Ulysmedia.kz

Description
ULYSMEDIA- ашық ақпарат алаңы

https://qaz.ulysmedia.kz/
Advertising
We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago

1 week, 6 days ago
**Кеткеніңе тәуба: спорт министрлігіндегі ауыс-түйіс жемқорлық …

Кеткеніңе тәуба: спорт министрлігіндегі ауыс-түйіс жемқорлық жайлаған саланы құтқара ала ма
Париждегі Олимпиада ендігі бағыт-бағдарымыз, мақсат-міндетіміз қандай болуы керектігін көрсетіп берді. Жеткен жеріміздің, жетіскен еліміздің сиқын Сена жағасындағы Парижде байқап, байқап әрі басымызды шайқап, аһ деп үстел ұрып, кіжініп, тістене-тістене тіс сындырып отырған жайымыз бар. Мұны мемлекет басшысы Олимпиада ойындарынан кейінгі қорытынды жиында айтты. Әрбір туындаған мәселені өз атымен атасақ, біраз адамның беті ашылады. Жазғы олимпиада ойындарынан кейін солай болды да. Жалпы мемлекет басшысы медаль үшін шетелден легионер тасуды қою керектігін, оның орнына өз жастарымызды тәрбиелеу керектігін баса айтты. Президент сөзі “шетелдік легионерлерің де қатырып жатқан жоқ” дегенге саяды. Ulysmedia.kz Қазақстан спортындағы өзекті мәселелерді талдап көрді.

https://qaz.ulysmedia.kz/saraptama/24482-ketkenine-t-uba-sport-ministrligindegi-auys-tuiis-zhemkorlyk-zhailagan-salany-ku-tkara-ala-ma/

*☑️Ұлысқа жазылыңыз*

1 week, 6 days ago

“Жемқорларды тойға шақырмау керек”

Қоғам жемқорлықты оңаша әңгімеде айыптағанымен, көпшілік алдында жемқорларды құрметтейді. Бұл пікірді Ulysmedia бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында АҚШ-та табысты мансап құрған, қазір Citadel хедж-қорының вице-президенті болып жұмыс істейтін қандасымыз Тілек Зейнуллаев айтты.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia.kz-тің YouTube арнасынан көруге болады👇

https://youtu.be/W6ezpsXAMzo?si=2P1R50zS2eU_7_iF

https://t.me/ulysmedia

1 week, 6 days ago
**Жаңа заң: есірткіні жасырын тарататындарға жаза …

Жаңа заң: есірткіні жасырын тарататындарға жаза жеңілдедіҚазақстан президенті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заңына қол қойды.

▪️ЗАҢ НЕНІ ҚАРАСТЫРАДЫ

Аталған заң президенттің 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл құжат есірткі өндіру мен өткізуді ұйымдастырушыларға жауапкершілікті қатаңдату, ал есірткіні жасырын орналастырушыларға қолданылатын шараларды жұмсартуды қарастырады.

Заң есірткі өндірісі үшін ғана емес, осы қылмыстық әрекет үшін лауазымды адамдардың да жауапкершілігін едәуір қатаңдатты. Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

https://qaz.ulysmedia.kz/news/24478-zhana-zan-esirtkini-zhasyryn-taratatyndarga-zhaza-zhenildep-ony-ondiretinderge-kusheitildi/

*☑️Ұлысқа жазылыңыз*

2 weeks, 4 days ago
Ulysmedia.kz
2 weeks, 4 days ago
**Құлаған ұшаққа бірінші болып жеткен әскери …

Құлаған ұшаққа бірінші болып жеткен әскери сол сәттегі ауыр көріністі айтты
Ақтау маңында болған ұшақ апаты кезінде ең алғашқы болып оқиға орнына жетіп, әуе кемесінің есігін ашып, құтқару жұмыстарына атсалысқан азамат - ҚР Әуе қорғаныс күштері авиациялық базасының әскери қызметкері Нұрлан Ботағарин екен.

Ұшақ апаты болған маңайда Әуе қорғаныс күштері авиациялық базасының станциясы орналасқан. Нұрлан Ботағарин 30153 әскери бөлімнің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі ретінде сол күні кезекшілік жұмысында болған. Ұшақтың құлағанын көргенде еш ойланбастан құлаған ұшаққа қарай жүгірген. 

– Әуедегі ұшақтың қона алмай жүргенін байқағаннан кейін, көз алмай қарап тұрдым. Оқиға орын алған кезде дереу көлігіме отырып, ұшаққа қарай беттедім. Алғашқыда 10 шақты адамы бар кішкентай ұшақ шығар деп ойладым. Бірақ адам көп екен. Алдымнан ақ көйлекті, үсті басы қан-қан болған кішкентай қыз шықты, – дейді ол.Толығырақ*☑️Ұлысқа жазылыңыз*

2 weeks, 4 days ago
3 weeks, 4 days ago
**21 желтоқсанда Қазақстанда валюта бағамы қаншалықты …

**21 желтоқсанда Қазақстанда валюта бағамы қаншалықты өзгерді

Астана**

АҚШ доллары: сатып алу – 515,27 теңге, сату – 529,95 теңге
Еуро: сатып алу – 543,91 теңге, сату – 553,96 теңге
Рубль: сатып алу – 5,02 теңге, сату – 5,12 теңге

Алматы
АҚШ доллары: сатып алу – 525,91 теңге, сату – 528,97 теңге
Еуро: сатып алу – 545,11 теңге, сату – 549,18 теңге
Рубль: сатып алу – 5,06 теңге, сату – 5,14 теңге

Шымкент
АҚШ доллары: сатып алу – 525,40 теңге, сату – 528,35 теңге
Еуро: сатып алу – 542,60 теңге, сату – 549,25 теңге
Рубль: сатып алу – 5,05 теңге, сату – 5,14 теңге

3 weeks, 4 days ago
**Италияның Қазақстандағы Елшісі елден кетті**Италия Республикасының …

Италияның Қазақстандағы Елшісі елден кеттіИталия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Марко Альберти Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты өз еліне кетті.

Елшіні Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қабылдап, Қазақстандағы сәтті миссиясы үшін алғыс айтты.
Кездесу барысында министрдің орынбасары итальяндық елшіге Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігін нығайтуға жұмсаған күш-жігері үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Елшінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға биылғы қаңтардағы ресми сапарын ұйымдастыруға және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандыруға қосқан елеулі үлесін атап өтті. 

Мәселен екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылдан бастап 10 млрд АҚШ долларынан 17 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

https://qaz.ulysmedia.kz/news/23999-italiianyn-kazakstandagy-elshisi-elden-ketti/

*☑️Ұлысқа жазылыңыз*

3 weeks, 4 days ago
**Әйгілі Alibaba Қазақстанға салық төлейтін болды**Қазақстан …

Әйгілі Alibaba Қазақстанға салық төлейтін болдыҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Alibaba International Digital Commerce Group компаниясы өкілдерінің кездескені жарияланды.

“Кездесу барысында МКК мен Alibaba International цифрлық экономикадағы халықаралық салық салуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы электрондық коммерция саласындағы салық заңнамасы мен әкімшілендірудегі соңғы өзгерістерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Alibaba International Digital Commerce Group компаниясын ҚҚС төлеушісі ретінде шартты тіркеуге қою туралы шешім қабылданды”, делінген ресми хабарда.https://qaz.ulysmedia.kz/news/23995-igili-alibaba-kazakstanga-salyk-toleitin-boldy/*☑️Ұлысқа жазылыңыз*

1 month ago
**Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялады

**Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялады

▪️ДЕРЕКТЕР**
Оңтүстік Кореяның оппозициялық парламенті президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялауға дауыс беріп, оның өкілеттігін тоқтатты.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Ұлттық ассамблеядағы 300 орынның 192-сін бақылайтын оппозицияға биліктегі «Азаматтық күш» партиясының бірнеше мүшесі қосылғаннан кейін қабылданған, бұл импичмент жариялау үшін қажетті дауыс санын алуға мүмкіндік берді.
Импичментке 204 депутат дауыс берсе, 85-і қарсы, үшеуі қалыс қалды, сегіз бюллетень жарамсыз деп танылды.

Өкілеттігінің тоқтатылғанына қарамастан, Юн Сок Ёл президент болып қала береді. Конституциялық сот оның қызметінен босатылатын-болмағанын алдағы жарты жылдың ішінде шешеді.

https://qaz.ulysmedia.kz/news/23751-ontustik-koreia-parlamenti-prezidentke-impichment-zhariialady/

*☑️Ұлысқа жазылыңыз*

We recommend to visit

Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.

📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot

📊 Реклама: @kk24_reklama

Last updated 4 weeks ago

"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.

Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov

Last updated 1 year, 1 month ago

Last updated 1 month, 1 week ago