Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago
Қайырлы күн, құрметті достар!
Бүгін - ұлы жазушы, сөз зергері Мұхтар Әуезовтің туған күні. Осыған орай киелі Семей жерінде жүрмін, дәлірек айтсақ, кеше ұлы Абай мен Мұхтар елінде тағы да бір үлкен мерекенің куәсі болдық. Қазақтың біртуар, ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы пед.колледждің құрылғанына 120 жыл толды, осы айтулы мерекенің құрметіне арналған мәдени шараның құрметті қонақтарының бірі болдым.
Өткен жылы да тура осы білім ордасында Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің тапсырмасымен ағамыздың Абай еліне арнаған жүрекжарды жылы лебізін жеткізіп, ол кісінің «Қазақ рухы» кітабының тұсаукесер рәсімін жасап, ұлылар еліне тағзым етіп қайтқан едік.
https://www.facebook.com/share/p/6H1RbkbR39Vsum1a/?
Енді міне, араға бір жыл салып, бүгінгі үлкен мерекеге Мұхтар Әуезовтің туған күніне орай тағы бір тамаша кітаптың тұсауын кестік.
«Алаштың тұңғыш білім ордасы» деп аталатын бұл кітап – өте құнды тарихи кітап. Кітапта ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің өткен тарихы мен бүгінгі даму жағдайы, жетістіктері баяндалады.
Түсінген адамға бұл кітап - тұнып тұрған тарих.
Мысалы, осы білім ордасында еліміздің ұлы тұлғалары Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Ахат Шәкәрімұлы, Шәкен Айманов, Әзілхан Нұршайықов тағы басқалардың білім алғанын немесе дәріс оқығанын жұрттың бәрі біле бермейді.
Бұл кітапта сол ұлы тұлғалардың өз қолымен жазылған өмірбаяндары, тарихи фотолары, мектеп бітірген кезде алған аттестаттары, тіпті, алған бағаларына дейін берілген. Тарихи деректерді мұқият жинап, жарыққа шығаруға колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызы Жанаева бастаған редакциялық ұжым үлкен еңбек еткен. Ал кітаптың сапасы мен безендірілуі ішкі мазмұны қалай терең болса, мұқабасы мен қағазы да соған толық сай, сапалы шықты. Кітап бастан-аяқ ең сапалы фин қағазына басылды.
Мұқабасында ұлылар білім алған тарихи ғимараттың суреті берілген. Кімде-кім бұл білім ордасы туралы көбірек білгісі келсе немесе тереңірек зерттегісі келсе, осы кітаптан үлкен мағлұмат алатынына толық сенімдімін.
Ұлыларымыздың табаны тиген киелі Семей жеріне келген сайын бір жасап қаламын. Баршаңызды бүгінгі Мұхтар Әуезовтің туған күнімен құттықтап, ұлы ғұламаның өшпес рухы қолдап-қорғап жүрсін деген тілегімді білдіремін!✊
@Рахымғали Абрарұлы
📌 Екі күн кітап фестивалінде ойға түйгендерімізді бөлісіп қояйық. ✅️
⚜️ Бірінші көзге түскен: жастардың көбісінің ұлттық нақыштағы өрнектелген шапан, тақия киіп, жиынның көркін ашқанына
көңіл марқайды. 🇰🇿
⚜️ "Қазір ешкім кітап оқымайды" деген пікірді күнде естиміз ғой. Неге сол кісілер осында келмеді екен, деп
ойладым іштей. ☺️
⚜️ Кітапсүйер қауымның арқа-жарқа болып авторлармен жүздескен сәттері, олардың туындылар жайлы сатушылардың кеңестерін мұқият тыңдап, оқитын кітаптарын асқан талғампаздықпен сатып алғандарын көріп шын сүйсіндім. Ерінбей әрбір баспа, дүкеннің шатырын
аралап шықтым. 🥰
⚜️ Рухани мерекенің атмосферасы сезілгендей
болды. 🎈🎈🎈
⚜️ Тағы бір айтарымыз: біздің отандық баспалар жарнамаға көбірек назар аударғаны дұрыс сияқты. Қаншама қызықты кітаптар тұр. Тек олар жайлы әлеуметтік желілер алаңында мәліметтер
жоқтың қасы. 📖
⚜️ Ал жарнамасы жақсы кітаптар жапа тармағай
сатылып жатты.✔️
⚜️ Біз әрбір кітаптың адамның ойлау жүйесінен бастап, таным көкжиегін кеңейтіп, білімін толықтырып, мінез-құлқына дейін ықпал ететіндігін ұмытпауымыз керек.
⚜️ Осындай шаралар көбірек ұйымдастырылып тұрса ғой. Жұртымыз тек тән қажеттілігін емес, рухани баюдың
маңызын түсінсе. 🤗
⚜️ Дүниеде рухани аштықтан жаман ештеңе жоқ шығар.
⚜️ Қазақстанымыз – жаппай кітап оқитын елге айналса екен! 🫶
АЛЛА ЖАЗСА ЖЕТІ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІН ӨТКІЗГІМ КЕЛЕДІ...
Әсте қуанышты жасыру қиын ғой. Менің де ішіме қайдан сия қойсын. Қуанатыным соншалық, ғашық болып қалсам бірінші өлеңіме айтам, ол - жұртқа жаяды. Айтатыны жоқ, масқара енді.
Алматының «Арна» баспасынан «Жұлдыздар күрсінісі», «Жан азабындағы бақыт» атты қос кітабым қолыма тиді. Оны Айгүл ( Кемалбекқызы) қарындасым менен бұрын сүйіншілеп жіберіпті. Пейіліне алғыстан өзге не дерсің. Замана қалай қапылсын жыр сүйер оқырман бәрібір болады. Дүниенің теңдігі солай сақталады өзі. Жә, тереңге бармайын, болмаса тарихат, ихсан, деп тарата бастасам таң атар.
Осы екі жыр жинағымен биылғы яғни 2024 жылы үш кітап шығып отыр. Тағдыр-талайымызға әу баста жазылған болса, жырды сүйіп, өнерді қадірлеген демеуші жігіттер уәде үдесінен шығып жатса, алдағы айда - айды аспанға шығарып тағы төрт кітапты бір-ақ шығармақ ой-ниет бар. Телеарналардан берген сұқбаттарымда да айтқанмын. Менде бір-бірін қайталамайтын жиырмадан астам кітап тұр, шығу кезегін күтіп. Өткенде Семей-Өскемен сапарында Тыныштықбек көкеме сәлем беріп соққанмын. Сонда шайыр көкем: «кітаптарыңды реті келсе ертерек шығарғаның дұрыс» деп кеңесін берді ақжарылқап. Мен жетпісті жетегіне алған ақын сөзінен уақыт жауапкершілігін ұққандай болдым.
Көзің жетпеген, күмәләңкі дүние жайында қозғағанда «бұйырса», дейтініміз бар ғой. Сол кепке салсақ, Алла қаласа, қара күзде жазушылар одағында жеті кітабымның тұсаукесерін өткізбекке бекініп жүрмін. Алдағы бірер айда төрт кітабымды шығарсам жетеу болады. Жеті санына тоқтадық. Болмаса, жетіні үш қайталауға менің шамам бар еді.
Шығатын төрт кітаптың атауын қойғаныммен, ой толқып, бір шешімге келгенім жоқ. Шықса сразым көресіздер ғой.
Бір мезгілде, бір-бірін қайталамайтын жеті жыр кітабының тұсаукесерін одақ залында өткізген ақынның бар-жоғын білмеймін. Өлеңім бар, осыны жасағым келеді. Менікі талап, қалғаны Алладан...
Елубай ғой...
29,08,2024,,,
@Елубай ӘУЕЗОВ
Қайырлы күн, қадірлі оқырман!
31 тамыз, сағат 15.00 де ?
тікелей эфирде жұмбақ жасырып ойын ойнатамыз. ?
Жұмбақтардың шешуін тапқан белсенді оқырманға
10 000 теңгеден сыйлығымыз бар.?
Демеуші ақтаулық кәсіпкер
Бақыт Жұмабек ағамызға алғыс білдіреміз!
Жылама,
жалғыздық жүдетсе,
Жүрегің дүрсүлін үдетсе.
Жылама,
зарығып күн өтсе,
Сағыныш аулаңа гүл ексе.
Жылама.
Егілме,
Төзімді жан едің тегінде.
Күрсіну қалмасын деміңде.
Бақытың бүр жарар сенің де,
Егілме.
Мұңайма,
Лағнет айтпағай Құдайға.
Жасыңды көрсетпе күн, айға.
Ұсыныс мендегі ұнай ма?
Келістік, мұңайма.
Езілме,
Қайғы-мұң қалмасын көзіңде.
Құлып сап қоймағын сезімге.
Жеңістің кілті - төзімде.
Езілме…
Айдар Сейдазым ✍
Біз балаларды білімсіздіктен, енжарлықтан, намыссыздықтан, ұлтсыздықтан, қара басын ғана ойлайтын өзімшілдіктен, күншілдіктен, отансыздықтан, аштықтан, кедейліктен, қауіп-қатерден (жол апатынан, оттан, судан, дауылдан), қыл аяғы гриптен қорғауымыз керек! Осы жолда Алла өзі жар болсын. Жақсылықтың үлкені де сол балаға жасалған жақсылық емес пе? Балаларға көңіл бөле жүріңіз.
© Бейбіт Сарыбай
https://www.facebook.com/share/v/yB5PQbKEwBwLASo2/?mibextid=oFDknk
Log in or sign up to view
See posts, photos and more on Facebook.
Қарақалпақстанда ҳәм Өзбекстанда жүз берип атырған жаңалықларды турақлы түрде @KARAKALPAK24 телеграм каналы арқалы бақлап барың.
📬 Мүрәжат жоллаў: @kk24bot
📊 Реклама: @kk24_reklama
Last updated 4 weeks ago
"Қазақша кітаптар" телеграм арнасы, қазақ және әлем авторлардың кітаптары, сандық нұсқада, тегін.
Жарнама мен Ұсыныстар: @Marat_Kaisarov
Last updated 1 year, 1 month ago
Last updated 1 month, 1 week ago