Назарбаева.
Центры фонда «Қамқорлық» оснащены современным медицинским реабилитационным оборудованием экспертного класса от мировых брендов. Оснащение центра было профинансировано генеральным партнёром проекта — фондом «Қазақстан халқына».
Напомним, реабилитационный центр предоставляет бесплатные услуги в рамках системы обязательного социального медицинского страхования по адресу: г. Жезказган, ул. Абая-3.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @KARAKALPAK24_BOT
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 21 hours ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year ago
Last updated 4 days, 17 hours ago